Тіс туралы қызықты деректер
Ауыз қуысының өздігінен тазалануына.
Тіс жегінің алдын алу ережесі
Ауыз қуысы гигиенасын сақтау: тісті күніне екі рет құрамында фторы бар сықпалармен тазалау. Таңертең – таңғы астан кейін, кешке – кешкі астан кейін, ұйықтар алдында. Құрамында фторы бар таблеткаларды үш жастан бастап жылына 250 күн, тек жазғы айларды алып тастап, 15 жасқа дейін қабылдау (натрий фториді, Natrium fluoratum, натрий флюораты), мектепке дейінгі балаларға натрий фториді мөлшері— 1,1 мг, мектеп оқушыларына — 2,2 мг. Таблетканы жатар алдында, тісті тазалағаннан кейін сору қажет.Құрамында кальцийі бар таблеткаларды немесе капсулаларды дәрігердің тағайындауы бойынша жылына 2 курс жүргізу (көктем және күз). Бұл мақсатта қолдануға болады: «КальциО» — құрамында жұмыртқаның қабығы бар, витамин D3 және басқа да витаминдер; «Никомед» фирмасының «Кальций D3»—құрамында D3 витаминімен кальций бар, балаларға 12 жастан ұсынылады; «Витамакс» фирмасының «Кальцийдің жоғары сапалы кешені»— құрамында гидроксиаппатит, кальций көмір қышқылы, витамин D3 және С. Поливитаминдерді кем дегенде жылына екі рет қабылдау керек – көктемде және жазда : «Альгобеби», «Центрум», «Витрум», «Мультитабс», «Комлевит» және басқалары.
Тіс щеткасын таңдағанда:Балаларға арналған тіс щетка сабы қалың болса, балаға ұстауға ыңғайлы.
- Талшықтары жиі және дөңгелек щеткалар тіс еттерінің қанамауын қамтамасыз етеді және жұмсақ болады.
Тісті қалай жуу керек?
Тісті күніне екі рет жуып тұрған абзал. Таңертеңгісін, кешке астан соң, ұйқы алдында. Себебі астан кейінгі қалдықтар тіс қуыстарында қалып қойған, тістің шіруіне алып келеді.Дұрыс жуылған тіске құрт түспейді. Тісті кем дегенде, үш минут жуу қажет. Өйткені тіс пастасы тісті қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Тіс жуғанда, щетканы күрек тістен азу тістерге дейін жеңіл қозғалыспен айналдыра ысып шығасыз. Одан соң, күрек тістер арқылы екінші жақ бөлігін, ысып шығасыз. Үстіңгі және астыңғы тістерді де кезек - кезек ысқылайсыз.
Тіс гигиенасы
*Тісті күніне 2 рет жұмсақтығы орташа тіс щеткасымен тазалау.
*Тіс щеткасын үш айда бір рет ауыстырып тұру керек.
*Тамақтан соң әр уақытта тісті шайып тұру керек.
*Жылына 2 рет тіс дәрігеріне көріну керек.
*Тамаққа қатты өнімдерді пайдаланбау керек.
*Тіс щеткасы қатаң түрде әр адамда жеке болуы керек.
* Қант, конфет, тәтті тоқаш тағамдарын азырақ пайдаланған жөн
Бүгінгі таңда өкінішке орай, тістері сау адамды анда - санда кездестіруге болады.Тіпті болмағанда ауыз қуысын дұрыс күту қажет:
• Тісті күніне екі рет – таңертең және ұйықтар алдында ысып, тазалау қажет;
• Тісті дұрыс тазалау техникасын сақтау қажет;
• Күніне жоқ дегенде бір рет тістің арасын тіске арналған жіппен тазалап отыру қажет;
• Ауыз қуысын шаятын арнайы сұйықтықтарды пайдалану қажет;
• Тіс тазалағыштарын пайдалану қажет;
• Дұрыс тамақтану керек;
• Тіс щеткасын әр 3 ай сайын ауыстырып отыру қажет.
Егер адам осы қарапайым ережелерді сақтап отырмаса, онда тісжегі пайда болуы мүмкін.Тісіміздің саулығын қалай сақтауымыз қажет? Ол үшін тісімізді әр тамақтан кейін ысуымыз қажет, бактерияға қарсы қорғанысты ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ететін фтордан тұратын тіс пастасын пайдаланып, тіске арналған жіптерді, тісті шаятын арнайы сұйықтықтарды қолдануымыз қажет, және ең бастысы жылына екі реттен кем емес тіс дәрігеріне көрініп тұруымыз қажет.
Тісіміз сау болу үшін мына ережені тағыда бір естеріңе салайын:
1. Тісті күніне 2 рет тазалау.
2. Тамақтан соң ауызды шаю.
3. Ыстық тамақтан соң суық су ішпеу.
4. Қатты заттарды тіспен шақпау.
5. Тәттіні көп жемеу.
6. Тіс дәрігеріне жиі көріну.
7. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.
Тіс туралы қызықты деректер
1.Ұлуда шамамен 25 мың тіс бар.
2. Адамның тісіне алғаш боп ат берген Гиппократ. Ол баланың тісі сүттен шығады деп есептеген соң «сүт тіс» деп атаған.
3.Адам атаның аузында 30тіс болыпты деседі. Сондықтан да, айда отыз күн бар.
4.Құрамындағы шоколад, яғни, какао-ұнтақ кариестің дамуына бөгет болады.
5.Исаак Ньютонның тісі әлемдегі ең қымбат тіс болып табылады. Ол 1816 жылы қазіргі бағамен 3,300 долларға сатылған. Оны Аристократ сатып алып жүзігіне тағып қойған екен.
6.Жапондардың айтуынша, тісті күніне 3 мәрте тазалау артық салмақтан арылтуға септігін тигізеді-міс.
7.Тіс үшін ең қауіпті спорт-хоккей. Кәсіби хоккейсттердің 68пайызы алаңда бір-бірден болса да тістерін жоғалтқан.
8.Ағзадағы кальцидің 99 пайызы тісте.
9.Өткен ғасырдың 60жылдарындағы зерттеу бойынша, тіс щеткасының 3000 түрлі модельі ойлап табылған.
10.Вермонт штатының (АҚШ) заңы бойынша, әйел күйеуінің жазбаша рұқсатынсыз тіс протезін тағып жүре алмайды.
11. Қытайда "Өз тісіме деген махаббат күні" атты ұлттық мейрам бар екен. Ол мерекені Қытайлықтар 20 қыркүйекте тойлайтын көрінеді.
12.Род-Айленд (АҚШ) заңы дүкендерінде тіс щеткаларын сенбі күні сатуға тыйым салады.