Жаңа туған балаға жүрек-өкпелік реанимация жүргізу
Интернатура бойынша жалпы дәрігерлік тәжрибе кафедрасы
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Ересек адамға жүрек-өкпелік реанимация жүргізу
ОСКЕ станциясы
№ | Қадамдар | Балдар | ||
1. | Қанайналым болуын анықтады | |||
2. | Өзіндік тыныс алуын анықтады | |||
3. | Көз қарашықтарының жарыққа жауабын анықтады | |||
4. | Жедел жәрдем көрсету бригадасын шақыруды өтінді | |||
5. | Адамды дұрыс қалыпта жатқызды | |||
6. | Тыныс жолдарын тазалады | |||
7. | Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтірді | |||
8. | Реанимация жасайтын адамның қасына дұрыс орналасты | |||
9. | Реанимациялық шараларды бастау уақытын белгіледі | |||
10. | Өкпенің жасанды вентиляциясын бастады | |||
11. | Күре тамырда пульсация болуын бағалады | |||
12. | Жүректің тікелей емес массажын бастады | |||
13. | Реанимациялық шаралардың дұрыс жылдамдығын таңдады | |||
14. | Күре тамырда пульсация болуын бағалады | |||
15. | Реанимациялық шаралардың тиімділігін бағалады | |||
Қорытынды балл саны |
Максималды балл - 21
Станцияға берілген уақыт – 5 мин
Станцияның рейтингісі:
«Өте жақсы» __19___- __21___ балл
«Жақсы» __16___- __18___ балл
«Қанағаттанарлық» __13___- __15___ балл
«Қанағаттанарлықсыз» __13____баллдан төмен
Емтихан алушының қолы_____________ Күні______________
ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ
Ересек адамға жүрек-өкпелік реанимация жүргізу
№ | Қадамдар | Орындау критерийлері |
1. | Қанайналым болуын анықтады | Күре тамырдағы пульсті пальпациялау |
2. | Өзіндік тыныс алуын анықтады | Жіпшені ауыз немесе мұрын айналасына апару |
3. | Көз қарашықтарының жарыққа жауабын анықтады | Екі саусақпен көз қуысын ашып, көз қарашықтарының жарыққа жауабын анықтау |
4. | Жедел жәрдем көрсету бригадасын шақыруды өтінді | Айналадағы біреуді немесе өтіп бара жатқан адамдарды жедел жәрдем көрсету бригадасын шақыртуды өтінді |
5. | Адамды дұрыс қалыпта жатқызды | Адамды арқасымен тегіс қатаң горизонтальды беткейге жатқызу (еденге, жерге), қолдарын көкірек дене бойымен орналастыру. Кеудені және ішті тар киімнен босату |
6. | Тыныс алу жолдарын тазалады | Зардап шеккен адамның басын бір жаққа бұру. Саусаққа таза салфетканы орап, ауыз қуысын бар бөгде заттардан тазалау (сілекей, құсық, су, тіс протездері және т.б) |
7. | Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтірді | Мойынның астына валик қойып, басын дұрыс шалқайтып, төменгі жағын алға шығарып аузын ашу |
8. | Реанимация жасайтын адамның қасына орналасты | Реанимация жасайтын адамның бас жақ қырынан орналасу |
9. | Реанимациялық шараларды бастау уақытын белгіледі | Сағатқа қарап, реанимациялық шараларды бастау уақытын еске сақтау |
10. | Өкпенің жасанды вентиляциясын бастады | Өкпенің жасанды вентиляциясын 2 рет ауызға-ауыз үрлеумен бастау, бір үрлеудің ұзақтығы 1,5-2 секунд, үрлеген кезде кеудесі көтеріледі |
11. | Күре тамырда пульсация анықталуын бағалады | 2 рет жасанды тыныс беруден кейін, күре тамырда пульсацияны анықтау. Егер 5 секунд ішінде пульсация анықталмаса, жүректің тікелей емес массажын жасауға кірісу |
Жүректің тікелей емес массажын бастады | Компрессияны жүргізу үшін қолдарын дұрыс орналастырды: бірінші қолдың негізітөстің үштен бір бөлігінде, ал екінші қол үстінде, шынтақ тік күйде. Компрессияларды жылдам соққы беру, әр соққыдан кейін қолдарын үзбей, кеуде торының жазылуына мүмкіндік беру ( компрессияның тереңдігі 4-5 см, жиілігі минутына 90-110) | |
13. | Реанимациялық шаралардың дұрыс жылдамдығын тандады | 2 үрлеуден кейін 15 компрессия жасау(қатынасы 15:2). Бір минут ішінде барлығы 5-6 цикл өткізу |
14. | Күре тамырда пульсация болуын бағалады | Реанимациялық шаралардың әр 2 минуты сайын 5 секундқа үзіліс жасап, күре тамырдың пульсациясын анықтау |
15. | Реанимациялық шаралардың тиімділігін бағалады | Реанимациялық шаралардың тиімділігін констатациялау ( пульстің, өзіндік тыныстың, қарашықтардың жарыққа жауабының пайда болуы. Өкпе-жүрек қызметі қалпына келгенге дейін реанимацияны жалғастыру (20-30 минут). |
Интернатура бойынша жалпы дәрігерлік тәжрибе кафедрасы
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Жаңа туған балаға жүрек-өкпелік реанимация жүргізу
ОСКЕ станциясы
№ | Қадамдар | Балдар | ||
1. | Баланы дұрыс жатқызды | |||
2. | Тактильді стимуляцияға жауабын анықтады | |||
3. | Өзіндік тыныстың жоқтығын анықтады | |||
4. | Өзіндік жүрек қызметінің жоқтығын анықтады | |||
5. | Балаға біршама дұрыс орналасты | |||
6. | Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтірді | |||
7. | Өкпенің жасанды вентиляциясын бастады | |||
8. | Қолдарын дұрыс орналастырды | |||
9. | Жүректің жабық массажын бастады | |||
10. | Реанимациялық шаралардың дұрыс жылдамдығын таңдады | |||
11. | Күре тамырда пульсацияның бар болуын бағалады | |||
12. | Реанимация нәтижесініңбағалауын жүргізді | |||
Қорытынды балл саны | ||||
Максималды балл - 18
Станцияға берілген уақыт – 5 мин
Станцияның рейтингісі:
«Өте жақсы» __16___- __18___ балл
«Жақсы» __13___- __15___ балл
«Қанағаттанарлық» __11___- __12___ балл
«Қанағаттанарлықсыз» __11___баллдан төмен
Емтихан алушының қолы _________________ Күні____________
ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ
Жаңа туған балаға жүрек-өкпелік реанимация жүргізу
№ | Қадамдар | Орындау критерийлері |
1. | Баланы дұрыс жатқызды | Баланы арқасымен қатты тегіс беткейге жатқызып, кеуде мен ішті қысатын киімдерден босатып, иық астына валикті салып, жаңа туған баланың басын шалқайту |
2. | Тактильді стимуляцияға жауабын анықтады | Арқасынан, табанынан қағу |
3. | Өзіндік тыныстың жоқтығын анықтады | Ауыз және мұрын аймағына жіпшені жақындату |
4. | Өзіндік жүрек қызметінің жоқтығын анықтады | Жүрек тондарын фонендоскоппен тыңдау |
5. | Балаға біршама дұрыс орналасты | Реанимация жасайтын балаға бүйірінен немесе алдынан орналасу |
6. | Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтірді | Сұқ саусаққа бинт немесе марляны орап және ауыз қуысын тазалап, төменгі жақты алға жылжыту |
7. | Өкпенің жасанды вентиляциясын бастады | Өкпенің жасанды вентиляциясын ауызға ауыз 1дем беруден бастау, (ұзақтығы1-1,5 секунд құрайды, үрлеген кезде кеуде торы көтеріліңкірейді) |
8. | Қолдарын дұрыс орналастырды | Оң қолдың үлкен саусағын төстің үштен бір төменгі бөлігіне орналастыру, ал қалған саусақтарын арқасының астына жайғастыру |
9. | Жүректің жабық массажын бастады | Жүректің жабық массажын кеуде торының үштен бір төменгі бөлігінде,семсер тәрізді өсінді аймағын басудан шектей отырып, 1-1,5 см тереңдікте компрессияларды бастау |
10. | Реанимациялық шаралардың дұрыс жылдамдығын таңдады | 1 үрлеуден кейін 3 компрессияны жасау (1:3-ке қатынасы) |
11. | Күре тамырда пульсацияның бар болуын бағалады | Реанимациялық шаралардың бірінші минутының соңында әрбір 2 минут сайын 5 секундтқа тоқтап, күре тамырда пульсацияны тексеру |
12. | Реанимация нәтижесінің бағалауын жүргізді | Реанимациялық шаралардың тиімділігін бағалаужүрек қызметімен тыныс қалпына келді, цианоз жойылды, перифериялық тамырларда пульс пайда болды. Реанимацияны (20-30 минут) жүрек қызметі қалпына келгенше жалғастыру қажет |