Ентікпе (dyspnoe- одышка).

Тыныс алу ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Негізгі синдромдары .Кеудені қарап тексеру.Пальпациялау.

Жоспар:

Тыныс ағзаларын зерттеу әдістерінің зерттеу реті:

1.Сұқбаттасу.

2.Обьективті зерттеу:қарау,пальпация,перркуссия,аускультация.

3.Зертханалық зерттеу.

4.Аспаптық зерттеу.

Тыныс ағзалары ауруларының негізгі синдромдары :

Ентікпе кеуде қуысында туындаған ауырсыну сезімі,қан түкіру,құрғақ жөтел,жөтелмен бірге қақырықтың бөлінуі,дене қызуының жоғарлауы,асқа зауықсыздық,жалпы сырқаттық.

Кеуде қуысының алдыңғы жақ бөлігінде туындаған ауырсыну сезімі симптомы жиі өкпе қабығы зақымданғанда:мыс-құрғақ плевритте,экссудативтік плевриттің алғашқы кезінде,плевра эндотелиомасында және өкпе ауруларында (крупозды пневмонияда,өкпе инфаркты,өкпе туберкулезі мен өкпе обырында),өңеш ауруларында (эзофагит,өңеш дивертикулы), қолқа ауруларында (аортит,қолқа аневризмасында), кеуде іші лимфа түйіндері ұлғаятын саркоидоз бен лимфомаларда,қатерлі төс асты жемсауында пайда болады.Плевра зақымданғанда кеудедегі ауырсыну терең тыныс алғанда ,науқас сау жағына қарай еңкейгенде, ауырған жағына қарай жатқанда пайда болады, сондықтан науқастар жөтелді тежеп, терең дем алмауға әрекет етеді.өткені кеуде тұсындағы ауырсыну біріншілік плевра ісігінде немесе өкпе обвры плевра өткенде байқалады.Плевраның көкеттік бөлігі зақымданғанда ауырсыну жоғары қарай иыққа, мойынға, кейде құрсақ кувсына қарай таралады.Пневмоторакс пайда болғанда науқастын кенеттен тыныс алуы бұзылып ,кеуде тұсында өте қатты ауырсыну байқалып, қан қысымы төмендеп,терісі көгереді.

Кеуде тұсындағы ауырсыну қабырғааралық нералгияда ,миозитте, қабырғалар сынғанда, жарылғанда,периоститтерде, остеомиелитте және басқа ағзалардың патологияларында ауырсыну кеуде тұсында таралуы мүмкін:мыс – өткір холециститте,радикулитте,талақта инфаркт қалыптасқанда.Периоститте,қабырға сынғанда немесе жарылғанда патологиялық ошақ аймағын пальпациялағанда ауврсыну мен сықыр еткендей сезім анықталады.

Өткір холециститте ауырсыну оң жақ жауырын, иыққа қарай таралады.

Жүрек қан тамырлар жүйесінің ауруларында - стенокардия, инфаркт, қолқа аневризмасы, перикардитгерде кеуде тұсындағы ауырсыну, төстің артқы жағында орналасады, кейде сол жақ жауырын, иыққа қарай таралады.

Ентікпе (dyspnoe- одышка).

Ентікпе жиі өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) мен оттегінің мөлшері кемейіп, ұлпаларда зат алмасу процесі толық аяқталмай, тотықпаған заттар көбейіп, қанда көмір қышқылының мөлшері артып, ол тыныс алу орталығын үнемі тітіркендіріп тұратындықтан дамиды. Түрлі патологияларда дамитын ентікпенің себептері де әр түрлі. Ентікпе өкпе сусінділенгенде, өкпе эмфиземасында, өкпе солғанда (ателектаз), өкпе карнификацияланғанда, өкпе инфарктынде және оның серпінділігі кемігенде, кеуде қуысына ауа өтіп, өкпе қысылып қабысқанда (коллапс), тыныс жолдары тарылғанда немесе онда кедергі пайда болғанда және басқа жағдайларда байқалуы мүмкін.

Ентікпе бірнеше түрге бөлінеді.

Науқастың ентікпені сезінуіне қарай :субьективті, обьективті, аралас түрлері болады. Егер науқас ентікпені сезініп қана қойса ентікпе субьективті, ал ентікпенің белгілері обьективті зерттегенде анықталса ондай ентікпе обьективті деп аталады. Тыныс алудың басымырақ бұзылған фазасына қарай ентікпе:

Экспираторлы ентікпе - тыныс шығару қиындайтын,

Инспираторлы ентікпе - тыныс алу қиындайтын,

Аралас ентікпе - тыныс алуда, шығаруда қиындайтын түрлерге бөлінеді.

Инспираторлы ентікпе тыныс жолдарына бөгде зат кептелгенде, дауыс желбезегі кенеттен ісінгенде, ісік, жемсау немесе қолқа аневризмасы сығып, көмей саңлауы тарылғанда байқалады. Экспираторлы ентікпе бронх демікпесінің ұстамасы кезінде, өкпе эмфиземасында, бронхиолитте бронхоспазм салдарынан байқалады. Ентікпенің аралас түрі пневмония, экссудативтік плеврит, пневмоторакс, обтурациялық (бітелу) ателектаз (солу) дамығандакездеседі. Ентікпенің кенеттен пайда болуы тұншығу ұстамасы болып табылады. Тұншығу ұстамасы өкпе сабағының эмболиясында, пневмоторакс дамығанда, өкпе ісінуінде, дауыс желбезегінің кенет ісінуінде байқалады. Шұғыл дамитын ұстамалы ентікпе демікпе (астма) деп аталады.

Наши рекомендации