Пән: «балалар аурулары», балалар жұқпалы аурулар *3*105*2

#1720

*! Қабылдау бөлімшесіне 2 жастағы бала жеткізілген . Анасының айтуы бойынша екі күннен бері баланың дене қызуы 38,5С, құсу, нәжісі сұйық 10 рет тәулігіне. Қарағанда: көңіл-күйі бұзылған,әлсіз,су ішпейді, көзі шүңірейген. Іші қабысқан,ауырмайды.Нәжісі көп мөлшерде, сулы, "күріш қайнатпасы"тәрізді.

Аталғандардың ішінде емдеуде қандай терапия ең маңызды?

* гормональды

*+ регидратациялық

* антибактериальды

* симптоматикалық

* иммунотерапия

#1721

*! Қабылдау бөлімшесіне 10 жасар бала дене қызуының 39оС-қа дейін жоғарлауына,

әлісздік, бас ауру, ұйқының бұзылуы, іштің тәулігіне 5-7 ретке дейін өтуі, іштің ауруы мен жөтелге шағымдануымен жеткізіліді. Анасының айтуы бойынша бала 7 күн бойы аурады. Эпид.анамнез: бала жиі қайнатылмаған суды қолданады. Қарау кезінде: баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы - 38,5оС. Көз склералары инъекцияланған, коньюнктивалары қызарған. Ауыз-жұтқыншақта: бадамшалар кілегейлері гиперемияланған. Кеуде, іш терісінде полиморфты бөртпе. Іші кебіңкі, пальпация кезінде ауырады. Гепатомегалия. Қарау кезінде нәжісі ботқа тәрізді, сары түсті, кілегей мен қан жоқ. ЖҚА: лейкоциттер -8,5х109/л, с/ядр.-7%, т/ядр.-75%, ЭТЖ – 20 мм/сағ.

Қандай ем ең қолайлы?

* фитоем+ферментотерапия

* регидратациялық + антибактериалді

* гормонды ем+дегидратациялық

* серотерапия+антибактериалді

* базисті + симптоматикалық

#1722

*!Инфекционисттің кеңесіне 5 жасар бала жіберілді. Баланы ортопедиялық опреацияға дайындау барысындағы қанның биохимиялық анализінде АлАТ- 6,5 ммоль/л, АсАТ-3,7 ммоль/л екендігі анықталды. Маркерлік диагностикада - анти HАV IgМ табылды. Баланың ешқандай шағымдары жоқ.

Келтірілген әрекеттердің ішінде алдыменен жасайтын іс-әрекетініз

* интрон тағайындау

* +СЭС-ке жедел хабарлама беру

* тез арада ауруханаға жатқызу

* ошақтың шұғыл дезинфекциясы

* қарым қатынаста болғандарды анықтау

#1723

*! 7 жасар қыз бала сальмонеллез диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға түскеннен кейін 5 –ші күні көзі мен терісі аздап сарғайды, зәрінің түсі қарайды, үлкен дәреті түссізденді. Қанның биохимиялық анализінде билирубин 60 мкмоль/л, тікелей фракциясы- 40 мкмоль/л, АлАТ- 3,5 ммоль/л, АсАТ-2,7 ммоль/л.

Сіздің дұрыс тактикаңыз?

* СЭС-ке жедел хабарлама беріп сауыққанша бөлімшеде қалдыру

* СЭС-ке жедел хабарлама беріп ұсыныстармен үйге шығару

* маркерлі диагностикаға қан алып нәтижесі келгенше бөлімшеде қалдыру

* + СЭС-ке жедел хабарлама беріп баланы боксты бөлімшеге ауыстыру

* СЭС-ке жедел хабарлама беріп профильді бөлімшеге ауыстыру

#1724

*!7 жасар қыз бала сальмонеллез диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға түскеннен кейін 5 –ші күні көзі мен терісі аздап сарғайды, зәрінің түсі қарайды, үлкен дәреті түссізденді. Қанның биохимиялық анализінде билирубин 60 мкмоль/л, тікелей фракциясы- 40 мкмоль/л, АлАТ- 3,5 ммоль/л, АсАТ-2,7 ммоль/л. Маркерлы диагностикада анти HАV IgМ табылды.

Бала бұл ауруды қайда жұқтырды?

* ішек инфекциялар бөлімшесінде

* қабылдау бөлімінде

* ауруханаға түсерден бір күн алдын учаскелік дәрігердің қабылдауында

* жедел жәрдем көлігінде

* + ауруханаға түскенге дейін

#1725

*!5 жасар балаға клинико-лабораторлы көрсеткіштерге сүйене вирусты гепатит А, орташа ауырлықта деген диагноз қойылды. Бала көп балалы жанұядан, бір бөлмелі пәтерде тұрады.

Келтірілген әрекеттердің ішіндегі сіздің ең дұрыс тактикаңыз?

* ұсыныстармен үйге қалдыру

* +міндетті түрде ауруханаға жатқызу

* уйде қалдыру, бірақ басқа да балалармен ойнауға тыйым салу

* емханадағы күндізгі стационарда емдеу

* үйде стационар ұйымдастыру

#1726

*!12 жасар бала 8 күн бойы ауруханада вирусты гепатит, типті, орташа ауырлықта деген диагнозбен емделуде. Денесінің қышуына, іші мен аяғындағы қышу іздеріне шағымданды, терісі мен көзінің сарғаюы күшейді. Бауыры +4+4,5+5см-ге ұлғайған, тығыз-эластикалы консистенциясы. Көк бауыры үлкеймеген. Зәрі қарайған, нәжісі түссізденген. Қайта алынған қанның биохимиялық анализінде билирубин деңгейі 160 мкмоль/л –ге дейін жоғарылап кеткен, тікелей фракциясы - 110 мкмоль/л, АлАТ- 6,5 ммоль/л, АсАТ-3,7 ммоль/л. Маркерлы диагностикада анти HАV IgМ табылды.

Қай дәрілік препараттың тағайындалуы әсіресе тиімді?

* холасас

* интрон

* гепадиф

* + урсосан

* аллохол

#1727

*! 4 жастағы қызда кампилобактериоз диагностикаланған. Ауырғанына 5 күн. Жалпы жағдайы ауыр интоксикация белгілеріне байланысты: енжар,тәбеті күрт төмендеген. Дене қызуы 39,0С дейін жоғарлаған, жиі сүйық шырышпен қан аралас нәжіс, ішінің қатты ауруы, бас ауру байқалады. Гепатомегалия.

Кампилобактериоздың қандай көрінісі балалар хирургінің қарауын қажет етеді:

* + іштің қатты ауру сезімі

* жоғары температура

* жиі сүйық нәжіс

* баурдың ұлғаюы

* бас ауруы

#1728

*! 5 жастағы бала 4 күн бойы ауырды. Ауру дұрыс пісірілмеген сиыр етін жегеннен кейін басталды. Басталуы жедел қалтыраудан, дене Т 39,2С жоғарлауынан, 3-реттік құсудан, енжарлық, бас аурудан басталды. Сонан соң мезогастри аймағында толғақ тәрізді іш ауру байқалды; миалгия, артралгия. Нөжіс сүйық көп мөлшерде көпіршікті, жағымсыз иісті, тәулігіне 12-15 рет. Гепатомегалия. Нәжістен Campylobacter coli табылды.

Этиотропты ем жүргізу үшін қандай аталған дәрі дәрмектерді қолдану қажет:

* Цефтриаксон

* Цефтазидим

* +Азитромицин

* Флуконазол

* Фуразалидон

#1729

*! Бала 5 жаста, 3 ай бұрын гемотрасфузия жасалған, ауыр жағдайда түсті, дене қызыуының 39 С көтерілуінен басталып, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, ішінің ауруына шағымданады. Ауруының 7-ші күні 6 рет құсу пайда болған, анорексия анықталды. Бауыры +5,0 см және көкбауыры +2,0 см ұлғайған. Қанның ИФА анализінде: маркерлар анықталды HBsAg, анти НDVIgM, анти HBcorIgM.

Қандай ем маңыздырақ?

* өт айдағыш препараттар

* иммуномодуляторлар

*+ гормондар

* витаминдер

* ферменттер

#1730

*! Науқас 11 жаста. Шағымы жоқ. Тексеру кезінде гепатомегалия анықталды. Сарғыштық жоқ. ИФА қан анализінде анықталды: анти НСVIgM биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин 18 мкмоль/л, АЛТ-1,25, АСТ-0,9.

Қандай дәріні тағайындау қажетті?

* урсофальк

* декарис

*+ альфа-интерферон

* хофитол

* супрастин

#1731

*! Бала 5 жаста, 3 ай бұрын гемотрасфузия жасалған, ауыр жағдайда түсті, дене қызыуының 39 С көтерілуінен басталып, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, ішінің ауруына шағымданады. Ауруының 7-ші күні 6 рет құсу пайда болған, анорексия анықталды. Бауыры +5,0 см және көкбауыры +2,0 см ұлғайған. Қанның ИФА анализінде: маркерлар анықталды HBsAg, анти НDVIgM, анти HBcorIgM.

Науқасты жүргізу тактикасы қандай?

* амбулаторлы емдеуді ұсыну

*+жұқпалы ауруханада емдеу

* гастроэнтерологиялық бөлімшеде емдеу

* реанимация бөлімшеде емдеу

* емдеу және ауруханаға жатқызу қажет емес

# 1732

*! Науқас 13 жаста, гемодиализ қабылдаған, қанның биохимиялық анализінде анықталды: билирубин 18,9 ммоль/л, АЛТ 1,8 мккат/л, АСТ-0,7 мккат/л.

Диагноз қою үшін қандай зерттеу маңызды?

* ішкі ағзалардың УДЗ

* бауыр биопсиясы

*+маркерлік диагностика

* жалпы қан анализі

* коагулограмма

#1733

*! Бала 5 жаста, 3 ай бұрын гемотрасфузия жасалған, ауыр жағдайда түсті, дене қызыуының 39 С көтерілуінен басталып, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, ішінің ауруына шағымданады. Ауруының 7-ші күні 6 рет құсу пайда болған, анорексия анықталды. Бауыры +5,0 см және көкбауыры +2,0 см ұлғайған. Қанның ИФА анализінде: маркерлар анықталды HBsAg, анти НDVIgM, анти HBcorIgM.

Қандай көрсеткіштер көтерілуі мүмкін?

*+ Билирубин 180 мкмоль/л, АЛТ-17,69, АСТ-15,3

* Билирубин 80 мкмоль/л, АЛТ-0,45, АСТ-0,39

* Билирубин 20 мкмоль/л, АЛТ-0,45, АСТ-0,60

* Билирубин 16 мкмоль/л, АЛТ-0,5 , АСТ-0,3

*Билирубин 26 мкмоль/л, АЛТ-0,5 , АСТ-0,3

#1734

*!Бала 11 айлық, салмағы 10кг. 3 тәулік бойы ауырады. Анасының айтуы бойынша дене қызуы 37,5-38,20 дейін, мазасыз , ұйқысы нашар, 1-ші тәулікте 3 ретке дейін қайталамалы құсу, сулы , сары түсті, аз порциялы, газды нәжіс болған. қарау кезінде көзі кіріңкі, суды сұрап ішеді.

Сусызданудың жоспарлы еміне тән:

* жоспар А – 50мл сұйықтық 1 сағат көлемінде әр сұйық нәжістен кейін/ құсу

* жоспар А – 100 мл сұйықтық 1 сағат көлемінде әр сұйық нәжістен кейін/ құсу;

*+ жоспар Б – 750 мл сұйықтық ауыз арқылы 4 сағат ішінде

* жоспар В - 1000мл көктамыр ішіне 3сағат ішінде

* План В – 1000 мл көк тамыр ішіне 6 сағат ішінде

#1735

*! Жұқпалы аурулар ауруханасыны қабылдау бөліміне 5 айлық бала жеткізілді. Анасының айтуы бойынша 2 күн бойы дене қызуы38,5 градусқа дейін көтерілген, 2 рет құсу және сулы сары, сұйық нәжіс 6-7 ретке дейін болған. Бала мазасыз, суды шөлдеп ішеді.

Бұл жағдайда қандай ем көрсетілген:

*регидратационды жоспар А+антибиотик ауыз арқылы

*регидратационды жоспар А+ антибиотик к/т

*+ регидратационды жоспар Б, антибиотик көрсетілмеген

*регидратационды жоспар Б+антибиотик ауыз арқылы

*регидратационды жоспар Б+ антибиотик к/т

#1736

*!Бала бақшаға баратын 3 жастағы балада тексеру кезінде нәжістен E.coli 0157:Н7. анықталды. Ешқандай шағым мазаламайды. Дәрігердің бала бақшадағы іс-әрекеті:

*ұзақ уақытты сорбент және пробиотик тағайындау .

* + ГУС даму қаупіне байланысты антибиотик тағайындауға болмайды

*Инфекцияның берлуінің алдын алу үшін антибиотик тағайындау

* Иммунореактивтілікті жоғарлату мақсатында виферон тағайындау

*инфекциялық стационарға

#1737

жұқпалы аурулар ауруханасына жедел түрде 12 айлық, 10кг бала келіп түсті. Ауырғанынат 2-ші күн , дене қызуы 38,5 , тәулігіне 5ретке дейін құсу, нәжісі көп мөлшерде 2 рет. Бала тежелген, көзі кіріңкі.,сұйықтық ішпейді.

Қабылдау бөлімі дәрігерінің іс-әрекеті::

*+ ауруханаға жатқызу, 6сағат ішінде к/т инфузия лактат рингер 100 мл/кг ерітіндісін құю.

* қабыдау бөлімінде 4 сағат ішінде оралды регидратация 750мл

* ауруханаға жатқызу, , оралды регидратация 750мл 4сағат ішінде.

* ауруханаға жатқызу міндетті емес,,үйінде регидратация – жоспар А

* ауруханаға жатқызу , к/т физ.ерітінді инфузия 75 мл/кг 6 сағат ішінде

#1738

*!5 жастағықыз бала көгалдағыдемалыстанкейінжеделауырды. Денеқызуы 39,2о С дейінкөтерілген,қалтырау,басауруы ,әлсіздік.Бірретқұсуболған.Кейініштегітолғақтәрізді ауру сезімі ,алғашқыданәжісті,көпмөлшерде, 2ші күнненбастапнәжісі аз көлемді,сулы,шырышжәнеқарараластәулігіне 20 реткедейін,тенезмдер ,жалғаншықыртуларболған.

Аталгғанпрепараттардыңқайсысы осы ауруданэтиотроптытерапиясындатаңдау препараты болыптабылады:

*Спирамицин

*+Ципрофлоксацин

*Метронидазол

*Пенициллин

*Доксациклин

#1739

*!Қыз 4 жаста, көгалдағыдемалыстанкейінжеделауырды. Денеқызуы 39,2о С дейінкөтерілген,қалтырау,басауруы ,әлсіздік.Бірретқұсуболған.Кейініштегітолғақтәрізді ауру сезімі ,алғашқыданәжісті,көпмөлшерде, 2ші күнненбастапнәжісі аз көлемді,сулы,шырышжәнеқарараластәулігіне 20 реткедейін,мазасыздық,көздіңкірігуі,шөлдеу,тенезмдер,жалғаншақыртуларболған.

БАБЖ бойыншасусызданудәрежесінанықтаныз:

*План А

*+Жоспар Б

*Жоспар В

* Жоспар А және

* Жоспар Б және В

#1740

*! Бала 5 жаста,қыбылдаубөлімінеаурудың 2 шікүнітоғақтәріздііштің ауру сезіміне,әлсіздікке,денеқызуыныңжоғарылауына, тәлігіне 15 реткедейінсұйықнәжіскешағымданыптүскен.Денеқызуы 38,8о С. Тахикардия. Сигма тәріздіішегіспазмдалған,пальпацияда ауру сезімді.

Қайэтиотропты препарат емдеугетән:

*Доксоциклин

*Линекс

*Немицин

*+Ципрофлоксацин

*Цефтриаксон

#1741

*! Қыз 5 жаста, көгалдағыдемалыстанкейінжеделауырды. Денеқызуы 39,2о С дейінкөтерілген,қалтырау,басауруы ,әлсіздік.Бірретқұсуболған.Кейініштегітолғақтәрізді ауру сезімі ,алғашқыданәжісті,көпмөлшерде, 2ші күнненбастапнәжісі аз көлемді,сулы,шырышжәнеқарараластәулігіне 20 реткедейін,мазасыздық,көздіңкірігуі,шөлдеу,тенезмдер,жалғаншақыртуларболған.

Қандайтерпаиятән:

*Гормонотерапия+фитотерапия

*Физиоем+ инфузионды терапия

*Ферментотерапия + регидратационды терапия

*+Регидратационды терапия + антибактериалды терапия

* Серотерапия+ антибактериальная терапия

#1742

*!Қыз 5 жаста,жеделауырды,денеқызуының 39о С дейінкөтерілуі,қалтырау,басауруы,әлсіздік.Соыменбіруақыттаіштегітоғақтәрізді ауру сезім басталған,1 реттікқұсу,сұйықнәжіс 7-8 реткедейін.Ішіжұмасақ,солжақмықынаймағында ауру сезімді.Нәжісіботқатәріздес,шырышпен,қанжолақтарымен.

Кандайантибактериалдыпрепараттытағайындаудұрысболыптабылады:

*Пенициллин

*Линкомицин

*Цефтриаксон

*Гентамицин

*+Ципрофлоксацин

#1743

*! Балаға - 2,5 ай. Баланың шешесінің әртүрлі жыныс жолдарының дерттерімен ауыратындығы анықталды. Шешесінің айтуынша дерт баланың өмірінің алғашқы 3 күндігінде сарғаюмен басталған. Қарау барысында балада аздаған жалпы уыттану белгілерінің барлығы, сарғаюдың өте қатты айқындылығы мен оның құбылмалылығы, нәжістің түссізденуі, зәрдің қоңырлығы, гепатолиенальды белгі, гидроцефалия байқалған. Көз дәрігерінің қорытындысы: орталық хориоретинит.

Биохимиялық анализінде: жалпы билирубин - 280 мкмоль/л, оның - 215 мкмоль/л тікелей билирубин, АлАТ – 2,5 ммоль/л., сонымен қатар сілтілік фосфатаза, холестерин жоғарылаған.

Бұл дертте төмендегі дәрілердің қайсыларын этиотропты ем ретінде пайдалануға болады?

*ацикловир

*+ровамицин + хлоридин

*ровамицин-ацикловир

*хлоридин-тетрациклин

*сульфадимезин

*ацикловир+хлоридин

# 1744

*!Балаға - 1,5 ай. Баланың шешесінде әртүрлі жыныс жолдары дерттерінің аясында жайылған инфекцияның көріністері бар. Шешесінің айтуынша бала туғаннан бастап әлсіз, селқос, арасында мазасыз, емшекті нашар сорады немесе одан бас тартады, кейде лоқсып, құсады, қызулайды, денесінің сарғаюы өмірінің 2-3-ші күні пайда болған. Қарау барысында терісі құрғақ, тері серпілісі төмен, денесінде көптеген іріңді қабынулар, геморрагиялық бөртпелер ұсақ қанталаулар түрінде, егілген жерлері қанайды, құсық «кофенің түсіне ұқсас», іші мен кеудесінде веноздық торлар, гипотония, гипорефлексия, гепатоспленомегалия.

Биохимиялы анализдерінде: жалпы билирубин - 210 мкмоль/л, оның - 180 мкмоль/л тікелей билирубин, АлАТ – 1,5 ммоль/л., сонымен қатар сілтілік фосфатаза мен холестерин жоғарылаған.

Жалпы қан анализінде: айқын лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғары.

Бұл дертте төмендегі емдердің қайсыларын тағайындауға болады?

*цефтриаксон+антистафилококты плазма+дезинтоксикациялық ем

*ацикловир+антистафилококты плазма+дезинтоксикациялық ем

*пенициллин-антистафилококты плазма+дезинтоксикалық ем

*+цефтриаксон+октагам+антистафилококты плазма+дезинтоксикалық ем

*цефтриаксон+октагам+антистафилококты плазма+дегидратациялық ем

# 1745

*! Гепатокабинетке 10 жасар бала шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне,

кезеңді жүрек айнуына, мұрыннан қан ағуына шағымданып қаралды. Анамнезден: анасының айтуы бойынша 3 жыл бұрын балаға ота жасалынып, қан құйылды. Құрсақ қуысының мүшелерінің УДЗ-де: «Өт жолдарының дискинезиясы. Холестаз». Қарау кезінде: баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаттары бозғылт, құрғақ. Бет, мойын терісінде телеангиоэктазиялар анықталған, алақанында - пальмарлы эритема. Іші кебіңкі, оң жақ қабырға асты аймақта сезімтал. Бауыр қабырға доғасынан +0,5,+0,5,+1,5 см., тығыз консистенциялы, шеті өткір. Қанның ИФА HBsAg, HBeAg, antiHBcIgG анықталды.

Қандай ем әсіресе қолайлы?

* гормоналді терапия

* серотерапия

*+ вирусқа қарсы терапия

*фитоем

* инфузионды ем

# 1746

*! Қабылдау бөлімшесіне 12 жасар бала тәбетінің төмендеуіне, арықтауға, шаршағыштыққа, жүрек айну, аяғының ісуіне, қызыл иек пен мұрыннан қан кетуіне шағымданып түсті. Анасының айтуы бойынша: бала 5 жасында вирусты гепатитпен ауырған. Жиі «ЖРВИ. Гастрит. Өт жолдарының дискинезиясы. Нефрит» себебімен стационарлы ем қабылдайды. Қарау кезінде: жағдайы нашар. Бала арық, салмағы-28 кг. Тері қабаттары бозғылт, бет, мойын терсінде телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Екі аяқтың ісінуі байқалады. Іштің тері қабатында тамырлары айқын. Іші ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан +1,0,+1,5,+1,5 см., тығыз консистенциялы, беті кедір-бұдыр, шеттері өткір, пальпация кезінде ауырсынусыз. Көкбауыр қабырға доғасынан +3,0 см., тығыз консистенциялы.

Сіздің бірінші кезекті тактикаңыз қандай болады?

*+ хирург кеңесіне жолдау

* гастроэнтеролог кеңесіне жодау

* бауыр биопсиясын жасау

* тез компьютерлы томография қажет

* стерналді пункция

#1747

*!3 жастағы баланы қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Қарау барысында шағымдары: мазасыз, ұйқы кезінде тістерін қышырлатады және перианальды аумағын қасиды. Айтылған шағымдар баланы 1 май мазалып жүр. Нәжістәң микроскопиясында: жіңішке атүсті ұзындығы 1 см құрт байқалды

ЖҚА: – эритроциттер -2,7 млн. НВ –95 г/л; Нт – 28%; ц.п.-0,75 тромбоцит – 271тысяч; Лейкоцит –12,4 тысяч; С -65 %; Л-42%; Э-20% М-1 %;

Келтірілген препараттардың қайсысын қолданған дұрыс?

* +Немазол

* Амикацин

* Папазол

* Цефуроксим

* Бициллин

#1748

*! 4 жастағы науқас бала ауырғанына 1 күн болды. Ауруы жедел басталып дене қызуының көтерілуінен 39С-қа дейін, іштің ауру сезімдерінен және лоқсу мен 3-4 рет күніне құсудан басталған. Объективті белгілері: бала мазасыз. Тері өатпары тез жазылады. Іші жұмсақ сол жақ мықын аймағында ауру сезімі бар. Пальпация барысында сигма ішегінің спазмы бақалады, ауырады, тенезмалар бар. Нәжісі сұйық қан аралас және шырышты.

БАБЖ бағдарламасына сәйкес келтірілген препараттардың қайсысын қолданған дұрыс?

* Регидрон+ амикацин

* Регидрон + ампициллин

*+ Регидрон + ципрофлоксацин

* Регидрон + Фуразолидон

* Регидрон + канамицин

#1749

*! 3 айлық науқас бала, аурудың 17-ші күні. Дене қызуы субфебрильді, тоқтаусыз күніне 1-2 рет құсу, сұйық нәжіс күніне 6-7-10 рет.

Ауруханаға келгенде тері қабаттары бозғылт, құрғақ, көзі мен үлкен еңбегң шүңірйген. Тері қатпары баяу жазылады, тургор және терінің эластикалық қасиеті төмендеген. Тәбеті жоқ, бірақ сұйықтықты шөлмен ішеді. Іші желденген, сигма ішегінің спазмы байқалады. Нәжісі қызғылт түсті, су тәріздес, көп мөлшерде.

БАБЖ бағдарламасына сәйкес келтірілген ауырлық жағдайларды қайсысы болуы ықтимал?

* +Секреторлы диарея, шамалы сусыздану

* Секреторлы диарея, ауыр сусыздану

* Созылыңқы диарея, умеренное обезвоживание

* Созылыңқы диарея, ауыр сусыздану

* Инвазивті диарея, шамалы сусыздану

# 1750

*! Бала 5 жаста. Індеттану мәліметтерінен: бала жеке үйде тұрады. Үйінде үй жануарларын ұстайды. Анасының айтуынша бала 10 күн бұрын ауырған, дене қызуы 37,8⁰С-қа көтеріліп, енжарлық, әлсіздік, аздап басы ауырып, тәбеті төмендеген. Содан кейін жалпы уыттану белгілері күшейіп, қызуы 38,7⁰С дейін көтеріліп, қалтырап, ол қатты терлеумен алмасып, бұлшық еттері мен аяғының буындарының ауыруы пайда болған. Қарау кезінде: қатты терлегіштік. Мойын және шап лимфа түйндері ұлғайған. Тізе және тобық буындары ауырады. Гепатоспленомегалия. ЖҚА: гипохромды анемия, лейкопения, лимфоцитоз, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарылаған.

Бұл науқасқа төменде көрсетілген антибиотиктердің қайсысын этиотропты ем ретінде қолдануға болады?

* тетрациклинді

* доксоциклинді

*+рифампицинді

* цефазолинді

* пенициллинді

#1751

*! Туылған балада жүректің тау біткен ақауы, катаракта, кереңдік анықталған. Диагнозды нақтылау үшін дәрігердің іс-әрекеті қандай

* Трансаминаза, билирубин деңгейін анықтау

* Іш қуысының мүшелерінің УДЗ жүргізу

* Қанды ИФА әдісімен вирусты гепатит В-ға тексеру

* Қанды ИФА әдісімен зоонозды инфекцияларға тексеру

* + Қанды ИФА әдісімен ҚІИ-ға тексеру (ТОRСН)

#1752

*! Туылған балада жүректің тау біткен ақаулары (ЖААА, ААА), катаракта, кереңдік, гепатоспленомегалия анықталған.

Төменде көрсетілген дәрілерден қайсысы осы патологияның этиотропты емі үшін ең тиімді?

*ацикловир

*ровамицин

* +интрон А

*ганцикловир

*сульфадимезин

#1753

*! Туылған балада Фалло тетрадасы, катаракта, кереңдік, гепатоспленомегалия анықталған. ЖҚА: тромбоцитопения. Анамнезден: жүктілік кезінде баланың анасы бөртпемен ЖРВИ ауырған.

Дәрігердің тактикасы қандай?

* Қанды ПТР әдісімен АИВ-инфекцияға тексеру

* Іш қуысының мүшелерінің УДЗ жүргізу

* Қанды ИФА әдісімен вирусты гепатит В-ға тексеру

* Қанды ИФА әдісімен зоонозды инфекцияларға тексеру

* + Қанды ИФА әдісімен ҚІИ-ға тексеру (ТОRСН)

#1754

*! Бала «Туа біткен қызамықтың» клиникалық белгілерімен туылды.

Бұл баланы қандай маман бірінші кезекте көру қажет?

*кардиолог

*пульмонолог

*уролог

*+офтальмолог

*хирург

# 1755

*! 2 күндік бала. Клиникалы- лабораторлық және болжамдық қауіп факторларды негіздей отырып «Туа пайда болған листериоз, септикалық гранулематозды түрі» деп диагноз қойылды.

Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын тағайындаған тиімді

*+ Ампициллин+ гентамицин

* Бисептол + гентамицин

* Цефтриаксон+гентамицин

* Пенициллин +гентамицин

* Эритромицин + ампициллин

#1756

*! Жаңа туған сәбиде туа пайда болған листериоз, токсикалық - септикалық түрі болуы мүмкін деп күмәндәнді.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы диагнозды негіздеп қоюға мүмкіндік береді?

*+ ИФА

* Иммунофлюоресцентті әдіс

* Қанның жуан тамшысын тексеру

* Қанды қараңғыда қарап тексеру

* Цитограмма

#1757

*! 20-күндік бала. Әлсіз, омыраудан бас тартады, еріннің көгеруі байқалады, субфебрилитет, тахикардия, жүрек шекараларының кеңеюі, жүрек ұшында айқын систолық шу, гепатоспленомегалия. Бұл жүктілік 3-ші дәрежелі анемия фонында өтті. Жүктілік кезінде анасы баспамен ауырған, ауыл тұрғыны, өзінің шаруашылығы бар.

Диагнозды қою үшін қандай зерттеу әдісі қажет?

*+ ИФА

* Иммунофлюоресцентты әдіс

* Қанның жуан тамшысы

* Қараңғы аймақта қарау

* Цитограмма

# 1758

*! 8 күндік бала ауруханаға түсті, II дәр. шала туылған, жағдайы ауыр, қызба. Тері қабатында және кілегей қабаттарда бөртпелер, петехиальды және гранулема тәрізді майда түйіншікті бөртпе. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді.Бауыры 5,0х5,0 см тығыздау консистенциялы, көк бауыры 3,ОхЗ,Осм. Зәрі қоюланған, нәжісі ағарған. Билирубин 159 , тікелей билирубин 70 ммоль, АЛт З,8 мкмоль, АСт 5,6мкмоль.

Этиотропты емі үшін қандай препараттарды тағайындау ең тиімді?

*+ Ампициллин+ гентамицин

* Бисептол + гентамицин

* Цефтриаксон+гентамицин

* Пенициллин +гентамицин

* Эритромицин + ампициллин

# 1759

*! Клиникаға 8 айлық бала түсті. Балада қызба, гепатоспленомегалия, мойын лимфа түйіндері ұлғайған , гидроцефалияның белгілері. Қанның ИФА: anti CMV IgM+ оң

Қандай препаратты тағайындау ең тиімді :

* цефтриаксон

*преднизолон

* + неоцитотект

* эуфиллин

* супрастин

#1760

*! 5 жасар қыз бала жоғары қызба, тамағының ауырсынуы, бөртпе. Ауру жедел басталды, бас ауру, бірінші тәулікте құсу, 2-ші күні – қайталамалы құсу, барлық денесінде гиперемияланған фонында майда нүктелі бөртпе, 3-ші дәрежеге дейін жақ асты лимфотүйіндерінің ұлғаюы. Бадамшаларда – некротикалық жабынды. Бауыры 2 см-ге ұлғайған.

Қандай препаратты тағайындау ең тиімді :

*роцефин

*эритромицин

*меркацин

*амоксициллин

*+пеницилин

#1761

*! 5 жасар қыз бала жоғары қызба, тамағының ауырсынуы, бөртпе. Ауру жедел басталды, бас ауру, бірінші тәулікте құсу, 2-ші күні – қайталамалы құсу, барлық денесінде гиперемияланған фонында майда нүктелі бөртпе, 3-ші дәрежеге дейін жақ асты лимфотүйіндерінің ұлғаюы. Бадамшаларда – некротикалық жабынды. Бауыры 2 см-ге ұлғайған.

Диагнозды негіздеу үшін зерттеу ең алдымен қолданылатын зерттеу әдісі

*+ ауыз жұтқыншақтан бак.себуге жағынды

* микрореакцияға қан тапсыру

* жұтқыншақтан БЛ-ға бак.себу

* тері аллергиялық сынама

* лимфа түйіндерінің пункциясы

# 1762

*! 5 жасар қыз бала жоғары қызба, тамағының ауырсынуы, бөртпе. Ауру жедел басталды, бас ауру, бірінші тәулікте құсу, 2-ші күні – қайталамалы құсу, барлық денесінде гиперемияланған фонында майда нүктелі бөртпе, 3-ші дәрежеге дейін жақ асты лимфотүйіндерінің ұлғаюы. Бадамшаларда – некротикалық жабынды. Көп балалы отбасында тұрады.

Жәншау ошағындаңы қандай контингентке карантин салынады.

*3 жасқа дейінгі балаларға

* 7 жасқа дейінгі балаларға

*+барлық қатынаста болғандарға

*мектеп оқушыларына

*салынбайды

#1763

*!2 жасар бала жұқпалы ауруханаға ауыр жағдайда «Менингококкты инфекция, менингококцемия, ИТШ 2дәр.» болжам диагнозымен жатқызылды.

Бұл науқаста қандай препараттың қолдануы «Дөрекі дәрігерлік қате» болып саналады:

*тамыр ішілік преднизолон

* тамыр ішілік левомицетин

*мұздатылған плазма

* тамыр ішілік реополиглюкин

*+парентеральды пенициллин

# 1764

*! 3 жастағы бала жедел ауырды, дене қызуы 37,2оС жоғарлады, үстінгі ернінде көпіршіктер пайда болды. Жалпы жағдайы сәл өзгерген. Герпестік инфекция, жергілікті түрі деген диагноз қойылды.

Емінде қолдану қажет

* бриллиант жасылы

* ацикловир ауыз арқылы

* + зовиракс

* левомиколь

* ремантадин ауыз арқылы

#1765

*! 4 жастағы қыз жедел ауырды, дене қызуы 38,5°С жоғарлады, енжарлық байқалды. Кешке бүкіл денесінде және шаш арасында дақты-папулезды бөртпе пайда болды. Таңға жуық бөртпе көпіршікке айналды.

Қандай ем қолдану тиімді

*+ парацетамол + бөртпені бриллиант жасылының 1% спирт ерітіндісімен өндеу

* ампициллин + бөртпені бриллиант жасылының 1% спирт ерітіндісімен өндеу

* ампициллин + парацетамол + глюкокортикоидтар

* парацетамол + глюкокортикоидтар

*глюкокортикоидтар + бөртпені бриллиант жасылының 1% спирт ерітіндісімен өндеу

#1766

*! 6 жастағы ұл балада жүрісі дұрыс емес, аяғына тұралмайды, сөйлеген сөзі түсініксіз. Басының ауруына шағымданады. Шүйде бұлшық етінің шамалы ригидтілігі бар. 2 жеті бұрын бала орташа ауырлық ағымында өткен желшешекпен ауырған.

Диагнозды негіздеу үшін ең алдымен қолданатын тактикаңыз

* қанның биохимиялық анализі, жұлыннан сұйықтық алу

* гемограмма, жалпы зәр анализі

*+ жұлыннан сұйықтық алу

* гемограмма, қанның ПТР

* қанның ПТР, қанның биохимиялық анализі

# 1767

*! Нәресте балада менингоэнцефалит. Ликворда цитоз – 260 жасуша, 86% лимфоциттер, ақуыз- 1,5 г/л. Анасында үшінші триместрінде жүктілік кезінде анти/CMV Ig G табылған.

Балаға диагноз қою үшін қандай әрекет істеу керек?

* Басын УДЗ тексеру

* бас миының компьютерлі томографиясы

*+ CMV ДНКсы ликворда және қанда

* Ауыз-жұтқыншақтан CMV жағынды алу

* Жалпы қан анализі

# 1768

*! ЖРВИ бөлімшесінде түскеніне 2 күн болған науқаста қызамық ауруы анықталды. Осы жағдайдағы дұрыс өткізілуі тиіс іс-шара.

*+шұғыл хабарлама беру, науқасты боксқа ауыстыру

* шұғыл хабарлама беру, ширмамен науқасты жекелеу

* шұғыл хабарлама беру, науқасты осы палатада қалдыру

* шұғыл хабарлама беру, шұғыл науқасты ауруханадан шығару

* шұғыл хабарлама беру, науқасты басқа палатаға жекелеу

#1769

*! Ауруханаға 9 жасар бала түсті. Шағымдары тырыспа, дене қызуы 39оС, құсу. Анамнезінен бала 7 күн алдын өзгермеген тері фонында ұсақ дақты папулезды бөртпемен, әсіресе ол бөртпелердің айқынырақ аяқ қолдың жазылатын беттерінде орналасуымен өткен ЖРВИ мен ауырған. Дене қызуы 38,0°С, аздап жөтелген, мұрнынан су аққан, айқын емес улану белгілері анықталған. Шүйде лимфа түйіндері ұлғайған.

Қандай зерттеу алдыменен жасалуы тиіс?

* мидың компьютерлік томографиясы

* қызылша,қызамық вирустарына қанды тексеру

* мидың рентгенографиясы

*+ жұлын пункциясы

* жалпы қан анализі

#1770

*! Қабылдау бөлімшесіне 12 жастағы бала түсті. Анасының айтуы бойынша балада 7 күн бойы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, шаршағыштық болды. 2 күн бұрын дене қызуы 39-40оС дейін көтерілді, тершендікке ұласатын қалтырау, тізе және жамбас-мықын буындарының, бұлшық еттерінің ауруы байқалды. Қарау кезінде: сана сезімінің қатты нашарлауы. Баланың дене қызуы көтерілген. Жергілікті қарау кезінде буындары өзгермеген. Шап және қолтықасты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде ауру сезімі байқалады. Эпид анамнезінен: 2 апта бұрын бала ауылда әжесіне қонаққа барып, шикі сүт ішкен.

Қандай антибактериалық дәрі-дәрімек тағайындау қолайлы?

* Пенициллин

* Цефтриаксон

* Гентамицин

* +Доксициклин

*Эритромицин

#1771

*! Қабылдау бөлімшесіне 12 жастағы бала түсті. Анасының айтуы бойынша балада 7 күн бойы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, шаршағыштық болды. 2 күн бұрын дене қызуы 39-40оС дейін көтерілді, тершендікке ұласатын қалтырау, тізе және жамбас-мықын буындарының, бұлшық еттерінің ауруы байқалды. Қарау кезінде: сана сезімінің қатты нашарлауы. Баланың дене қызуы көтерілген. Жергілікті қарау кезінде буындары өзгермеген. Шап және қолтықасты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде ауру сезімі байқалады. Эпид анамнезінен: 2 апта бұрын бала ауылда әжесіне қонаққа барып, шикі сүт ішкен.

Аталған іс-әрекеттерден қайсысы ең тиімді

* АИЖВ инфекциясына зерттеу

* Эпштейн-Барр вирусты инфекцияға зерттеу

*+ Сарыпқа зерттеу

* Паротитті инфекцияға зерттеу

* Цитомегаловирусты инфекцияға зерттеу

#1772

*! Стационарға 9 жасар бала тырысу, дене қызуы 39,0оС, құсу шағымдарымен түсті. Анамнезінде: 9 күн бұрын бөртпесі бар ЖРВИ-мен ауырған. Қарау кезінде: терісінде ірі қабыршақтану және пигментация, бет нервісінің парезі.

Қандай ем ең тиімді?

* базисты, гормональды

*+ базисты, дегидратация, гормональды

* базисты, антибактериальды

* базисты, антибактериальды, дегидратация

* базисты, антибактериальды, симптоматикалық

# 1773

*!10 айлық бала. Анасының айтуынша жедел дене қызуының 38,5оС көтерлуімен, тәбетініңтөмендеуі, ауыздан су ағу, мазасыздық. Қарау кезінде: жалпы жағдайы ауыр. Ауыз-жұтқыншақта: гиперемия, таңдайда жеке көпіршік элементтері бар. Жақ асты лимфотүйіндері 1 дәрежеге дейін ұлғайған, қозғалмалы, тығыздау-эластикалы консистенциялы.

Емінде қолдану қажет:

* генферон

* ранферон

*+ интерферонды жақпа

* левомиколь

* ремантадин peros

# 1774

*! 11-жасар бала. Эпиданамнезінен: бала жеке үйде тұрады. Үй жануарлары бар. Анасының айтуынша ауру жедел дене қызуының 38,5оС-қа дейін көтерлуімен, бас ауру, мазасыздану және сол көздің конъюнктивитінен басталды. Қарау кезінде: зақымдалған көз қабағы ісінген, тығыздалған, көз щелі кішірейген, көздің бұрышында іріңді бөліністер және ауыспалы қатпарда айқын фолликулалар байқалады, мойын лимфатүйіндері ұлғайған және ауырсынулы.

Бұл балаға қандай антибактериальды препаратты тағайындау тиімді болып саналады?

*пенициллин

*+ампициллин

*офлоксацин

*пефлацин

*ципрофлоксацин

#1775

*! 7 жасар бала. Эпиданамнезінен: бала жеке үйде тұрады. Үй жануарлары мен құстар бар. Анасының айтуынша бала 5 күн бойы аурады, дене қызуының 39,0⁰С дейін көтерлуімен, қалтырау, бас ауру, әлсіздік, бұлшық ет пен буындардың ауруымен, іштің ауруымен, жұтынғанда ауруымен және тамағының жыбырлауы, жүрек айну, құсу және кілегей аралас сұйық нәжіс. Аурудың 3-ші күні бөртпе пайда болды. Қарау кезінде: дене терісінде майда нүктелі және майда дақты бөртпе байқалады, ал тізе және буындар аймағында дақты-папулезды. Ауыз-жұтқыншақта: іріңді баспа. Полилимфоаденопатия. Іші пальпация кезінде ауырады, әсіресе оң жақ мықын аймағында. Гепатоспленомегалия.

Бұл науқасқа қандай антибактериальды препаратты тағайындау ең тиімді?

*ампициллин

*бисептол

*амоксиклав

*эритромицин

*+цефтриаксон

#1776

*! 5 жасар бала. Эпиданамнезінен: бала жеке үйде тұрады. Үй жануарлары мен құстар бар. Анасының айтуынша бала 7 күн бойы ауырады, дене қызуының 39,0⁰С дейін көтерлуімен, қалтырау, тәбеттің төмендеуі, бұлшық ет пен буындардың ауруымен, іштің, тамағының ауруымен басталды. Аурудың 4-ші күні денесінде бөртпе пайда болды. Қарау кезінде: бет, мойын ісінуі мен гиперемиясы. Іштің төменгі бөлімінің, қолтық асты, дененің бүйір терісінде майда нүктелі және майда дақты бөртпе, ал тізе және буындар аймағында ірі дақты, бет, мойын, аяқ-қолдың дистальды бөлімінде қоюланған. Бадамшалар ісінген, қызарған. Полилимфоаденопатия. Тілі «бүлдірген тәрізді». Іші пальпация кезінде ауырады, әсіресе оң жақ мықын аймағында. Гепатоспленомегалия.

Тиімділігі болған жағдайда антибиотиктер қандай мерзімге тағайындалады?

*5 күн

*2 апта

*3 апта

*5-7 күн

*+7-10 күн

#1777

*! БҚЖАА 6 жасар бала түсті. Эпиданамнезінен: бала гемофилиямен ауырады, кезекті гемотрансфузия алады. Анасының айтуынша 3 апта бұрын балада дене қызуының 37,8оС-қа дейін жоғарылауы, әлсіздік, тершендік, әсіресе түнгі уақытта және тұрақты емес үлкен дәреті байқалды. Қарау кезінде: дене терісінде ұшықты бөртпелер бар. Ауыз қуысының кілегей қабатында стоматит белгілері бар. Артқы мойын, бұғана үсті, қолтық асты лимфатүіндері ұлғайған, ауырсынулы, қозғалмалы. Гепатоспленомегалия. ЖҚА: лейкопения, лимфопения, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарылаған.

Негізгі ауруы бойынша осы науқасқа төменде көрсетілген емнің қайсысы ең тиімді

*+азидотимидин+хивид+нельфинавир

*азидотимидин+хивид+бисептол

*азидотимидин+нельфинавир+изониазид

*азидотимидин+хивид+ганцикловир

*азидотидин+азитромицин+бисептол

#1778

*! БҚЖАА 6 жасар бала түсті. Эпиданамнезінен: бала гемофилиямен ауырады, кезекті гемотрансфузия алады. Анасының айтуынша 3 апта бұрын балада дене қызуының 37,8оС-қа дейін жоғарылауы, әлсіздік, тершендік, әсіресе түнгі уақытта және тұрақты емес үлкен дәреті байқалды. Қарау кезінде: дене терісінде ұшықты бөртпелер бар. Ауыз қуысының кілегей қабатында стоматит белгілері бар. Артқы мойын, бұғана үсті, қолтық асты лимфатүіндері ұлғайған, ауырсынулы, қозғалмалы. Гепатоспленомегалия. ЖҚА: лейкопения, лимфопения, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарылаған.

Диагнозды нақтылау үшін дәрігердің іс-әрекеті қандай?

* Трансаминаза деңгейін қарау

* Қанды ИФА әдісімен ЦМВИ және жай герпес вирусына тексеру

*+ Қанды ИФА әдісімен АИЖВ-ға тексеру

* Қанды ИФА әдісімен зоонозды инфекцияларға тексеру

* Қанды ИФА әдісімен ВГ-ге те

# 1779

*! Жарас, 4 жаста. Ауруның 2 күні. Ауруы жедел, дене қызуының 38,0оС-қа дейін жоғарылауынан, жөтелден, мұрын бітелуінен, көзінің жасаурауынан басталған. Объективті: дене температурасы 38,5оС, беті пастозды, қабақтары ісіңкі, көз саңылауы қысыңқы, конъюнктивасы гиперемияланған және ісінген, мұрынмен тыныс алуы қиындаған, мұрыннан серозды бөлінділер. Ауызжұтқыншақта - айқын гиперемия.

Қандай емдеу әдісі тиімді ?

* + вирусқа қарсы +патогенетикалық+симптоматикалық

* фитотерапия+фаготерапия+симптоматикалық

* гормонотерапия+антибактериальді ем

* серотерапия+симптоматикалық+фитотерапия

*антибактериалді+патогенетикалық+фаготерапия

#1780

*! Айя, 9 ай. Ауырғанына 5 күн. Ауруы жедел басталды, дене қызуы 38,5оС, жөтел, мұрыннан бөлінділер, көзінің жасаурауы, диарея байқалған. Объективті: дене Т 39,0оС, беті пастозды, қабақтары ісіңкі, көз саңылауы қысыңқы, конъюнктивасы гиперемияланған және ісінген, мұрынмен тыныс алуы қиындаған -серозды бөлінділер. Өкпесінде: аускультативті – майда және орташа көпіршікті ылғалды және крепитацияланатын сырылдар; перкуорлы - екі жақтан артқы-төменгі аймақта дыбыстың тұйықталуы.

Қандай препаратты тағайындаған дұрыс:

* гормондар

* ферменттер

*+ антибиотиктер

* антигистаминдер

* пребиотиктер

#1781

*! Ерлан, 1,5 жаста. Ауруының 1 күні. Ауру жедел, дене қызуының 38,0оС көтеріліп, «ит үрген тәрізді» жөтел, даусының қарлығуынан басталған. Объективті: дене температурасы 38,0оС. Бала мазасыз. Жөтелі «ит үрген тәрізді», дөрекі. Тері жабындылары бозғылт, периоралді цианоз. Ентігуі тыныштық жағдайында инспираторлы, кеуде аралығының және эпигастральді аймақтың тартылуы.

Қай препаратты тағайындаған тиімді?

* панкреатин

* ацикловир

* вентолин

*+преднизолон

* эуфиллин

#1782

*! Балаға «Жәншәу, типті түрі» деген диагноз қойылды.

Бұл науқасты бірінші кезекте төменде көрсетілген дерттердің қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізуге болады?

* +псевдотуберкулез

* герпестік баспа

* жедел лейкоз

* жұқпалы мононуклеоз

* ауызжұтқыншақ күлі

#1783

*! Балаға «Жұқпалы мононуклеоз, типті түрі».деген диагноз қойылды.

Бұл науқасты бірінші кезекте төменде көрсетілген дерттердің қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізуге болады?

* фолликулярлы баспа

* ауызжұтқыншақ күлі

* жәншау

* +иерсиниоз

* вирусті гепатит

#1784

*! Балаға «Ауызжұтқыншақ күлі, токсикалық түрі» деген диагноз қойылды.

Бұл науқасты бірінші кезекте төменде көрсетілген дерттердің қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізуге болады?

* жәншау

* саңырауқұлақты баспа

* иерсиниоз

* энтеровирусті инфекция

* +жұқпалы мононуклеоз

#1785

*! Балалар жұқпалы аурулары ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 3 жасар бала ауыр жағдайда, айқын улану белгіліерімен түсті. 5 күн бойы қызбасы жоғары сандарда.

Жанұясында – әкесі ЖРВИ ауырған.

Науқасқа қандай тактика жүргізген тиімді?

* ішек аурулары бөлімшесіне госпитализация

* бокс бөлімшесіне

* + респираторлы вирусты аурулар бөлімшесіне

* реанимация бөлімшесіне

* амбулаторлық жағдайда емделу

#1786

*! 2 жасар балада кешкісін даусы қарлығып, ит үрген тәрізді жөтел, мазасызданғанда тыныс алуының қиындауы - стеноз түрінде пайда болуы байқалды.

Науқасқа төмендегі аталған емдеу шараларының қайсысы тиімді?

* қызбаны түсіретін дәрі беру

* + бумен ингаляциялар жасау

* десенсибилизирлеуші ем

* антибактериальді ем

* бронходилататорлар

# 1787

*! Науқас 1 жаста, ауырғанына 2 күн болды. Ауруы жедел, дене қызуының 38С көтерілуінен, мұрнынан көп шырышты бөлінулермен басталды. Ауруының 2 күні конъюнктивит және сирек құрғақ жөтел пайда болды.

Науқасқа диагноз қоюда, төмендегі келтірілген зерттеулердің қайсысы негізделген?

* жалпы қан анализі

* жалпы зәр анализі

* +иммунофлюоресценция

* копрограмма

* қанның жуан тамшысын зерттеу

# 1788

*! Уақытына жетіп туылған нәрестеде, өмірінің екінші күні дене қызуы 38,5С көтеріліп, жалпы жағдайы нашарлады. Тырыспа болып, терісінде және ернінде көпіршікті бөртпелер пайда болды. Науқас жиі құсады, гепатоспленомегалия анықталды.

Науқасқа төмендегі аталған дәрілердің қайсысы тиімді?

* интерферон

* + ацикловир

* тамифлю

* арбидол

* пегинтрон

#1789

*! Қабылдау бөлімшесіне бала ауруының 3-ші күні түсті. Тексеріп қарағанда – бадамша безінде жабынды орналсқан «+ тін» түрінде және мойын шелі қабаты мойнының ортасыны дейін ісінген. Дәрігердің ең алдымен жасайтын көмегі

*+дереу күлге қарсы сарысу еңгізу

* дереу күлдік анатоксин еңгізу

* дереу антибиотикпен ем бастау

* дереу АКДС вакцинасын еңгізу

* дезинтоксикациялық терапия

#1790

*! 3 жастағы балада бір апта бойы қызба байқалады. Тексеріп қарағанда кезде - ірінді баспа, мойын лимфотүіндері ұлғайған, гепатомегалия, мұрынымен дем алуы қиындаған, бөліністер жоқ.

Жалпы қан анализінде дәрігер қандай өзгерістерді табайындеп отыр?

*+лейкоцитоз, лимфоцитоз, таяқ/ядролық нейтрофилдер 7 % дейің, атипті мононуклеарлар 10%

* лейкопения, лимфоцитоз, эозинофилия, ЭТЖ қалыпты, атипті мононуклеарлар 4% дейің

* лейкопения, лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар 3%

* лейкоцитоз, нейтрофилез, формуланың солға жылжыу

* лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ 30 мм/сағ.

# 1791

*! «Паротит инфекциясы, паротит» деген диагнозы бар балада, ауруының 5 күні дене қызуы қайтадан көтерілді және қайталап құсу, бас ауыру болды.

Жағдайының шаралауына не себеп болды?

*+ менингит дамуы

* панкреатит дамуы

* ЖРВИ, менингизм қосылды

* гайморитпен асқынды

* «жедел іш ауруы» хирургиялық ауру қосылды

# 1792

*!6 жастағы балаға энтеровирусты инфекция, аралас түрі, герпестік баспа + миалгия деген диагноз қойылды.

Этиотропты ем ретінде қолдану қажет

* +рекомбинантты интерферондарды

* осельтамивирді

* ганцикловирді

* ремантидинді

* ацикловирді

#1793

*! У ребенка 2 жастағы балаға энтеровирусты инфекция, серозный менингит, орташа ауырлықта деген диагноз қойылды.

Баланың осы ауруында қолдану аса қажет

*+диуретиктерді

* кортикостероидтарды

* гепатопротекторларды

* кальций дәрі-дәрмектерін

* протеолиза

# 1794

*! 5 жастағы бала үш жеті бойы ұзақ уақыт жөтеледі, көбісінде түнде. Жөтел ұстамалы, кейбір кезде құсумен аяқталады. Дене температурасы қалыпты. АККС (АКДС) жасамаған. Жанұясында әкесі ұзақ жөтелген.ЖҚА – лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ қалыпты.

Қандай антибактериалды препаратты балаға тағайындаған дұрыс?

* +азитромицин

* левомицетин

* рифампицин

* амикацин

* фурагин

#1795

*!2 айлық балада үш жеті бойы жөтеледі, көбінесе түнде . Жөтелі ұстамалы, кейде құсумен аяқталады.Дене қызуы қалыпты. АКДС жасалмаған.Жанұясында әкесі ұзақ жөтелген. ЖҚА-лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ қалыпты.Айқын оттегі жетіспеушілігінің белгілері бар, 2 рет тынысы тоқтап қалды.

Балаға қандай препаратты тағайындау ең тиімді

* фестал

* трасилол

* +преднизолон

* контрикал

* кавинтон

# 1796

*! 4 жастағы қыз бала бала-бақшадан кейін жедел науқастанды. Дене қызуы 38,5о С, әлсіздік, мұрнымен тыныс алуының қиындауы. Аурудың 3–ші күні ата-анасы баланың мойыны ісінгенін байқады. Қарау барысында: жағдайы ауыр, мойын лимфа түйіндері «пакеттер» тәріздес ұлғайған. Ауыз қуысында жайылмалы гиперемия және таңдай бездері ұлғайған. Іштің пальпациясы барысында бауыр мен көк бауырдың ұлғайғаны анықталды.

Дәрігердің ең тиімді тактикасы

* +госпитализациялау

* үйде амбулаторлы емдеу

* БЛ-ға жағынды алу

* қанды биохимиялық зерттеуге алу

* емхананың инфекционисіне хабарлау

# 1797

*! 7 жасар бала қабылдау бөлімшесіне аурудың 3-ші күні даусының қарлығуы, дөрекі «ит үрген» тәріздес жөтел, дене қызуының көтерілуі және кеудесінің тарылуымен жүретін ентікпеге шағымданды. Дене қызуы 38,8о С. Тахикардия.

Круп синдромын басу үшін қандай дәрі дәрмек аса қажет?

* доксициклин

* +преднизолон

* парацетамол

* диклофенак

* ибуфен

#1798

*! 2 жасар бала жөтелге және дене қызуының 38,0С дейін жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде қауып қатер белгілері жоқ, тыныс жиілігі минутына 52, әлсіз.

БАБЖ бағдарламасы бойынша сәйкес антибиотикті анықтаңыз:

* ампициллин

* пенициллин

* цефазолин

* цефтриаксон

* +амоксициллин

# 1799

*! Участкелік дәрігерге 2 жасар бала жөтел және дене қызуының 38,0С дейін көтерілуіне шағымданды. Қарап тексергенде бала летаргияда, стридор мен кеуде клеткасының тартылуы анықталады.

БАБЖ бағдарламасы бойынша сәйкес емді анықтаңыз

* +антибиотиктердің алғашқы дозасын жасау + госпитализациялау +

* тез арада госпитализациялау

* қадағалау, жағдайы нашарлағанда госпитализациялау

* амбулаторлы емделу

* антибиотиктердің алғашқы дозасын жасау + қадағалау

#1800

*! Дәрігердің қабылдауында 2 жасар бала. Қарап тексергенде дене қызуы қалыпты, тыныс жиілігі 44 -1 минутына, мұрыннын бітелуі, астмоидты тыныс анықталды.

БАБЖ бағдарламасына сәйкес дәрігердің алғашқы жасайтын іс-әрекеті

* +сальбутамол аэрозольді - 3 циклы 20 минуттық интервалмен+

* эуфиллин парентеральді – 3 рет 20 минуттық интервалмен

* беклазон аэрозольді - 2 циклы 20 минуттық интервалмен

* преднизолон парентеральді, минеральді сумен ингаляция

* парентеральді амоксициллин, жедел госпитализация

# 1801

*! Жүкті әйелді токсоплазмозға зертеген кезде қанынан Ig M анықталды, авидтіліктің төмен индексінде Ig G-дің бірітінден өсуі байқалды. Дәрігердің іс-әрекеті

* жүктілікті үзу

*+ міндетті түрде емдеу

* ем қажет емес

* зерттеуді қайтал

* УДЗ жасау

#1802

Наши рекомендации