Дәрістердің тақырыптық жоспарлары
А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН» Шымкент медицина институтының директоры, м.ғ.д. профессор__________ Бектурганов Р.С. «____» _____________ 20 __ ж |
СИЛЛАБУС
Пән Жедел және шұғыл медициналық жәрдем
Пән коды
Мамандық - 051301 – “ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА”
Оқу сағатының көлемі 405
Курс - V
Семестр - IX-X
Шымкент 2015 ж.
силлабус 051101 «Жалпы медицина» мамандығына арналған жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды
«Жедел жәрдем және ішкі аурулар» кафедрасының мәжілісінде қарастырылып, өңделді.
“______” __________ 20___ ж. № ____ хаттамасы.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а Г.М.Датқаева
Бағалау және оқыту әдістері комитетінде қаралды.
Комитет төрайымы, м.ғ.д., профессор қ.а.____________А.Ш.Садыкова
Хаттама №_____ «_______» __________ 2015 ж.
Білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданды.
Комитет төрайымы м.ғ.к., доцент ____________П.Е.Калменова
Хаттама №_____ «_______» __________ 2015 ж.
Оқытушылар туралы мәлімет
№ | Оқытушылардың тізімі | Оқытушылардың дәрежесі, қызметі | Жетістіктері |
Датқаева Г.М. | Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. доцент м.а. «Жедел медициналық жәрдем» пәні оқу-методикалық жұмысына жауапты | 27 ғылыми жұмыстың авторы, жоғары санатты дәрігер Эл.почта: dat.g@ mail.ru | |
Тургунова К.А. | Оқытушы | 10 ғылыми жұмыстың авторы. I санатты дәрігер (жшмкк) Эл.почта: culipa_@ mail.ru | |
Тулемырзаева А.Ж. | оқытушы | 13 ғылыми жұмыстың авторы. I санатты дәрігер (жшмкк) Эл.почта: aysapar.t@ mail.ru | |
Нысантаева С.К. | Оқытушы | 10 ғылыми жұмыстың авторы, жоғары санатты дәрігер | |
Оспанов Қ.Е. | М.ғ.к., доцент м.а | 10 ғылыми жұмыстың авторы, жоғары санатты дәрігер | |
Абытова Р.К. | Оқытушы | Жоғары санатты, ШҚЖМККС-ның Басдәрігерінің орынбасары. Эл.почта: | |
Қалназарова У.С. | оқытушы | 10 ғылыми жұмыстың авторы. I санатты дәрігер.Эл.почта: @ mail.ru | |
Оразбаева Г.О. | оқытушы | 10 ғылыми жұмыстың авторы. I санатты дәрігер.Эл.почта: @ mail.ru |
1.2. Байланыс ақпараты:Кафедраның мекен жайы: ШҚЖМККА
Оқу базаларының мекен жайы:
- Л.Толстой к/і н/з. Қалалық Жедел Медициналық Көмек Көрсету Стансасы [ҚЖМККС]
- № 2 бекеті, тел: 539296
- Абай даңғылы 19, ҚЖМЖК № 4 бекеті, тел: 560180.
- Турлан экспедициясы №5 бекет, н/з
1.3 Пәннің саясаты және шаралар:
Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2013-2014 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес бакалаврлар сабаққа қатысуы міндетті. бакалаврлар сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Бакалавр сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген бакалаврлар үшін өтілген сабақ қайталанбайды. Бакалавр семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан бакалаврға хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол бакалавр деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
2. Бағдарлама:
Кіріспе
1978 ж. дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматыда өткен конференциясында алғашқы медициналық-санитариялық көмектің анықтамасы берілді, қажетті медициналық көмек көрсетудің экономика жағынан ең тиімді жолы деп және алғашқы медициналық көмек концепсиясының дүние жүзінің барлық денсаулық сақтау жүйесінде аса маңыздылығы айтылды. Қазіргі уақытта жалпы дәрігерлік практика кең тарады және біздің елде денсаулық сақтаудың реформалануының негізінде денсаулық сақтаудың алғашқы буынының дамуы жатыр. Алғашқы денсаулық сақтауға бағытталуы емдеумен күтімге шығынның аз шығуымен, науқастардың қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандырудың сапасының артуы және тұрғындардың денсаулық деңгейінің көрсеткіштері артып, дәрі-дәрмектерді аз қолдануымен байланысты. Жедел жәрдем дәрігері көбінесе қоғамдық денсаулық сақтаудың, алдын алу медицинасының және науқастардың денсаулығын өз бетімен нығайтудың қиылысында жұмыс істейді. Егер бойында жан жақтылық, қол жетерлік қасиеті болса және науқасқа үздіксіз қызмет көрсете білсе, нақты науқасқа және көпшілікке бағытталып ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетсе кез-келген маман дәрігер жедел жәрдем дәрігерінің рөлін атқара алады.
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктерінің дамуына бағытталған.
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Салыстырмалы үлестірілімі |
Б1.1 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ : мамандырылған тәжірибеде биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды қолданады | 0,1 |
Б2.1 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ(1) КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР Өз мамандығына сәйкес науқастармен қарым қатынас мәселелерді шешу қабілетін маман тұрғысынан көрсете алады. | 0,2 |
И2.2 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ – НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: Өз мамандығына сәйкес науқастарды диагностикалау мен мәселелерді шешу қабілетін маман тұрғысынан көрсете алады. | 0,4 |
И2.3 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ- МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: Өэ мамандығына сәйкес медицина лық процедуралардың кең ауқымды түрлерін меңгер гендігін көрсетеді. | 0,3 |
2. 2 Пәннің мақсаты: Ішкі ағзаларының аурулары кезіндегі әртүрлі ауыр жағдайлардағы науқастарға жасына байланыссыз жедел жәрдем беру мәселелері бойынша білімдерін және іскерліктерін қалыптастыру, сонымен қатар төтенше жағдайларда (суға бату, тұншығу, жарақаттар, уланулар және т.б.) дәрігерге дейінгі алғаншқы көмек көлемінде жедел медициналық жәрдем беру.
2.3 Оқыту мақсаттары:
· студенттерге шұғыл жағдайларды диагностикалаудың негізгі принциптерін үйрету;
· студенттерге әртүрлі шұғыл жағдайларда алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді үйрету;
· тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын және пациенттерге кеңес беруді жетілдіру.
2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелерінің жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген компетенциялар | Оқытудың соңғы нәтижелері |
Б1.1. | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) -БІЛІМІН ҚОЛДАНУ | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: осы пәнді игеру барысында преклиникалық бакалавриаттан және осы пәннен алған білімін қолданады.
|
Б2.1 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ(1) КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР | Білім (когнитивті) домені: Түсіну:коммуникативты дағдылардың үлкен манызын Қолданады: этика және деонтологияда |
Б2.2 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ(2) – МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: | Білім (когнитивті) домені: қолданады: науқастың (зардап шегуші) өміріне қауіп және шұғыл көмекті қажет ететін патологиялық жағдайлардың негізгі клиникалық белгілерін; - зардап шегушілердің және кенеттен науқастанғандардың өмірін құтқаруда дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларының кезектілігін; - төтенше жағдайлар кезінде жұмыс жасауда дәрігер мен пациенттің негізгі қауіпсіздігін; Дағдылар (психомоторлы) домені: - Манипуляция:. «ауыздан ауызға» және «ауыздан мұрынға» жасанды тыныс беруді өткізу; - жүректің жабық массажын жасау; - коникатомия; - жұмсақ қатермен қуықты катетеризациялау; - гипертониялық кризді басу; - шаншулар кезіндегі ауыру синдромын басу; - бронхообструкция синдромын басу; - талма кезінде жедел жәрдем көрсету; - сыртқы қан кетуді тоқтату; - асқазанды сүңгісіз жуу; - жарақаттар кезінде аяқ-қолды иммобилизациялау; - анафилактикалық шокты; Квинке ісінуін және есекжемді басу; - гипоглекемиялық жағдайды басу; - жіті коронарлық синдром кезінде ауыру сезімін басу; - ЭКГ түсіру және түсіндіру. - Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Қабылдау: медициналық процедуралардың орындалуын дұрыс қабылдап түсінеді Жауап беру:медициналық процедураларды орындау барысында науқастар және медицина қызметкерлерімен қарым қатынасы үшін |
Реквизитке дейінгі
Ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, акушерия және гинекология, балалар аурулары, ОЖЖ аурулары.
Реквизиттен кейінгі
Жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура, акушерия және гинекология бойынша интернатура, балалар аурулары бойынша интернатура, ішкі аурулар бойынша интернатура.
2.7 Тақырыптық жоспарлары: дәрістердің, тәжірибелік , студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тапсырмалары.
Дәрістердің тақырыптық жоспарлары