Иммунды-тапшылық жағдайындағы (итж) адамдарды вакцинациялау

ДДҰ жіктемесіне сәйкес иммунды –тапшылық түрлері:

• біріншілік (тұқым қуалаушы);

• ауыр аурулармен қосарлас иммунды-тапшылықтар (негізінен лимфопролиферативтік және онкологиялық аурулар);

• дәрілік және радиациялық иммуносупрессия;

• жүре табылған иммунды –жетіспеушілік (ЖИТС).

Бұлардың барлығында тек тірі вакциналар қауіпті.

Диагностика

Иммунды –тапшылықтың клиникалық диагнозы -ауыр, қайталамалы бактериялық, саңырауқұлақтық, оппортунистік инфекциялармен науқастарда күдік туғызады. Біршама кең таралған «екіншілік-иммунды -тапшылық», «реактогенность төмендеуі» әдеттегі инфекциялардан кейінгі күйді білдіреді және ИТЖ эквиваленті бола алмайды; бұндай «диагноз»- егуден босатуға себеп бола алмайды.

ИТЖ-ң клиникалық көрністері жаңа туылған балаларда, біржола жиі 3, тіпті 6 айлығында байқалмайды. Бірақ олардың барлығын өмірінің алғашқы айларында ИТЖ –ге зерттеуге алу- қанында анасының JgG- болғандықтан ақпараттылығы мардымсыз, практикада еш жерде іске асырылмайды.

Егілуге жататын адамда немесе отбасы мүшесінде біріншілік иммунды – тапшылық туралы ойлауға мүмкіндік беретін жағдайлар:

• ауыр іріңді аурулар-флегмона, абсцесс;

• ИМП, лимфаденит, синусттің әдеттегіден қайталап ауыр өтуі

• қайталанған пневмония, әсіресе баланың 1- жасы ішінде;

• парапроктит, тік ішектен тыс жыланкөз;

• ауыз қуының кетпейтін кандидозы (ауыз уылуы), тері мен сілемейлі қабықтар кандидоздары;

• пневмоцисталық пневмония;

• қайтпайтын экзема, соның ішінде себореялық;

• тромбоцитопения;

• отбасында ИТЖ –мен науқас болуы.

Осы белгілер жоқ балаларда ИТЖ -ға күдіктену –орынсыз , негізсіз.

Жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілері бар балаларда ИГ-ң 3 класы анықталады, қандық ИТЖ ықтимал, егер Jg-ң кем дегенде 1 класы титрі нормадан төмен болса (кесте 4.5.). Т –жасушалық жетіспеушілікті бағалау үшін әуелі қан анализі зерттеледі. Лимфоциттердің абсолюттік санының нормада болуы- Т –жасушалық ИТЖ –ға тән емес, нейтрофильдер санының қалыпты болуы-туыла біткен немесе жүре пайда болған нейтропения деп санауға мүмкіндік бермейді.

Тромбоциттердің қалыпты саны-Вискотт-Олдридж синдромы жоқтығының куәсі . Күмәнді жағдайларда туберкулинмен және кандидамен терілік сынамалар қойылады(БЦЖ-мен егілгендерге)- теріс сынамалар түсуі-зерттеулерді әрі қарай жалғастыруды талап етеді. Созылмалы гранулематоздық ауру диагнозы-тетразолий –көк немесе осы тәріздес сынамамен дәлелденеді.

Иммунограмманы өткізу(«иммундық статус көрсеткіші»)-ИТЖ-клиникалық көрінісі жоқ балада лимфоциттер класын санау-ақылға сиымсыз, қисынсыз.Тіпті ауытқулар анықталғанның өзінде олардың деңгейі нақты ИТЖ-дан төменболады, сондықтан олар өздігінен диагнозын негіздей алмайды, әсіресе вакцинадан босатуға себеп бола алмайды. Т-жасушалар санының, популяциялар ара қатысының толқуларының патологиялық маңызы күдікті, көбіне олар ауру кезінде болатын иммунологиялық параметрлердің циклдік толқуларын ғана көрсетеді. Сондықтан клиникалық белгілері жоқ ИТЖ-да иммунограмма өткізу-зор шығынға ұшыратудан басқа берері жоқтың қасы, онымен айналысу тиімсіз.

Кесте 4.5. Қалыпты иммунологиялық көрсеткіштер

  1 ай 2-4 ай 5-12ай 1-5 жас 6-10 жас Ересектер
IgG мг % 251-906 176-601 172-1069 345-1236 608-1572 639-1349
IgG мг% 17-105 33-173 43-242 56-352
IgG мг % 1,3-53 4-106 14-159 33-236 70-312
  2-3 ай 4-8 ай 1-2 жыл 2-5 жас
CD3 абс % 4,03(2,07-6,54) 72(60-87) 4,27(2,28-6,45) 71(57-84) 3,33(1,46-5,44) 66(53-81) 3,04(1,61-4,23) 72(62-80)
CD4 абс % 2,83(1,46-5,11) 52(41-64) 2,95(1,69-4,60) 49(36-61) 2,07(1,02-3,60) 43(31-54) 1,80(0,90-2,86) 42(35-51)
CD 8абс % 1,41(0,65-2,45) 25(16-35) 1,450.72-2,49) 24 (16-34) 1,32(0,57-2,23) 25(16-38) 1,48(0,63-1,91) 30(22-38)
                     

Кесте 4.6. Иммунды тапшылығы бар топтарды тірі вакцинамен иммунизациялау

Иммунды тапшылықтартың түрі Тірі вакциналарды енгізудің мерзімі
Біріншілік ИТЖ(JgА және Иг субкластардың оқшауланған тапшылығынан басқасы) Барлық вакциналарды енгізбейді, ОПВ, ӨПВ вакцинасына алмастырады
Иммунитет төмендеуші аурулар (ісік,лейкоз) Тірі вакциналарды ремиссия кезінде индивуалды мерзімде енгізеді
Иммуносупрессия, сәулелік терапия Тірі вакциналарды терапия аяқталғаннан кейін 3 айдан ерте емес уақытта енгізеді
Кортикостериодтар (дозалар преднизолон бойынша көрсетілген)
Күніне ішке ≥2мг/кг (>10кг салмағына күніне ≥20мг) 14күн бойы Тірі вакциналар курс аяқталғаннан кейін 1 айдан кейін енгізеді
Осындай дозада 14 күннен кем емес ≥2мг/кг (күніне<20мг) Тірі вакциналар ем аяқталғаннан кейін бірден енгізеді
Демеуші ем Тірі вакциналар емдеу фонында енгізеді
Жергілікті терапия (көзге тамшылар) Тірі вакциналар емдеу фонында енгізеді
АИВ-инфекциясы
ИЖ- Симптомсыз –ИТЖ-ң зертханалық белгілері жоқ Қызылшалық, паротиттік, қызамықтық- антиденелерді бақылаумен, 6 ай өткесін, антиденелер титрі төмен болса қайталап егу
Иммунды-тапшылықтың белгілерімен Иммуноглобулинмен қорғау жүргізіледі
     

Наши рекомендации