Патологиялық материалдарды қоректік ортаға себу.

Қолайлы орта - глицерин және глюкозаның 2% қосылған ет-пептонды бауыр сорпасы және агары, картоп агары, эритрит-агары немесе декстроза агары (рН 7,2). Іш талталған төлдің бауырынан, көкбауырынан көлемі 2х1,5х2,5 см бөлшекті кесіп алып ступкаға салып стерилді физиологиялық ерітіндіні қосып езеді. Бөлінген сұйықтықты Пастер түтігімен тығыз және сұйық орталарға 0,1-0,2 мл-ден себеді. Бір мүшеден бір пробирка сорпаға және екі пробирка агарға себінді жасайды. Сүтті 30 мин бойы 3000айн/мин центрифугада айналдырады. Тұнбадан 0,1-0,2 мл-ден 3-4 Петри табақшасына тығыз ортаға себінді жасайды. Ластанған материалдан бруцелла культурасын бөліп алу үшін бөгде микрофлора өсуін тежейтін заттары бар қоректік ортаны пайдаланады. Осы мақсатта оған қоректік ортада 1:100000-1:2500000 мөлшеріндей етіп генцианвиолет; 1:500000 малахит көгін не 1:100000 есебінен кристаллвиолет қосады. Культураларды өсіру үшін пробиркаларды 37-38°С термостатта қстайды. Ірі қара мал және түйелерден алынған материалдарын зерттегенде пробиркалардың жартысын 10-15% көмірқышқыл газы бар ортада ұстайды, екіншіні – қалыпты жағдайда өсіреді.

Бруцелланың бірінші генерациясы патологиялық материалдан алғашқа себінділер алынғанда баяу өседі, 5-10 күндері ұсақ, шеттері тегіс, томпақ шқғырлар пайда болады. Сондықтан себілген қоректік ортаны жеті сайын бақылай отырып, термостатта ең кемі 30-35 күн ұстайды. Сұйық ортада өсінді байқалғанда сорпа бірыңғай лайланады және пробирканың қабырғасында сақина тәрізді



қабыршақ құрылады. Қабырғалық сақинаны тікелей түскен күн сәулесіне қаратып қарағанда көгілдір рең байқалады. Өскен культураны Грам және Козловский әдістерімен бояп, микроскоппен зерттейді, түр-түсі, көлемі, құрылысы, тыңыз ортада өсу қасиеті және бруцеллездің оң қан сарысуымен заттық әйнекке агглютинация реакциясын қойып анықтайды.

СО2 қажет етуіне және Н2S-түзілуіне, бактериологиялық, серологиялық зеттеудің нәтижелеріне, ТБ-фагке сезімталдығы әдістеріне сүйене отырып бөліп алынған культураны морфологиялық, тинкториалдық және агглютинабильді қасиеттеріне қарай түрін анықтайды.

Биологиялық сынаманы жүргізу үшін теңіз тышқандарын, салмағы 350-400 г, алдын ала бруцеллезге тексерілген, сұйылту дәрежесі 1:5 АР теріс нәтиже болғанда пайдаланады. Зардапты материалдан стерилді физиологиялық ерітіндемен 1:10 қатынасында эмульсия дайындайды. Екі теңіз шошқасының тері астына 1-2 мл ұлпа суспензиясы егіледі. Сүттің сынамаларын 3000 айн/мин 30 мин центрифугамен айдарырады. Теңіз тышқандарына үстінгі қабаттан және тұңбадан 2-3 мл тері астына егеді. Теңіз тышқанның біреуін үш жетіден, екіншісін алты жетіден кейін соып бактериологиялық зерттеу жүргізеді. Алқым безі, мойын, шап, қарын шелі, лимфа түйіндерінен, талақтан, бауырдан және жілік мойыннан алынған материалдар себіледі. Сынама қойылған теңіз шошқаларының қан сарысуын АР-сымен 10, 20, 30 күннен кейін 1:10, 1:20, 1:80 қатысында зерттеу керек. Диагноз анықталды деп есептелетін жағдай:

- Қоздырушының таза өсіндісін бөліп алғанда және жануарлардың қан сарысуында АР 1:10 сұйылтуда оң болғанда.

- Алғашқы материалдан қоздырушының таза өсіндісін бөліп алмаған жағдайда жануарлардың қан сары суында 1:10-нан жоғары дәрежелі сұйылтуда оң нәтиже бергенде.

Қоректік ортада алғашқы материалдан бруцелла культурасы бөлініп алынса биологиялық зерттеуді тоқтатады, ал егілген жануарларды өлтіреді.

Серологиялық реакциялардан бруцеллез диагностикасын қоюға ең жиі қолданылатыны агглютинация, комплементті байланыстыру реакциялары.



Агглютинацияның пробиркалық реакциясын түбі біркелкі дөңес пробиркаларға төрт түрлі сұйытьшған 1 мл мөлшерінде жасайды. Шошқа, қой, ешкі, бұғы, ит қан сарысулары 1:25, 1:50, 1:100, 1:200 қатынасында; сиыр, жьшқы және түйе қан сарысулары 1:50, 1:100, 1:200, 1:400 қатынасында сұйытьшған түрінде алынадьІ. Жаппай зерттеулерде АР-сын сұйытьшған түрінде жасауға болады, бірақ бұлай еткенде, оң нәтиже берген реакцияларды төрт сұйытьшған түрінде қайта тексереді.

Шошқа, қой, ешкі, бұғы және ит қан сарысуында 1:50 қатынасында ал сиыр, жьшқы, түйе үшін 1:100 және одан артық сұйытылған жағдайда агглютинация жүрсе реакция оң деп саналады. Шошқа, қой, ешкі, бұғы және ит 1:25 қатынасында және сиыр, жьшқы, түйе 1:50 қатынасындан сұйытьшған қан сарысуында ғана агглютинация реакциясы жүрсе күмәнді реакция болады. Күмәнді реакцияда жануардың қан сарысуын 3-4 аптадан кейін қайта зерттейді. Бруцеллез қаупі бар фермадағы малдарды қайтадан зерттегенде күмәнді АР қайтадан қайталаған жағдайда реакция оң деп саналады.

Пластинкалы АР тездетілген варианты да ұсынылған.

Сутпен сақиналы реакция.Сауын сиыр бруцеллезінедиагностика қою әдісін 1937 жылы Флейшхауер ұсынған. Бұның мәні мынадай: сүтте ерекше агглютининдер болса боялған бруцеллез антигендері топталып жиналады, түзілген агглютинантты сүт қаймағы адсорбциялайды және қаймақпен бірге жоғары көтеріліп боялған сақина пайда болады, сүттің қалған бөлігі түссізденеді.

Пробиркаларға 2 мл қаймағы алынбаған сүт құяды және оларға 0,2 мл (екі тамшы) антиген қосады. Пробирканы антиген сүтке біркелкі тарағанша әбден сілкіп шайқайды және 37-38 ос температурада су ваннасында не термостатта 1 сағаттай ұстайды. Реакцияны бағалау: сүттің жоғарғы жағында айқын көрінетін көк түсті сақина болса (сүттің басқа бөлігі ақ) оң реакция ++++ және

+++; қаймақ бөлігінде жеткілікті көрінетін көк сақина және сүттің қалған бөлігі көкшіл түсті болса оң реакция ++ түзеді.

Сиырдың індетті іш тастауына диагноз қою үшін комплемент байланыстыру реакциясын, арбитраждық әдіс ретінде көбіне Кумбстың тестін қолданады. Флуоресценциялағыш антиденелерді тікелей емес вариантта қолдану әдісінің табысты болғаны жөнінде де деректер бар.



Бруцеллезге шалдыққан мал терісіне бруцеллез аллергендерін енгізгенде аллергиялық реакция пайда болады. Қазіргі кезде қой мен ешкі және шошқа бруцеллезін анықтау агглютинация бермейтін Вг. abortus штаммынан жасалған ВИЭМ бруцеллизат аллергені қолданы-лады. Аллерген енгізілген жер ісіп кетсе, аллергиялық сынама оң реакция берді деп есептеледі.

Наши рекомендации