Хирургия бойынша дипломнан кейінгі дайындық кафедрасы
СИЛЛАБУС
Мамандық - «Жалпы медицина»
Модуль «Жоспарлы хирургия»
Оқу сағат көлемі - 405, оның ішінде
135 - контактылы сағаттар
135 – оқытушымен бірге өзіндік жұмыс (ИОӨЖ) сағаттары
135 – өзіндік жұмыс (ИӨЖ) сағаттары
Бейін пән:
Жоспарлы хирургия – 270 сағат
Интеграцияланған шектес пәндер:
Клиникалық анатомия және оперативті хирургия – 45 сағат
Анестезиология және реаниматология – 45 сағат
Визуальді диагностика – 45 сағат
Алматы-2012
Силлабусты профессор Жанталинова Н.А үлгілік оқу бағдарламасына негізінде және 10 инструктивті хатқа сәйкес құрастырған, үлгілік оқу бағдарламасы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігімен «________» _________________2012 ж бекітілген.
Кафедра отырысында талқыланып бекітілген, хаттама №_____ «_____»_______________2012 ж
Каф. меңгерушісі, профессор _______________ Дайырбеков О.Д.
Клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасының профессоры,м.ғ.д. Алмабаев Ы.А. толықтырған.
Кафедра отырысында талқыланып бекітілген, хаттама №_____ «_____»_______________2012 ж
Каф. меңгерушісі, профессор _______________ _______________ Идрисов А.А.
Анестезиология және реаниматология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Исраилова В.К., доцент Джолдыбеков Т.С., ассистент Утегенова Ж.А. толықтырған.
Кафедра отырысында талқыланып бекітілген, хаттама №_____ «_____»_______________2012 ж
Каф. меңгерушісі, профессор _______________ _______________ Исраилова В.К.
Визуальді диагностика кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Хамзин А.Х. толықтырған.
Кафедра отырысында талқыланып бекітілген, хаттама №_____ «_____»_______________2012 ж
Каф. меңгерушісі, профессор _______________ _______________ Хамзин А.Х
1. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, хирургия бойынша дипломнан кейінгі дайындық кафедрасы
2. Мамандығы: «Хирургия»,
3. Модуль: «Жоспарлы хирургия»
Бейін пән:
Жоспарлы хирургия – 270 сағат
Интеграцияланған шектес пәндер:
Клиникалық анатомия және оперативті хирургия – 45 сағат
Анестезиология және реаниматология – 45 сағат
Визуальді диагностика – 45 сағат
4. Оқытушылар туралы мағлұмат:
Хирургия бойынша дипломнан кейінгі дайындық кафедрасы
Каф. меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Дайырбеков О.Д.
профессор, м.ғ.д, Жанталинова Н.А.
профессор, м.ғ.д, Жураев Ш.Ш.
профессор, м.ғ.д, Сейсембаев М.А.
ассистент Асанова Б.М.
Анестезиология және реаниматология кафедрасы:
Каф. меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Исраилова В.К.
доцент, м.ғ.к. Джолдыбеков Т.С.
асс. Абдимолдаева Ж.А.
асс. Джаркенбекова Д.С.
асс. Сиезбаев М.М.
Клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасы:
Каф. меңгерушісі, профессор Идрисов Алим Акрамович
профессор Алмабаев Ыдрыс Алмабаевич
профессор қ.о. Жаксылыкова Айман Камаловна
профессор қ.о. Мустафина Альфия Рафкатовна.
доцент Беклемишева Наталья Иннокентьевна
доцент Кайназаров Аяган Кайназарович
аға оқытушы Ткаченко Надежда Львовна
ассистент Жаугашаров Махамбет
ассистент Акжолова Нургуль Азатбековна
ассистент Сейфульдинова Мариям Амангельдиновна
ассистент Абильдаев Данияр Айболсынович
Визуальді диагностика кафедрасы:
Каф. меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Хамзин А.
м.ғ.д. Тажединов И. Т.
м.ғ.д. Жолдыбай Ж. Ж.
м.ғ.к. Ахметова Г. С.
5. Қатынасу ақпараты:
Клиникалық база: А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО
Мекен - жайы: Желтоксан, 62.
Жұмыс телефоны: 87272799282
Ұялы телефон: 87015191329
Клиникалық база: ҚЖККА
Мекен - жайы: Алматы, Казыбек би 96
Телефон: 87272924797
Ұялы телефон: 87015191329
e-mail: [email protected]
Клиникалық база: ОҚКА
Мекен – жайы : Алматы,. Джандосова 66
Анестезиология және реаниматология кафедрасының клиникалық базасы- 7 КҚА
Жұмыс телефоны: 2708611
Ұялы телефон: 87051009659, 87019104791
Мекен-жай: Калкаман 1.
Клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасы
Мекен-жай: Толе би 95, Анатомиялық ғимарат, 2 қабат,
Тел: 87272921796, ішкі 230; 290; 225.
e-mail: [email protected]
Визуальді диагностика кафедрасының клиникалық базасы – КазОжРҒЗИ
Мекен-жай: Абай 91,
Жұмыс телефоны: 2920061 ішкі - 232
6. Сабақ тақырыптары және оқу сағат көлемі:
№ | Тақырып атауы | Мазмұны | Сағат көлемі | ||||||||||||
Жоспарлы хирургия | Барлығы | Контакт. | ИОӨЖ | ИӨЖ | |||||||||||
Асқазан мен ұлтабардың ойықжара аурулары. | Ойықжара ауруы патогенезінің қазіргі тұжырымдамасы. Операциялық ем қолдану көрсетімдері, операцияға дайындық. Ойықжара ауруын операциялық жолмен емдеу әдістері. Асқазанды Бильрот-I, Бильрот-II бойынша резекция жасау, ваготомиямен бірге дренаждау операциясын жасау техникасы. Операциядан кейін науқасты жүргізу. Эндовидеолапароскопиялық операциялар. Функционалдық бұзылыстарды консервативті жолдармен емдеу. Ваготомиядан кейін туындайтын бұзылыстарды диагностикалау және емдеу. Асқазан резекциясынан кейін туындайтын синдромдарды диагностикалау | ||||||||||||||
Жарықтар | Саралау диагностикасы. Туа біткен шап жарығы кезінде жасалатын операциялардың орындалуы бойынша ерекшеліктері. Шап, кіндік, іштің ақ сызығы жарықтары кезінде жамау салу тәсілдері. Сан жарығы кезінде жасалатын операциялардың ерекшеліктері. Операцияның түрлері және орындалу техникасы. Ішке жасалатын операциядан кейін кездесетін жарықтарды диагностикалау, хирургиялық ем қолдану тәсілдері. Қазіргі технологияларды инновациялық әдістерді қолдану | ||||||||||||||
Өңеш аурулары | |||||||||||||||
3. | ГЭРА | Этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы және саралау диагностикасы. Аурудың асқынуы. ГЭРА консервативті жолмен емдеу, хирургиялық ем қолдану көрсетімдері. Хирургиялық жолмен тұзету әдістері | |||||||||||||
4. | Кардия ахалазиясы | Этиологиясы, патогенезі. Аурудың сатылары. Клиникасы мен диагностикасы. Емдеу тәсілі. Хирургиялық ем қолдану көрсетімдері. Операцияның түрлері | |||||||||||||
5. | Көгеттің өңеш өтетін тесігінің жарығы | Этиологиясы мен патогенезі. Жіктемесі. Клиникасы мен диагностикасы, асқынулары. Операция көрсетімдері және операцияның түрлері | |||||||||||||
6. | Көгет жарығы. Көгет релаксациясы | Этиологиясы мен патогенезі. Клиникасы мен диагностикасы,опеарция көрсетімдері және хирургиялық ем қолдану әдістері | |||||||||||||
Ішек аурулары | |||||||||||||||
Геморрой | Аурудың этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы. Асқынған геморрой. Консервативті және склероздаушы терапияларды қолдану, геморроидэктомия түрлері мен техникасы. Геморройды емдеудегі жаңа технологиялар. Операцияға дайындық, операциядан кейін жүргізу | ||||||||||||||
Жіті және созылмалы парапроктит | Этиопатогенезі, жіктемесі, диагностикасы, клиникасы. Хирургиялық ем қолдану көрсетімдері. Іріңдіктің орналасуына байланысты операцияның жасалу техникасы. Ануы аумағындағы және тікішек жыланкөздері. Жіктемесі. Хирургиялық ем қолдану көрсетімдері және жыланкөздің тікішек сфинктеріне қатынасы бойынша және жыланкөз күрделілігі дәрежесіне байланысты жасалынатын операциялар. Тікішек сфинктерінің операциядан кейінгі жеткіліксіздігінің алдын алу | ||||||||||||||
Бейспецификалық ойықжаралы колит | БЯК этиопатогенезі, клиникасы, саралау диагностикасы, емдеу тәсілі. Емдеу алгоритмі. Аурудың асқынуы және оны диагностикалау. Операциялық ем қолдану көрсетімдері, операцияның түрлері | ||||||||||||||
Крон ауруы | Аурудың этиопатогенезі, клиникасы, саралау диагностикасы, емдеу тәсілі. Аурудың асқынуы және оны диагностикалау. Операциялық ем қолдану көрсетімдері, операцияның түрлері | ||||||||||||||
Жіңішке және жуан ішектің дивертикул ауруы | Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы. Жуан ішектің зақымдануы кезінде ауру ағымының ерекшеліктері. Аурудың асқынулары. Емдеу тәсілі. Хирургиялық ем қолдану көрсетімдері | ||||||||||||||
Гепатобилиарлы хирургия | |||||||||||||||
Механикалық сарғаю | Саралау диагностикасы. ЭРХПГ диагностикадағы рөлі. Хирургиялық қолданылатын тәсіл. Паллиативті және радикалды операциялардың түрлері. Механикалық сарғаюдың асқынуларын емдеу. Холедохотомия, дуоденотомия, папиллотомия, билиодигестивті анастомоздар жасау көрсетімдері. Өт жолдарын дренаждау көрсетімдері, дренаждау әдістемесі. Операциядан кейінгі кезеңде жүргізу ерекшеліктері. Гепатодуаденум аймағындағы атипиялармен және аномалиялармен байланысты өт жолдарының хирургиясында жіберілетін қателіктер мен туындайтын қауіптер | ||||||||||||||
ПХЭС | Жіктемесі. Саралау диагностикасы. ПХЭС тудыратын факторлар, себебіне байланысты клиникалық көрінісі. Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия. Операция көрсетімдері. Интраоперациялық диагностикалау әдістері. Өт жолдарына қайта жасалатын операциялар. Өт жолдарының стриктурасы кезінде тері және бауыр арқылы өт жолдарына стент қою. Билиодигестивті анастомоздар жасау, ҮДЕ-ге пластика салумен бірге папиллосфинктеротомия жасау техникасы | ||||||||||||||
Ішкі ағзалардың паразитарлы зақымдануы | Эхинококкоз аурулары. Хирургиялық ем қолдану көрсетімдері, емдеудің ашық және жабық әдістері. Ішкі ағзалардың паразитарлы аурулары емдеудегі жаңа технологиялар. Альвеококкоз, таралуы. Диагностикасы, саралау диагностикасы. Аурудың клиникалық көріністері. Хируругиялық ем қолдану көрсетімдері мен әдістері | ||||||||||||||
Бауыр циррозы және порталық гипертензия синдромы | Порталық гипертензия синдромымен бірге бауыр циррозы кезіндегі диагностикалық бағдарлама. Асцитпен асқынған бауыр циррозын емдеудің қазіргі әдістері. Консервативті терапия. Хирургиялық ем қолдану көрсетімдері. Жоспарлы операцияның түрлері: шунттау, эндоскопиялық терапия және ВВК тігу, TIPS-пен тігу. Асцит сұйықтығын реинфузия жасау, веналар арасына шунт қою, ЛВА. Эндоваскулярлы және эндовидеолапароскопиялық операциялар | ||||||||||||||
Қантамырлық және эндокринді хирургия | |||||||||||||||
Қалқанша без аурулары | Қалқанша бездің анатомиясы мен физиологиясы. Қалқаншабез ауруларын зерттеу әдістері және клиникалық жіктемесі. Уытты зобтың клиникасы және оны емдеу. Операция көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Тиреотоксикозы бар науқасты операцияға даярлау. Түйінді зобты диаагностикалау ерекшеліктері. Тиреоидиттер және струмиттер. Қалқаншабезге жасалатын операциялар, операция кезінде және операциядан кейін туындайтын асқынулар және олардың алдын алу | ||||||||||||||
Қол-аяқтың жіті және созылмалы ишемиясы | Облитерацияланған эндартериит, патогенезі, клиникасы, диагностикасы мен емдеу. Шеткі артериялардың атеросклероздық зақымдануы. Аурулардың клиникалық нақты белгілері. Ауру сатылары мен зақымдану сипаты. Диагностикалық бағдарлама және емдеу тәсілі. Консервативті ем қолдану принциптері. Операция алдында жасалатын ангиография. Хирургиялық ем қолдану. Артериялық жіті түйнелудің клиникасы мен диагностикасы. Қол-аяқтың жіті ишемиялық синдромы. Қолқа бифуркациясының жіті окклюзиясы кезіндегі клиникалық көріністердің ерекшеліктері. Диагностикалау әдістері. Артерияның жіті түйнелуі кезінде консервативті ем қолдану. Хирургиялық ем көрсетімдері | ||||||||||||||
Варикоз ауруы. Қол-аяқ веналарының жіті тромбофлебиті. Венаның созылмалы жеткіліксіздігі | Аяқтың варикоз ауруларының клиникасы мен диагностикасы, хирургиялық ем қолдану көрсетімдері мен әдістері. Тромбофлебиттер жіктемесі. Беткей веналардың жіті тромбофлебиті. Терең веналардың жіті тромбофлебиті. Клиникасы мен диагностикасы, саралау диагностикасы. Консервативті жолдармен емдеу әдістері. Хирургиялық ем қоолдану көрсетімдері. ПТФА, патогенезі мен клиникасы, диагностикасы және оны емдеу. Веналардың варикозды кеңеюі себебінен жасалатын операциялар кезінде жіберілетін қателіктер мен туындайтын асқынулар. Операцияға дейін және операциядан кейін науқасты жүргізу. ӨАТЭ алдын алу. Антикоагулянтты және тромболитикалық терапия | ||||||||||||||
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы | ӨАТЭ клиникалық диагностикасы, топикалық диагностикасы. Хирургиялық қолданылатын тәсіл. Хирургиялық жолмен емдеу әдісі. Тромболитикалық терапия. Эмболияның қайта өршуінің алдын алу. Кава-фильтр имплантациясы, көрсетімдері | ||||||||||||||
Барлығы | |||||||||||||||
Клиникалық анатомия және оперативті хирургия | |||||||||||||||
Қол-аяқ тамырларының клиникалық анатомиясы. | Қол-аяқтың ишемиясы және веналарының жеткіліксіздігі кезінде жасалынатын операциялық әрекеттер. Қол-аяқ қантамырларының клиникалық анатомиясы. Қол мен аяқтың қантамырларына операциялық жолдармен жету. Қол-аяқ қантамырларына қалпына келтіру операциясын жасау (қантамыр тігісі, қантамырларды дезоблитерациялау тәсілдері, қантамырлар трансплантациясы). Веналарға жасалатын операциялар. Флебэктомия техникасы. | ||||||||||||||
Іштің алдыңғы аумағының және көгеттің әлсіз орындарының клиникалық анатомиясы. Іш жарықтарының хирургиялық анатомиясы. Әртүрлі жарықтар кезінде жасалатын операциялар. | Іштің алыңғы қабырғасы мен көгеттің әлсіз орындарының клиникалық анатомиясы. Іш жарықтарын хирургиялық анатомиясы. Кіндік жарықтары кезінде жасалатын операциялар. Іштің ақ сызығының жарықтары, операция әдістері. Шаптың туа біткен және жүре пайда болған жарықтары, шаптың тік және қиғаш жарықтары. Туа біткен жарықтар кезіндегі жасалатын операциялардың ерекшеліктері. Шаптың тік және қиғаш жарықтары кезінде жаслатын операциялардың түрлері. Сан жарықтары кезінде жасалатын операциялар. Операциядан кейін туындайтын жарықтар. Операциядан кейін туындайтын (іш) және көгет жарықтары кезінде жасалатын операциялардың негізгі принциптері | ||||||||||||||
Мойынның негізгі қантамыр-нервтік будаларының, қалқаншабездің және қалқансерікбездің клиникалық анатомиясы. Көкірекортаның және өкпе түбірі элементтерінің клиникалық анатомиясы. Плевра мен өкпеге жасалатын операциялар. Альвеококкоз және эхинококкоз кезінде жасалатын операциялар. | Қалқаншабезге жасалатын операциялар. Қалқаншабез бен қалқансерікбездің клиникалық анатомиясы. Мойынның шандырлары мен шелді кеңістіктерін және қантамыр-нервтік будаларын топография-анатомиялық тұрғыдан негіздеу. Қалқаншабезге операциялық жолмен жету және оған жаслатын операциялар. Николаев бойынша струмэктомия жасау және оның модификациясы. Көкірекортаның клиникалық анатомиясы. Айыршабез. Қан тамырлары: жоғарғы қуыс вена, өрлемелі қолқа, өкпе сабауы және оның тармақтары, қолқа доғасы және оның тармақтары, өкпе веналары. Көгет нервтері. Кеңірдек. Жүрек маңындағы қалталар (перикард). Өкпе түбірлері элементтерінің топографиясы. Өкпеге және өкпе артерияларына жасалатын операциялар Альвеококкоз және эхинококкоз жиі орналасатын ішкі ағзалардың клиникалық анатомиясы. Ішкі ағзалардың альвеококкозы мен эхинококкозын хирургиялық жолдармен емдеудің қазіргі әдістері. | ||||||||||||||
Өңештің, асқазанның және ұлтабардың клиникалық анатомиясы. Асқазан мен ұлтабардың ойықжара ауруларына жасалатын операциялар. ГЭРА мен кардии ахалазиясын хирургиялық түзету. Жіңішке ішек пен жуан ішектің клиникалық анатомиясы. Жіңішке ішек пен жуан ішек дивертикулі, перфорациясы және некрозы кезіндегі операциялардың жасалу ерекшеліктері жасалатын операциялардың ерекшеліктері. Тікішектің клиникалық анатомиясы. Парапроктит және геморрой кезінде жасалатын операциялар. | Өңештің, асқазанның және ұлтабардың клиникалық анатомиясы. Асқазан мен ұлтабардың ойықжара аурулары кезінде жасалатын операцияларды клиника-анатомиялық тұрғыдан негіздеу. Бильрот I-II бойынша асқазанға резекция жасау және олардың модификациялары. Вагатомиямен бірге жасалатын дренаждау операциясы. Жіңішке және жуан ішектердің хирургиялық анатомиясы. Ішек тігістері. Құрсақ қуысының қуысты ағзаларына жасалатын операциялар. Құрсақ қуысының қуысты ағзаларына жасалатын хирургиялық әрекеттерді (энтеро – колостомия, жуа ішек резекциясы) орындаудың жалпы ережелері. Жуан және жіңішке ішектердің дивертикулі мен некроздық өзгерістерінің клиникалық анатомиясы. Жуан және жіңішке ішектердің дивертикулі, перфорациясы және некрозы кезінде жасалатын операциялар. Жамбастың шандырлары мен шелді кеңістіктерінің клиникалық анатомиясы. Тікшектің топография-анатомиялық ерекшеліктері. Кіші жамбас флегмонасын ашу операциялары (жамбастың шелді кеңістіктерін дренаждау); парапроктиттер және жыланкөздер, оларды хирургиялық жолдармен емдеу. Тромбалық сыртқы геморроидалық түйінді тілу | ||||||||||||||
Бауырдың, өт шығатын жолдардың және панкреатодуденум аймағының клиникалық анатомиясы. Өт жолдарына және порталық гипертензия кезінде жасалатын опеарйциялық әрекеттер. Реконструкциялық операциялар. Альвеококкоз және эхинококкоз кезінде жасалатын операциялар. | Құрсақ қуысының жоғарғы қабатының (бауырдың, өтқалтаның, өт жолдарының, қақпа венасының және шарбылы қалтаның) хирургиялық анатомиясы. Бауыр резекциясы, өт шығатын жолдарға жасалатын операциялар. Холедох стриктурасын хирургиялық жолдармен емдеу әдістері (пластика, сүмбілеу және т.б.). ПХЭС кезінде қайта жасалатын операция көрсетімдері және олардың техникасы. ПХЭС кезінде қайта жасалатын операцияның қауіптілігі мен асқынулары. Ұйқыбездің кисталары мен жыланкөздері кезінде операциялық ем қолдану. Ұйқыбездің шын және жалған кисталары кезінде жасалатын радикалды және паллиативті операциялар, ұйқыбездің толық және жартылай жыланкөздері кезінде жасалатын операциялар. Порталық гипертензия кезінде және өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кеткен кезде жасалатын операциялардың негізгі принциптері. Альвеококкоз және эхинококкоз жиі орналасатын ішкі ағзалардың клиникалық анатомиясы. Ішкі ағзалардың альвеококкозы мен эхинококкозын хирургиялық жолдармен емдеудің қазіргі әдістері. | ||||||||||||||
Анестезиология және реаниматология | |||||||||||||||
Асқазан-ішек жолы мен құрсақ қуысы мүшелерінің аурулары кезінде функциональді бұзылыстар. Этиопатогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. | Асқазан-ішек жолы мен құрсақ қуысы мүшелерінің аурулары бар науқастарда патофизиологиялық өзгерістер: функциональді және метаболикалық, аурудың түріне, су-электролит және қышқыл-негіздік жағдайының бұзылысына байланысты жалпы жағдайының ауырлық дәрежесін анықтау, реабсорбция үрдістерінің, пассаждың, перистальтиканың бұзылыстары, сыртқы физикалық факторлардың әсері. | ||||||||||||||
Асқазан-ішек жолы мен құрсақ қуысы мүшелерінің аурулары бар науқастарды операция алды дайындау | Науқасты зерттеуінің толықтығын, оның жағдайын және функциональді резервтерін бағалау; хирургиялық араласудың сипаты мен көлемін анықтау; операция мен анестезияның қауіп дәрежесін анықтау; науқасты операцияға дайындауға (алдын-ала, дәл сол кезде) қатысу. Анестезияның науқасқа оңтайлы әдісін таңдау. | ||||||||||||||
Асқазан-ішек жолының және құрсақ қуысы мүшелерінің аурулары бар науқастарды операциядан кейінгі жүргізу | Кеңейтілген мониторинг: жүрек-қантамыр, тыныс алу және жүйке жүйелерін, бауыр, бүйрек, асқазан-ішек жолы, қан түзу, гемостаз, сондай-ақ энергетикалық, су-электролит, қышқыл-негіздік және онко-осмостық баланс қызметтерін бақылау. өткізіп жатқан емдік шаралар мен олардың нәтижелерінің клиникалық мониторингі. Болжам критерийлерін (мысалы APACHE II- III) қолдану және нәтижесін бағалау | ||||||||||||||
Операциядан кейінгі ерте кезеңде болатын асқынулар | Операциядан кейінгі ерте кезеңде мүмкін болатын асқынулар: жедел тыныс жетіспеушілігі, жедел жүрек-қантамыр, гемостаз жетіспеушілігі, операциядан кейінгі перитониттің, ішек жетіспеушілігінің, операциядан кейінгі панкреатиттің, әртүрлі қан кетулердің дамуы. Алдын-алу, уақытында диагностика | ||||||||||||||
Операциядан кейінгі ерте кезеңде болатын асқынулар кезіндегі интенсивті терапия қағидалары. | Жедел тыныс жетіспеушілігі, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, ішектің операциядан кейінгі парезі кезіндегі интенсивті терапия қағидалары. | ||||||||||||||
Визуальді диагностика | |||||||||||||||
1. | Сәулелік диагностиканың қазіргі әдістері | Сандық технологияларды қолдану, зерттеудің мәліметтердің диагностикалық мүмкіндігі және оларды хирургиялық практикада қолдану | |||||||||||||
2. | Асқазан мен ұлтабардың ойықжара ауруы. Операция жасалған асқазан ауруы | Өңеш және АІЖ рентгенологиялық, КТ, МРТ зерттеу кезіндегі анатомиясы, зерттеуді жүргізу әдістемелері. Өңеш мен АІЖ функционалдық және органикалық зақымдануының сәулелік диагностикасы. | |||||||||||||
3. | Гепатобилиарлы жүйе. | Бауырдың сәулелік қалыпты анатомиясы, зерттеу әдістері. Рентгенологиялық, КТ, МРТ, УД зерттеу кезіндегі зақымдану синдромдары | |||||||||||||
Модуль бойынша барлығы | |||||||||||||||
7.1 «Жоспарлы хирургия» бөлімі бойынша өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:
1. Ойық жара ауруының патогенезінің замануи концепциясы. Ойық жара ауруын оперативті емдеу тәсілдерін таңдау.Операциядан кейінгі уақытта науқасты жүргізу.
2. Ойық жара ауруы кезінде эндовидеолапароскопиялық операциялар.Функционалды бұзылыстардың консервативті емі. Ваготомиядан кейінгі бұзылыстар кезінде диагностикалау және емдеу. Акелетін ішек синдромы, анастамоздың пептикалық жарасының диагностикасы.
3. Шап, кіндік және іштің ақ сызық жарықтары кезіндегі пластика тәсілін таңдау. Сан жарығы кезіндегі операцияның ерекшеліктері.Туа пайда болған шап жарығы кезінде операция техникасының ерекшеліктері.
4. Вентральды жарық кезінде операциядан кейінгі диагностика мен хирургиялық емдеу тәсілдері Алдыңғы құрсақ қабырғасының жарықтарын емдеу барысында замануи технологиялар мен инновациялық тәсілдер қолдану.
5. ГЭРА – ның дифференциалды диагностикасы, этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы. Аурудың асқынулары. ГЭРА кезіндегі консервативті хирургия, хирургиялық емге көрсеткіштер.Хирургиялық коррекция тәсілдері.
6. Кардия ахалазиясының этиологиясы, патогенезі. Ауру кезеңдері. Клиникасы және диагностикасы. Емдеу тактикасы. Хирургиялық емге көрсеткіштер.Операция түрлері.
7. Көкеттің өңеш тесігінің жарығының этиологиясы және патогенезі, Жіктелуі. Клиника және диагностикасы, асқынулар.Операцияға көрсеткіштер және операция түрін таңдау.
8. Геморройдың этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы. Асқынған геморрой. Консервативті және склероздаушы терапия, геморроидэктомияның түрлері мен техникасы. Геморройды емдеудегі жаңа технологиялар.Операция алдыңдағы дайындық, операциядан кейінгі жүргізу.
9. Созылмалы парапроктиттің этиопатогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, хирургиялық емдеуге көрсеткіштер. Артқы тесік пен тік ішек аймағындағы жыланкөздер. Жіктелуі.Сфинтерге қатысына қарай және жыланкөздің асқынуына байланысты хирургиялық емдеуге көрсеткіштер мен операция тәсілдері. Тік ішіек сфинтерінің операциядан кейінгі жетіспеушілігінің алдын алу.
10. Бейспецификалық ойық жаралы колит этиопатогенезі. Дифференциальды диагностикасы, емдеу тәсілін таңдау. Оперативті емдеуге арналған көрсеткіштер, операция түрін таңдау. Крон ауруының этиопатогенезі, клиникасы, дифференциалды диагностикасы, емдеу тәсілін таңдау.
11. Жіңішке және жуан ішектің дивертикул ауруының этиология мен патогенезі, клиникасы, диагностикасы. Тоқ ішек зақымданған кезде ағым ерекшеліктері. Ауру асқынулары Емдеу тактикасы. Хирургиялық емдеуге арналған көрсеткіштер.
12.Механикалық сарғаю. Механикалық сарғаю кезіндегі дифференциалды диагностика. Хирургиялық тактика. Паллиативті және түбегейлі операция түрлері. Асқынған механикалық сарғаюды емдеу.
13. ПХЭС- тың себепші ықпалдары, себебіне байланысты клиникалық көрініс.Операцияға көрсеткіштер. Интраоперациялық диагностика тәсілдері. Өт жолдарындағы қайталама операция түрлері. Нәтижесі.
14. Эхинококкоздың асқынуы. Хирургиялық емдеу. Хирургиялық емдеуге көрсеткіштер, ашық және жабық емдеу тәсілдері. Ішкі мүшелердің паразитарлы ауруларын емдеудегі жаңа технологиялар.
15. Альвеококкоз, таралуы. Диагностикасы, дифференциалды диагностикасы. Аурудың клиникалық көріністері. Хирургиялық емдеудің түрлері мен көрсеткіштері.
16. Портальды гипертензия синдромымен бауыр циррозын диагностикалау бағдарламасы. Асцитпен асқынған бауыр циррозын емдеуде замануи тәсілдер. Консервативті терапия. Хирургиялық емдеуге көрсеткіштер.
17. Портальды гипертензия синдромының хирургиялық емі, шунттаушы, бөліп тастау операциялары, эндоскопиялық склероздаушы терапия және варикозды тамырлардың кеңеюін тігу, TIPS. Асцит сұйықтығының реинфузиясы,перитонео-сан шунттауы. ЛВА. Эндоваскулярлы және эндовидеолапароскопиялық операциялар.
18. Қалқанша безінің анатомиясы мен физиологиясы. Қалқанша безінің аруларының клиникалық жіктелуі мен зерттеу тәсілдері.Токсикалық жемсау клиникасы және емі. Операцияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. Тиреотоксикозы бар ауруларды операция алдындағы дайындау. Қалқанша безіне операция жасаудың техникасы, операция кезіндегі және операциядан кейінгі кезеңдегі асқынулар мен оларды алдын алу шаралары.
19. Облитерияланған эндартериит, патогенез, клиникасы, диагностикасы мен емі. Шеткі қантамырлардың атеросклерозды зақымдануы. Аурудың клиникалық ажырату белгілері. Ауру кезеңдері мен зақымдану сипаты. диагностикалық бағдарлама мен емдеу тактикасы.
20. Жедел артериальдық өткізбеушіліктің клиникасы мен диагностикасы. Аяқтың жедел ишемия синдромы. Аорта бифуркациясының жедел окклюзиясының клиникалық көрінісінің ерекшеліктері.Диагностика тәсілдері. Жедел артериальдық өткізбеушіліктің консервативті терапиясы. Хирургиялық емдеуге көрсеткіштер.
21. Аяқтың варикозды ауруының клиникасы және диагностикасы, хирургиялық емге көрсеткіштер мен тәсілдері.
22. Беткей веналардың жедел тромбофлебиты.Терең веналардың жедел тромбофлебиты. Клиникасы және диагностикасы, дифференциалды диагностикасы. Емдеудегі консервативті тәсілдер. Хирургиялық емгеі көрсеткіштер.
23.. ПТФС, патогенезі және клиникасы, диагностикасы және емі. Варикозды көктамырларға жасалатын операциялар кезіндегі қателер мен асқынулар.Ауруларды операцияға дейін және кейін жүргізу. ТЭӨА алдын алу шаралары. Антикоагулянтты және тромболитикалық терапиясы.
24. ТЭӨА клиникалық диагностикасы,топикалық диагностика.Хирургиялық тактика. Хирургиялық емдеу тәсілін таңдау. Тромболитикалық терапия. Эмболия рецидивин алдын алу. Кава- фильтрының имплантациясы, соған көрсеткіштер.