Дәрігер-интерндерге арналған қазақша тест. 6 страница

258.Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуында рентгенограммада анықталады:

1.Шекарасы анық емес, көлемі әртүрлі сүйек тінінің ыдырау ошағы;

2.Шекарасы анық, домалақ немесе сопақ пішінді, көлемі 5 мм дейінгі сүйек тінінің ыдырау ошағы;

3.Тістің түбір ұшында периодонт саңылауының кеңеюі;

4.Шекарасы анық, домалақ немесе сопақ пішінді, көлемі 1 см дейінгі сүйек тінінің ыдырау ошағы;

5.Түбір ұшында остеосклероз.

259. Түбірлері қалыптаспаған біртүбірлі тұрақты тістегі периодонттың созылмалы гранульденіп қабынуында грануляцияларды алғаннан соң, осы қабылдауда жүргізеді:

1. Қабынуға қарсы ем;

2.Түбір өзектерін пломбылау;

3.Физиотерапиялық шаралар;

4.Түбір өзегін ашық қалдырады;

5.Түбір өзегінде протеолитикалық ферменттері бар турунда қалдырады.

260. Пиелонефритпен ауыратын, уақытша тістердегі периодонттың созылмалы қабынуы бар балаларға жүргізілетін рационалды тактика:

1.Резорцин-формалин әдісін қолдану

2.Түбір өзектерін май негізіндегі пастамен пломбылау;

3.Тісті жұлу;

4.Түбір өзектерін кальций гидроксиді негізіндегі пастамен пломбылау;

5.Түбір өзектерін резорцин-формалин пастасымен пломбылау.

261. Сауыты бұзылған уақытша күрек тістердің түбір өзектерін пломбылайды:

1.Май негізіндегі мырыш тотығы пастасымен;

2.Фосфат-цементпен;

3.Күміс штифтпен;

4.Каласепт пастасымен;

5.Резорцин-формалин пастасымен.

262. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуінде тағайындайды:

1.Леворин және физиотерапия

2.Лонафтон және физиотерапия

3.Антибиотиктер, сульфаниламидтер және ас содасының жылы ерітінділерімен аузын шайқау;

4.Супрастин және ас содасының жылы ерітінділерімен аузын шайқау;

5.Клотримазол және ас содасының жылы ерітінділерімен аузын шайқау.

263. Түбірлері қалыптасқан, бір түбірлі тұрақты тістердегі периодонттың созылмалы қабынуын емдеуде жүргізген дұрыс:

1.Тіс қуысын ашу, түбір өзегіндегі ыдырандыларды алу, антисептикпен жуу, түбір өзегін пломбылау

2.Тіс қуысын ашу, оны кеңейту, сауыт және түбір ұлпа ыдырандыларын алу, түбір өзегін антисептикпен жуу, түбір ұшын кеңейту, түбір өзегін пломбылау;

3.Бірінші қабылдауда өтпелі қатпар мен көрші тістерді йод тұнбасымен өңдеу, тісжегі қуысын өңдеу, тіс қуысын кеңейту, тісті ашық қалдыру

4.Тіс қуысын кеңейту, түбір өзегіндегі ыдырандыларды алу, жылы ерітінділермен ауыз қуысын шайқауды тағайындау;

5.Түбір өзегіндегі ыдырандыларды алу, антисептикпен турунда салып, уақытша жабу.

264. Периодонттың жедел қабынуы мен периодонттың созылмалы қабынуының өршуін салыстырмалы нақтамалау үшін қолданылады:

1.Тістерді Шиллер-Писарев ерітінділерімен бояу;

2.Рентгенологиялық әдіс;

3. Тісті қағып тексеру;

4. Анамнез;

5. ЭОД.

265. Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуының рентгенограммадағы көрінісі:

1.Диаметрі 5 мм дейін, шекарасы анық, домалақ пішінді сүйек тінінің ыдырауы;

2.Шектелген аймақта периодонт саңылауының кеңеюі;

3.Барлық аймағында периодонт саңылауының кеңеюі;

4.Шекарасы анық емес сүйек тінінің ыдырауы;

5.От жалыны тәрізді сүйек тінінің ыдырауы.

266. Периодонттың жедел инфекциялық қабынуының клиникалық көріністері:

1.Тістерін түйістіргендегі ауыру сезімі, беттің жұмсақ тіндерінің ісінуі

2. Қызылиекте ірің бөлінетін жыланкөзның болуы

3. Таралатын ұстама тәрізді ауыру сезімі

4. ЭОД 20мкА дейін

5. Температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезімі

267. Түбір өзектерін антисептикалық өңдеуге қолданылатын дәрілік заттар:

1.Эфир

2.Спирт

3.Йодинол

4.Физиологиялық ерітінді

5.Шиллер-Писарев ерітіндісі

268. Түбірлері қалыптасқан, тұрақты тістің периодонтының жедел инфекциялық қабынуында, генер қабыну көріністері жойылмаса, екінші қабылдауда көрсетілген:

1.Тісті жұлу;

2.Түбір ұшы резекциясы;

3.Түбір өзектерін медикаментозды өңдеу, тісті ашық қалдыру;

4.Түбір өзектеріне қабынуға қарсы заттарды қалдырып пломбылау;

5.Түбір өзектерін медикаментозды өңдеу, түбір өзегіне антисептикпен турунда қалдырып, уақытша жабу.

269. Тұрақты тістердегі периодонт қабынуын емдеу тиімділігінің негізгі критериі:

1.Қозғалғыштықтың болмауы;

2.Қабыну рецидивінің болмауы;

3.Қызылиекте жыланкөзның болмауы;

4.Тістегенде ауыру сезімінің болмауы;

5.Рентгенограммада сүйек тіні құрылымын қалпына келтіру.

270. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуінде тіс қуысын ашқаннан кейінгі шұғыл көмек:

1.Қабынуға қарсы ем, ауызды жылы ерітінділермен шайқау тағайындау

2.Сауыт және түбір ұлпа ыдырандыларын алу, қабынуға қарсы ем тағайындау

3.Ұлпа ыдырандыларын алу, түбір ұшын кеңейту, түбір өзегін медикаментозды өңдеу, тісті ашық қалдыру, қабынуға қарсы ем, ауызды жылы ерітінділермен шайқау тағайындау

4.Тіс қуысын кеңейту, ауызды жылы ерітінділермен шайқау тағайындау

5.Өтпелі қатпарды тілу

271. Периодонттың жедел токсикалық қабынуының клиникалық көріністері:

1.Беттің жұмсақ тіндерінің ісінуі;

2.Клиникалық көріністер болмайды;

3.Тістерін түйістіргендегі ауыру сезімі;

4.Қызылиекте ірің бөлінетін жыланкөзның болуы;

5.Ұстама тәрізді, түнде туындайтын ауыру сезімі.

272. Периодонттың жедел қабынуының рентгенологиялық көрінісі:

1.Шекарасы анық сүйек тінінің ыдырау ошағы;

2.Шекарасы анық емес сүйек тінінің ыдырау ошағы;

3.Мәлімет бермейді және диагностикалық маңызы жоқ;

4.Түбір ұшы аймағында периодонт саңылауының кеңеюі;

5.Түбір ұшы аймағында периодонт саңылауының болмауы.

273. Түбір өзегін антисептикалық өңдеуге НЕҒҰРЛЫМ қолайлы дәрілік заттар:

1.Физиологиялық ерітінді;

2.Дистилденген су;

3.Мирамистин;

4.Спирт;

5.Эфир.

274. Созылмалы жайылмалы катаральды қызылиек қабынуының себебін атаңыз?

1.Жедел жарақат;

2.Тілдің үзеңгісінің қысқа болуы;

3.Идиопатиялық аурулар;

4.Эндокриндік аурулар;

5.Акаталазия.

275. Балалардағы пародонт ауруларының жергілікті факторларын атаңыз:

1.Тістердің тығыз орналасуы және олардың орналасу аномалиясы;

2.Асқазан ішек жолдарының аурулары;

3.Идиопатиялық аурулар;

4.Эндокриндік аурулар;

5.Гиповитаминоз С.

276. 10 жастағы баланы қарап тексергенде төменгі күрек тістердің мойын бөлігінің жалаңаштануы анықталды. 4.2, 4.1, 3.1, 3.2 тістердің қызылиек жиегімен өтпелі қатпар арасы 3мм. Осы клиникалық көрініс нені көрсетеді?

1.Кіреберісі таяз;

2.Прогнатиялық тістем;

3.Катаральды қызылиек қабынуы;

4.Төменгі еріннің үзеңгісінің төмен бекітілуі;

5.Атрофиялық қызылиек қабынуы, ауыз қуысының таяз кіреберісі

277. Пародонттың қабыну-деструкциялық ауруларының дамуына әсер ететін жергілікті факторлар:

1.Эндокриндік аурулар;

2.Жүйкелі-соматикалық аурулар;

3.Ағзаның реактивтілігінң төмендеуі;

4.Асқазан-ішек жолдарының аурулары;

5.Ауыз қуысының жүгеншелерінің бекітілу аномалиясы және таяз кіреберіс.

278. Пародонттың қабыну-деструкциялық ауруларының дамуына әсер ететін жалпы факторлар:

1.Қызылиектің механикалық зақымдануы;

2.Тістер мен жақтардың деформациясы;

3.Гиповитаминоз С, В, А;

4.Тістердің аномалиясы;

5.Тіс шөгінділері.

279. Тіс шөгінділерінің ішінде пародонт ауруларының пайда болуында маңызды орын алатын:

1.Жұмсақ тіс қақтары;

2.Тағам қалдықтары;

3.Тіс тоғасы;

4.Пелликула;

5.Бактериальды флора.

280. Пародонт ауруларының топтарының бөлінуі немен түсіндіріледі?

1.Онтогенетикалық дамудың бірауыздылығы, сонымен қатар патологиялық үрдістердің

қызметі мен дамуының жалпылануы;

2.Әр түрлі аурулар кезіндегі патоморфологиялық өзгерістердің жалпылануы;

3.Әр түрлі жастық кезеңдерде көріністердің ерекшелігімен;

4.Аурудың клиникалық көріністерінің ерекшелігімен;

5.Әр түрлі ауруларды емдеудің бірауыздылығы.

281. Қызылиектің бос бөлігін (маргинальды) жауып жатқан эпителий аталады:

1.Мүйізгектенбейтін көпқабатты жалпақ;

2.Мүйізгектенетін көпқабатты жалпақ;

3.Бір қабатты цилиндрлік;

4.Бір қабатты жалпақ;

5.Өтпелі.

282. Қызылиектің альвеолярлы (бекітілген) бөлігін жауып жатқан эпителий аталады:

1.Өтпелі;

2.Бір қабатты жалпақ;

3.Бір қабатты куб тәрізді;

4.Көп қабатты жалпақ мүйізгектенетін;

5.Көп қабатты жалпақ мүйізгектенбейтін.

283. Қандай ауруда пародонт тіндерінің дистрофиялық зақымдануы орын алады:

1.Пародонтоз;

2.Пародонтома;

3.Пародонт қабынуы;

4.Қызылиек қабынуы;

5. Пародонттың идиопатиялық аурулары.

284. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы пародонт ауруларының дамуына НЕҒҰРЛЫМ әсер етеді?

1. Иммунореактивтіліктің төмендеуі;

2.Окклюзионжы жарақат;

3.Генетикалық сәйкестігі;

4.Алиментарлыфактор;

5.Микробты фактор.

285. Пародонттың қай ауруында катаральды, ойық жаралы және өсіп кеткен түрлері кездеседі:

1.Пародонтоз;

2.Пародонтома;

3.Пародонтолиз;

4.Пародонт қабынуы;

5.Қызылиек қабынуы.

286. Пародонт тіндерінің қанмен қамтамасыздануының зерттеу әдістері (қанмен қамтамасыздануының интенсивтілігін, тонусын, қан тамырлардың эластикалық жағдайын анықтау) қалай аталады?

1.Полярография;

2.Капилляроскопия;

3.Эхоостеометрия;

4.Реопародонтография;

5.Биомикроскопия.

287. Кулаженко бойынша вакуум сынамасын жүргізгенде гематомалардың пайда болу уақытының қысқаруы көрсетеді:

1.Пародонттың қан тамырларының қабырғаларының өткізгіштігінің жоғарылауы

мен эластикалық жағдайының төмендеуін;

2.Тіс – қызылиектің бекітілуінің бүтінділігінің бұзылуын;

3.Қызылиектің оттегінің балансының бұзылуын;

4.Қызылиекте гликогеннің болуын;

5.Қызылиектің ісінуі жоқ.

288. Қызылиекте гликогеннің жиналуының анықталуы қандай сынамасының көмегімен жасалады?

1.Айнамо сынамасы;

2.Кулаженко сынамасы;

3.Ясиновский сынамасы;

4.Шиллер-Писарев сынамасы;

5.Эпителий бүтіндігінің сынамасы.

289. Балалардың қызылиегінің қабынуын анықтауға қандай зерттеу әдісін қолданады?

1.Грин –Вермильон бойынша гигиеналық индексті анықтау;

2.Шиллер-Писарев сынамасы;

3.РМА индексін анықтау;

4.ПИ индексін анықтау;

5.Рентгенологиялық.

290. Кулаженко сынамасын жасағанда фронтальды тістердің аймағында гематоманың пайда болу уақыты:

1.10-20 с

2.70-100 с

3.50-60 с

4.30-40 с

5.70-80 с

291.Төменде көрсетілген патологиялық үрдістердің қайсысы созылмалы жайылмалы пародонт қабынуына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1.Пародонт тіндерінің қабыну-деструкциялық үрдісі;

2.Пародонт тіндерінің қабыну-дистрофиялық үрдісі;

3.Қызылиектің қабыну үрдісі;

4.Идиопатиялық үрдісі;

5.Ісік тәрізді үрдіс.

292. Иммунологиялық тесттерді жасайды:

1.Әр тістің пародонтының жағдайын бағалау үшін;

2.Пародонттың қантамырларының қызметтік жағдайын бағалау үшін;

3.Қызылиектегі қабыну үрдісінің белсенділігінің дережесін бағалау үшін;

4.Жасалып жатқан емнің нәтижесі, пародонт ауруының ауырлығын бағалау үшін;

5.Пародонттағы үрдістің ауырлығы мен белсенділігін бағалау, ауруды болжамдау үшін.

293. Лизоцимнің, протеолитикалық ферменттер белсенділігінің, сілекейдің рН құрамы бойынша анықтайды:

1.Пародонттағы үрдістің ауырлығы мен белсенділігін, ауруды болжамдау;

2.Пародонт ауруының ауырлығын, өткізіліп жатқан емнің нәтижесін;

3.Қызылиектегі қабыну үрдісінің белсенділігінің дәрежесі;

4.Пародонттың қантамырларының қызметтік жағдайын;

5.Әр тістің пародонтының жағдайын

294. Пи индексін бағалайды:

1.Әр тістің пародонтының жағдайы;

2.Пародонттың қантамырларының қызметтік жағдайы;

3.Қызылиектегі қабыну үрдісінің белсенділік дәрежесі;

4.Пародонт ауруының ауырлық дәрежесі, өткізіліп жатқан емнің нәтижелілігі;

5.Пародонттағы үрдістің ауырлығы мен белсенділігі, ауруды болжамдау.

295.Қызылиектегі қабыну үрдісінің белсенділік дәрежесі анықталады:

1.Эпителидің бүтіндігінің сынамасы;

2.Шиллер-Писарев сынамасы;

3.Ясиновский сынамасы;

4.Кулаженко сынамасы;

5.Айнамо сынамасы.

296. Пародонт қалтасында не бар екенін анықтау үшін қолданылатын сынама:

1.С-дәрумені;

2.Трипан көгі;

3.Бензидин сынамасы;

4.Амидопирин сынамасы;

5.Фенолфталеин сынамасы.

297. Пародонт тіндерінің зақымдану тереңдігінің көрсеткіші:

1.Пародонт қалтасының болуы;

2.Қызылиектің қанағыштығы;

3.Тістердің қозғалғыштығы;

4.Жалқықтың болуы;

5.Тіс шөгінділері.

298. Пародонт ауруларының зертханалық нақтамалау әдістеріне жатады:

1.Пародонт қалтасының тереңдігін анықтау;

2.Эпителий бүтіндігін анықтау сынамасы;

3. Федоров-Володкина сынамасы;

4.КПЖ индексін анықтау;

5.Цитологиялық.

299. Федоров-Володкина сынамасын қандай мақсатпен қолданады:

1.Эпителийдің бүтіндігін анықтау үшін;

2.Ауыз қуысының гигиеналық жағдайын анықтау;

3.Организмнің С дәруменімен қанықтығын анықтау үшін;

4.АҚШҚ байланыстырушы тіндердің белсенділігін анықтау үшін;

5.Қабынған қызылиекте гликогеннің интенсивтілігін анықтау үшін.

300. Пародонттың тірек құрылымының қабыну және деструкциялық зақымдануларын салыстыру мақсатында ауырлық дәрежесін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі қолданылады:

1.Реопародонтография;

2.Рентгенологиялық;

3.Люминесценттік;

4.Серологиялық;

5.Биохимиялық.

301. Парм сынамасы нені анықтау үшін қолданылады:

1.Жасырын ісікті;

2.Қабынудың таралуын;

3.Қызылиектің қанағыштығын;

4.Пародонт қалтасында іріңнің болуын;

5.Қызылиек астылық тіс тастарының болуын.

302. Жедел қабынуда қызылиек:

1.Ақшыл-қызыл түсті;

2.Айқын-қызыл түсті;

3.Бозғылт түсті;

4.Көкшіл түсті;

5.Ақ-сұр түсті.

303. Ісіну, қызару, қызылиектің қанауы, пародонт қалтасы ненің симптомдары болып табылады:

1.Пародонтоз;

2.Пародонтомалар;

3.Пародонт қабынуы;

4.Қызылиек қабынуы;

5.Пародонт қабынуының агрессивті тез дамитын түрі.

304. Қызылиектің өсіп кету симптомы:

1.Жаралы қызылиек қабынуы;

2.Атрофиялық қызылиек қабынуы;

3.Қызылиектің өсе қабынуы;

4.Катаральды қызылиек қабынуы;

5.Жергілікті пародонт қабынуы.

305. Пародонт қабынуының ауыр дәрежесіндегі пародонт қалтасының тереңдігі:

1.2-3мм;

2.3-4мм;

3.4-5мм;

4.5-6мм;

5.8мм көп.

306. Пародонт қабынуының жеңіл түрінде сүйек тінінің рентгенологиялық көрінісінің ерекшелігі:

1.Компакты пластинкалардың резорбциясы және альвеола аралық бөліктің сорылуы

түбірдің ұзындығының 1/3 дейін;

2.Альвеола өсіндісі сүйек тінінің семуі түбірдің ұзындығының ½ дейін;

3.Альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістер жоқ;

4.Альвеолааралық бөліктің біркелкі емес семуі;

5.Компакты пластинканың семуі.

307. Пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі:

1.Қалталары жоқ;

2.Жалған қалталары бар;

3.Қалтаның тереңдігі 8 мм көп;

4.5-7 мм дейін тереңдікте қалталары бар;

5.3,5 мм дейін тереңдікте қалталары бар.

308. Тістердің қозғалғыштығының I-II дәрежесіне сәйкес келеді:

1.Пародонт қабынуының орташа дәрежесі;

2.Пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

3.Пародонт қабынуының ауыр дәрежесі;

4.Пародонтоздың жеңіл дәрежесі;

5.Пародонтоздың ауыр дәрежесі;

309 . Бала 15 жаста. Қызылиегіндегі ауру сезіміне, керілу сезіміне, тістерін тазалағанда, қатты тамақ жегенде қызылиегінің қанауына шағымданады. Анамнезінен: бір жыл бұрын қызылиегін емдеткен. Объективті: көкшілденген қызылиегінде ісінген және қызырған аймақтар бар, шұқығышпен тиіп кеткенде қанағыштығы анықталады.Пародонт қалталары жоқ. Рентгенограммада: сүйек тінінде деструкциялық өзгерістер жоқ. Нақтама қойыңыз:

1.Ойық жаралы қызылиек қабынуы;

2.Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

3.Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы;

4.Қызылиектің өсе қабынуының фиброзды түрі;

5.Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі.

310. Бала 13 жаста. Шағымы: қатты тағамды тістеп көргенде ауыратынына, қызылиек қанағыштығына, 1.3 тістің аймағында қызылиектің өсіп кетуіне. Анамнезінен қызылиек 2 ай бұрын өсіп кеткен.1.3 тістің апроксимальды бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс аралық жанасу бұзылған. Тісаралық бүртіктің көлемі ұлғайған, қызарған, тісжегінің ішіне толып кеткен және 1.3 тістің кесу қырына дейін жеткен. Рентгенограммада сүйек тінінде ешқандай өзгерістер жоқ. Нақтама қойыңыз.

1.Эпулис;

2.Жедел ошақты қызылиек қабынуы;

3.Жедел жайылмалы пародонт қабынуы;

4.Созылмалы ошақты қызылиектің өсе қабынуы;

5.Созылмалы жайылмалы қызылиектің өсе қабынуы;

311. 14 жастағы науқас әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, ауыз қуысында ауру сезіміне, аузынан жағымсыз иістің шығуына, қызылиектерінің қанағыштығына шағымданады. Объективті: ауыз қуысында ісінген, қызарған қызылиекте өліеттенген, лас-сұр түсті қабықпен жабылған аймақтар көрініп тұр. Пародонт қалталары жоқ.Сіздің болжам нақтамаңыз.

1.Қызылиектің өсе қабынуы;

2.Ойық жаралы қызылиек қабынуы;

3.Созылмалы пародонт қабынуының өршуі;

4.Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы;

5.Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы;

312. Тістем аномалияларымен байланыстағы пародонт ауруларын алдын алу қай жас кезеңінде неғұрлым тиімді болады?

1.Антенатальды кезең;

2.0 -ден 1 жасқа дейін;

3.10 жастан 15 жасқа дейін;

4.3 жастан 10 жасқа дейінгі кезең;

5.1 жастан кейін 3 жасқа дейінгі кезең.

313. Баланы профилактикалық тексеру кезінде алдыңғы тістер айналасында көп мөлшерде жұмсақ қақтар анықталды, Бұл тістердің айналасында қызылиек ісінген, борпылдақ, қанайғыш.

Осы патологияның дамуында төменде көрсетілгендердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ себепкер?

1.Соматикалық аурулар;

2.Тістердің тығыз орналасуы;

3.Уақытша тістердің ауысуы;

4.Тістемнің бұзылуы;

5.Кіреберістің таяздығы.

314. Дефлокулянтты және ингибиторлы кристаллизация дегеніміз:

1.Беткей- белсенді заттар;

2.Антимикробты және бактериальды әсері бар заттар;

3.Тіс тастарының пайда болуына қарсы әсер ететін заттар;

4.Қақтардың түзілуіне қарсы әсер ететін биологиялық белсенді заттар;

5.Қақтардың жойылып кетуіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар.

315.15 жастағы жасөспірімге дәрігер созылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі деген нақтама қойылған.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ маңызды болып келеді?

1.Тіс шөгінділерін алу;

2.Жарақаттық окклюзияны жою;

3.Қабынуды дәрілік заттармен басу;

4.Гелий-неонды лазерлерді тағайындау;

5.Пародонт және сүйек қалталарын жою.

316. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы пародонт ауруларының дамуына НЕҒҰРЛЫМ әсер етеді?

1. Иммунореактивтіліктің төмендеуі;

2.Окклюзионжы жарақат;

3.Генетикалық сәйкестігі;

4.Алиментарлыфактор;

5.Микробты фактор.

317.Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы пародонт қабынуының НЕҒҰРЛЫМ объективті клиникалық белгісі болып табылады?

1.Пародонт қалтасы;

2.Қызылиектің қызаруы;

3.Қызылиектің өсіп кетуі;

4.Қызылиектің қанағыштығы;

5.Аузынан жағымсыз иістің шығуы.

318. Микробты шөгінділердің дамуына әкелетін факторларды көрсетіңіз:

1.Пародонт тіндерінің қорғаныш механизмдерінің тежелуі

2.Рацион, тағам консистенциясы және оның кідіруі

3.Асқазан-ішек жолдарының патологиясы

4.Пародонттағы дегенеративті процестер

5.Сілекейдің физико-химиялық қасиеттері

319.Пародонттың қай ауруына төмендегі сипаттама НЕҒҰРЛЫМ тән:

Пародонт тіндерінің қабынуы, патологиялық қалталарының тереңдігі 5-6 мм, Воспаление тіс аралық қалқандардың ½ биіктіктегі резорбциясы, тістер қозғалғыштығы II-III дәрежелі, ығысқан, айқын жарақатты артикуляция, ағзаның жалпы жағдайы бұзылған.

1. Созылмалы жайылған пародонтоз ауыр дәрежелі;

2. Созылмалы жайылған пародонтит ауыр дәрежелі;

3.Созылмалы жайылған пародонтит орта дәрежелі;

Наши рекомендации