Акушердік және гинекология. Әйел жыныс мүшелерінің ісіктері 9 страница

-гипотониялық қан кету

-геморрагиялық шок I дәр

+гипотониялық қан кету. Геморрагиялық шок II дәр

-гипотониялық қан кету. Геморрагиялық шок III дәр

-гипотониялық қан кету. Геморрагиялық шок I дәр

\/

/\

Босанушы әйелде босанудан кейінгі кезең гипотониялық қан кетумен асқынды. Жағдайы ауыр. Есін білмейді. АҚҚ 60/40 мм с.б. тамыр соғуы – 120 рет/ мин. Қан кету 1800,0. ҚР ДМ 29.12.08 №697 бұйрығы бойынша инфузионды терапияның көлемі

-кристаллоидтар 5000,0 мл, ЖҚС-2000,0-2500,0 мл/кг, эритроцитарлы масса 1000,0 мл

-кристаллоидтар 4000,0 мл, ЖҚС-1000,0-1500,0 мл/кг, эритроцитарлы масса 1000,0 мл

-кристаллоидтар 2500,0-3000,0 мл, ЖҚС-1000,0 мл/кг

+ кристаллоидтар 3000,0-3500,0 мл, ЖҚС-1000,0-1500,0 мл/кг

-кристаллоидтар көлемі қан кету көлеміне 3:1 құрайды

\/

/\

Босанушы әйелде босанудан кейінгі кезең гипотониялық қан кетумен асқынды. Сатылы түрде қан кетумен күрес жүргізіліп жатыр. Қан кету 700,0 мл құрады. Қайталап қан анализі алынды: Нв-78г/л, гематокрит 25%. Инфузионды-трансфузионды терапияны неден бастау керек//

тромбоцитарлы массадан//

эритроцитарлы массадан//

лейкоцитарлы массадан//

+СЗП//

кристаллоидтардан

\/

/\

Қайта босанушы әйел жетілген жүктілікпен ішінің ауырсынуына, бас айналуына және аздаған жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданып келіп түсті. Толғақтар 4 сағат бұрын басталды. Жүктілік 38 аптаға дейін қалыпты өтті, содан соң ісінулер пайда болды, АҚҚ 140/90 мм с. б. дейін көтерілген. Зәрінде белок - 0,33 г/л. Терісі бозғылт, бетінде, аяғында ісінулер бар. АҚҚ 100/70, тамыр соғуы 96 рет/мин., әлсіз. Жатыры шар тәрізді, ЖТБ – 36 см, ІА – 105 см. Жатыры тығыздалған, пальпация кезінде түбі аймағында ауырсыну анықталады, жатырдың тығыздалуына байланысты ұрық бөліктері анықталмайды, ұрықтың жүрек соғуы естілмейді. Операциялық жағдайда айнамен және вагинальды қаралды: жатыр мойны тегістелген, ашылуы 7 см, қағанақ қабы бүтін, кернеп тұр, басы кіші сегментпен кіші жамбас кіреберісі тұсында. Дұрыс диагноз таңдаңыз

-жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың І кезеңі. Төменгі плацентация

-жүктіліктің 39-40 аптасы. Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы. Босанудың І кезеңі. Ұрықтың интpанатальді өлімі

-жүктіліктің 39-40 аптасы. Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы. Преэклампсия жеңіл дәрежесі. Босанудың ІІ кезеңі

-жүктіліктің 39-40 аптасы. Преэклампсия ауыр дәрежесі. Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы. Босанудың І кезеңі. Гемоppагиялық шок І дәр

+жүктіліктің 39-40 аптасы. Преэклампсия жеңіл дәрежесі. Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы. Ұрықтың интpанатальді өлімі. Босанудың І кезеңі. Гемоppагиялық шок І дәр.

\/

/\

Ауыр дәрежелі преэклампсиясы бар босанған әйелде ерте босанғаннан кейінгі кезең гипотониялық қан кетумен асқынды. Қан кету 450 мл, АҚҚ 90/60 мл с. сб. Тамыр соғысы 82 рет мин., ырғақты, толуы қалыпты. Гемоглобин концентрациясы 100 г/л. Ли-Уайт бойынша қанның ұю уақыты 2-3 минут. Тромбоциттер саны 172 мың 1 л. Этанолды тест оң. Қандай асқыну туралы ойлауға болады

- геморрагиялық I дәреже

-геморрагиялық II дәреже

-геморрагиялық III дәреже

+ТІШҚҰ синдромының І фазасы

-ТІШҚҰ синдромының II фазасы

\/

/\

Алғаш босанушы, 26 жаста, жүктіліктің 38-39 аптасы, перзентханаға босану әрекеті басталғаннан 4 сағаттан кейін және қағанақ суының кетуінің басталуымен түсті. Толғақтар күші әлсіз, 5-6 минут сайын 25 секундтан. Түскеннен кейін 20 минуттан ентігу, жөтелге, кеуде аймағындағы ауырсынуға, әлсіздікке, қорқыныш сезімге шағымдар пайда болды. Жүктіліктің 35-36 аптасында суегіздік бойынша ем алған. ІА -100 см, ЖТБ – 34 см. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Жүрек соғуы 136 рет минутына. PV: жатыр мойны тегістелген, шеттері қалың, жұмсақ, ашылуы 2 см, қағанақ қабы жоқ. Мүйіске саусақ жетпейді. Диагноз қойыңыз

-жүктіліктің 38-39 аптасы. Суегіздік. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану әрекетінің әлсіздігі

-жүктіліктің 38-39 аптасы. Босанудың І кезеңі. Суегіздік. Қағанақ суымен эмболия

+ жүктіліктің 38-39 аптасы. Босанудың І кезеңі. Қағанақ суымен эмболия. Суегіздік. Қағанақ суының ерте кетуі

-жүктіліктің 38-39 аптасы. Босанудың І кезеңі. Босану әрекетінің әлсіздігі. Қағанақ суымен эмболия

-жүктіліктің 38-39 аптасы. Қағанақ суының уақытынан бұрын кетуі. Суегіздік. Қағанақ суының ерте кетуі.

\/

/\

Ауыр дәрежелі преэкламписиясы бар босанған әйелде ерте босанғаннан кейінгі кезең гипотониялық қан кетумен асқынды. Қан кету 450 мл, АҚҚ 90/60 мл с.б.б. Тамыр соғысы 82 рет мин., ырғақты, толымы қалыпты. Гемоглобин концентрациясы 100 г/л. Ли-Уайт бойынша қанның ұю уақыты 2-3 минут. Тромбоциттер саны 172 мың 1 л. Этанолды тест оң. Жіктелуі бойынша асқынудың бұл фазасы қалай аталады

-гипокоагуляция фазасы фибринолиз активациясынсыз

-гипокоагуляция фазасы фибринолиз активациясымен

+ гиперкоагуляция фазасы

-терминальды

-гипокоагуляция фазасы

\/

/\

Алғаш босанушы, 26 жаста, жүктіліктің 38-39 аптасы, перзентханаға босану әрекеті басталғаннан және қағанақ суы кеткеннен 1 сағаттан кейін түсті. Толғақтар күші жақсы, 1-2 минуттан 50-55 секунд. Түскеннен кейін 20 минуттан соң ентігу, жөтелге, кеуде аймағындағы ауырсынуға, әлсіздікке, қорқыныш сезімге шағымдар пайда болды. ІА -100 см, ЖТБ – 34см. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Жүрек соғуы 136 рет минутына. PV: жатыр мойны тегістелген, шеттері қалың, жұмсақ, ашылуы 8 см, қағанақ қабы жоқ. Мүйіске саусақ жетпейді. Босануда қандай асқыну пайда болды және неге

-тез босануға байланысты жатыр жыртылуы

+ тез босану әрекетіне байланысты қағанақ суымен эмболия

-клиникалық тар жамбасқа байланысты жатырдың жыртылу қаупі

-қағанақ сумен эмболия, өйткені қайталап босану – қауіп фактор

-қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауына байланысты қағанақ суымен эмболия

\/

/\

Алғаш босанушы, 26 жаста, жүктіліктің 38-39 аптасы, перзентханаға босану әрекеті басталғаннан және қағанақ суы кеткеннен 1 сағаттан кейін түсті. Толғақтар күші жақсы, 1-2 минуттан 50-55 секунд. Түскеннен кейін 20 минуттан соң ентігу, жөтелге, кеуде аймағындағы ауырсынуға, әлсіздікке, қорқыныш сезімге шағымдар пайда болды. ІА -100 см, ЖТБ – 34см. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Жүрек соғуы 136 рет минутына. PV: жатыр мойны тегістелген, шеттері қалың, жұмсақ, ашылуы 8 см, қағанақ қабы жоқ. Акушерлік тактика

-өкпенің жасанды вентиляциясы

-инфузионно-трансфузионная терапия, жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін қалпына келтіру үшін, табиғи жолмен босандыру

+ жедел және реанимациялық шараларды жасағаннан соң – кесар тілігі

-жедел шараларды жасағаннан соң –акушерлік қысқаш салу

-жедел шараларды жасағаннан соң – ұрықтың вакуум-экстракциясы

\/

/\

Босанудың І кезеңінің ұзақтығы 16 сағат, 2 кезең - 1 сағат. Нәресте мойнынан кіндік бауының тығыз оралуымен туылды, Апгар шкаласы бойынша - 4 ұпай. Өздігінен тыныс алу реанимациялық шаралардан кейін пайда болды. Туылғаннан соң 5 мин. кейін Апгар шкаласы бойынша - 5 ұпай. Сіздің диагнозыңыз

-жеңіл дәрежелі асфиксия

+орташа дәрежелі асфиксия

-ауыр дәрежелі асфиксия

-бас-ми жарақаты

-пневмопатия

\/

/\

Алғаш босанушы әйелде жүктіліктің 41 аптасында босану әрекеті тұрақты әлсіздікпен асқынды, сусыз кезең 12 сағат. Ұрық басы жамбас түбінде болғанда акушерлік қысқаш салынды. Туылған кезде нәресте Апгар шкаласы бойынша 6 ұпайға бағаланды, 5 минуттан кейін 7 ұпай. Бұл асқынудың себебі болып келеді

-кеш босану

+босану әрекетінің ауытқуы

-қағанақ суының уақытынан бұрын кетуі

-шат аралығы тіндерінің ригидтілігі/

-қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы

\/

/\

Қайта босанушы, 32 жаста, босануда 11 сағат, тыңдаған кезде ұрықтың жүрек соғуы 110 рет минутына. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ. Ұрық басы сегізкөз ойысын алып тұр, басының төменгі полюсі шонданай бұдырларының деңгейінде, сагитальді жік тік өлшемде. Сіздің тактикаңыз

-Вербов таңғышын салу

-қуыстық акушерлік қысқыш салу

+шығаберістік акушерлік қысқаш салу

-перинеотомия

-эпизиотомия

\/

/\

Босану әрекетінің әлсіздігімен асқынған босану. Жетілген нәресте туылды. Өздігінен тыныс алуы жоқ, терісі көгерген, бұлшықет тонусы төмен, pефлектоpлы қозғыштығы әлсіз, жүрек соғу жиілігі – 96 рет минутына. Бұл жағдайда Апгар шкаласы бойынша баға

+4 ұпай

-5 ұпай

-6 ұпай

-7 ұпай

-8 ұпай

\/

/\

Өздігінен түсік – бұл жүктіліктің үзілуі

-28 аптаға дейін

-14 аптаға дейін

+22 аптаға дейін

-25 аптаға дейін

-30 аптаға дейін

\/

/\

Симптомокешен: іштің төмеңгі жағындағы толғақ тәріздес ауырсынулар, жыныс жолдарынан аз мөлшерлі қанды бөліністер, жатыр гестация мерзіміне сәйкес келеді, жатыр мойнының қысқаруы тән болады

-дамымаған түсікке

-толық емес түсікке

-жолдағы түсікке

+басталған түсікке

-қауіпті түсікке

\/

/\

Симптомокешен: іштің төмеңгі жағындағы толғақ тәріздес ауырсынулар, жыныс жолдарынан көп мөлшердегі қанды бөліністер, цервикальды каналда ұрық жұмытқасының болуы анықталады, тән болады

-дамымаған түсікке

-толық емес түсікке

+жолдағы түсікке

-басталған түсікке

-қауіпті түсікке

\/

/\

Симптомокешен: іштің төмеңгі жағындағы толғақ тәріздес ауырсынулар, жыныс жолдарынан бөлінген аз мөлшердегі қанды бөліністер, жатыр мойны сақталған, ернеуі жабылған, тән болады

-дамымаған түсікке

-толық емес түсікке

-жолдағы түсікке

-басталған түсікке

+қауіпті түсікке

\/

/\

30 жастағы жүкті, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге және іштің төменгі жағындағы созылмалы ауырсыну шағымдарымен стационарға келіп түсті. Анамнезінде жүктіліктің 7-8 аптасындағы 2 өздігінен болған түсік. Жүктілік мерзімі 6-7 апта. Жатыр миомасы бойынша есепте тұр. Эндемиялық жемсау және аралас НЦД бойынша терапевт есебінде тұр. Берілген жағдайдың себебі болып табылады

-асқынған акушерлік анамнез

+жатыр миомасы

-эндемиялық жемсау

-НЦД аралас түрі

-жасы

\/

/\

30 жастағы жүкті, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге және іштің төменгі жағындағы созылмалы ауырсыну шағымдарымен стационарға келіп түсті. Анамнезінде жүктіліктің 7-8 аптасындағы 2 өздігінен болған түсік. Жүктілік мерзімі 6-7 апта. Жатыр миомасы бойынша есепте тұр. Эндемиялық жемсау және аралас НЦД бойынша терапевт есебінде тұр. Сіздің диагнозыңыз

+ қауіпті, үйреншікті 6-7 апта мерзіміндегі түсік. ААА. Жатыр миомасы. Эндемиялық жемсау. НЦД аралас типі бойынша

-басталған, үйреншікті 6-7 апта мерзіміндегі түсік. ААА. Жатыр миомасы. Эндемиялық жемсау. НЦД аралас типі бойынша

-жолдағы 6-7 аптадағы үйреншікті түсік. ААА. Жатыр миомасы. Эндемиялық жемсау. НЦД аралас типі бойынша

-6-7 апта мерзіміндегі қауіпті түсік. ААА. Жатыр миомасы. Эндемиялық жемсау. НЦД аралас типі бойынша

-6-7 апта мерзіміндегі басталған түсік. ААА. Жатыр миомасы. Эндемиялық жемсау. НЦД аралас типі бойынша

\/

/\

30 жастағы жүкті, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге және іштің төменгі жағындағы созылмалы ауырсыну шағымдарымен стационарға келіп түсті. Анамнезінде жүктіліктің 7-8 аптасындағы 2 өздігінен болған түсік. Жүктілік мерзімі 6-7 апта. Жатыр миомасы бойынша есепте тұр. Эндемиялық жемсау және аралас НЦД бойынша терапевт есебінде тұр. Этиопатогенетикалық емін тағайындаңыз және негіздеңіз

-төсек режимі, өйткені емделудің негізі болып тыныштық болып саналады

-дицинонды қолдану, өйткені қан тоқтатқыш қасиетке ие

+дюфастонды қолдану, өйткені аурудың себебі гиперэстрогенді фон болып табылады

-жатыр тонусын төмендету үшін спазмолитиктерді қолдану

-жатыр тонусын төмендету үшін, жатыр электрорелаксациясын қолдану

\/

/\

34Стационарға К. жүкті іштің төмеңгі жағындағы қатты толғақ тәріздес ауырсынуларға және жыныс жолдарынан көп мөлшердегі қанды бөліністерге шағымданып түсті. Етеккірдің кешігуі 2 ай. Анамнезінде 1 өздігінен болған түсік, жатыр миомасы бойынша есепте тұр. Қарау кезінде жатыр 8-9 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, жатыр мойны қысқарған, мойын каналында ұрық жұмыртқасы анықталады. Сіздің тактикаңыз қандай және негіздеңіз

-сақтандырғыш терапия, өйткені жүктіліктің үзілу қаупі бар

+ұрық жұмыртқасын алып тастау және жатыр қуысын қыру, өйткені ұрық жұмыртқасы мойын каналында

-жатыр тонусын төмендету үшін спазмолитиктерді қолдану

-дюфастонның 40 мг, содан соң әрбір 8 сағат сайын 10 мг-нан қолдану, жүктілікті сақтап қалу үшін

-қан тоқтатқыш препараттарды қолдану, өйткені көп мөлшердегі қанды бөліністер бар

\/

/\

Бөлімге 26 жасар А. жүкті іштің төмеңгі жағындағы ауырсынуларға шағымданып келіп түсті. Бала кезінде қызылшамен, скарлатинамен ауырған. Осы жүктілігі 3-ші, мерзімі 19-20 апта, І жүктілігі –ірі ұрықпен босану, жатыр мойнының жыртылуымен асқынған, ІІ жүктілігі 2 жылдан соң кеш түсікпен аяқталды. Қарау кезінде жатыр тонуста. Жатыр мойны деформацияланған, сыртқы ернеуі ашық, мойны қысқарған, цервикалды канал бойымен ішкі ернеуге 1 саусақ бос өтеді. Сіздің диагнозыңыз

-жүктіліктің 19-20 аптасы. Өздігінен кеш түсік қаупі

-жүктіліктің 19-20 аптасы. Өздігінен кеш түсік. басталған түсік. ИЦЖ

+жүктіліктің 19-20 аптасы. Өздігінен кеш түсік қаупі. ИЦЖ

-жүктіліктің 19-20 аптасы. Өздігінен кеш жолдағы түсік қаупі. ИЦЖ

-жүктіліктің 19-20 аптасы. Өздігінен, үйреншікті, кеш түсік қаупі

\/

/\

Уақытынан бұрын босанудың себебі болып табылады

-ұрықтың жамбаспен келуі

+ истмико-цервикальді жетіспеушілік

-шалқайып келу

-ірі ұрық

-ұрық гипотрофиясы

\/

/\

Уақытынан бұрын босану деп келесі жүктілік мерзімінде үзілген жүктілікті айтамыз

-20 аптадан 32 аптаға дейін

-22 аптадан 32 аптаға дейін

-28 аптадан 32 аптаға дейін

+22 аптадан 37 аптаға дейін

-22 аптадан 34 аптаға дейін

\/

/\

ВИЧ-инфекциясының негізгі берілу жолдары:

-тpансмиссивті

-алиментаpлы

-контактілі-тұрмыстық

-ауа-тамшылы

+жыныстық

\/

/\

Анадан балаға АИТВ берілу қауіпін төмендететің іс-шара:

+тек қажет жағдайда амниотомия жасау

-босанудың үшінші кезенің күту тактикасымен жүргізу

-босанудың екінші кезеніңде акушерлік қысқыш салу

-босанғаннан кейін міндетті түрде жатыр мойның қарау

-босануға дейін антиретровирусты емді аяқтау.

\/

/\

АИТВ анасынан балаға берілуді жоғарылататын аналық фактор:

-анасында вирустық жүктеменің төмендігі

-босануға дейін сусыз кезең 1 сағаттан кем

+босану кезінде инвазивті араласулар

-жасанды тамақтандыру

-жоспарлы кесір тілігі

\/

/\

Пpоявления ВИЧ-инфекции в виде: пpогpессиpующей потеpи массы тела более 10%, диаpеи, лихоpадки более месяца; кандидоз полости рта, туберкулез легких характерны для:

-пеpвичных проявлений

-І клинической стадии

-ІІ клинической стадии

+ІІІ клинической стадии

-ІV клинической стадии

\/

/\

ВИЧ-инфекциясының көрінуі :дене салмағының 10% төмендеуі,тері және кілегей қабаттардың жеңіл зақымдалуы (себорейвті дерматит, қышыма дерматозы, тырнақтардың саңырауқұлақтармен зақымдалуы, рецидивті афтозды стоматит, хейлит), жоғарғы тыныс жолдарының рецидивті инфекциясы (мысалы, бактериальды синусит) тән:

-біріншілік көріністер

-І клиникалық кезең

+ІІ клиникалық кезең

-ІІІ клиникалық кезең

-ІV клиникалық кезең

\/

/\

Босану залына қайталап босанушы жүктіліктің 40 аптасында АИТВ қорытындысы жоқ жүкті әйел келіп түсті. Босану кезінде АИТВ –ға жасалған экспресс-тест оң мәнді болды.Босануда 8 сағат.Акушерлік статус: ІА-95 см, ЖТБ-38 см, ұрықтың орналасуы ұзына бойы,басымен орналасқан.Ұрықтың жүрек соғысы140 соққы/мин, анық, ырғақты. PV: жатыр мойны жазылған,ашылуы 2 см.Қағанақ қабы құйылып жатыр. Ұрық басымен кіші жамбас кіреберісіне бекіген.Мүйіске саусақ жетпейді. Бұл патологияда босануды жүргізу ерекшеліктері:

-жатыр мойны 3-4 см ашылуы кезінде ерте амниотомия жасау

-босанудың үшінші кезеніңде күту тактикасымен жүргізу

-жедел кесір тілігі операциясы

-босанудың 2 кезенің жылдамдату үшін акушерлік қысқыштар салу

+босану қызметін бағалау үшін партограмма қолдану

\/

/\

Босану залына қайталап босанушы жүктіліктің 40 аптасында АИТВ қорытындысы жоқ жүкті әйел келіп түсті. Босану кезінде АИТВ –ға жасалған экспресс-тест оң мәнді болды.Босануда 8 сағат.Акушерлік статус: ІА-95 см, ЖТБ-38 см, ұрықтың орналасуы ұзына бойы,басымен орналасқан.Ұрықтың жүрек соғысы140 соққы/мин, анық, ырғақты. PV: жатыр мойны жазылған,ашылуы 2 см.Қағанақ қабы құйылып жатыр. Ұрық басымен кіші жамбас кіреберісіне бекіген.Мүйіске саусақ жетпейді. Анасынан балаға АИТВ берілуінің ең басты факторы:

-босану басталғанға дейінгі сусыз кезеннің ұзақтығы

+Анасының қанындағы АИТВ концентрациясы (вирустық жүктеме)

-босануда инвазивті араласулар

-жүктілік кезінде анасының нашар қоректенуі

-анамнезінде жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияның болуы.

\/

/\

Босану залына қайталап босанушы жүктіліктің 40 аптасында АИТВ қорытындысы жоқ жүкті әйел келіп түсті. Босану кезінде АИТВ –ға жасалған экспресс-тест оң мәнді болды.Босану асқынусыз өтті,салмағы 3000г қыз жынысты нәресте туылды.Бұл патология кезінде емшекпен тамақтандыру тағайындамасы:

-тамақтандыру әдісі әйел қалауына байланысты

-емшекпен тамақтандыру тағайындамасы

+жасанды қоспалармен тамақтандыру

-әрбір емізу алдында емізікшесін бриллиант көгімен өңдеу

-аралас тамақтануға ерте көшіру

\/

/\

Алғаш жүкті болушы,22 жаста некеде жоқ..Жүктіліктің 9 аптасында бірінші рет әйелдер кеңесіне келді.Сол күні АИТВ тест жасалды,оң мәнді. Әйелдің шағымы жоқ. Бұл әйелге антиретровирусты ем қашан бастау қажет :

-ұрықтың инфекциялануының ерте алдын-алу мақсатында жүктіліктің I жартысында

+ ұрыққа жағымсыз әсерінің алдын-алу үшін жүктіліктің II жартысында

- ұрыққа жағымсыз әсерінің алдын-алу үшін жүктіліктің III жартысында

- ретті толғағының басталуымен босанғаннан кейінгі кезеңге дейін жалғастыру

-нәресте туылғаннан кейін ғана антиретровирусты ем жүргізіледі

\/

/\

Жатыры тығыз, ауырсынусыз, жатыр түбі биіктігі қасаға мен кіндіктің ортасында, лохия сипаты қанды-серозды, неге сәйкес келеді

-босанудан кейінгі бірінші тәулік

-босанудан кейінгі екінші тәулік

-босанудан кейін үшінші тәулік

-босанудан кейін төртінші тәулік

+босанудан кейін бесінші тәулік

\/

/\

Жатыр формасы шар тәрізді, алдыңғы артқы бағытта бүріскен, жатыр түбі биіктігі қасағадан 15-16 см жоғары, қуыс қабырғаларының қатпарлылығы тән

+ерте босанудан кейінгі кезең

-босанудан кейінгі екінші тәулік

-босанудан кейінгі үшінші тәулік

-босанудан кейінгі төртінші тәулік

-босанудан кейінгі бесінші тәулік

\/

/\

Жатыры тығыз, ауырсынусыз, түбі қасаға деңгейінде, лохия түсі сарғыш-ақ түсті, бұл тән

-ерте босанудан кейінгі кезең

-босанудан кейінгі екінші тәулік

-босанудан кейінгі үшінші тәулік

-босанудан кейінгі төртінші тәулік

+босанудан кейінгі оныншы тәулік

\/

/\

Босанудан кейінгі маститтің ауыр өтетін формасы

-инфильтpативті

-инфильтpативті-іріңді

-абсцедиpлеуші

-флегмонозды

+гангpенозды

\/

/\

Патологиялық лактостаз үшін тән

-бір сүт безіндегі инфильтрат

-бездің жеке бөлігінің ісінуі және гиперемиясы

-емізік жарылуы

+сүт безінің біркелкі және ауырсынулы қатаюы

-лимфангит және лимфаденит

\/

/\

Босанған әйел босанудан кейін 8-күні жағдайының нашарлауына шағымданады. Дене температурасы 38,9 градусқа дейін көтерілген. Тексерген кезде сол жақ сүт безі ұлғайған, пальпация кезінде сезімтал. Диагнозды таңдаңыз

+жедел мастит

-сүт безінің абсцессі

-кистозды мастопатия

-карцинома

-гангpенозды мастит

\/

/\

Нәрестелер пневмониясын алдымен ажырату керек

+ісіну-геморрагиялық синдромнан

-перинатальды энцефалопатиянан

-біріншілік ателектаздан

-аспирациялық синдромнан

-энтероколиттен

\/

/\

Грегг үштігі: көз және жүрек ақауы, кереңдік тән

-токсоплазмоз

+қызамық

-листериоз

-вирусты гепатит

-цитомегалия

\/

/\

Милия – бұл

-диаметрі 1-2 мм болатын көптеген қызыл түйіндер, терінің табиғи қатпарларында орналасқан ( мойын, қолтық асты, шынтақ)

-орталығында сұр-сары папулалары бар эритематозды таңбалар, кеудеде, жамбаста, қол-аяқтың жазғыш беттерінде орналасқан

+диаметрі 1-2 мм ақшыл-сары түйіндер, мұрын қанатында, маңдайда орналасқан
- диаметрі 1-3 мм болатын мөлдір сұйықтығы бар, бастың шашты бөлігінде, жамбаста, санда табиғи қатпарларда беткей орналасқан ұсақ көпіршіктер
- ішінде серозды-іріңді, сұйықтығы бар, мөлшері 0,2-0,5 см, иаңайы қызарған, инфильтрациялық негізі бар, іштің төменгі бөлігінде, қол-аяқта, терінің табиғи қатпарларында орналасқан көпіршіктер

Наши рекомендации