Ауруларға шалдығу
Екіншілік ИТЖ әр түрлі себептен дамыған аурулардың нәтижесі ретінде қалыптасуы мүмкін.
Жұқпалы аурулар екіншілік ИТЖ ең жиі себебі болып келеді.
Әр жедел жұқпалы аурудан кейін 1 айға созылатын транзиторлық иммунды тапшылық пайда болады. Әдетте, осы мерзім бойы балаларға вакцина егуге тыйым салынады.
Егер иммунды жүйе қалыпты жағдайда болса, жұқпалы аурулар жедел түрде өтеді. Жұқпалы аурудын созылмалы ағымы қалыптасқан иммунды тапшылықтын белгісі. Созылмалы жұқпалар кезіндегі иммунды тапшылық қоздырғышпен күресу жағдайындағы иммунды жүйенің резервті мүмкіншіліктерінің жұқарғанынан болады және бара-бара ауырлайды. Оның үстіне, аталған жағдай патологиялық үрдістің ары қарай созылуына себепкер болады.
· Бактериалдық жұқпалар (туберкулез, мерез, лепра, пневмококктық, менингококктық, стрепто- және стафиллококктық және басқа жұқпалар).Туберкулездің ауыр түрлерімен науқастанған ауруларда Т-лимфоциттердің саны күрт төмендеп қызметтері тежеледі. Мерез бен лепра кезінде де осындай бұзылыстар байқалады. Пневмо- және менингококктармен шақырылған жұқпалар да, әсіресе герпетикалық жұқпамен әсерлескен кезде, адаптивті иммунитеттің Т-жасушаларының әлсіреуі орын алады. Сонымен қатар, адаптивті жасушалық иммунитеттің ақаулықтары көк жөтел, сүзек, скарлатина, бруцеллез және басқа жұқпалы аурулар кезінде қалыптасады.
Жиілігі жоғары болғандықтан созылмалы стрепто- және стафилококктық жұқпалармен шақыралатын иммунитет бұзылыстары жеке орын алады. Аталған патология кезінде жасушалық иммунитеттің төмендеуіне қоса В-лимфоциттердің күрт белсенуі және айқын аутоиммундық компоненті бар жұқпалы-аллергиялық ауралардың дамуы байқалады. Бұл жағдай постинфекциялық ревмокардиттердің, ревматоидтық қызбаның, гломерулонефриттердің, реактивті артриттердің, геморрагиялық васкулиттердің патогенездерінің негізінде жатыр.
· Вирустық жұқпалар:
- жедел (қызылша, қызамық, грипп, паротит, жел шешегі, жедел вирустық гепатит);
- персистенциялайтын (жеделасты склероздаушы панэнцефалитпен әсерлескен қызылша, гепатита В созылмалануы, ұшық);
- туа біткен (цитомегаловирустық инфекция, қызамық);
- иммунды жүйенің вирустық жұқпалары (ЖИТС, цитомегаловирустық жұқпа, жұқпалық мононуклеоз).
Қызылша, қызамық, грипп, паротит кездерінде байқалатын адаптивті иммунитеттің Т-жасушалық бөлігінің күрт төмендеуі бактериалдық жұқпалардың жағаласуына негізгі себеп бола алады. Өте жиі, әсіресе грипп пен қызылша кездерінде бұл дефект нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділігінің бұзылстарына алып келеді. Нәтижесінде микробтарға қарсы қорғаныс одан әрі әлсізденіп, аутоиммунизацияға жол ашылады. Иммунды жүйені тікелей зақымдайтын вирустар да ерекше маңызды. Оларға адамның иммунды тапшылық вирусы (АИВ), Эпштейн-Барр вирусы және цитомегаловирус жатады. АИВ вирусы Т-хелперлерді зақымдайды, себебі олардың үстінде бұл вирусқа рецептор болатын CD4 нәруызы орналасқан. Жұқпалы мононуклеоздың вирусы (Эпштейн-Барр вирусы) таңдаулы түрде беттерінде оның рецепторлары бар В-лимфоциттерді зақымдайды.
Иммунды тапшылықты, сонымен қатар, созылмалы түрде тимустың тінін зақымдайтын коксаки, қызылша, қызылшалық қызамық, паротит вирустары шақыра алады. Бұл жағдайда тимуста қабыну-деструктивтік үрдіс – вируспен индукцияланған аутоиммунды тимит дамиды. Нәтижесінде Т-лимфоциттердің жетілу мен миграциялау үрдістері бұзылады. Науқастарда жасушалық иммунитеттің жетіспеушілігі дамиды. Аутоиммунды және аллергиялық арулар жиі пайда болып дамиды. Аталған көріністермен қатар тимус гормондарының түзілуі де бұзылады.
· Протозойлық және гельминттік инвазиялар(малярия, трипаносоматоз, лейшманиоз, шистосомоз, трихинеллез и др.).
Екіншілік иммунды тапшылықтар бір қатар жұқпалы емес аурулар кезінде де қалыптасуы мүмкін:
· Адренокортикотропты гормон мен глюкокортикостероидтердің гиперпродукциясымен сипатталатын эндокринді аурулар кезінде. Бұл жағдайлар, көбінесе, глюкортикостероидттердің жоғары концентрациясында иммунды депрессия шақыратын қасиетіне байланысты.
· Бауыр, асқазан-ішек жолдарының және бүйректің созылмалы ауру кездерінде тамақтың өнделуі мен қортылуының бұзылуынан және витаминдердің өндірілуі, нәруыздар метаболизмі және басқа алмасу үрдістерінің бұзыластармен байланысты.
· Сонымен қатар, онкологиялық аурулар кезінде дамитын екіншілік ИТЖ жеке топты құрады. (“Ісікке қарсы иммунитет” бөлімін қараңыз).
Ятрогенді факторлар
Екіншілік иммундытапшылықтардың қалыптасуына ятрогенді факторлар да қатысуы мүмкін. Оларға, біріншіден, дәрілік препараттар жатады.
Көптеген эксперименталды жұмыстарда және клиникалық тәжирибелерде цефалоспориндік және фторхинолондық тізбектің антибиотиктерінің, левомицетиннің, стрептомициннің, тетрациклиннің, туберкулезге және саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктердің иммундыдепрессиялық әсері табылған.
Антибиотиктердің ең айқын иммундыдепрессиялық әсерлері ретінде вирустарға қарсы иммунитеттің төмендеуі, Т-лимфоциттердің функционалды белсенділігінің тежелуі, нейтрофилдер мен макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігі азаюы болып табылады.
Онкологиялық, лимфопролиферативті және аутоиммундық аурулардың ем шарасы ретінде, сонымен қатар трансплантация кезінде қолданылатын дәстүрлі иммунодепрессанттар мен цитостатиктер деиммуносупрессиялық әсер көрсетеді.
Күшті иммундысупрессиялық әсер кортикостероидті гормондармен емдеу кезінде де байқалады. Физиологиялық концентрациялардан тым жоғары мөлшерлерде кортикостероидті гормондар иммундыхабарлы жасушалардың миграциясы мен рециркуляциясын тежейді, белсенділіктерін басып, тіпті тікелей лимфоцитотоксикалық әсер де көрсете алады.
Қазіргі кезде ауруханаішілік госпиталды жұқпалардың - медициналық мекемелерде болатын қоздырғыштар шақырған жұқпалы үрдістердің жиілігі өсуде.
Госпиталды жұқпалар келесі себептерден пайда болады:
Біріншіден, науқастың негізгі ауруы екіншілік иммундытапшылықты бұзылыстарды шақырады.
Екіншіден, көптеген дәрілік заттар (антибиотиктер, сульфаниламидтер және т.б.) аутомикрофлораның қарапайымдалуына себепкер болады, антибактериалды терапияға резистентті, патогенді штамдардың селекциясын индукциялайды және екіншілік ИТЖ қалыптасуына қатысады.
Үшіншіден, нуқастардың микроорганизмдердің госпиталды штаммдарымен жұқпалануы жоғарылауы үлкен қауіп төндіреді. Ауруханаішілік жұқпаларға 2000–нан астам патогенді және шартты – патогенді микроорганизмдер жатады. Олар аурухана ішінде ондаған жылдар бойы өмір сүріп, кейде, көптеген антибактериалды препараттарға бірдей полирезистентті болады. Оларға стафилококктар, көкіріңді таяқша, псевдомонадалар, респираторлық энтеро және ротавирустар, гепатит А вирусы, анаэробты бактериялар, көгеру және ашытқы саңырауқұлақтары, легионеллалар және т.б. жатады.
Төртіншіден, бүгінгі медицинаға сәйкес инвазивті агрессия. Қазіргі таңда медицинада саны 3000 – нан астам түрлі манипуляциялық кіріспелер қолданылады – катетеризация, бронхоскопия, плазмоферез, зондтау және т.б.. Медициналық күрделі аппараттардың (наркоздық, жасанды қанайналым аппараттары, оптикалық техника) ішілік контурлары нашар дезинфекцияланып госпиталды жұқпалардың себебі болуы мүмкін.
Хирургиялық кіріспелер кезінде науқас ағзасында иммундық жүйені әлсіздететін стресстік реакция дамиды. Сонымен қатар, наркозда қолданылатын препараттар да иммунодепрессивті әсер шақырады және де операция жасалған ағзаның қызметтерінің бұзылуы иммунды тапшылыққа әкелуі мүмкін.