Жіті ми қанайналым бұзылыстары. ми ісігі.
#1*!Жедел ми қан айналымының бұзылуының негізгі себебі:
А.артериялық гипертензия
В.асқазанның жарасы
С.қант диабеті
Д.остеоатроз
Е.невроз
#2*!Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары кезінде симптомдардың кері дамуы уақыт аралығы
А.1-2 апта
В.24 сағат
С.2-3 тәулік
Д.3-5 тәулік
Е.5-7 тәулік
#3*!Миға қан құйылу кезіндегі бас ауыруының сипаты:
А.кенеттен
В.тән емес
С.үдемелі
Д.орташа
Е.жіті
#4*!5 жастағы балаға СМК шақыртылды. Ата-анасының айтуы бойынша 30 мин бұрын есін жоғалтқан,реакциялары жойылған.Анамнезінде-Виллебранд ауыруымен ауырады. Объективті: есі сопорозды жағдайда. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне аяғын тартады.Сол аяқтардың күші плегияға дейін төмендеген.Сол аяғы сыртқа қарай ротацияланған. Анизокория. Тері жабындысы қызғылт,құрғақ бөртпелер жоқ.Менингиальдық белгілер теріс.Өкпесінде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ ТАЖ -22 рет мин.Жүрек тондары анық,ритімі дұрыс. АҚ - 90/60 мм.с.б.б., ЖСЖ - 102 рет мин. Науқаста қандай диагноз:
А.менингоэнцефалит
В.менингококкты инфекция
С.ми қан айналым бұзылысына өтуі
Д.жедел ми қан айналымның бұзылысы
Е.церебральдық тип бойынша нейро-циркуляторлық дистония
#5*!74 жастағы ер адам.Басының ауыруына,сол қолының ұюына және әлсіздігіне,сөздерінің анық еместігіне шағымданды.Таң ертеңмен басталған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Сол жақтан мұрын ерін қатпары тегістелген, парус симптомы,тілдің оңға қисаюы анықталды. Сойлеуі түсініксіз.Айқын сол жақтық гемипарез. Цитиколин инфузия енгізгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарған,сол жақ мұрын ерін қатпары тегістелген,гемипарез жойлған,сөйлеуі анық бола бастаған,науқастың жалпы жағдай жақсарған.Қай қорытынды диагноз сәйкес келеді?
А.бас ми қан айналымының бұзылысына өтуі
В.жедел бас ми қан айналымының бұзылысы
С.субарахноидальды қан құйылу
Д.гипертензивтік энцефалопатия
Е.дементтік синдром
#6*!4 жастағы бала.2сағат бұрын жағдайы нашарлаған.Бала әлсіз,сөйлеуі бұзылған,өздігінен тұра алмаған.Анамнезінде бала жақында стационарда: жедел миелобласттық лейкоз диагнозымен емделіп шыққан. Объективті: есі сопорозды жағдайда ,пассивті қалыпта. Сө таза,бозарған,құрғақ.Өкпеде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ.ТАЖ-24 рет мин.Жүрек тондары анық,ритімі анық,шулар жоқ.ЖСЖ -74 рет.Сіздің болжама диагнозыңыз?
А.жедел эпидуральдық гематома
В.жедел ми қан айналымның бұзылысы
С.созылмалыми қан айналымның бұзылысы
Д.жедел вертебробазиллярлы жеткіліксіздік
Е.гипертониялық тип бойынша нейроциркуляторлық дистония
#7*!Бала 5 жаста. Анасының айтуы бойынша 2 сағат ішінде жағдайы нашарлап, жігерсіз болып,сөйлей алмай, отнынан тура алмай қалған. Анамнезінде аураханада жедел миелобластты лейкоз диагнозымен емделген. Объективті: санасы сопорозды, пассивті қалыпта. Сол жақ аяқ-қол бұлшықет күші плегияға дейін азайған. Менингеальді симптомдар жоқ. Терісі таза,бозғылт түсті, құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ- 28 в 1 мин. Жүрек тондары анық, дұрыс ритмді, шуыл жоқ. Жүрек соғу жиілігі 100 минутына. Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
А.жедел эпидуральдық гематома
В.созылмалы ми тамырлық жеткіліксіздік
С.ми қан айналымының жедел бұзылысы
Д.жедел вертебро-базилярлы жеткіліксіздік
Е.гипертониялық түріндеғі нейро-циркуляторлық дистония
#8 *!Әйел 83 жаста. Ауырғанына 3 сағат болған. Сөйлеудің бұзылысына, оң аяқ-қолындағы әлсіздікке, бас ауыруына, жүрек айнуына, құсуына, қан қысымының көтерілуіне шағымданады. Объективті: есі жеңіл есеңгіреген, пассивті. Оң аяқ-қолының күші мен тонусы әлсіреген. Жүрек үні тұйықталған, ритмді. АҚҚ - 140/70 мм с.б., ЖСЖ - 94 минутына. Екі сағат емнен кейін динамикада жақсарды: аяқ-қолындағы әлсіздік жоғалды, анық сөйлей бастады, жалпы жағдайы жақсарды. Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
А.нейро-циркуляторлық дистония
В.дисциркуляторлық энцефалопатия
С.жедел гипертензиялық энцефалопатия
Д.бас ми қан тамырының атеросклерозы
Е.ми қан айналымының өткінші бұзылысы
#9*!Науқасы 58 жаста. Бас ауыруына, бас айналуына, басындағы шуылға, оң аяқ-қолындағы әлсіздікке шағымданады. 15 жылдан бері АГ-мен ауырады, гипотензивті препараттар қабылдайды.Жағдайы соңғы екі күннен бері нашарлаған- бас ауруы, оң аяқ-қолындағы әлсіздік пайда бола бастаған. Бүгін таңертең сөйлеудің бұзылуы пайда болды. Есі анық. Тері жабындысы бозарған, сол жақ мұрын-ерін қатпарының тегістелуі, айқын дизартрия, оң жақты гемипарез. Жүрек үні тұйықталған, ритмді. АҚҚ 150⁄90 мм. с. б. НЕҒҰРЛЫМ ықтимал диагноз:
А.ишемиялық инсульт
В.геморрагиялық инсульт
С.субдуральдық қан құйылу
Д.субарахноидальдық қан құйылу
Е.транзиторлық ишемиялық атака
#10*!45 жасар әйелде біртіндеп әлсіздік және оң аяғының ұйып қалуы, сөйлеудің бұзылуы. Қарап тексергенде: АҚҚ 180/100 мм.с.б. Есі анық, оң мұрын ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа шыққан, дизартрия. Оң аяғында тонус пен рефлекстер жоғарылаған. Оң жақта Бабинский симптомы. Бұл жағдайдың НЕҒҰРЛЫМ болжама механизмі қандай?
А.паренхиматозды субарахноидальды қан құйылу
В.ми қантамырларының эмболиясы
С.ми қантамырларының тромбозы
Д.ми қантамырларының спазмы
Е.диапедезді сіңдіру
#11*!ЖЕДЕЛ МИ ҚАНАЙНАЛЫМЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНДА ГОСПИТАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ДЕЙІНГІ САТЫДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ
А.аспирин
В.гепарин
С.триампур
Д.цитиколин
Е.стрептокиназа
F.ылғалды оттегі
#12*!СОЗЫЛМАЛЫ МИ ҚАНАЙНАЛЫМЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
А.бас ауруы
В.бас айналу
С.шашыраңқылық
Д.көрудің төмендеуі
Е.тырысулық синдром
F.есте сақтаудың төмендеуі
#13*!ЖАЛПЫМИЛЫҚ СИМПТОМДАР
А.афазия
В.гемипарез
С.анизокория
Д.бас айналу
Е.естің қажуы
F.көрудің төмендеуі
#14*!СУБАРАХНОИДАЛЬДЫ ҚАНҚҰЙЫЛУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
А.бас айналу
В.естің қажуы
С.қолдардағы тремор
Д.кеудедегі қысу сезімі
Е.сенсомоторлы афазия
F.шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі
#15*!МИ ІСІНУІНІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
А.гемодинамикалық көрсеткіштердің төмендеуі
В.тыныстың жиілеуі
С.тыныстың сиреуі
Д.гипоглюкозурия
Е.тахикардия
Жауап эталондары
А | В | А | Д | А | В | С | Е | А | Д | Д,Е | С.F | Д,E | B.F | A,В |