Бөлім– неонатология – 70 тест
!БДҰ бойынша тірі туушылдықтың критерийлері: ЕҢ сәйкес келетін нұсқаны көрсетіңіз:
*Тыныс алу
*Тыныс алу, жүректің соғуы
*Тыныс алу, жүректің соғуы, бұлшықеттік тонус
*Тыныс алу, жүректің соғуы, бұлшықеттік тонус, кіндіктің пульсациясы
*Тыныс алу, жүректің соғуы, бұлшықеттік тонус, кіндіктің пульсациясы, терінің түсі
!Перинатальды кезең болып саналады:
*Туылған сәттен бастап өмірінің жетінші күніне дейін
*Ұрықтану сәтінен бастап туылғанға дейін
*Құрсақ ішілік дамудың жиырма екі аптасынан бастап өмірінің жетінші күніне дейін
*Құрсақ ішілік дамудың жиырма екі аптасынан бастап өмірінің бірінші айына дейін
*Құрсақ ішілік дамудың жиырма сегіз аптасынан өмірінің жетінші күніне дейін
!ІІ дәрежелі дегидратация кезінде нәрестенің тәуліктік салмақ жоғалтуы қаншаны құрайды:
*1-2%
*3-%
*5-8%
*10-12%
*15%
!Ерте неонатальды кезеңдегі өлімшілдік көрсеткішіне кіретін жас:
*7 - 28 күнге дейін
*0 - 7 күнге дейін
*28 күннен 1 жасқа дейін
*0 - 1 жасқа дейін
*0 - 28 күнге дейін
!Қыз бала мерзіміне жетіп туылған, туғандағы салмағы-3250 гр. Бірден айқайлады.Апгар шкаласы бойынша бағасы 8-10 балл. Анасының кеудесіне бірінші тәулікте салынды. Емшекті жақсы емді. Өмірінің 5 тәулігінде: терісі таза, қызғылт. Шырышты қабаты таза. Нәресте кеуде бездерінің симметриялы ұлғайғандығы анықталды. Бездер тұсындағы терінің түсі өзгермеген. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Қарап тексеру кезіндегі нәжісі ақ түйіршіктермен сары-жасыл түсті. Іші шамалы кебіңкі, пальпацияау кезінде шұрылдау сезіледі.
Осы баладағы ЕҢ мүмкін болатын өтпелі жағдай:
*Мастит, ішектің транзиторлыққабынуы
*Ішектің транзиторлық қабынуы, жыныстық криз
*Гормональды криз, физиологиялық эритема
*Дисбактериоз, мастопатия
*Дисбактериоз, жұмыртқа шемені
!Перзентханаға 30 жасар айел адам жеткізілді, диагнозы: мерзімінен бұрын босану - 36 аптада.Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Сусыз кезеңі 20 сағат. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді. Қайтыс болғандығы мәлімделді. Ең мүмкін болатын жауап нұсқасын көрсетіңіз, осы қайтыс болу есептеледі:
*Антенатальды
*Интранатальды
*Ертенеонатальды
*Кешнеонатальды
*Неонатальды
!1 жыл ішінде перзентханада тірі болып 1000 нәресте туылды, өмірінің 0 -28 күндік арасындағы – 10 нәресте,өмірінің 0 - 7 күндік – 6 бала қайтыс болды. Ерте неонатальды өлімшілдік көрсеткіші неге тең:
*20‰
*30‰
*40‰
*50‰
*6‰
!«Енді ғана туылған бала» синдромы ықпал етеді:
*Нәрестенің тыныс жолдарындағы сұйықтың сіңірілуіне
*Сурфактант синтезін ынталандыруына
*Тіршілікке маңызды ағзалардағы қан айналысын жоғарылатуына
*Қордан энергия көзін тасымалдануына
*Сол-оң шунттарының жұмыс істеуіне
!Ер бала, дене салмағы 3250 гр. Болып туылды. Бірден айқайлады. Апгар шкаласы бойынша бағасы 8-10 балл. Анасының кеудесіне бірінші тәулікте салынды. Емшекті жақсы емді. Өмірінің 5 тәулігінде: терісі таза, қызғылт. Шырышты қабаты таза. Нәресте кеуде бездерінің симметриялы ұлғайғандығы анықталды. Бездер тұсындағы терінің түсі өзгермеген. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Қарап тексеру кезіндегі нәжісі ақ түйіршіктермен сары-жасыл түсті. Іші шамалы кебіңкі, пальпацияау кезінде шұрылдау сезіледі. Ұмасы ісіңкі, көлемі ұлғайған. Осы баладағы өтпелі жағдай аталады:
*Мастит, ішектің транзиторлыққабынуы
*Ішектің транзиторлық қабынуы, жыныстық криз
*Гормональды криз, физиологиялық эритема
*Дисбактериоз, мастопатия
*Дисбактериоз, жұмыртқа шемені
!Сәби 1 жүктіліктен, Iмерзімінен бұрын туыттан, жүктіліктің 30 аптасында босанды. Нәрестенің туылған кездегі салмағы-1850гр., бойы-42 смАпгар шкаласы бойынша бағасы1-2 балл. Өткізілгенреанимациялық шаралардан ешқандай көмек болмады, нәресте туылғаннан кейін 10 минуттан соң қайтыс болғандығы мәлімденді. Ең мүмкін болатын жауаптың нұсқасы: осы кездегі өлімшілдік жатады:
*Антенатальды
*Интранатальды
*Неонатальды
*Перинатальды
*Кеш неонатальды
11!Перинатальды өлімшілдіктің көрсеткіші болып есептеледі:
*10 нәресте
*100 нәресте
*1000 нәресте
*10.000 нәресте
*100.000 нәресте
!Жаңа туылған нәрестеде: тыныс алу белгісі жоқ, көгерген, тітіркенгіштерге реакциясы жоқ, пульсі шамамен минутына 90 рет, аяқ-қолдары салбыраңқы: бірінші кезектегі Апгар бойынша бағасы болады:
*0 балл
*+1 балл
*2 балл
*3 балл
*4 балл
!5 күндік жаңа туылған нәресте, туылған кезіндегі салмағы- 3100гр., терісіндеақ-сарғышұсақтүйіндер, кеудесінде және ішінде ірі табақшалы қабыршақтанулар бар. Сүт бездері екі жағы да ұлғайған, сыққан кезінде ақ-сүтті сұйықтық бөлінеді, нәжісі қорытылмаған түйіршектермен, шырышты. Қандай ауруға тән белгілер мұнда көрсетілмеген:
*Дене салмағының физиологиялық жоғалтуы
*Физиологиялық қабыршақтанулар
*Жыныстық криз
*физиологиялық сарғыштық
*Ішектің транзиторлық қабынуы
!Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде өлімшілдік көрсеткішінің өскендігі байқалады.Ерте неонатальды кезеңдегі шала туылған нәрестелердің ЕҢ жиі қайтыс болуының себебіне жатады:
*Туыт жарақаты
*Респираторлық дистресс синдромы
*Құрсақ ішілік инфекциялар
*Туа біткен даму ақаулары
*Пневмония
15!Бөлімше жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша жылдық есепті құрастыру кезінде анықталды: ерте неонатальды кезеңдегі шала туылған нәрестелер өлімінің ЕҢ жиі себебі болып табылады:
*Туыт жарақаты
*Тыныс бұзылысының синдромы
*Нәрестелердің гемолитикалық ауруы
*Құрсақ ішілікинфекциялар
*Туа біткен даму ақаулары
!Бала III жүктіліктен, жүктілік ағымы өтті: созылмалыфетоплацентарлық жетіспеушілік, анемияныңIIдәрежесі, жүктіліктің І триместріндежедел респираторлық аурулар фонында өткен, жүктіліктің 28 аптасындағы IIтуыттан туылды. Ер бала туылды, туғандағы салмағы 800 грамм. Көп мөлшерде лануго, тері асты-май қабаты жұқарған барлық аймағында, құлақ қалқандары жұмсақ, бас сүйегініңтігістері мен кіші еңбегі ашық, жұмыртқалары ұмаға түспеген, кіндік сақинасы төмен орналасқан. Аталғандардың ішінде қайсысы алдын ала қойылған диагнозы болып табылады:
*Тірі туылған, тіршілікке қабілетсіз ұрық
*Тірі туылған, шала туылу II дәрежесі
*Шала туылу III дәрежесі, тіршілікке қабілетсіз ұрық
*Шала туылу IVдәрежесі, тіршілікке қабілетсіз бала
*Шала туылу IV дәрежесі, тіршілікке қабілетті бала
!Бала гестацияның 40 апталық мерзімінде туылды, туғандағы салмағы-3750 г. бірден айқайлады. Анасының кеудесіне бірінші тәулікте салынды, емшекті жақсы емді. Өмірінің үшінші тәулігінде дене салмағы -3600 г. болды. Кеуде, іш, аяқ-қолдарының терісінде қызғылт түсті дақты-папуллезді бөртпелер анықталды. Қарап тексеру барысында бала жаялығынан кірпішті-қызыл түсті дақ байқалды. Ең мүмкін болатын жауаптың нұсқасын таңдаңыз:
*Дене салмағын транзиторлы жоғалтуы, токсикалық эритема, зәр-қышқылды инфаркт
*Физиологиялық эритема, дене салмағын транзиторлы жоғалтуы, олигурия
*Дене салмағын транзиторлы жоғалтуы, зәр-қышқылдыинфаркт, мелена
*Меконий, физиологиялық эритема, дене салмағын транзиторлы жоғалтуы
*Дене салмағын транзиторлы жоғалтуы, олигурия, базданудан кейінгі бөртулер
!15 күндік нәресте, жасанды тамақтандырылады. Баланың туған кезіндегі салмағы- 3000грамм. Салмағына байланысты тамағының тәуліктік көлемі қанша болады:
*1/5
*1/3
*1/4
*1/2
*1/6
!Нәресте гестацияның 39 апталық мерзімінде 3400 гр. салмақпен туылды, бойының ұзындығы-50 см. бірден айқайлады. Анасының кеудесіне туылғаннан кейін бірден салынды, емшекті белсене емеді.Автоматизмнің туа біткен рефлекстері белсенді шақырылады. Бұлшықеттер тонусы сақталған.К дәруменінің профилактикалық қолданылуы:
*бір рет б/е тағайындалады
*үш күн б/е тағайындалады
*бір рет к/т тағайындалады
*үш күн к/т тағайындалады
*үш дозасын пероральды тағайындалады
!1,5 айлық нәресте ана сүтімен қоректендіріледі, бір ай ішінде салмағына 850 грамм қосқан, көңіл-күйі жаман емес, ұйқысы мен тәбеті сақталған, үлкен дәреті туғаннан бері сары ботқа тәрізді, күніне 3-4 рет, нәжісін дизбиозға зерттегенде алтын стафилококк 103 КОЕ/ганықталды. Ал анасының сүтін егу арқылы зерттегенде эпидермальды стафилококк 245 колониясы 1 мл. сүттен анықталды. Осы жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай:
*Ана сүтіне тыйым салу
*Сауылған пастерленген ана сүтімен қоректендіру
*Жасанды тамақтандыруға ауыстыру
*Ана сүтімен қоректендіруді жалғастыру, анасы мен баласына антибиотиктерді тағайындау
*Ана сүтімен қоректендіруді жалғастыру, анасы мен баласына пробиотиктерді тағайындау
!Нәрестелердің физиологиясы мен патологиясы бөлімшесінде 7 күндік нәресте жатыр. Анамнезінен: бала 2 жүктіліктен, 39-40 апта мерзімде 1 туыттан. Жүктілік ағымы созылмалы пиелонефрит және созылмалы тонзиллит фонында өткен. Бала денсаулық тобының 2 жатады. Қанның клиникалық анализінде келесі көрсеткіштер алынды: эритроциттер -5, 2х1012/л, гемоглобин - 183 г\л, ТК - 1,0, лейкоциттер – 11,2 x109 л, таяқша ядролы -1%, сегментядролы - 45%, эозинофилдер -3%, моноциттер - 6%, лимфоциттер- 45%. ЭТЖ- 2 мм/сағ. Көрсеткіштерді қалай бағалауға болады:
*Қалыпты
*Жеңіл дәрежелі анемия
*Эритроцитоз
*Лейкоцитоз
*Лимфоцитоз
!Нәресте гестацияның 27 апталығында уақытынан бұрын туылды. Туған кезіндегі жағдайы өте ауыр. Нәрестені қарап тексеру кезінде жүрегі соқпай тұр, тынысы, бұлшықеттер жиырылуы жоқ. Неонатологпен тек кіндіктің әлсіз пульсациясы ғана анықталды. Аталған клиникалық белгілермен анықталады:
*Транзиторлық жағдайдың симптомдары
*Тірі туушылдықтың критерийлері
*РДС-синдромының симптомдары
*Нәрестелер асфиксиясының симптомдары
*Ұрықтың антенатальды гипотермия симптомдары
!Емізетін әйелдің дене қызуы 37,5ºС дейін жоғарылады, бір жақ емшегінде тығыздану пайда болған, пальпациялау кезінде ауырсынады, гиперемияланған. Емшегін сауған кезіндегі шыққан сүттің түсі ақ, құрамында қан және ірің жоқ. Аймақтық педиатр баланы тамақтандыру бойынша ұсыныстар берді. Ең дұрыс жауапты көрсетіңіз:
*Ана сүтін емізуге тыйым салу
*Сауылған пастерленген ана сүтімен қоректендіру
*Ана сүтін емізуді жалғастыру әрі сауылған ана сүтінің қалғанын міндетті түрде беру
*Ана сүтін емізуді жалғастыру, бірақ балаға антибиотик тағайындау керек
*Тек сау жағын ғана емізу керек
!Мерзімі жетіп туылған нәрестенің салмағы - 2800 гр., бойы - 47 см., бала I жүктілігі ауытқусыз өткен жүктіліктен және жедел туыттан, бала өмірінің 4-ші күнінде терісінің шамалы сарғаюы дамыды. Анасының қаны А(II) резус-оң, ал баланың қаны В (Ш), резусы-теріс. Баланың жағдайы бұзылмаған, белсенді емеді, рефлекстері тежелмеген. Қан анализінде: Эр.-4,2х1012/л, жалпы билирубин - 98 ммоль/л, тікелей емес- 78ммоль/л. «Неонатальды сарғыштық» деген диагноз қойылды. Клиникалық жіктелу бойынша осы сарғыштық қандай түріне жатады:
*Конъюгациялық сарғыштық
*Гемолитикалық сарғыштық
*Механикалық сарғыштық
*Паренхиматозды сарғыштық
*Аралас сарғыштық
!10 күндік нәресте жасанды тамақтандырылады, «Нутрилон-1» сүт қоспасы беріледі. Туған кезіндегі салмағы- 3600гр.,бойы 53 см. Төменде берілген формулалардың қайсысымен тамақтың шамалас тәуліктік көлемін есептеуіміз қажет:
*80хn
*70хn
*60хn
*50хn
*90хn
!Егулердің күнтізбелік жоспарына сәйкес перзентханадағы нәрестеге жүргізілетін егулер:
*туберкулез, В вирусты гепатитке қарсы егу
*туберкулез, полиомиелитке қарсы егу
*В вирусты гепатитке, полиомиелитке қарсы егу
*полиомиелит, қызылша, туберкулезге қарсы егу
*күл, тырыспа, көкжөтел, полиомиелитке қарсы егу
!Қай жазба Апгар шкаласы бойынша 0 баллдық бағаға сәйкес келмейді:
*жүректің жиырылу жиілігі 1 минутта 100-ден жоғары
*жайылған бозару және цианоз
*мимиканың болмауы
*бұлшықеттік тонус әлсіз (аяқ-қолдары салбыраулы күйде)
*тыныстың болмауы
!Жаңа туылған нәрестеде жан сақтау шаралары жүргізілген соң 5 минуттан кейін ретсіз тыныс байқалды, ЖЖЖ 80 рет минутына, бет аузынның тыжыраюы пайда болды. Жайылған бозару сақталып тұр, қалпы арефлексиялық. Нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
*1 балл
*3 балл
*5 балл
*7 балл
*9 балл
!Жаңа туылған нәрестеде туылғаннан соң 1 минуттан кейін ретсіз тыныс байқалды, ЖЖЖ минутына 100 реттен аз, қалпы жартылай флексиялық, акроцианоз. Табандарын тітіркендіргенге бетін тыжырайтып жауап береді. Нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
*1 балл
*3 балл
*5 балл
*7 балл
*9 балл
!Жаңа туылған нәрестеде тыныс алу белгілері байқалмайды, бала цианозды, тітіркендіруге жауап бермейді, пульс минутына 90 рет, аяқ-қолдары салбыраған. Апгар шкаласы бойынша бірінші бағалау неше баллды құрайды:
*0 балл
*1 балл
*2 балл
*3 балл
*4 балл
!Жаңа туылған «тежелген» нәрестеге жан сақтауды кідіре тұру тек мына жағдайда ғана қолайлы:
*Қосымша қызметкерлерге босану залына келіп көмек көрсету үшін келу үшін уақыт бөледі
*Жаңа туылған нәрестеге «өзін көрсетуге» мүмкіндік береді
*Сізге нәрестенің ата - анасымен «сұрақтарды шешуге» уақыт береді
*Ешқандай жағдайда орынды емес
*Анамнез жинау үшін
!Жаңа туылған нәрестеде тыныс алу белгілері байқалмайды, цианозды, тітіркендіруге жауап бермейді, пульс минутына 90 рет, аяқ-қолдары салбыраған. Болжам диагнозы:
*Жетілмеген нәресте
*Орташа дәрежедегі асфиксия
*Өлі туылған нәресте
*1 дәрежедегі шала туылу
*Ауыр дәрежедегі асфиксия
!Жаңа туылған нәрестеде туылған кезінде тыныс алу белгілері байқалмады, нәресте бозарған, тітіркендіруге жауап бермейді, пульс минутына 84 рет, аяқ-қолдары салбыраған. Болжам диагнозы:
*Жеңіл дәрежедегі асфиксия
*Орташа дәрежедегі асфиксия
*Ауыр дәрежедегі асфиксия
*Өлі туылған нәресе
*Респираторлы дистресс синдром
!5 күндік нәресте, акушерлік қысқышпен босандырылған. Қарап тексеру кезінде нәресте енжар, емуі жақсы, қатты айқайлап жылайды. Сол қолы бүйірінде, ротацияланған, қимыл жоқ, жөргектеу кезінде мазасыз, қолдарында енжар парапарез. Қандай босану жарақаты жайлы ойлау қажет:
*Сол жақ бұғананың сынуы
*Сол жақ иықтың сынуы
*Эрб-Дюшен салдануы
*Сол жақтық Клюмпке салдануы
*Сол жақтық гемипарезбен жұлынның туыт жарақаты
!Жаңа туылған нәрестенің сол жақ қолы ішіне әкелінен, шынтық буынында бүгілген, ішке қайырылған, иық буынында ротацияланған, тоқпан жілікте пронацияланған, саусақтары алақанда бүгілген, артқа және сыртқа бұралған. Басы иілген және бұралған. Мойны қысқала, көптеген көлденең қатпарлармен және шыланумен. Осы клиникалық көрініс қай патологияга сәйкес келеді:
*Дежерин—Клюмпке салдануы
*Кофферат синдромы
*Бернар—Горнер синдромы
*Дюшен—Эрб салдануы
*Жұлынның кеуде бөлімінің зақымдануы
!Жаңа туылған нәрестеде төбе сүйегі аймағында серпінді ісік байқалады. Түзіліс көрші сүйекке өтпеген, бүлкілдемейді, шеткі валик жоқ. Науқаста қандай патологияны болжауға болады:
*Кефалогематома
*Милық жарық
*Абсцесс
*Флегмона
*Сүйектің сынуы
!Жаңа туылған нәрестеде туылған соң бірден оң қолының дистальді бөлімі қызметінің дөрекі бұзылысы байқалады. Зақымдалған жақтың дистальді бөлімінде бұлшықеттік тонус бірден төмендеген, шынтақ буынында қозғалыс жоқ, иық буынында қозғалыс сақталған. Бабкин рефлексі теріс, Моро рефлексі төмендеген. Қарау кезінде саусақтары бозарған, ұстап көргенде суық, «жезтырнақ» (когнистая лапка) формасында. Мүмкін болатын болжам диагнозы:
*Дюшен-Эрб салдануы
*Кофферат синдромы
*Керер салдануы
*Джерин-Клюмпке төменгі дистальді салдануы
*Бас сүйек- ми ішілік қан құйылу
*ЭКГ
!Салмағы 4200 г жаңа туылған нәрестеде өмірінің 2-ші күні оң жақ қолын қимылдатқанда ауыру сезімі, зақымдалған аймақта ісіну және крепитация анықталады. Моро рефлексі оң жақтан шақырылмайды. Сіздің диагнозыңыз:
*Бұғана сынығы
*Жұмсақ тіндердің соғылуы
*Иық сүйегінің сынуы
*Церебральді ишемия
*Эрб-Дюшен парезі
!Салмағы 3100,0, бойы 47 см жаңа туылған нәрестеге «Эпидуральді қан құйылу» диагнозы қойылды. Эпидуральді субарахноидальді қан құйылудың ЕҢ жиі себебін көрсетіңіз:
*Менингеальді тамырлардың бүтіндігінің бұзылуы
*Пластинаның жылжуымен бас сүйектің деформациясы
*Эпидуральді кеңістік тамырларының жарылуымен бас сүйек негізі сүйектерінің жарығы және сынуы
*Алдыңғы және артқы ми артерияларының соңғы бұтақтарының зақымдалуы
*Нәресте басының ротациясы
!Жаңа туылған нәрестеге дұрыс қалып берілді, жоғары тыныс жолдарын сорып тазалады, тактильді стимуляция жүргізді. Сіз оның жағдайын қалыпты деп бағаладыңыз. Нәресте жағдайын бағалаудың келесі қадамы қандай:
*ЖЖЖ бағалау
*Қайталап тынысын бағалау
*Тері жамылғаларын бағалау
*ӨЖЖ бастау
*Апгар шкаласымен бағалау
!Анасы 18 жаста, босануы шапшаң. Нәрестенің жағдайы өте ауыр: ыңырсиды, құсады, гиперестезия, тырысуға дайындық. Бұлшықеттердің гипотониясы, иектің және аяқ-қолдың треморы, көлденең нистагм байқалады, Грефе симптомы оң. Ликворограммада- көп мөлшерде жаңа және өзгертілген белок пен эритроциттер. Науқаста мүмкін болатын болжам диагнозы қандай:
*Бас сүйекішілік босану жарақаты, субарахноидальді қан құйылу
*Босану жарақаты, кефалогематома
*Менингоэнцефалит
*Мидың перинатальды зақымдалуы, гипертензионды синдром
*Мидың перинатальды зақымдалуы, гипертензионды-гидроцефальды синдром
!Жаңа туылған нәрестеде тоникалық тырысулар, назардың парезі, апноэ, іріадымды тремор, тахикардия. Дене қалпын ауыстырғанда тыныс бұзылыстары байқалады. Мидың УДЗ-де қарыншалардың ассиметриясы. Науқаста мүмкін болатын болжам диагноз қандай:
*Сол жақтық эпидуральды гематома
*Оң жақтық эпидуральды гематома
*Субарахноидальды қан құйылу
*Қарыншаішілік қан құйылу
*Омыртқаның мойын бөлімінің жарақаты
!Жаңа туылған нәресте босану үйінен 3-ші күні шығарылды. Босану ұзаққа созылған, туылған кездегі салмағы 4000 гр, босандыру кезінде нәрестенің иығы қиын шығарылған. Уйде анасы баласының оң жақ саусақтары бозғылт, цианозды реңкпен, суық екенін байқаған. Иық буынында қозғалыс сақталған, Моро рефлексі төмендеген, Бабкин және ұстау рефлекстері теріс. Нәрестеде қандай жағдай дамыған:
*Диафрагма парезі
*Дежерин-Клюмпке салдануы
*Дюшен-Эрб салдануы
*Қолдардың толық салдануы
*Жұлынның толық жыртылуы
!Жаңа туылған нәрестедегі босану жарақатына тән симптом:
*Естің өзгеруі
*Назардың парезі
*Бұлшықеттік гипотония
*Тырысулық пароксизмдер
*Ликворограммада белок пен нейтрофилдер мөлшерінің жоғарылауы
!2 күндік жаңа туылған нәрестеде терінің гиперестезиясы, аяқ-қолдарының треморы, гиперрефлексия, көлденең нистагм, Моро спонтанды рефлексі байқалады. Емуі белсенді, құспайды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, болжам диагноз: Церебральды ишемия І дәрежеде, ОЖЖ гиперқозғыштық синдромы. Емдеудің ЕҢ тиімді варианты:
*Қорғау тәртібі, оксигенотерапия, метаболикалық бұзылыстардың коррекциясы
*Милық қанағысты жақсарту, міндетті антибактериалды терапия
*Оксигенотерапия,дегидратациялық ем,метаболикалық бұзылыстардың коррекциясы
*Қорғау тәртібі,оксигенотерапия,антигеморрагиялық терапия
*Қорғау тәртібі, антигеморрагиялық терапия(вит.К),седативті терапия
!Нәресте жамбаспен туылған, салмағы 4500 гр. Біріншілік қарау кезінде оң қолы денесінің бойымен жатқаны байқалған, иығы ішке қарай әкелінген және ротацияланған, саусақтары флексорлық қалыпта. Қандай патология жайлы ойлауға болады және осы жағдайда қандай емдеу әдісі тиімді:
*Тірек-қимыл жүйесінің даму ақауы+балалар хирургінің консультациясы
*Жұлынның мойын бөлімінің зақымдануы +электрофорез с эуфиллином
*Оң жақ иық сүйегінің остеомиелиті+антибактериалды терапия
*Оң жақ бұғананың сынығы+«Дезо» бойынша иммобилизация
*ОЖЖ перинатальды зақымдалуы +қорғау тәртібі, антигеморрагиялық терапия(К вит.),седативті терапия
!Мерзімінен 6 апта бұрын туылған нәрестеде анықталды: терісі қызғылт-көкшіл, шамалы бұлшықеттік гипотония және гипорефлексия, иегінің дірілдеуі, көлденең нистагм, қозғалыс кезіндегі шамалы көздерінің қитарлығы, “қуыршақ басы” симптомы оң, асфиксия ұстамалары, екі жақ өкпесінен ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, брадикардия және жүрек үндері кереңделген, шамалы гепатоспленомегалия. Осы жағдайда шала туылғаннан басқа, қандай патология туралы ойлауға болады:
*Тыныс алу жүйесінің даму ақауы
*Жүрек-қан тамырлар жүйесінің даму ақаулары
*Құрсақ ішілікпневмония
*Жұлынның мойын бөлімінің натальды жарақаты
*Сепсис
!Асфиксиямен туылған нәрестеде ырғағы бұзылған тыныс анықталды. Тыныс жолдары өткізгіштігін қалпына келтіргеннен және тактильді стимуляцияданкейін ретті өзбетінше тыныс алатын болды. Осы шаралардан соң не жүргізу қажет:
*Бет пердесі арқылы оттегімен ингаляциялауды бастау
*Терісінің түсін бағалау
*Жүректің жиырылу жиілігін бағалау
*Асқазанын тазалау
*Бұлшықет тонусын бағалау
!Өте аз салмақпен туылған нәрестенің туған кезіндегі салмағы қанша болады:
*3000 гр
*1000 гр. аз
*2500 – 1500 гр
*1500 – 1000 гр
*3000 гр.жоғары
!Нәресте 2000 гр. салмақпен, жүктіліктің 34 апта мерзімінде туылды. Апгар шкаласы бойынша бағасы 7-8 балл. Сильверман шкаласы бойынша бағасы 0-1 балл. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:
*34 апталық шала туған
*34 апталық шала туған. Туған кездегі салмағы аз
*34 апталық туылған. Нәрестелердің жеңіл дәрежелі асфиксиясы
*34 апталық шала туған. РДС жеңіл дәрежелі
*34 апталық шала туған. Нәрестелердің орта дәрежелі асфиксиясы
!12 күндік ІІІ дәрежелі шала туған нәресте тамағының калориялық коэффициенті қанша болады:
*30-40ккал/кг
*50-60 ккал/кг
*70-80 ккал/кг
*100-110 ккал/кг
*140-150 ккал/кг
!Шала туған нәретелерді тамақтандыру үшін зондтың ұзындығы қалай анықталады:
*Алдыңғы тісінен IVқабырғаға дейін
*Құлақ сырғалығынан кіндікке дейін
*Мұрын кеңсірігінен асқазанға дейін
*Алдыңғы тісінен төстің қанжар тәрізді өсіндісіне дейін
*Мұрын кеңсірігінен төстің қанжар тәрізді өсіндісіне дейін
!Шала туылған нәрестелердегі тырысу синдромын ЕҢ жиі шақыратын патологияны атаңыз:
*Гипогликемия, гипокальциемия
*Асфиксия
*Бас ішіліктуыт жарақаты
*ОНЖ пренатальды зақымдануы
*Гипоксия
!Созылмалы фетоплацентарлық жетіспеушілік, IIдәрежелі анемия, І және ІІІ триместрінде жедел респираторлық аурулар фонында өткен ІІІ жүктіліктен, ІІ туыттан, жүктіліктің 28 аптасында туылған нәресте. Ер бала, ауыр дәрежелі асфиксиямен 800 грамм салмақпен туылды. Көп мөлшерде лануго, тері асты-май қабаты жұқарған,құлақ қалқандары жұмсақ, бас тігістері ажыраңқы және кіші еңбегі ашық, жұмыртқалары ұмасына түспеген, кіндік сақинасы төмен орналасқан. Аталған диагноздардың қайсысы алдын ала диагнозы болып табылады:
*Тіршілікке қабілетсіз тірі туылған ұрық
*Тірі туылған бала, IIIдәрежелі шала туған
*III дәрежелі шаа туған, туған кездегі салмағы аз, тіршілікке қабілетсіз ұрық
*IV дәрежелі шала туған, тіршілікке қабілетсіз бала
*IV дәрежелі шала туған, тіршілікке қабілетсіз бала
!Гестацияның 34 аптасында шала туған нәрестеде өмірінің 21 күнінде жалпы қан анализінде:Нв- 50 г/л. Мақсатты түрде науқасты әрі қарай жүргізудің тәсілі:
*Эритроцитарлық массаны құю
*Жаңадан тоңазытылған плазманы құю
*Темір препараттарын беру
*В тобының дәрумендерін беру
*Қою қан құю
!Гестацияның 35 сапталық мерзімде шала туылған нәресте, өмірінің 4 –ші аптасында ЖҚА: Нв 80 г/л., эр.2.6*1012/л. Мақсатты түрде науқасты әрі қарай жүргізудің тәсілі:
*Эритроцитарлық массаны құю
*Е дәруменін тағайындау
*Рекомбинантты эритропоэтинді тағайындау
*Дексаметазонды тағайындау
*Қою қан құю
!Шала туған нәресте өмірінің бірінші күнінде тыныс жиілігі минутына 70 рет, қабырға аралық ойыстарының және төс ойысының ішке тартылуы байқалады, ыңқылдаған тыныс. Кеуде қуысы бөшке тәрізді, перкуторлы босаған, қан анализінде патология жоқ. Осы науқастың рентгенограммасында қандай өзгерістер болуы мүмкін:
*Аралықтағы ағзалардың зақымданған жаққа ығысуымен өкпе мөлдірлігінің төмендеуі
*Өкпе аймағы мөлдірлігінің жоғарылау фонында ретикуло-нодозды торша
*Нүктелі тығызданулар, өкпе аймағы мөлдірлігінің төмендеуі фонында ашықтану аймақтарымен кезектескен
*Перифокальды реакциямен өкпеде инфильтративті көлеңкелер
*Өкпе аймағы мөлдірлігі төмендеген, тамырлық суреті күшейген
!Шала туған нәресте, жағдайы ауыр, интоксикация, пневмония, гепатоспленомегалия, арқасы, ішінде, шырышты қабаттарында гранулематозды бөртпелер анықталады. Осы жағдайда ЕҢ тиімді емдеудің кестесі:
*Ампициллин+ сульфаниламидтер
*Нистатин + цефалексин
*Викасол + дицинон
*Интерферон + ацикловир
*Гентамицин + ампициллин
!Жаңа туылған нәресте қыз бала, III жүктіліктен, 39 апталық мерздегі III туыттан, туған кездегі салмағы –2200гр., бойы –50 см, бас шеңбері- 36 см, кеуде шеңбері –35 см. сіздің алдын ала диагнозыңыз:
*ҚІДТ(ЗВУР) І дәр. гипотрофия типі бойынша
*ҚІДТ(ЗВУР) ІІ дәр. гипотрофия типі бойынша
*ҚІДТ(ЗВУР) ІІІ дәр. гипотрофия типі бойынша
*ҚІДТ(ЗВУР) гипопластикалық типі бойынша
*ҚІДТ(ЗВУР) диспопластикалық типі бойынша
!Құрсақ ішілік гипотрофияның ІІ дәрежесінің критерийлері:
*Салмақ-бой көрсеткіші =10-20%
*Салмақ-бой көрсеткіші =20-30%
*Салмақ-бой көрсеткіші =30-40%
*Салмақ-бой көрсеткіші =55-60%
*Салмақ-бой көрсеткіші =45-49%
!Ұл бала Б., туылғанына 4 күн болды. Анасы баланың терісінде ұсақ папулалы бөртпенің пайда болғанына шағымданады. Бөртпе мономорфты, негізінен табиғи қатпарларда орналасқан. Бала оқтын-оқтын мазасыз, омырауды белсенді сорады. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене салмағын қосып жатыр. Сіздің болжам диагнозыңыз:
*Тер бөртпе
*Нәрестелер пемфигусы
*Нәрестелер везикулезі
*Нәрестелер флегмонасы
*Нәрестелердің жалған фурункулезі
!Перзентхананың неонатолог дәрігері нәресте ұл балада туылғаннан кейін 2 тәулік өткен соң везикулопустулез анықтады. Бұл жағдайда неонаталог қандай іс әрекет қолданғаны жөн:
*Нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстыру
*Антибиотик тағайындау
*Баланы бақылау
*Науқасты оқшаулау
*Элементтерді калий перманганаты ерітіндісімен өңдеу
! 10 күндік нәресте ұл бала. Анасы баланың сан аймағының терісінің қызарып, кейіннен іріңдіктердің дамығандығына шағымданады. Қандай диагноз МЕЙІЛІНШЕ болжам диагноз болады:
*Везикулопустулез
*Пемфигус
*Абсцесс
*Риттер ауруы
*Жалған фурункулез
!Ұл бала К., туылғанына 7 күн. Қарағанда жағдайы қанағаттанарлық, жақсы, белсенді емеді. Физиологиялық рефлекстері мен бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық. Тері жабындыларының түсі әдеттегідей, маңдай, шүйде, кеңсірік, кас аймақтарында қызғылтқызыл-көкшіл дақтар мен жолақтар бар. Дақтар бұрыс пішінді, түрлі көлемді. Саусақпен басқан кезде қызару жойылады, бірақ қайтадан пайда болады, бала жылағанда күшейеді. Балада терінің қандай ауруы:
*Телеангиоэктазия
*Гемангиома
*«Монғол» дақтары
*Пигменттік дақтар
*Нейротерілік меланоз
!Туылғанына 1 күн болған ұл бала О. Анасы 23-те, дені сау. Сіңілісі ихтиоздан зардап шегеді. Баланың жағдайы туылғаннан өте ауыр. Бала тежелген. Бұлшық еттердің гипотониясы, гипорефлексия. Тері жабындылары жыланның терісін еске салады. Бала тығыз, ақшыл-сұрғылт мүйізді тас қабықпен (панцирь) жабылған. Қабақтары сыртқа айналған (эктропион), құлағы, мұрны және аузы ірі қабыршақтарға толған, мұрны мен құлақ қалқандары деформацияға ұшыраған, аузы үңірейіп тұр (“балықтың аузы”). Қандай диагноз мейілінше ықтимал:
*Туа біткен ихтиоз
*Буллезді емес Брок эритродермиясы
*Нерзертон синдромы
*Шагрен-Ларсен синдромы
*Руд синдромы
!Туылғанына 2 күн болған ұл бала жан сақтау бөлімшесінде жатыр. Баланың жағдайы өте ауыр. Бала тежелген. Ембейді, зонд арқылы тамақтандырылады. Өкпесінде пневмонияның көріністері бар. Менингоэнцефалиттің белгілері байқалады. Балаға «Неонаталдық сепсис» диагнозы қойылды. Баланың сан, балтыр, табан, шап аймағында жайылған тығыз ісінулер бар. Зақымдалған жердің үстіндегі тері боз, көкшіл түспен, сипағанда суық, катпар болып жиналмайды. Саусақпен басқанда орнында шұңқыр қалады. Терінің қандай ауруы мейілінше ықтимал:
*Склерема
*Адипонекроз
*Ихтиоз
*Тербөртпе
*Телеангиоэктазия
!8 күндік қыз бала К., нәрестелер патологиясы бөлімшесіне түсті. 8-ші күні педиатр баланың денесінен көпіршіктер тапты, бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орта ауырлықта, енжар емеді, оқтын-оқтын лоқсиды, дене температурасы 37,4-37,6°С. Денесінің, санының терісінде инфильтрацияланған негіздің үстінде полиморфты, айналасы гипермияланған солған көпіршіктер бар, диаметрлері 1 см-ге дейін, ішінде серозды-іріңді сұйықтық бар. Жарылған элементтердің орнында – құрғақ қабыршақпен жабылған эрозиялар. Өкпесінде пуэрилді тыныс. Жүрек үндері ырғақты, анық. Іші жұмсақ. Осы баладағы мейілінше ықтимал диагноз:
*Риттердің эксфолиативті дерматиті
*Фигнердің жалған фурункулезі
*Везикулопустулез
*Герпестік инфекция
*Нейротерілік меланоз
!Қыз бала А., туылғанына 2 күн болған, перзентханада. Балаға везикулопустулез диагнозы қойылды. Бұл жағдайда неонаталог қандай іс әрекет қолданғаны жөн:
*Баланы үйіне шығарады
*Жеке палатаға оқшаулайды
*Арнайыландырылған бөлімшеге ауыстырады
*Жан сақтау бөлімшесіне ауыстырады
*Неонатология бөлімшесінде емдейді
!Нәрестенің жамбас, сан терісінде, мойын қатпарында ұсақ, беткей орналасқан, ішінде лайлы сұйықтығы бар көпіршіктер пайда болды. Жарылған көпіршіктердің орнында беті қабыршақтанған жаралар бар. Мейілінше ықтимал диагноз:
*Везикулопустулез
*Пемфигус
*Риттер дерматиті
*Себореялық дерматит
*Лейнер эритродермиясы
!Аталған хромосомдық аурулардың қайсысы жыныс хромосомаларының санының бұзылысымен байланысты:
*Даун ауруы
*+Клайнфельтер синдромы
*Элерс-Данло синдромы
*Биквит-Видеманн синдромы
*Прадер-Вилли синдромы