Кресло - каталкамен тасымалдау 14 страница

1. Құлақтың ішін дәкеден жасалған таяқшамен, оны айналдыра отырып тазалаңыз.

2. Құлақтың сырғалығынан жоғары тартып, тамызғышпен бірнеше тамшы 3% сутегінің асқын тотығын тамызыңыз.

3. Мақтадан жасалған таяқшамен құлықты шығарыңыз.

4. Құлақта құлық көп болса, құлақтың ішін жуыңыз.

5. Жанэ шприцына 150-200 мл жылы фурациллин ерітіндісін сорып алыңыз.

6. Науқасты отырғызып немесе жатқызып, құлақ қалқанының астына қысып ұстайтындай етіп, астаушаны қолына ұстатыңыз.

7. Сол қолмен құлақ қалқанын жоғары және артқа тартып, оң қолмен шприцті құлақтың сыртқы тесігіне тақап, ерітіндінің ағынын, оның жоғарғы, артқы қабырғасына бағыттап жіберіңіз.

8. Ем шараны істеп болғаннан кейін құлақты салфеткамен сүртіңіз.

9. Мақта тампонымен аз уақыт жауып қойыңыз, сосын алып тастаңыз.

Құлаққа дәрі тамызу

Қажетті заттар: дәрі, залалсыздандырылған мақта, салфетка

Іс - әрекеттер:

1. Дәріні 36ºС жылытыңыз.

2. Ал егер науқастың құлағына дәрі тамызу керек болса, басын сау жағына

қисайтыңыз.

3. Сол қолмен құлақтың сырғалығынан тартып, оң қолмен 2-3 тамшы

жылы ерітіндіні тамызыңыз. Науқас сол қалпында 10-15 минут жату

Керек.

4. 10-15 минут өткеннен кейін, ол басын ауырған құлағы жағына қарай

қисайтып тамызған дәріні қайтадан сыртқа шығарады.

5. Содан кейін құлаққа бірнеше минут шағын домалақтанған мақта салып қояды.

Көзге дәрі тамызу

Қажетті заттар: дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, тамызғыш.

Іс- әрекеттер:

1. Дәрігердің тағайындаған дәрісінің атын, тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

3. Залалсыздандырылған тамызғышқа тағайындаған ерітіндіні сорып алыңыз.

4. Науқастың басын артқа қарай шалқайтып және жоғары қарауын сұраңыз.

5. Сол қолдың екінші саусағымен төменгі қабақты төмен тартып, тамызғышты кірпікке тигізбей (1,5 см жақын ұстамаңыз) дәнекер қабақтың төменгі күмбезіне әуелі бір тамшы, аз уақыттан кейін екінші тамшыны тамызыңыз.

6. Қабақты босатыңыз, айналасын жайлап мақта тампонымен сүртіңіз.

7. Екінші көзге дәріні осылайша тамызыңыз.

Көзді жуу

Қажетті заттар: дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, ундинка (көзді жууға арналған стакан).

Іс - әрекеттер:

1. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.

2. Арнайы стаканға дәрігердің тағайындаған дәрісін құйып, пациенттің алдына қойыңыз.

3. Науқасты еңкейтіп, қабағын үстел үстіндегі стаканға батырып, оң қолмен стаканды көзіне басып, су ақпайтындай етіп, көтеріп алады.

4. Кірпіктерін ерітіндінің үстіне 1-2 рет жыпылықтатып алады.

5. Стаканды көзінен алмай, үстел үстіне қояды.

6. Жаңа ерітінді құйып, науқасқа бірнеше рет қайталауын сұраңыз.

Мына тәртіппен де көзді жууға болады:

1. Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз.

2. Залалсыздандырылған тампонды алып, оны тағайындаған ерітіндіге малып, аздап сығыңыз.

3. Сол көзді оң қолмен сыртқы бұрышынан кеңсірікке қарай бағыттап жуыңыз.

4. Сол қолмен басқа мақта тампонын алып, оң көзді жоғарыдағыдай тәртіппен жуыңыз.

5. Қажет болса, бірнеше рет қайталаңыз.

Көзге май жағу

Қажетті заттар: көзге жағатын май, шыны қалақша.

Іс- әрекеттер:

1. Шыны қалақшаның бүтіндігін тексеріңіз, майдың атын, мерзімін оқыңыз.

2. Пациентті алдыңызға қарама-қарсы отырғызыңыз, басын артқа қарай шалқайтып, жоғары қарауын сұраңыз.

3. Залалсыздандырылған шыны қалақшамен майды алып, оны көлденең ұстап, кеңсірікке қарай бағыттап жағыңыз.

4. Төменгі қабақты төмен қарай тартып, қалақшадағы майды көз алмасына салыңыз.

5. Қабақты босатып жіберіп, қабақтарын жайлап, қабыстырыңызда,

ақырындап қалақшаны шығарып алыңыз.

Мұрын қуысын күту

Мақсаты: Мұрын демалысының бұзылуының алдын алу.

Қажетті заттар: мұрынға тамызатын дәрі, мақтадан жасалған турунда, тамызғыш, вазелин майы, салфетка.

Іс - әрекеттер:

1. Пациентті ыңғайлы етіп отырғызыңыз.

2. Турунданы вазелин майына батырып алыңыз.

3. Пациенттің басын артқа қарай шалқайтыңыз

4. Сол қолдың төрт саусағын маңдайға қойып, бірінші саусақпен мұрынның ұшын жоғары қарай тартып, оң жақтағы мұрын қуысына 2-3 см тереңдікте турунданы айналдыра отырып, мұрын қуысын тазалаңыз. Ал сол жағына басқа турунданы салып, тазалаңыз.

5 Таза тамызғышқа қажетті мөлшердегі дәріні сорып алып, басын

шалқайтып, әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан дәріні тамызыңыз.

6. Мұрынға аз уақытқа мақта тампонын салыңыз.

Аяқтың, шаштың күтімі. Жыныс мүшелерін жуу

Шашты күту

Егер науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалса, оның шашын төсек үстінде жуады. Легенді керуеттің бас жағына қойып, желкесіне дейін шалқайтып, астына көтеріп қояды.

Ал науқас еркек болса, шашы қысқа етіп алынып, 7-10 күнде бір рет су сабынмен жуылуы тиіс. Ұзын шашты әйелдердің шашын жуып болғаннан кейін, оны сүлгімен құрғатып сүртеді. Сосын майда тісті тарақпен екіге бөліп тарайды.Науқастың өздерінің жеке тарағы болуы керек. Егер шашта қайызғақ болса,онда тарақты сірке қышқылы ерітіндісіне батырып алып, тарау керек.

Аяқты жуу

Өте ауыр халдегі науқастар жеке гигиенасын сақтауды қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек. Ал ауыр халдегі науқастардың аяғын аптасына 2-3 рет жатқан төсегінде жуады. Кереуеттің үстіндегі матрасты түріп, легенді қойып, аяғын жуып, құрғатады.

Науқастың тырнақтарын алу

Жабдықталуы: жылы су, сабын, сүлгі, қайшы.

Іс-әрекеттер:

1. Қолғапты кию

2. Науқастың қол ұшын сұйық сабын қосылған жылы суы бар ыдысқа 2-3 минутқа салу

3. Судан V-саусақты шығарып, құрғатып, тырнақ 1-2мм қалдырып абайлап қысқартылады

4. Кезекпен саусақтарды судан алып, сүлгімен сүрту және абайлап тырнағын алу.

5. Басқа ыдысқа жылы су және сабын қосып науқастың аяқ басын 3-5 минутқа салу.

6. Аяқ басын судан алып құрғату,сүлгі үстіне қою.

7. Ұқыптылықпен тырнақтарды қысқарту

8. Қолғапты шешу, қолды жуу.

10.Науқастарды куту; физиологиялық қажеттіліктерді атқаруға комектесу

Науқастың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін

көмек көрсету

Қажеттіліктер

Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы медбикелік іс-шаралар

Тыныс алу - Кереуеттің бас жағын көтеру;

- науқасты “Фаулер”қалпында жатқызу;

- науқасты жөтелу техникасына үйрету;

- науқасты тыныс алу жаттығуларына үйрету;

- тұншығу кезінде өзіндік көмек тәсілдеріне үйрету;

- ингаляторды қолдану ережелерін үйрету;

Тамақтану - Науқасқа тамақтану кезінде көмек беру;

- науқасты адекватты тамақтануға үйрету;

- диета сақтау бойынша науқасқа және оның туыс-тарына ұсыныс беру;

Су ішу - Науқасқа су ішу кезінде көмектесу;

- қажет сұйықтықтың керекті мөлшерімен қамтама-сыз ету;

Бөліп шығару - Науқасты жеке дәрет ыдысы мен зәр қабылдағыш-пен қамтамасыз ету;

- науқасқа және оның туыстарына памперс, зәр қабылдағыш, нәжіс қабылдағышты қолдануды үйрету;

- науқастың әжетханаға жетуіне көмектесу;

- дефекация мен зәр шығару кезінде науқасқа қауіпсіздікті және оқшаулануды қамтамасыз ету.

Ұйықтау

- Ұйықтау үшін жайлы жағдай жасау;

- ұйқы бұзылуының себептерін анықтау;

- ұйқыны реттейтін дағдыларды (бал қосылған жылы сүт, ұйқы алдында серуендеу) үйрету;

- науқасты күн тәртібін құрастыруға (дем алу және жұмыс істеу режимін сақтау) үйрету; үйрету.

Қозғалу - Қимыл-әрекеттер шектелуінің адамның тәуелділік жағдайына қаншалықты әсер ететінін анықтау;

- науқас пен оның туыстарын төсекте қозғалуға,емдік дене шынықтыру әдістеріне үйрету;

- науқастың қозғалуына рұқсат етілген жағдайда төсектен тұру, балдақпен, таяқпен жүру әдістерін

Клизмалар

Клизма деп диагностикалық және емдік мақсатта тоқ ішектің төменгі бөлігіне әр түрлі сұйықтықтарды енгізуді айтамыз.

Мақсаттарына қарай клизмалар екі топқа бөлінеді:

- тазалау және босату клизмасы;

- дәрілік және қоректік клизмалар.

Тазалау клизмасы кезінде жіберілген сұйықтық механикалық, температуралық және химиялық әсер етеді, перистальтиканы күшейтеді, нәжіс массаларының бөлінуін жеңілдетеді.

Жіберілген сұйықтықтың мөлшері неғұрлым көп болса, клизманың механикалық әсері де күшті болады. Механикалық әсерден басқа перистальтиканы жіберілген судың температурасы да күшейтеді. Атониялық іш қатуда сұйықтық температурасы +12С˚ болуы керек, спастикалық іш қатуда ішектің бұлшық еттерінің босаңсуы үшін жылы немесе ыстық клизмалар қолданылады, судың температурасы +37˚-40˚-42˚С.

Тазалау клизмасы

Мақсаты: ішектерді нәжіс массасынан, газдардан тазалау.

Көрсетпелер:

• Іш қатқанда;

• Уланғанда;

• Операция, босану алдында;

• Науқастың ас қорыту мүшелерін, зәр шығару жүйесін ренгенологиялық

Зерттеуге дайындау;

• Тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеуге дайындау;

• Дәрілік және қоректік клизма жасар алдында;

Қарсы көрсетпелері:

• Тік ішектің және анус аймағының іріңді қабынуы

• Ас қорыту жолдарынан қан кету;

• Тік ішектің қатерлі ісіктері;

• Жедел аппендицит және перитонит

• Ішектерге операция жасағанда алғашқы күндері

• Жедел жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі

Қажетті заттар: Бір рет қолданылатын Эсмарх кружкасы, оны ілетін штатив,

залалсыздандырылған вазелин майы, клеенка, дәрет ыдысы

(егер процедура палатада орындалатын болса), 1,5-2л жылы

су, латекс қолғаптар, медициналық халат, клеенкалы

алжапқыш.

Міндетті шарттар:

Жіберілетін судың температурасы іш қату түріне байланысты:

- атониялық іш қатуда- 12˚-20˚С;

- спастикалық іш қатуда- 37˚-40˚-42˚С;

- іш қатуда- 20˚-25˚С.

Іс -әрекеттер:

1.Науқасты процедура мақсатымен, жүргізу кезеңдерімен таныстыру,

келісімін алу.

2. Мейірбике қолын тазалап жуып, биялай киеді, алдына клеенкадан жасаған

алжапқыш кию керек.

3. Эсмарх кружкасына 1-1,5л 18-20˚С температурасы әзірлеген суды құйып

штативке ілу керек;

4. Вентильді ашып, судың ағынымен ішіндегі ауаны шығарыңыз;

5. Ұштықтың басына вазелин майын жағыңыз;

6. Клеенка төселген кушеткаға сырқатты сол жақ қырымен тізесін кіндігіне

жақындата бүгіп жатқызыңыз;

7. Залалсыздандырылған салфетканы сол қолмен ұстап, құйрықты ашыңыз,

оң қолмен ұштықты ақырын айналдырып, тік ішекке алдымен кіндікке

қарай, содан соң омыртқаға қатарласып 8-10см тереңдікке енгізіңіз;

8. Ішекке су ақырын баратындай болып, тиегін ақырын ашыңыз, науқастың

босаңсуын және ішімен дем алуын сұраңыз.

Ескерту: науқас спастикалық ауырсынуға шағымданған кезде ауырсыну басылғанға дейін процедураны тоқтатыңыз. Егер ауырсыну басылмаса, дәрігерге хабарлаңыз.

9. Ішекке ауа кетпес үшін кружканың түбіне аздап су қалдыр, тиегін

жауып, ұштықты шығарып алыңыз;

10. Сырқатты шалқасынан жатқызып, демін тереңірек алып 10 минуттай

суды ішекте ұстауын сұраңыз;

11. Дәретке унитазға, егер палатада жасалған болса дәрет ыдысына

отырғызыңыз; ішек босағаннан соң шат аралығын жуыңыз.

12. Дәрет ыдысын қолданып болған соң, ішіндегі қалдық заттарды унитазға

төгіп, сумен шайып, 1% лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа салу керек;

13. Одан алып, ағынды суда шайып, әжетханадағы арнайы шкафқа қоямыз;

14. Клеенкадан жасалынған алжапқышты пен төселінген клеенканы 2 рет

1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

Бірнеше минуттан кейін ішектен сумен бірге нәжіс шықса, тазалау клизмасының дұрыс жасалған болып саналады.

Тазалау клизмасына арналған жүйе

Тазалау клизмасы

Сифонды клизма

Мақсаты: ішекті нәжіс массасынан және газдардан эффективті тазалау.

Көрсетпелері:

• Тазалау және босату клизмасынан нәтиже болмаған жағдайда;

• Іш айдайтын дәрілер әсер етпегенде тоқ ішекті жуу үшін;

• Емдік мақсатта сигма тәрізді ішек түйілуінде;

• Іш қуысына операция жасағаннан (ішектерден басқа ағзаларға) кейін;

• Динамикалық ішек өткізбеушілігінде;

• Ішектен уды, токсинді, шырышты, іріңді, сыртқа шығару үшін;

Қарсы көрсетпелері:

• Тік ішектің іріңді қабынуы;

• Ішектерге операция жасағанда;

• Жедел аппендицит, перитонит

• Тік ішектің түсуінде, геморройда

• Тік ішектің қатерлі ісігі

• Асқазан, ішектен қан кеткенде

Қажетті заттар: ұзындығы 1,5м бір рет қолданылатын, ұшында бірнеше

тесігі бар түтік, сиымдылығы 1литр шыны құйғыш.10-

12литр бөлме температурасындағы су,сиымдылығы 1литр

ожау, табақ, клеенка алжапқыш, клеенка,

залалсыздандырылған вазелин майы, 1рет қолданатын

биялай, бетперде, іштен шыққан қалдықты құятын ыдыс

(тазик);

Іс -әрекеттер:

1. Науқасты процедура мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру, келісімін алу.

2. Халат, клеенка алжапқыш, қолғап кию. Кушеткаға клеенка жайып, оның

шетіне су құятын ыдыс немесе шелек қойылады;

3. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне

жақындата бүгіп жатқызу;

4. Түтіктің ұшынан бастап 20-30см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз.

5. Залалсыздандырылған салфетканы сол қолмен ұстап, 1-2-ші саусақтармен

құйрықты ашыңыз, оң қолға резеңке зондты ұстап, кіндікке қарай 3-4см

енгізіңіз, сегізкөз омыртқа бойымен ішекке 20-30см тереңдікке енгізіңіз;

6.Түтікке шыны құйғышты кигізіп құйғышты қисайтып кушетканың

деңгейінен төмен ұстаңыз;

7.Әзірленген құйғышты 1л сумен толтырыңыз;

8. Құйғышты біртіндеп сырқаттың денесінен жоғары етіп ұстап су

құйғыштың сағасына жеткенше көтеріңіз /ішекке ауа кетпеуін

қадағалаңыз/;

9. Құйғышты бұрынғы қалыпқа дейін төмендетіңіз;

10.Құйғыштың жуылған суға толуын күтіңіз;

11.Құйғышқа толған сұйықты ыдысқа немесе шелекке төгіңіз;

12.Құйғышқа қайтадан су құйып, жоғарыдағы тәсілмен жуылған су таза

болғанша бірнеше рет қайталаңыз;

13. Құйғышты шығарып алып, іште қалған судың төгілуі үшін түтікті 15-20

минутқа дәрет ыдысына салып қойыңыз;

14.Тік ішектен түтікті ақырын шығарып алыңыз;

15. Клеенкадан жасалынған алжапқышты және төселінген клеенканы 2 рет

1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

16. Дәрет ыдысын қолданып болған соң ішіндегі қалдық заттарды унитазға

төгіп, сумен шайып, 1% лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа салу

керек. Одан алып, ағынды суда шайып, әжетханадағы арнайы шкафқа

қоямыз;

Сифон клизмасы ауыр манипуляция, сондықтан процедураның кезінде сырқаттың жағдайына көңіл бөлу қажет.

Гипертониялық клизма

Мақсаты: ішектің перистальтикасын күшейту, ішек қуысына сұйықтық

Транссудациясын жасау.

Көрсетпелер: Іштің қатуында және әртүрлі кең көлемді ісіктерде;

Қарсы көрсетпелер:

• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

• Жедел аппендицит;

• Ішектерге операция жасағанда;

• Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша , бір рет қолданылатын

жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин,

клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған

100мл 10%-NaCL-ерітіндісі немесе 20-30% 50мл магний

сульфат ерітіндісі, бір рет қолданылатын биялай, бетперде,

залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық.

Іс-әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.

3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық

тітіркендірудің алдын алу мақсатында) босататын ерітіндіні (дәрігердің

тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын

жағыңыз.

4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне

жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;

5. Халат, қолғапты киіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен

жаялықты жайыңыз.

6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті

ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң

омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;

7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып ерітіндіні

ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды ұмытпаңыз);

8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;

9. Сырқатты шалқасынан жатқызып, тереңірек дем алдырып, сұйықты

ішінде 20-30 минутқа ұстап қозғалмай жатуын айтамыз (транссудат

әсерінен нәжіс массалары жұмсарып, перистальтика күшееді).

Наши рекомендации