Жедел аппендицит, асҚынулары

1. Аппендэктомия жасалған науқаста 4-ші тәуліктен бастап жергілікті ауырсыну азаюы аясында жалпы жағдайының нашарлауы пайда болды – температура жоғарылауы, гектикалық сипатта, лейкоцитоз жоғарылауы. Жамбас тереңінде орташа ауырсыну, ауыспалы дизуриялық құбылыстар, тенезмалар пайда болды. Сипатталған көріністің себебін анықтауды сіз қандай қосымша әдістен бастайсыз?

2. Хирургиялық ауруханаға түскен егде жастағы науқас әйелде ауру басталғаннан 3-ші тәулікте жедел аппендицит диагнозы қойылды. Қынаптық және ректальды зерттеуде пальпация кезінде аппендикулярлы инфильтрат деректері анықталмады. Науқасқа операция жасауға шешім қабылданды. Құрсақ қуысы ашылды, онда аппендикулярлы инфильтрат анықталды. Сіздің ары қарай қолданатын әрекетіңіз қандай?

3. ЖМКА қабылдау бөлімшесіне үнемі іштегі қатты ауырсыну шағымымен науқас әйел түсті. Динамикада ауырсыну синдромы үдей түсті, іште ауырсынудың орын ауыстыруы байқалады. Сіздің диагнозыңыз?

4. Жедел аппендицитке байланысты 7 сағат бұрын операция жасалған науқаста әлсіздік, бас айналу, тамыр соғысы – 116 рет/мин пайда болды. Іші жұмсақ, операциядан кейінгі жара аймағында ауырсынады. Іштің алшақ жерлерінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, оның шекарасы науқас бүйіріне жатқанда ығысады. Лейкоциттер -9,3х1О/9 1 мкл-де, гемоглобин-128 г/л. Сіз қандай асқынудан күдіктенесіз?

5. Жас науқас әйел қабылдау бөлімшесіне түсті, онда диагностикалық палатада терапевт бақылауында болды. Кенеттен 8 сағат бұрын түнгі уақытта ауырған. Іштің төменгі бөлімдерінде қатты ауырсыну синдромынан оянып кеткен, көбірек илеоцекальды аймақта. Іші аздап үрленген. Температура-38С. Щеткина-Блюмберг симптомы айқын. Оң жақ мықын аймағында бұлшықеттер қатайған. Жедринский симптомы айқын. Вагинальды зерттеу кезінде оң жақ күмбез аймағында ауырсыну. Сіздің диагнозыңыз?

6. Хирургиялық бөлімшеге жүктіліктің 36-шы аптасындағы науқас әйел түсті. Зерттеу кезінде жедел деструктивті аппендицит диагнозы қойылды. Сіздің тактикаңыз:

7. Бала жастағы жедел аппендицит өзінің клиникалық ағымы бойынша қарт және егде жастағы адамдардан ерекшеленеді:

8. Ауруханада оң жақ мықын аймағындағы аппендикулярлы инфильтратқа байланысты бақыланған науқаста 6-шы тәулікте оның іріңдеуі белгілері пайда болды. Абсцесті дренаждауға қалай енуге болады?

9. Жедел флегмонозды аппендицит және диффузды перитонитке байланысты оң жақ мықын аймағына ену арқылы операция жасалған науқаста операциядан кейін 12-ші тәулікте оң жақтық диафрагмаастылық абсцесс диагностикаланды. Оның түзілуіне не себеп болуы мүмкін?

10. Әйелдерде жедел аппендицит пен патологиялық жатырдан тыс жүктіліктің дифференциальды диагностикасында қандай зерттеу әдістері аса ақпаратты?

11. Жедел аппендициттің катаральды және флегмонозды формаларында оперативті араласудың ерекшеліктері неге негізделеді?

12. Емханада науқасты қарау кезінде дәрігер аурудың клиникалық көрінісі негізінде «жедел аппендицит» диагнозын қойды, диагноз күмән туғызбайды. 3 сағаттан кейін хирургиялық бөлімшеде тексеру кезінде науқас жағдайы субъективті жақсарды, оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну мазаламайды, жедел аппендициттің басқа белгілері сақталды, лейкоцитоз -14000, t° - 37,6°С. Спонтанды ауырсыну неліктен азайды?

13. Аппендикулярлы инфильтрат әдетте дамиды:

14. Жедел аппендицитке байланысты аппендэктомиядан кейін қандай жағдайда құрсақ қуысының тампонадасы көрсетілген:

15. Кохер-Волкович симптомы патофизиологиялық тұрғыда неге сәйкес келеді?

16. 60 жастағы науқас оң жақ мықын аймағында ауырсыну пайда болғаннан 6 тәуліктен кейін түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. Температура – 37,2°. Іштің пальпациясы кезінде – оң мықын аймағында ауырсыну және шекарасы анық емес, ауырсынатын мөлшері 7×8 см тығыздалу анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы әлсіз оң. Ровзинг, Ситковский симптомдары оң. Лейкоцитоз – 10.2×10/9/л. Сіздің тактикаңыз қандай?

17. Ер адам 20 жаста. Ауру 6 сағат бұрын басталған, алғашында эпигастрийде кейін ауырсыну іштің оң жақ бөлігінде, әсіресе оң мықын аймағында локализацияланды. Температура – 37,6°. Тілі құрғақ. Іші үрленбеген, пальпацияда оң мықын аймағында айқын ауырсыну, сол жерде бұлшықеттер қатаюы және Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоциттер — 14.5×10/9/л. Сіздің ары қарай тактикаңыз?

18. 25 жастағы науқас Б. қабылдау бөлімшесіне оң мықын аймағындағы ауырсыну, жүрек айну, бір ретті құсу шағымдарымен түсті. 6 сағатқа жуық ауырады, ауырсыну эпигастрийде пайда болып, біртіндеп оң жақ мықын аймағына ауысты. Қарау кезінде іші дұрыс пішінді, тыныс алу актісіне қатысады, Образцов, Коуп симптомдары оң. Қан анализінде айқын лейкоцитоз, зәр анализінде жекелеген эритроциттер. Жоғарыда аталған симптомдар құрттәрізді өсіндінің қандай орналасуында кездеседі?

19. Әйел 32 жаста. Екінші жүктіліктің – 32 аптасы. Анамнезінде созылмалы калькулезді холецистит. 8 сағат бұрын эпигастрий аймағында аздаған ауырсыну пайда болды. Бір ретті құсу болған. 1,5 сағаттан кейін ауырсыну оң жақ қабырға асты аймағына ығысты. Ауырсыну тұрақты сипатты, иррадиациясыз. Дене температурасы – 32,7°. Лейкоциттер – 11,6×10/9/л. Тілі аздап құрғақ. Іші жатыр есебінен үлкейген. Пальпация кезінде қатайған және оң қабырға асты аймағында ауырсынады. Щеткин-Блюмберг симптомы айқын емес, Ровзинг теріс, Ситковский симптомы оң. Берілген жағдайда қандай аурулармен дифференциальды диагностика жүргізу қажет?

20. 65 жастағы науқас әйелде күмәнсіз жедел аппендицит. Ауру басталғаннан 5 тәулік өтті. Іштің пальпациясы кезінде аппендикулярлы инфильтрат анықталмайды. Науқасқа операция жасалды. Құрсақ қуысын ашқан кезде аппендикулярлы инфильтрат анықталды. Бұл жағдайда қандай шара қолданасыз:

21. Құрсақ қуысында іріңдік түзілуімен жүретін гангренозды өзгерген өсіндіні алып тастағаннан кейін науқасқа қандай инвазивті емес диагностикалық шара қолданасыз?

22. Құрттәрізді өсіндінің эмпиемасына қандай патоморфологиялық өзгерістер тән?

23. 76 жастағы науқасты үйінде қарау кезінде терапевт жедел аппендицитке күдіктенді, алайда диагнозға толық сенімділік жоқ. Ауру басталғаннан бері алты сағат өтті. Қандай шара қолдану керек?

24. Аппендэктомиядан кейін оң жақ мықын шұңқырына тампон енгізу мына жағдайда көрсетілген:

25. Хирургиялық бөлімшеде 18 сағат болған 23 жастағы науқаста динамикалық бақылауда жедел аппендицитті толығымен жоққа шығаруға болмайды. Сіздің емдеу тактикаңыз қандай?

26. 24 жастағы студент қыз жүрек айну, құсу, 4 сағатқа созылған кіндік аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Соңғы жарты сағатта ауырсыну іштің төменгі бөлігіне ауысты. Температура 37,8°С. Лейкоцитоз. Қандай диагноз болуы мүмкін?

27. 40 жастағы науқаста гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия операциясынан 2 күннен кейін ішек парезі, қалтырау дамыды, іштің оң жақ бөлігінде ауырсыну мазалай бастады, бауыры ұлғайып, сарғаю пайда болды. Ішастар тітіркену симптомдары жоқ. Жедел аппендицит асқынуларының қайсысы туралы ең алдымен ойлану керек?

28. Жедел аппендицит салдарынан ішастар арты кеңістігінің флегмонасы мына жағдайда дамиды:

29. Науқаста аппендэктомиядан кейін дене температурасының тәуліктік құбылуы, қатты терлеу байқалады, дәрігер қандай асқыну туралы ойлауы керек?

30. Әйел 32 жаста. Екінші жүктіліктің – 32 аптасы. Анамнезінде созылмалы калькулезді холецистит. 8 сағат бұрын эпигастрий аймағында аздаған ауырсыну пайда болды. Бір ретті құсу болған. 1,5 сағаттан кейін ауырсыну оң жақ қабырға асты аймағына ығысты. Ауырсыну тұрақты сипатты, иррадиациясыз. Дене температурасы – 32,7°. Лейкоциттер – 11,6×10/9/л. Тілі аздап құрғақ. Іші жатыр есебінен үлкейген. Пальпация кезінде қатайған және оң қабырға асты аймағында ауырсынады. Щеткин-Блюмберг симптомы айқын емес, Ровзинг теріс, Ситковский симптомы оң. Берілген жағдайда қандай аурулармен дифференциальды диагностика жүргізу қажет?

Ішек өтімсіздігі

1. Ургентті ауруханаға іштің оң жақ бөлігінде және кіндік маңы аймағында пайда болған қарқынды ауырсыну шағымдарымен жас әйел адам түсті. Қарау кезінде кіндік маңы аймағының үрленуіне байланысты іштің айқын ассиметриясы анықталды. Шиман-Данс симптомы анықталды. Іштің аускультациясы кезінде қатаң металликалық реңкі бар перистальтикалық шулар анықталды. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы кезінде шартәрізді үрленген ішек ілмегі және мөлшері 16 см дейін сұйықтықтың горизонтальды деңгейі анықталды. Сіздің диагнозыңыз және науқасты жүргізу тактикаңыз?

2. Науқасқа жедел ішек өтімсіздігіне байланысты операция жасалуда. Операция кезінде 1,5 м жуық жіңішке ішек 360°-қа бұралуы анықталды. Бұралуды жазғаннан кейін, шажырқайды новокаиндік блокада жасау және ішек ілмегін жылытқаннан кейін соңғысы цианоз дақтары бар қып-қызыл түске боялды, перистальтикасы жоқ, шажырқайдың терминальды бөлімдерінде пульсациясы анықталмайды. Хирургиялық тактиканың тиімді нұсқасын көрсетіңіз.

3. 50 жастағы науқас іште ұстама тәрізді ауырсыну, жүрек айну, бір ретті құсуға шағымданды. Қарау кезінде іш үрленуі анықталды. Пальпация кезінде іші жұмсақ, ішастар тітіркену симптомдары жоқ. Құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында «Клойбер тостағаншалары» анықталады. Сіздің диагнозыңыз?

4. Ішек өтімсіздігінің қандай түрінде тік ішектен қанды бөліністер байқалады?

5. Қайсысы паралитикалық ішек өтімсіздігі дамуының себебі болып табылмайды:

6.Ағза дегидратациясы қайсысында аса жылдам дамиды:

7. 66 жастағы науқасқа жедел ішек өтімсіздігіне байланысты операция жасалуда, алғашқы белгілері 3 тәулік бұрын пайда болған. Операция кезінде қуысын толық обтурациялайтын сигма тәрізді ішек ісігі анықталды. Ісіктен проксимальды тоқ ішек және мықын ішек күрт үрленген, сұйық және газға толған. Ісіктен дистальды сигма тәрізді ішек қабысқан күйде. Көрінетін метастаздар анықталмады. Науқасқа келесі көлемдегі операциялық араласуды жүзеге асыру керек.

8. 36 жастағы науқас әйел ауруханаға түсерден екі сағат бұрын кенеттен қатты толғақтәрізді іште ауырсыну ас қабылдағаннан кейін пайда болды. Көп ретті құсу, өте аз бір рет үлкен дәрет болды. Ауру алдында науқас өз бетімен бір апта бойы ашығу болған. Науқас жағдайы ауыр, мазасыз, төсекте тыныш жатпайды. Акроцианоз, бет әлпеті қиналған, тынысы жиілеген, тамыр соғысы 112 рет минутына, АҚ 100/60 мм рт.ст. Іші орташа үрленген, асимметриялы. Мезогастрийде тығыз эластикалық, дөңгелек пішінді түзілім пальпацияланады. Толғақ тәрізді ауырсыну шыңында күшейген, резонансты перистальтика естіледі. «Шалпыл шуы» анықталады. Дұрыс клиникалық диагнозды көрсетіңіз.

9. Соқыр ішек қатерлі ісігі бар науқаста жедел ішек өтімсіздігі дамыған. Шұғыл операция кезінде регионарлы лимфа түйіндері үлкеймегені, ісіктің алыс метастаздары жоқ екені анықталды. Бұл науқасқа келесі операцияны жасаған жөн:

10. 70 жастағы науқас әйелде бір тәулік бұрын сигматәрізді ішек бұралуы дамыды. Операция кезінде оның некрозы анықталған, тоқ ішек күрт үрленген. Бұл жағдайда оперативті араласудың тиімді нұсқасын көрсетіңіз.

11. 2 жыл бұрын көкбауыр жарылуына байланысты операция жасалған 42 жастағы науқас ауруханаға 2 сағат бұрын пайда болған іштегі өткір ауырсыну, жиі құсқысы келу шағымдарымен түсті. Ауырсыну толғақ тәрізді сипатты. Нәжісі, газ шықпайды. Мазасыз, қатты айқайлайды. Іші жоғарғы бөлігінде көбірек үрленген, перитонеальды симптомдар күдікті, алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттері қатайған. Рентгенологиялық көптеген деңгейлер және Клойбер тостағаншалары анықталды. Емдеу тактикасы?

12. 2 жыл бұрын көкбауыр жарылуына байланысты операция жасалған 42 жастағы науқас ауруханаға 2 сағат бұрын пайда болған іштегі өткір ауырсыну, жиі құсқысы келу шағымдарымен түсті. Ауырсыну толғақ тәрізді сипатты. Нәжісі, газ шықпайды. Мазасыз, қатты айқайлайды. Іші жоғарғы бөлігінде көбірек үрленген, перитонеальды симптомдар күдікті, алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттері қатайған. Рентгенологиялық көптеген деңгейлер және Клойбер тостағаншалары анықталды. Емдеу тактикасы?

13. 32 жастағы науқас Н. Травматология бөлімінде неврологиялық зақымданусыз омыртқаның компрессионды сынығына байланысты емделуде. Анамнезінде: 3 тәулік бұрын 3-қабаттан құла,ан. Үш тәулік бойы нәжіс және газ шықпауына, іш үрленуіне, іштегі орташа ауырсынуға шағымдары бар. Жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғысы 72 рет/мин. Іші орташа үрленген, ассиметриясы жоқ, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпацияда жұмсақ, барлық бөлімдерінде біркелкі ауырсынады. Перитональды белгілер және бұлшықеттер қатаюы жоқ. Болжам диагноз қойыңыз?

14. 32 жастағы науқас Н. Травматология бөлімінде неврологиялық зақымданусыз омыртқаның компрессионды сынығына байланысты емделуде. Анамнезінде: 3 тәулік бұрын 3-қабаттан құла,ан. Үш тәулік бойы нәжіс және газ шықпауына, іш үрленуіне, іштегі орташа ауырсынуға шағымдары бар. Жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғысы 72 рет/мин. Іші орташа үрленген, ассиметриясы жоқ, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпацияда жұмсақ, барлық бөлімдерінде біркелкі ауырсынады. Перитональды белгілер және бұлшықеттер қатаюы жоқ. Емдеу тактикасы:

15. Ауруханаға 3-дәрежелі сигматәрізді ішектің қатерлі ісігімен шақырылған обтурациялық ішек өтімсіздігімен 75 жастағы науқас әйел түсті. Науқасқа қандай шұғыл операция көрсетілген?

16. 63 жастағы науқас әйелді ұзақ уақыт бойы іш қату, іш үрлену, салмақ жоғалту мазалайды. Жуан ішекті зерттеудің қандай әдістерін тағайындау керек?

17. Егде жастағы науқас іштегі толғақтәрізді өткір ауырсыну, ассиметрия бар ауру басталғаннан 4 сағаттан кейін түскен науқаста қиындаған тыныс алу, перкуссия кезінде тимпанит анықталды. Тік ішекті саусақпен зерттеу кезінде тік ішек ампуласының балонтәрізді кеңеюі, анус салбырауы анықталады. Құрсақ қуысының рентгенограммасындажуан ішектің гиперпневматизациясы. Цеге-Монтейфель оң симптомы. Науқаста қандай ауру?

18. Жас жігіттің кенеттен артқы өтісте қанды бөліністер пайда болды. Іште ауырсыну синдромы, оң жақ мықын аймағында толғақтәрізді ауырсыну. Пальпация кезінде илеоцекальды аймақта «шұжықтәрізді», эластикалық, орташа ауырсынатын түзілім анықталады. Сіз қандай аурудан күдіктенесіз?

19. Жедел ішек өтімсіздігі дамыған науқастарды зерттеуде рентгенологиялық көрінісіне сәйкес келмейтін симптомды көрсетіңіз:

20. Дамыған жедел ішек өтімсіздігі кезінде дегидратацияның орта дәрежесін сипаттайтын қандай симптомдар?:

21. 34 жастағы науқас әйел ауруханаға түсерден 2 сағат бұрын ас қабылдаудан кейін кенеттен іште толғақтәрізді ауырсыну пайда болды. Көп ретті құсу, аз мөлшерде бір ретті үлкен дәрет болды. Ауру алдында науқас өз бетімен бір апта бойы ашығу болған. Науқас жағдайы ауыр, мазасыз, төсекте тыныш жатпайды. Акроцианоз, бет әлпеті қиналған, тынысы жиілеген, тамыр соғысы 112 рет минутына, АҚ 100/60 мм рт.ст. Іші орташа үрленген, асимметриялы. Мезогастрийде тығыз эластикалық, дөңгелек пішінді түзілім пальпацияланады. Толғақ тәрізді ауырсыну шыңында күшейген, резонансты перистальтика естіледі. «Шалпыл шуы» анықталады. Дұрыс клиникалық диагнозды көрсетіңіз.

22. 38 жастағы науқасқа асқазан перфоративті жарасы, жайылған серозды-фибринозды перитонитке байланысты операция жасалған. Префорация тігілді, құрсақ қуысына дренаждау жасалды. Операциядан кейін 3-ші тәулікте іш үрленуі, жүрек айну, бір реттік құсу пайда болған. Үлкен дәретке отырмаған, газ шықпаған. Қарау кезінде: науқас жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғысы – 88 рет минутына. Іші біркелкі үрленген, пальпацияда жұмсақ, операция алаңында ауырсынады. Ішастар тітіркену симптомдары жоқ. Перистальтикасы әлсіз, жекелеген толқындары бар. «Шалпыл шуы» анықталмайды. Құрсақ қуысы дренажынан ештеңе бөлінбейді. Құрсақ қуысы рентгенографиясында жекелеген ұсақ сұйықтық деңгейлері бар. Науқаста дамыған операциядан кейінгі кезеңдегі асқынуды көрсетіңіз:

23. Больной оперируется по поводу острой кишечной непроходимости. На операции обнаружен заворот около 1,5 м тонкой кишки на 360°. После расправления заворота, новокаиновой блокады брыжейки и согревания петли кишки последняя приобрела красный оттенок с пятнами цианоза, не перистальтирует, пульсация терминальных артерий брыжейки не определяется. Укажите оптимальный вариант хирургической тактики:

24. 62 жастағы науқас бөлімшеге іштегі толғақтәрізді ауырсыну, жүрек айну, құсу шағымдары бар ауру басталғаннан 12 сағаттан кейін түсті. Анамнезінде – аппендэктомия. Ауырсыну өсімдік текті ас қабылдағаннан кейін пайда болған. Науқас жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғысы – 92 рет минутына. Іші орташа үрленген, оң жақ мықын аймағының салбырауы байқалады. Жоғарылаған тоқ ішек проекциясында жұмсақ эластикалық ісік тәрізді, пішіні овальды түзілім пальпацияланады. Перистальтика күшейген, резонансты реңкі бар. Ректальды зерттеу кезінде тік ішектен қанды бөліністер анықталады. Ирригоскопия жасалған, «екі тісше» симптомы анықталды. Дұрыс клиникалық диагнозды көрсетіңіз:

25. Науқасқа жедел ішек өтімсіздігіне байланысты шұғыл операция жасалды. Операция кезінде сигматәрізді ішектің 360°-қа бұралуы анықталды. Көлденең тоқ ішек пен төмендеген тоқ ішек үрленген, сұйықтық пен газға толы. Мықын ішек диаметрі қалыпты. Бұралу орнына келтірілді, новокаин ерітіндісімен шажырқайға блокада жасалды, ішек жылытылды. Сигматәрізді ішек тіршілікке қабілетті деп танылды. Операцияны тиімді аяқталуы болып табылады:

26. 67 жастағы науқасты жарты жыл бойы 3-4 күнге созылатын іш қатулар, нәжісте шырыш пен күңгірт қан қалдықтары пайда болуы мазалайды. Ауруханаға түсерден 2 тәулік бұрын іште толғақ тәрізді ауырсыну пайда болды, газ шықпайды, үлкен дәретке отырмаған. Науқас жағдайы орташа ауырлықта. Іші үрленген, ішек перистальтикасы көрінеді. Пальпация кезінде іші жұмсақ, барлық бөлімінде орташа ауырсынады. Күшейген ішек шулары тыңдалады. Ректальды зерттеу кезінде сфинктер атониясы анықталады, саусақ биіктігінде патология жоқ. Сифонды клизма жасау кезінде тік ішекке 500,0 мл-ден көп емес су құйылады. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясында көптеген жіңішке, жуанішектік үстінде газ бар сұйықтық деңгейлері анықталады. Дұрыс клиникалық диагнозды көрсетіңіз:

27. Ішек өтімсіздігіне байланысты шұғыл операция жасалған 70 жастағы науқас әйелде өтімсіздік себебі сигматәрізді ішек қуысын обтурациялайтын нәжістік тас екені анықталды. Ішек тіршілікке қабілетті. Оперативті араласу көлемі қандай?

28. 80 жастағы науқас әйелде жедел ішек өтімсіздігіне байланысты операция кезінде сигматәрізді ішек бұралуы және қабырғасының гангренасы анықталды. Құрсақ қуысында көп мөлшерде серозды экссудат. Емдеу тактикасы қандай?

29. Жедел ішек өтімсіздігі кезінде «шалпыл шуы» пайда болуы түсіндіріледі:

30. Сигматәрізді ішек бұралуына тән емес симптомды көрсетіңіз:

Перитонит

1. Перитонитке тән емес клиникалық белгіні көрсетіңіз

2. 40 жастағы науқасқа ауру басталғаннан 1,5 тәуліктен соң орталық лапаротомиялық ену арқылы операция жасалды. Құрсақ қуысының ревизиясы кезінде құрсақ қуысының төменгі қабатында ішастар ісінуі мен гиперемиясы және фибрин жабындысы, кіші жамбас қуысында іріңді перитонеальды экссудат анықталды. Құрттәрізді өсінді қалыңдаған, қатайған, қою-қызыл түсті, ірің шығатын перфорациялық тесігі бар. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз

3. Құрсақ қуысы абсцестерін диагностикалауға мүмкіндік бермейтін әдісті табыңыз:

4. Жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын 60 жастағы науқас ауру басталғаннан 3 тәуліктен соң ауруханаға кейін бүкіл ішке таралған эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болған кезде түсті. Екі реет құсу болған. Науқас жағдайы ауыр. Есі шатасқан. Тері жабындылары бозғылт. Екі балтырының ісінуі бар. ТАЖ – 26 рет/мин, ЖСЖ – 120 рет/мин, АҚ - 90/60 мм с.б. Тілі құрғақ, жабылған. Іші тыны салу актісіне қатыспайды, қатайған, Щеткин-Блюмберг симптомы анықталған барлық бөлімдерде ауырсынады. Ішек шулары естілмейді. Тәуліктік диурез – 800 мл. Қан лейкоциттері – 15 х 10 9/л. гемоглобин – 131 г/л., зәр диастазасы – 64 ӘБ. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы кезінде диафрагма астында бос газ анықталады. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз:

5. Назоинтестинальды зонд қоюға көрсеткіштердің бірі жайылған іріңді перитонит. Перитонит кезінде бұл емдеу әдісін қолданудың патогенетикалық негіздейтін зонд негізгі функцияларына жатпайтынын көрсетіңіз:

6. Құрсақішілік қан кету мен перитонит арасында дифференциальды диагностика жүргізгенде төменде көрсетілген клиникалық симптомдардың ішінде тек қана перитонитке патогномиялығын табыңыз:

7. 33 жастағы науқас іштің төменгі бөліміндегі үнемі ауырсынуға, жүрек айну, құсу, дене температурасының 380С көтерілуіне шағымданды. Өзінің 2 тәулік бойы ауырғанын айтты, алғашында жүрек айну, іштің жоғарғы бөлімінде ауырсыну пайда болды. 6 сағаттан кейін ауырсыну оң мықын аймағына орын ауыстырды, бір реттік құсу болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғысы 90 рет/мин, АҚ 120/80 мм с.б. Тілі құрғақ, жабылған. Іші аздап үрленген, оң, сол мықын аймақтары және қасағаүсті аймағында ауырсынады, сол жерде бұлшықеттер қатайған және Щеткин-Блюмберг симтомы оң. Ішек шулары әлсіреген. Зәр шығару бұзылмаған. Ректальды зерттеу кезінде қабырға салбырауынсыз тік ішектің айқын ауырсынуы анықталды. Қан лейкоциттері – 15 х 109/л, ЭТЖ – 16 мм/сағ. Клиникалық диагнозды көрсетіңіз:

8. Перитонит кезінде оның себебі мен сипатының дифференциальды диагностикасында жоғары ақпаратты әдіс болып табылады:

9. Аталғандардың ішінен операциялық емді қажет етпейтін перитониттің клиникалық формасын көрсетіңіз:

10. Фибринозды-іріңді перитониттің жайылған формаларында перитонеальды экссудат микрофлорасының аса дәл сипаттамасы болып табылады:

11. Перитониттің берілген этиологиялық түрлерінің ішінен диагностикалау қиын және ағымы аса ауырын көрсетіңіз:

12. Берілген аурулардың ішінен патогенезінде аурудың ерте сатыларында бактериялық фактор маңызды рөл атқармайтынын табыңыз:

13. Берілген аурулардың ішіннен біреу перитонит себебі ретінде дұрыс көрсетілмеген:

14. Перитонит кезінде ауру аяқталуын анықтайтын факторға жатпайтынын табыңыз:

15. Қай симптом перитониттің кеш сатысына тән емес?

16. Шығу тегі аппендикулярлы және гинекологиялық перитонитті дифференциальды диагностикалауда аса дәл әдіс болып табылады:

17. Абдоминальды хирургияда құрсақ қуысына сатылық ревизия мен санациялауға көрсеткіш болып табылмайды:

18. Жергілікті перитонитпен перфорациялық аппендицитке операция жасалған науқаста операциядан кейін 3-ші тәулікте кеуде торының оң жақ бөлігінде ауырсыну, қалтырау пайда болды. Рентгеноскопия кезінде оң жақ плевралық синуста экссудат бар, диафрагманың оң күмбезі биік орналасуы және оның қозғалғыштығының шектелуі. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде диафрагмаасты кеңістігінде сұйықтығы бар көлемді түзілім анықталды. Қандай аурудан күдіктену керек?

19. 40 жастағы науқас ер адам 8 сағат бұрын ауырған, төс етегі астында кенеттен өткір ауырсыну пайда болды, кейін ауырсыну бұкіл ішке таралды, әсіресе оң жақ жартысына. Науқас еш қозғалыссыз жатыр. Іші тартылған, тақтай тәрізді қатайған, күрт ауырсынады, ішастар тітіркену симптомы оң, перистальтика естілмейді. Лейкоцитоз-1135О, АҚК жеткіліксіздігі жоқ. Диурез адекватты. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы кезінде диафрагма күмбезінің астында орақ тірңздң ауа жолағы. Қандай ауру деп ойлайсыз?

20. 30 жастағы ер адам 3 тәулік бұрын эпигастрий аймағында пайда болып, кейін бүкіл ішке жайылған үнемі ауырсынуға шағымданады. Бір тәулік бұрын бір реттік құсу болды, өз бетімен үлкен дәретке отырған. Тілі құрғақ, жабылған. Іші қатайған, барлық бөлімдерде, әсіресе оң жақ бүйір каналда көбірек ауырсынады. Перкуторлы – бүкіл іште тимпанит. Бауыр тұйықтығы сақталған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перистальтика естілмейді. Қан лейкоциттері 18 мың/мл, т/я-10%. Төменде аталған емдердің қайсысы ең орынды?

21. Жайылған перитониттің асқынған формасына тән аса кардинальды кеш симптомды көрсетіңіз:

22. Операциядан кейінгі перитониттер диагностикалық қиындықтар туғызады. Қандай симптом-кешен негізінде ағымы әлсіз, созылған перитонитке күдіктенуге болады?

23. Шұғыл түрде операция жасалып жатқан 53 жастағы науқаста операция кезінде келесі өзгерістер анықталды: париетальды және висцеральды ішастар гиперемияланған, ісінген, жіңішке ішек ілмектері газ және сұйықтыққа біршама толтырылған, фибрин жабындарымен жабылған, құрсақ қуысында барлық бөлімдерде 500,0 мл дейін іріңді-фибринозды экссудат. Құрт тәрізді өсінді гангренозды өзгерген, ұшында диаметрі 0,5 см-ге дейін перфорациялық тесік бар, жіңішке ішек ілмектерінің арасында әрқайсысында 50,0 мл ірің бар үш ішекаралық абсцесс анықталды. Сіздің интраоперациялық диагнозыңыз?

24. Шұғыл түрде операция жасалып жатқан 53 жастағы науқаста операция кезінде келесі өзгерістер анықталды: париетальды және висцеральды ішастар гиперемияланған, ісінген, жіңішке ішек ілмектері газ және сұйықтыққа біршама толтырылған, фибрин жабындарымен жабылған, құрсақ қуысында барлық бөлімдерде 500,0 мл дейін іріңді-фибринозды экссудат. Құрт тәрізді өсінді гангренозды өзгерген, ұшында диаметрі 0,5 см-ге дейін перфорациялық тесік бар, жіңішке ішек ілмектерінің арасында әрқайсысында 50,0 мл ірің бар үш ішекаралық абсцесс анықталды. Хирург қандай тактиканы таңдау керек?

25. 36 жастағы науқас әйел хирургиялық стационарға толық сау болған кезде 8 сағат бұрын пайда болған тұрақты, біртіндеп үдейтін іштің төменгі бөліміндегі ауырсыну шағымымен түсті. Объективті: іштің орташа үрленуі, іштің төменгі бөлімінде жайылған ауырсыну, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің орташа қатаюы. Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді. Тамыр соғысы – 100 рет/мин. Лейкоцитоз – 15,0х109/л. Сіздің болжам диагнозыңыз?

26. Кіндік аймағында іштің ауырсынуы, іш үрленуі, 2 тәулік бойы үлкен дәрет болмауы шағымдарымен науқас ер адам түсті. Толығымен зерттегеннен кейін: Паралитикалық ішек өтімсіздігі диагнозы қойылды. Төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысы орынды?

27. Науқасқа перитонитке байланысты операция жасалды. Операциядан кейінгі кезеңде энтеральды тамақтандыруды қашан бастаған орынды?

28. Науқас ер адам оң жақ мықын аймағында қарқынды ауырсыну, жүрек айну, бір реттік құсу, дене температурасының субфебрильдіге дейін жоғарылауы шағымдарымен түсті. Қарап тексеру барысында науқаста аппендикулярлы симптомдар және Щеткин-Блюмберг симптомдары оң. Операциялық ем жоспарлануда. Сіз қандай операциялық ену жолын таңдайсыз?

29. 30 жастағы ер адам эпигастрий аймағындағы «пышақ сұққандай» ауырсыну, жүрек айну, әлсіздік шағымдарымен түсті. Анамнезінде асқазанның ойық жара ауруы. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тілі құрғақ, іші қатайған, бүкіл іші күрт ауырсынады. Бауыр тұйықтығы анықталмайды. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің барлық бөлімдерінде оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?

30. 30 жастағы ер адам 3 тәулік бұрын эпигастрий аймағында пайда болып, кейін бүкіл ішке жайылған үнемі ауырсынуға шағымданады. Бір тәулік бұрын бір реттік құсу болды, өз бетімен үлкен дәретке отырған. Тілі құрғақ, жабылған. Іші қатайған, барлық бөлімдерде, әсіресе оң жақ бүйір каналда көбірек ауырсынады. Перкуторлы – бүкіл іште тимпанит. Бауыр тұйықтығы сақталған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перистальтика естілмейді. Қан лейкоциттері 18 мың/мл. Сіздің болжам диагнозыңыз?

Жарықтар

1. Аталған мүшелердің қайсысы оң жақтық сырғымалы қиғаш шап жарығы кезінде жарықтық қап қабырғасы бола алады?

2. 60 жастағы науқас оң жақ санның жоғарғы үштен бір бөлігінің ауырсынуы және сол жерде пальпацияланатын ісік тәрізді түзілім, температурасы 38°С шағымдарымен ауру басталғаннан 24 сағаттан кейін түсті. Қысылған сан жарығы диагностикаланды. Қысылған сан жарығын қандай аурумен дифференциальды диагностика жасау керек?

3. Ішкі жарықтар кезінде жіңішке ішек қысылуының ерте клиникалық көріністерін көрсетіңіз:

4. Аталған белгілердің қайсысы қысылған шап жарығыны ауруының ерте кезеңіне тән?

5. 70 жастағы науқас қысылған шап жарығымен шағымданды, терапевтті үйге шақыртқан. Қысылу ұзақтығы 10 сағат. Ішек өтімсіздігі белгілері бар, жарық бұлтию аймағы үстінде тері гиперемиясы. Науқасты қараған дәрігер әрекеті қандай?

6. Тұрпайы соматикалық патологиясы жоқ 80 жастағы науқасқа шап-ен жарығы жиі қысылуы кезінде не ұсыну керек?

7. Қысылған шап-ен жарығымен науқас ауру басталғаннан 3-ші тәулікте түсті. Температурасы 39°С дейін, гиперемия, еннің инфильтрациясы және ісінуі. Науқаста қандай асқыну байқалады?

8. Кіндік жарығы мен іштің ақ сызығының жарығы бар қарт науқастарда неліктен операция алдында асқазанын зерттеу қажет?

9. Берілген факторлардың ішінде қайсысы құрсақтық жарық пайда болуына ықпал етпейді?

10. 70 жастағы науқаста қысылуға бейімділігі бар сол жақтық қиғаш шап жарығы. Зәршығару бұзылуымен қуықасты безінің аденомасы бар. Сіздің кеңестеріңіз:

11. 40 жастағы науқаста оң жақтық шап жарығына байланысты операциядан 1 жылдан кейін қайтадан жарықтық бұлтию пайда болған. Сіздің әрекетіңіз:

12. Тік шап жарығы кезінде қандай белгі тән?

13. Қысылған шап жарығына байланысты жарықты кесу кезінде жарық қабында мықын ішек ілмегі анықталды. Мұқият ревизия кезінде шажырқай қантамырларының пульсациясы және ішек перистальтикасы жоқ екені, қабырғасы қошқыл қызыл екені анықталды. Хирург тактикасы қандай?

14. Қысылған шап жарығы бар науқасты хирургиялық ауруханаға тасымалдау кезінде жарық құрамының өздігінен орнына түсуі болды. Осы науқасқа қатысты қандай тактика қолданасыз?

15. Науқас әйелге сан жарығына байланысты операция жасағанда медиальды бағытта қысушы сақинаны кесу массивті қан кетуге әкелді. Қандай анатомиялық құрылым зақымданды?

16. Қиғаш шап жарығы кезінде шап каналының қай қабырғасы осал болып табылады? Науқасқа қандай операция әдісін қолданасыз?

17. Сырғымалы шап жарығының критериі:

18. Травматология бөлімшесінде жатқан 70 жастағы науқаста сол сан сүйегі сынығына байланысты қаңқалық тарту кезінде оң жақтық шап жарығының қысылуы дамыды. Сіздің тактикаңыз?

19. Қысылған шап жарығына байланысты жарықты кесу кезінде жарық қабында мықын ішек ілмегі анықталды. Мұқият ревизия кезінде шажырқай қантамырларының пульсациясы және ішек перистальтикасы жоқ екені анықталды. Қандай шара қолдау керек?

20. Жарықтың рихтерлік қысылуы деген не?

21. Шамадан тыс тамақтанатын және дене бітімі гиперстеникалық науқас әйел операциядан кейінгі вентральды жарыққа байланысты жоспарлы оперативті емделу үшін ауруханаға түсті. Жарық 25x30 см, орнына келетін. Науқасты операциядан кейін тексеру және дайындау әдістерін көрсетіңіз:

22. Өздігінен орнына келген қысылған жарық кезінде операцияға абсолютті көрсеткішті қай фактор анықтайды?

23. Көп сағат бұрын пайда болған қысылған шап жарығы кезінде қандай шара ең алдымен жасалуы керек?

24. ЖМКА қабылдау бөлімшесіне 10 жыл бойы шап-ен жарығынан зардап шегетін 50 жастағы науқас түсті. Науқас үйінде жарықты өздігінен орнына түсіруге әрекеттенген. Бұл қолынан келмеген. Науқас жағдайы нашарлаған, ол дәрігерге барды. Қабылдау бөлімшесінде гигиеналық ванна қабылдау кезінде жарық өздігінен орнына келді. Науқас өзін толығымен сау сезініп, үйіне сұранды. Дәрігер тактикасы қандай?

25. 70 жастағы науқас ауруханаға қысылған оң жақтық шап жарығымен түсті, анамнезінде жақында басынан өткерген миокард инфаркті. Науқас жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Тамыр соғысы 70 рет/мин, ырғақты, АҚ – 170/100 мм рт. ст. ЭКГ-да – сол қарынша гипертрофиясы, тәждік қанайналымның орташа жеткіліксіздігі. Тыныс алу мүшелері тарапынан – жасқа байланысты өзгерістер. Сіздің тактикаңыз қандай?

26. 35 жастағы науқас Б. Хирургиялық бөлімнің қабылдау бөлімшесіне іштің төменгі бөлімінде және санның медиальды бетінде ауырсыну шағымымен түсті. Қарап тексеру кезінде іші орташа үрленген, ішастар тітіркену симптомдары әлсіз оң. Пупартова байламынан төменіректе ауырсынатын бұлтию бар. Диагнозды нақтылау үшін құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы жасалды – Клойбер тостағаншалары анықталмады. Берілген жағдайда қысылудың қандай түрін қоюға болады?

27. Ұзақ уақыт бойы мөлшері үлкен емес орнына келетін кіндік жарығы бар 60 жастағы науқас әйелде кенеттен жарықтық бұлтиюы ұлғайды, ауырсыну сипаты өзгерді, жарық құрсақ қуысына толығымен орнына келуі жойылды. Пайда болған клиникалық симптоматиканың себебін көрсетіңіз:

28. 4-дәрежелі семіздігі бар науқас әйелде кенеттен іштің төменгі оң жақ бөлігінде төмен тартып ауырсыну пайда болды, оң санға иррадиация береді, құсу және бір ретті құсу болды. Шап қатпарынан төменірек ісіктәрізді түзілім пальпацияланады. Қандай ауру туралы сөз қозғалуда?

29. Қысылған шап жарығы кезінде жіңішке ішектің тіршілікке қабілетсіздігінің белгісін көрсетіңіз:

30. Қысылған шап жарығына байланысты операция кезінде жарық қабы ішінде ештеңе анықталмады. Қап қабырғалары гиперемияланған, құрсақ қуысынан серозды-іріңді экссудат түседі. Хирург әрекеті қандай?

Наши рекомендации