Тақырыбы: Бездер. Секреторлық процестің гистофизиологиясы. Секреция түрлері
2. Мақсаты:эндокриндік және экзокриндік бездер құрылысының ерекшеліктері, экзокриндік бездерді жіктеу қағидаларын оқу бойынша білімді бекіту;
безді жасушаларда секреторлық процестердің гистофизиологиясын оқу бойынша білім алу және бекіту;
секреторлық циклдің әр түрлі фазаларындағы секреторлық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін, секреция түрлерін оқу бойынша білім алу және бекіту;
экзокринді бездерді диагностикалау және гистологиялық препараттарды микроскопиялау мен суретін салу дағдыларын бекіту.
3. Тапсырма:5.1. Әр түрлі экзокриндік бездердің белгілерінің айырмашылығы бойынша салыстырмалы – талқылаушы кестені құру. Бұл кестеде жіктеуге сәйкес бездердің түрлерін, шығару өзектерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсету, сондай-ақ бездердің әрбір морфологиялық түріне мысал келтіру қажет.
Тақырыпша 5.1. Салыстырмалы-талқылаушы кесте. «Экзокринді бездердің әр түрінің айырмашылық белгілері».
Бездердің морфологиялық түрлері | Құрылыс ерекшеліктері | Бездерге мысал | |
соңғы бөлімінің | шығарушы өзектің | ||
Қарапайым тармақтал- ған түтікті без | |||
Қарапайым тармақтал - маған альвеолярлы без | |||
Қарапайым тармақтал - ған түтікті без | |||
Қарапайым тармақтал - ған альвеолярлы без | |||
Күрделі тармақтал - ған альвеолярлы -түтікті без |
Тапсырма 5.1. жеке орындалады.
Тапсырма 5.2. Секреторлық циклдің үш түрін сипаттайтын кестені құру.
Секреция түрлері | Секреция түрлерінің сипаттамасы | Бұл тип бойынша секреттелетін безге мысал |
Мерокринді | ||
Апокринді | ||
Голокринді |
Тапсырма 5.2. жеке орындалады.
Тапсырма 5.3. Хаттама құру – зерттелетін экзокриндік бездердің гистологиялық препараттарын жазбаша сипаттау және сурет дәптерде олардың құрылысын салу.
Препарат – Қарапайым альвеолярлы тармақталған без – Бастың шашты аймағының майлы безі.
Препарат – Қарапайым түтікті без – Жатыр эндометриясының безі.
Препарат – күрделі тармақталған альвеолярлы-түтікті без – Жақ асты безі.
Тапсырма 5.3. жеке орындалады.
4. Орындалу үлгісі:
тақырыпша 5.1. кестені толтыру;
тақырыпша 5.1. кестені толтыру;
тақырыпша 5.1. хаттама толтыру.
РМҚМ «СММА» | САПА ҮЛГІСІ | ||
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар | |||
G-041.07.01.13-2007 | Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 | беттен | |
5. Орындау белгісі(тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): кесте көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Әр тапсырманың көлемі – 1 бет. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.
6. Өткізу мерзімі:№1 аралық бақылаудан 2 жұма бұрын.
7. Бағалау белгісі:
Бағалау баллына әсер ететін шарттар:
- тапсырманы өткізу мерзімі;
- сараптаманы өткізу тыңғылықтылығы;
- өзінің ойларының нақты айқындығы және анық жеткізілуі;
- қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелденуі;
- тапсырылған көлемнен бет сандарының артпауы қажет.
Максималдық 4 балл алу үшін тапсырма толығымен орындалып, бағалау белгісіне сәйкес болуы және уақытында өткізілуі қажет. Егер,
1) СӨЖ белгіленген уақыттан кеш өткізілсе, онда баға 1 баллға кемиді;
2) СӨЖ орындалу талабын есепке алмай жасалса, онда баға 1 баллға кемиді;
3) ресімделу талабы сақталмаса, онда баға 0,5 баллға кемиді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Гистология, оқулық Афанасьев Ю.И., Кузнецов С.Л., Юрина Н.А. М.: Медицина,-2004.–764 б
2. Атлас по гистологии и эмбриологии. Учебное пособие для студентов мед вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.–М.: 2005.-400 б.
3. Лабороторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, Ю.И. Афанасьев. -М.: «Высшая лига», 2004.–328 б.
4. Гистология, оқулық. Улумбекова Э.Г., Челышев Ю.А. ГЭОТАР-М.: Мед, 2001.
5.Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов В.Л., Сутулов Л.С.-550б.
6. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. – Астана, 2005. – 400б.
Осымша
1. Вопросы общей гистологии для самостоятельного изучения студентов. Токешова А.М., Узбекова С.Е., Темирбеков Д.А. – Оқу-әдістемелік құрал. - Семипалатинск, 2007.
2. Сравнительная гистология. Заварзин А.А. Санк-Петербург; 2000 г. -520 б.
3. Эндокринология. В.В.Потемкин. М.: «Медицина»; 1986. -432 б.
4. Руководство по клинической эндокринологии. В.Г.Баранов. Л.: «Медицина», 1977 - 664 б.
5. Интернет –ресурстар.
9. Бақылау:
Сұрақтар: 1. Бездер, құрылысы, олардың жіктелу қағидалары.
2. Секреторлық процестің гистофизиологиясы. Секреторлық циклдің әр түрлі фазаларына байланысты секреторлық жасушалардың құрылыс ерекшеліктері.
3. Секреция түрлері: мерокринді, апокринді, голокринді.
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:
1. Экзокринді бездер қандай бөлімдерден тұрады?
2. Эндокринді бездер қандай бөлімдерден тұрады.
3. Экзокринді бездердің морфологиялық жіктелу негізіне қандай белгі қойылған:
а) күрделі және қарапайым?
РМҚМ «СММА» | САПА ҮЛГІСІ | ||
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар | |||
G-041.07.01.13-2007 | Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 | беттен | |
б) тармақталған және тармақталмаған?
в) түтікті, альвеолярлы және альвеолярлы- түтікті?
4. Секреторлы жасушалардан секреторлық өнімдерді шығарудың негізгі тәсілдерін атаңыз. Мысал келтіріңіз.
5. Секреттің химиялық құрамы бойынша экзокринді бездер қандай секрет бөледі?
Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тесттер: