Иммунопрофилактика жетістіктері
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
С.Ә.ӘМІРЕЕВ, Н. ЖАЙЫҚБАЕВ, Қ.Н. НАБЕНОВ,
Ж.Б. БЕЙСЕНБИНОВА
ИММУНДЫ АЛДЫН
АЛУМЕН РЕТТЕЛЕТІН
ИНФЕКЦИЯЛАР
АЛМАТЫ – 2011
УДК 616.9(075)
ББК 55.1я 73
И 50
Пікір жазғандар:
Шуратов И.Х., - Х.Жұматов атындағы эпидемиология және гигиена ғылыми-зерттеу орталығының зертхана меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
Құдайбергенұлы Қ.Қ. - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының профессоры
Иммунды алдын алумен реттелетін инфекциялар. Анықтамалық./ С.Ә.Әміреев, Жайықбаев Н., Қ.Н. Нәбенов, Ж.Б.Бейсенбинова - Алматы, 2011, 165 бет.
ISBN978-601-246-239-5
Анықтамалықта Қазақстан Республикасы жағдайында кең таралған жұқпалы аурулардың иммунопрофилактика әдісімен алдын алу мәселелері толық келтіріліп, алдын алуға жататын жұқпалар: Ұлттық профилактикалық егілетіндер, күнтізбелік эпидемиялық көрсеткіштер бойынша егілетіндер, болашақта күнтізбелік егуге кіруі мүмкін вакцинация түрлері болып үш түрге бөлініп, вакцинациялық реакциялар мен асқынулар, оларды диагностикалау, емдеу, мониторингілеу және неғұрлым ерте егулермен қамту жан-жақты қарастырылып, анықтамалықта созылмалы ауруы, аллергиясы, неврологиялық ауытқулары бар адамдарға егу мәселесі жоғары деңгейде қарастырылып, оларды вакцинациялаудың нақты жолдары мен тәсілдері көрсетілген.
Әдістемелік анықтамалық Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының студентеріне және оқытушыларына, емдеу, алдын алу мекемелерінің тәжірибелі дәрігерлеріне арналған.
УДК 616.9(075)
ББК 55.1я 73
И 50
ISBN978-601-246-239-5
Авторлардың барлық құқықтары қорғалған. Басылымды авторлардың жазбаша келісімінсіз толықтай немесе оның тарауларын баспамен немесе компьютермен көбейтіп таратуға болмайды. | © Әміреев С.Ә., 2011 © Жайықбаев Н., 2011 © Нәбенов Қ.Н., 2011 © Бейсенбинова Ж.Б., 2011 |
Ысқартылған Сөздер
Қазақша Орысша
АКаДС АаКДС-көкжөтел (ацеллюлярлы)- дифтерия-сіреспе вакцинациясы
ДА АД- дифтериялық анатоксин
ДСА АДС- дифтериялық-сіреспелік анатоксин
АКДС АКДС-көкжөтел (жасушалық)- дифтериялық – сіреспе вакцинас
СА АС- сіреспелік анатоксин
ВҚПП ВАП- вакцина- қосарлас паралитикалық полиомиелит
ВЕИГ ВВИГ- венаға енгізуге арналған иммуноглобулин
ГАВ ВГА- гепатит А вакцинасы
ГВВ ВГВ- гепатит В вакцинасы
АИВ ВИЧ-адам иммунды-тапшылық вирусы
ГВИГ ГВИГ-гепатит В арнайы иммуноглобулині
ГУС ГУС-гепато-уремиялық синдром
МДБМ ДДУ-мектепке дейінгі балалар мекемелері
СИ ДИ- сенімділік интервалы
ТҚВ ЖКВ-тірі қызылша вакцинасы
ТПВ ЖПВ- тірі паротит вакцинасы
ЖИА ИБС- жүректің ишемиялық ауруы
ИТЖ ИДС-иммунды-тапшылық жағдайлары
ИЛ ИЛ-интерлейкин
ӨПВ ИПВ-өлі полиомиелит вакцинасы
ИТП ИТП-иммунологиялық тромбоцитопениялық пурпура
ЕПМ ЛПУ-емдеу-профилактикалық мекеме
ТМБ МБТ-туберкулез микобактериялары
МИВП МИВП-медициналық иммунобиологиялық препараттар
БДҒО МЦЗД-балалар денсаулығы ғылыми орталығы
ЖБС ОВП- жіті баяу салдану
ЖІИ ОКИ- жіті ішектік инфекциялар
ОПВ ОПВ- оральды полиомиелит вакцинасы
ВКА ПВО- вакцинадан кейінгі асқынулар
ГБП ПГБ-Гийене-Барре полирадикулонейропатия
ЖСПЭ ПСПЭ- жеделдеу склероздаушы панэнцефалит
СҚС ППС- сіреспеге қарсы сарысу (жылқы қанынан)
СҚАС ПСЧИ- сіреспеге қарсы адам қанынан сарысу
БКӨС СВДС- балалардың кенеттен өлу синдромы
ТБҚС СВК-туыла біткен қызамық синдромы
ФАП ФАП- фельдшерлік-акушерлік пункт
ФГА ФГА-фитогемагглютинин
СГА ХГВ-созылмалы грануломатоз ауруы
СГВ ХГВ- созылмалы гепатит В
Хиб Хиб- гемофильдік б типті инфекция
ЦМВ ЦМВ- цитомегаловирус
Тарау. Вакцинацияның жалпы мәселелері
Иммунопрофилактика жетістіктері
Қандай да болмасын әлеуметтік, медициналық қоғамға тигізетін пайдасын сараптағанда таразы табағына олардың әр елдің демографиялық ақуалына тигізетін әсері ерекше бағаланады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда балалар арасында өлім-жітімді азайтудың, күрт төмендеудің айтарлықтай ұтымдылығы ешқандай талас тұғызбайды. Әрине, әр ел үшін денсаулық сақтау ісін, оның ішінде иммундық алдын алуды дұрыс жолға қойып дамыту-үлкен сын, ол мемлекеттің саяси- экономикалық қауқарына тікелей тәуелді. Сондықтан халыққа иммунопрофилактикалық қызмет көрсету деңгейі әлемнің 200- ден астам елінде бірдей болмауы заңды құбылыс. Қай елдің экономикасын мығым, сол елде иммундық алдын алу жемісті болуы тиіс.
Айтылған тұжырымның дұрыстығына көз жеткізу үшін статистикалық деректерге көз салу жеткілікті. Өткен XX ғасырда дамыған елдер халықтарының орта өмір сүру ұзақтығы 30 жасқа өскен, болса соның 25 жылы иммундық алдын алудың үлесіне тиесілі.
Үстіміздегі XXI ғасырда әлем елдерінің бірқатарында жаңа вакциналар жасап шығару ісі айтарлықтай тездетіледі. Айғағы ретінде өткен онжылдықта осы мақсатқа жұмсалған қаржы 3 есе өсіп, 17 млрд АҚШ долларын құрағанын айту қажет. Жаңа вакциналарға қойылатын талаптар көбеймесе азайған жоқ, сондықтан олардың құны да қымбаттау үстіне қымбаттауда. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), ЮНИСЕФ- тің, экономикалық жағынан ең әлеуетті 8 мемлекеттің, жекелеген байлығы мол азаматтардың (Мелинда мен Б.Гейтс, т.б. Қорлары) қайрымдылығы арқасында иммундық алдын алу ісі дамушы елдерге де жандана бастады. Дамушы және кедей елдерде аса қажетті бұндай қаржылай көмек алдағы уақытта да жалғаса береді. Мысалы, жоғарыда айтылған Б Гейтс қоры жыл сайын 1 млрд долларды бөлуді жоспарлап отыр.
Иммунизацияны ұйымдастыру мен жүргізудің қазіргі деңгейінде әлемде жыл сайын 2,5 миллиондай бала өмірі сақталуда, сарапшылдық жорамалы бойынша 14 жұқпалы ауруға қарсы иммунизация деңгейі барлық елде 95 % құраса, тағы 2 млн бала өлімнен құтылмақшы (1)
Енді иммунизация әдісін алғашқы болып ұсынған кім деген сұраққа аз- кем тоқталалық. Батыстық басылымдарда ешбір қобалжымастан бұл атақ XVIII ғасырдың соңында (1796) нағыз шешекке қарсы вакцинация жүргізген ағылшын емшісі Э.Дженнерге телінуде. Бұл тұрғыдан Э.Дженнерден аттай 350 жыл бұрын нағыз шешекке қарсы вакцинаның технологиясын жасап, оның тиімділігін бұлтартпастай етіп дәлелдеген (1470-1475 жылдары) қазақтың ғұлама ғылымы, сол кездегі терминология бойынша – қараүзген емшісі Ө.Тілеуқабылұлының ашқан жаңалығы ескерілмей келуде. Ө. Тілеуқабылұлының өзінің аса көлемді
(> 3000 бет) «Шипагерлік баян» деп аталатын қолжазбалық еңбегінде нағыз шешек вакцинасын қолдануды ұсыну көптеген ізденістер мен тәжірибелердің нәтижесі екенін айқын көрсеткен (2).
Әдетте жасуша вирустармен зарарланғанда генетикалық информация ДНҚ- дан РНҚ- ға қарай бағыталады, бірақ кейбір вирустық инфекцияларда (мысалы,АИВ- инфекциясы) бұл заңдылық іске аспай қалады, яғни генетикалық информация ағымы кері (ретро) бағытта РНҚ-дан →ДНҚ- ға қарай жүреді. Жер шарын шартты түрде бір жасуша ретінде қарастырсақ, онда ғылыми – медициналық информация (ақпарат) тек Батыстан Шығысқа қарай бағытталмай, кері Шығыстан → Батысқа қарай бет алуы орынды құбылыс болуы тиіс. Осыған орай Ө.Тілеуқабылұлының шешектің алдын алуға қатысты ұлы еңбегі ескеріліп, ғылыми – медициналық әдебиетте көрініс тапса- тарихи шындық сабасына түсіп жабырқамас еді. Қазіргі кезде вакциналар қатарына қосылады-ау деген үмітпен безгекке, денге қызбасына қарсы вакциналар әртүрлі сынақтардан өту үстінде, оларға қоса РС- вирустық, ЦМВ, АИВ- инфекцияларына қарсы вакциналарды жасау қолға алынуда 50 жуық бар вакциналардың иммуногендігін және қауіпсіздігін арттыруға және парентеральдық енгізу жолын ауыз арқылы жолмен ауыстыруға бағытталған зерттеулік жұмыстар да жүргізулуде.
Ресейлік ғалымдар мен дәрігерлер (иммундық алдын алу ісін ұйымдастыруды алдыңғы қатарда көрінуге тырысқандары мәлім. Бірінші антрибакикалық вакцинаны Л.Пастер өз елінде 1885 жылдық мамырында еге бастағаны мәлім болысымен, нақ сол жылдың күзінде Ресейден қасқыр тістеген 69 адам антирабикалық егілу алу үшін келген, Вакцинация арқасында олардың 10-ы өлімнен аман қалды. Көпшілігінің өлімге ұшырауының басты себебі- антирабикалық егудің кеш басталуына байланысты болды. Осы себепті антирабикалық вакцинацияны өз жерінде және ертерек бастау мақсатымен
Л. Пастердің қарамағында үйкеру үшін Н.Гамалея, А.Гвоздев, А.Унковский сияқты жас мамандар жіберілді. Басталған іс нәтижелі болды- келесі 1886 жылы алғашқы рет Франциядан тыс жерде: Одессада,Санкт-Петерборда, Мәскеуде, Самарада, Варшавада алғашқы пастер станциялары ашылып, оларда антирабикалық егулер жүргізіле бастады.
Иммунопрофилактика ісін ұйымдастырудағы бұл белсенділік ҚСРО дәстүрінде де жалғасын тапты. Атап айтқанда нағыз шешекке, құтыруға, туберкулезге, дифтерияға, қызылшаға т.б. инфекцияларға қарсы иммунизация алып империяның үлкенді – кішілі елді мекендерінің халқын тегіске жақын қамтыды. Иммундық алдын алудың жарқын дамыған ұлы көшінде ҚСРО-ң бір бөлігі болған Қазақ
ССР-ы алдыңғы қатардан көрінді.
Ең алдымен жергілікті емдеу-профилактикалық мекемелердің (ЕПМ) иммундық алдын алу саласындағы жұмысының ұйымдастырылуын, сапасын, тиімділігін қадағалайтын, бағалайтын әдістемелік ғылыми-практикалық республикалық орталық және оларды иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз етіп өндірістік база құру керек болды.
Осы күрделі міндеттерді атқару үшін 1925 ж Санитарлық – бактериологиялық институт ашылды. Тек бір бес жылдықта (1931-1935 жылдары) жаңадан құрылған санбакинститут 50 млн- дай шешекке қарсы вакцина жасап шығарып, республика денсаулық сақтау органдарының сұранысын толық қанағаттандыра алды. Осы вакцинаның көмегімен жаппай вакцинаны ұйымдастыру нәтижесінде 1936 ж қарай нағыз шешекпен ауру практикалық тұрғыдан жойылды.
Бұл инфекциямен қатар балалар арасында кең таралған және жоғары летальділік беретін дифтерияға қарсы ең тиімді спецфикалық иммунизация үшін аса қажет дифтерия анатоксинын шығару да игеріледі (Д.Цимбалист, 3 Тунгачина, А.Мурзина ж.б.) Кеңестік жүйенің тоқырауы қарсаңында (1980 жылдары егу күнтізбесіне жаңа иммунорбиологиялық препараттар іс жүзінде тоқталды деуге болды, оның үстіне жоспарлы иммунизацияның орындалу қарқыны да төмендей бастады. Осы және де басқа себептермен Кеңес Одағы көлемінде иммунизациямен «басқарылатын» ескі инфекциялардың эпидпроцесі қайтадан жанданып, айтарлықтай эпидемиялары дамыды (2001-2005 жылдары). Нәтижесінде иммунопрофилактика ісіне Денсаулық сақтау министрлігімен қатар ҚР Үкіметі тарапынан да қолдау көрсетуі көрініс тапты. Мысалы, ҚР Премьер-Министрінің 22.01.05 ж «Об организации и проведении массовой иммунизации населения в возрасте от 15 до 25 лет против кори и краснухи в Республике Казахстан» өкілеті.
ҚР Президенті, Үкіметі, ДСМ үйлесімді іс-шараларының нәтижесінде иммунопрофилактика ісіне қатысты заңнамалық, материалды-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды, бұрын жабылып қалған егу кабинеттерінің, ФАП-тардың, амбулаториялар мен емханалардың «салқын тізбекті» іске асыруға мүмкіндікке қолдары жетті. Иммунобиологиялық препараттар мен қамту да күрт жақсарады.
Аталған және басқа да шаралардың іске асырылуы нәтижесінде иммунопрофилактикамен «басқарылатын» инфекциялармен сырқаттылық бүкіл ҚР көлемінде күрт төмендеді (1,1 кесте)
1.1. кесте Иммундық алдын алу әдісімен басқарылатын инфекциялармен сырқаттылықтың 2000 жылмен салыстырғандағы қазіргі жағдайы
Инфекция | Сырқаттылық, 40000 | Азаю- Көбею + | ||
2000 ж | 2010 ж | + | ||
Полимелит | 0,01 | - | ||
Дифтерия | 0,09 | - | ||
Қызылша | 1,7 | 0,02 | - | |
Эпидпаротит | 2,7 | 0,51 | - | |
Көкжөтел | 0,6 | 0,22 | - | |
Қызамық | 197,4 | 0,22 | - | |
Туыла біткен қызамық синдромы | - | - | - | |
Сіріспе | 0,06 | - | ||
Вирустық гепатит В | 19,8 | 2,85 | - | |
Туберкулез | 153,2 | 95,3 | - |
ҚР –да соңғы 11 жылда вакцинамен басқарылатын инфекциялармен күресте ауқымды жетістер бар екені күмән туғызбайды. Келтірілген 10 инфекцияның ішінде тек полиомелитпен сырқаттылық өскен, қалған инфекцияларда күрт төмендеген. Дегенмен туберкулезбен сырқаттылық төмендеу қарқыны өте болу-небәрі 1.6. есе. Вирустық В гепатитімен сырқаттылық әлі де жоғары.