Актердің сценарийі және оның рөлінің сипаттамасы

Интернатурада «Бала аурулары» мамандығы бойынша оқитын тыңдаушылардың қорытынды аттестациясына арналған медициналық симуляцияның сценарийі

Кезең –клиникалық дағдыларын бағалау) 2015 – 2016 оқу жылы

Клиникалық жағдай: «Қант диабетінің I типімен ауыратын және кетоацидозбен балалардың диагностикасы және жүргізу тактикасы»

Ситуация

Қабылдау бөлімшесінің дәрігері. Қабылдау бөлімшесіне 5 жастағы бала жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді.

Ø Науқастың анамнезін жинаңыз және қарап тексеріңіз

Ø Лабораторлы-аспаптық зерттеу нәтежелерінің интерпретациясын жасаңыз

Ø Диагнозын қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз

Соңғы нәтиже (outcomes):

Ø Сұрап тексеру жүргізу (шағымдары мен анамнезін жинаңыз)

Ø Науқастың физикальді зертеуін өткізу

Ø Балалардағы қант диабетінің клиникалық белгілерін анықтау

Ø Болжам диагнозын кою

Ø Эндокринді патологиясы бар балаға зерттеу жоспарын белгілеу (гликемиялық профильді, жалпы зәр анализі, жалпы қан анализі, қанның б/х (жалпы белок, креатинин, мочевина, калий, натрий, хлор мөлшері, гликемия, ИРИ (иммунды реактивті инсулин) қандағы мөлшері, ұйқы безінің УДЗ)

Ø Аурудың дифференциалды диагностикасын білу

Ø Науқасты емдеу тактикасы мен бақылауды анықтау

Актердің сценарийі және оның рөлінің сипаттамасы

Пациент: бала, анасымен бірге келген

Жасы: 5

Анасы тәбетінің жоқтығына, ұйқышылдық, ішінің ауыруына, құсуға, тынысының жиілеуіне шағымданды.

Сұрақтың негізі Актер сұрақтары Актер жауабы
Аурудың басталғанынан қанша уақыт өтті   Аурудың басталғанына қанша уақыт болды және оны немен байланыстырасыз? Іштегі ауру сезімі, құсу соңғы тәуліктер бойы мазалайды. Тамақтанудағы кемшіліктермен байланыстыра алмайды, себебі бала соңғы 4-5 тәулік бойы дұрыстап тамақ ішпеген.
  Бұдан басқа соңғы тәулікте балада қандай белгілерді байқадыңыз? 2 аптаның ішінде көзге білінерлік салмақ жоғалтуы, суды көп сұрайды, ерні мен терісі құрғақ
  Ұйқышылдық қашан пайда болды? Апта бойы төсекте көп жатты, әлсіз
  Бала осыған дейін қандай аурулармен ауырды? 1 ай бұрын ауыр формадағы жоғары температурамен ЖРВИ мен ауырды
Жүргізілген ем тиімділігі Қандай дәрілер қабылдады? Көп мөлшерде сұйықтық ішті. Дәрілерден тек ыстықты түсірушілерді қабылдады. Жағдайы жақсара қоймады.
Клиникалық белгілері   Балаңыздың аузынан ерекше иіс сездіңіз бе? Сипаты қандай? Иа, соңғы күндері айқын сезіледі. Ашыған қырыққабат иісі сияқты
  Бала күні түні кіші дәретке көп сұранады ма? Иа, көп сұйықтық ішкеніне байланысты сияқты
  Қандай сұйықтықтарды бала жақсы ішеді? Тәтті шай, морс, қантты су
Тұқым қуалаушылық Туыстарында тұқым қуалайтын аурулары бар ма? Жоқ

Анамнезінде:Жағдайының нашарлағаны 2 күн бойы, іште ауру сезімі пайда болған, жалпы әлсіздік пен ұйқышылдық фонында құсу. 2 аптаның ішінде айқын салмақ жоғалтуы, ерні мен терісі құрғақ, шөлдеу, көп кіші дәретке бару. 1 ай бұрын ауыр формадағы ЖРВИ мен ауырған.

Объективті. Жағдайы ауыр. Бала әлсіз, сыртқы тітіркенуге жауап береді, сөйлеуі шатасқан. Аузынан ацетон иісі шығады. Тері жабындысы құрғақ, боз, ерін бұрыштарында ауыздықтар. Өкпесінде тыныс екі жақта бірдей өтеді, везикулярлы. Тыныс жиілігі минутына 32 рет. Жүрек тондары ырғақты, аздап тұйықталған. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 124 рет. АҚҚ 80/50 мм.с.б. Іші пальпация кезінде ауырады, іштің алдыңғы қабырғасының қатаюы байқалмайды. Бауыр қабырға доғасы бойымен. Дәреті дұрыс, түсі анасынын айтуы бойынша қанық сары.

Ұйқы безінің УДЗ:Ұйқы безінің өлшемі қалыпты, ұсақ тығызданған ошақтар анықталды, эхоқұрылымы жоғарылаған.

Қандағы иммунореактивті инсулин мөлшері: 0,24 ЕД/мл ( нормада 2,2-22,5)

Гликемия аш қарынға капиллярлық қанда 21,3 ммоль/л

Гликозирленген гемоглобин мөлшері (HbA1c) -7.2 %

Наши рекомендации