Клиникалық жағдай бойынша эталон жауаптары

Бағалау қадамдардың критерийлері Жауап эталоны
Шағымдарын жинау. Шағымдарын детальдап жинауда барлық сұрақтар қойылды ма Сұрақтарын ретімен, жүйелі жүргізді. Негізгі шағымдарын детальдап анықтады (ашушаңдық, үлгерімінің төмендеуі, қолындағы тремор, тершеңдік).
Ауру және өмір анамнезін жинау. Анамнезін жинауда барлық сұрақтар қойылды, (қандай аурулармен ауырған, отбасылық, аллергиялық, эпид. анамнез).
Жалпы, физикальдық зерттеруді дұрыс, ретімен жүргізу Жалпы қарап тексеруді дұрыс, ретімен жүргізді. Дене ұзындығы, салмағын өлшеді. Жағдайын, көңіл күйін бағалады.
Нервтік-психикалық, физикалық даму параметрлеріне баға берді. Физикалық даму параметрлері-бойы мен салмағы жасына сәйкес, салмақ жеткіліксіздігі-10кг (22%), неврологиялық статус-телеграф бағанасы симптомы. Ромберг қалпында тұрақсыз.
Физикальді зерттеу. Қарау, ағзалардың пальпациясы, перкуссиясы. Тексеруді ретімен жүргізді, жүйелермен ағзаларға пальпация перкуссия жасады.
Клиникалық симмуляцияның шартында баяндалған негізгі симптомдарын анықтауы Жағдайы орташа ауырлықта, қарап тексергенде енжар, сабырсыздық байқалады. Әлсіз экзофтальм, қолдарындағы тремор, дене салмағын жоғалтуы. Терісі жылы, жабысақ тер. Телеграф бағанасы симптомы. Ромберг қалпында тұрақсыз, тахикардия, артериальды гипертензия. Қалқанша безі 2 дәр.
Болжам диагнозды тұжырымдау (негізгі диагнозын анықтап, аурудың кезеңдері мен мүмкін асқыну ларын көрсетті) Диффузды токсикалық жемсау 2 дәр. Тиреотоксикоз.
Тексеру жоспарын негіздеп, тағайындады Қалқанша безінің гармондарының мөлшерін және бездің УДЗ-сы, ЭКГ және ЖҚА, БХҚА жасау.
ЖҚА-ның интерпретациясы Қызыл,ақ қан көрсеткіштері ауытқусыз.
БХҚА- ның интерпретациясы Гипергликемия  
Қалқанша безі гормональды профиліне интерпретация ТТГ деңгейінің күрт төмендеуі, Т3, Т4 жоғарылауы. Науқасты гормондардың деңгейінің өзгерістермен таныстырды.
Қалқанша безінің УДЗ-сына интерпретация жасау Ағза гиперплазиясы, эхоструктура, тығыздығы ерекшеліктерінің (белсенді түйіндердің болуы) диагностикалық маңызды Қыз балада: қалқанша безінің айқын гиперплазиясы.
ЭКГ-ның интерпретациясы; Қорытынды: синустық тахикардия, ЖСЖ мин. 125 рет, реполяризация процессінің бұзылысы.
Дифференциалды диагностика жүргізу 1. Тиреодитпен 2. Жедел психозбен 3. Нейроцеркуляторлық дистониямен
Қорытынды клиникалық диагнозды (шағымдары, анамнезі,обьективті тексеру, клиника, қосымша зерттеу әдістеріне сүйене отырып) негіздеу Қызды қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, қарап тексергенде енжар, сабырсыздық байқалады. Әлсіз экзофтальм, қолдарындағы тремор, дене салмағын жоғалтуы. Терісі жылы, жабысақ тер. Телеграф бағанасы симптомы. Ромберг қалпында тұрақсыз, тахикардия, артериальды гипертензия. Қалқанша безінің үлкейген 2 дәр. Лабараторияда – гипертироксинемия, ТТГ деңгейінің күрт төмендеуі, Т3, Т4 жоғарылауы, гипергликемия; Қалқанша безінің УДЗ-сында гиперплазиясы; ЭКГ–синустық тахикардия, реполяризация процессінің бұзылысы «Гипертиреоз, біріншілік зоб 2 дәр, манифестті формасы, тиреотоксикоз. Эндокринді офтальмопатия» клиникалық диагнозын негіздейді.
Емдеу жоспарын тағайындау Консервативтік ем: тиреостатикалық терапия, адреноблокаторларды қабылдау, йодтың ағзаға түсуін тежеу, кофеиннен, физикалық жүктемеден бас тарту. Радикальды ем: радиоактивті йодпен терапия, хирургиялық ем (тиреоидэктомия)
Емдеу тактикасын негіздеу Тироксин түзілісін басу.
Емнің тиімділігін бақылау Эдокринолог бақылауында, ТТГ Т3,Т4 көрсеткіштерін бақылайды.
Емдеу алгоритмі Пульсін, жалпы жағдайын, қандағы ТТГ мөлшерін бақылай отырып, үнемі тиреостатиктерді қабылдау. Ішке, тамақтан соң–0,005гр тәулігіне 3-4 рет, 6 апта бойы.
Пациентпен оптимальді қарым қатынас орнату Оптимальді қарым қатынас орнатты, пацинет сеніммен қарауда. Дәрігер барлық сұрақтарына жауап алды.

Симуляцияның қамтамасыз етілуі:

1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерға (пациентке) арналған сценарий, қадамдарының критерийін бағалау.

2. Қалқанша безінің УДЗ-сы

3. ЭКГ және ЖҚА, БХҚА, қалқанша безінің гармондарының мөлшері нәтижесі.

Актер – пациент

Жабдықталуы:

1. Оқу бөлмесі – қабылдау бөлімшесі.

2. Кушетка – 1

3. Құрал жабдықтарға арналған стол– 1

4. Препараттармен медициналық шкаф

Құрастырған: педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасының доценті Нургалиева Ж.Ж.

Рецензенттері:

Педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасының (27 қараша 2015 жылғы) мәжілісінде талқыланып, №7 хаттамасында бекітілді.

ПОД ББК ( 11.12.2015) мәжілісінде талқыланып, №4 хаттамасында бекітілді.

Наши рекомендации