Жасөспірімдердегі апиындық наркоманияның даму сатылары
(И.Н.Пятницкая, Н.Г.Найденова, 2002)
Сатылар | Клиникалық көріністері |
1 сатысы | Психикалық тәуелділік дамуының уақыты героинді қабылдау жиілігімен тығыз байланысты және 1 апта немесе 1 ай, сирек жағдайда 2 ай деңгейінде түзіледі. Наркотиктің алғашқы инъекциялары немесе ингаляцияларынан кейін эпизодты қабылдаудың қысқа кезеңінде қалдық реакция қалады – наркотикалық мастану жағдайындағы сезімдік күйзелістерін эмоциональді еске алу. Наркотик жөніндегі жаулап алатын, жабысқақ естеліктерге ұқсас ойлар оқуға, жұмыс жасауға кедергі жасайды, жасөспірімді мастану жағдайын басынан өткізу үшін тағы да наркотик қабылдай алатын топқа баруға мәжбүрлейді. Осы қарым-қатынас ортасын өзгертетін, қызуғышылықтар сферасын қайта құратын обсесивті әуестікті жасөспірімдер түсінбейді, және наркотикті қабылдаудың жиіленуіне өз инициативасы пайда болады. Наркотизация үнемі бола бастайды. Наркотикті үнемі қабылдау (аптасына 1 рет болса да) психикалық тәуелділік түзілгенін дәлелдейді. Апиындық наркоманияның берілген сатысы, психикалық тәуелділік синдромымен және ағзаның өзгерген реактивтілігі синдромымен сипатталады, бұлар жасөспірімдерде наркотик әсерінен жаңа наркотикалық гомеостаз түзілуін көрсетеді (Пятницкая И.Н., 1994). Соңғы аталғанның қалыпты гомеостаздан айырмашылығы, бұлкезде толеранттылық, атап айтқанда героинге төзімділік өзгереді. Жасөспірімдерде героинге толеранттылық алғашқымен салыстырмалы түрде 2-3 ретке жоғарылайды. Осы кезде героиннің бір реттік дозасы жоғарыламайды, эпизодты қабылдау кезеңінде де бастапқы қалпында қалады. Бірақ наркотик әсер етуінің 1-ші фазасы 1 минутқа, 2-ші фазасы – 6-8 сағатқа дейін қысқарады, жасөспірімдер героинді қабылдауды тәулігіне 2-3 ретке дейін жиілетеді. Осыған байланысты толеранттылық өседі. Жасөспірімдер героинді үнемі аптасына 1-2 ден 4-5 ретке дейін қабылдайды. Мастану көрінісінде жүрек айну, құсу жоғалады. Мастану қысқа ұйқымен немесе ұйқышылдықпен аяқталады. Оларда наркотиктің тәбеттің төмендеуімен көрінетін физиологиялық әсері сақталады, жасөспірімдер жүдейді (дене массасының дефициті 5-10 кг құрайды), кіші дәреттің мөлшері азаяды үлкен дәреттің тежелуі пайда болады, тері трофикасының бұзылысы – уақытынан бұрын қартаюмен жұқаруы, героин инъекциясынан көктамырлардағы көптеген жазылмайтын іздер, вегетоқантамырлық дистония, гепатоз. Обсессивті әуестіктің дамуының өзінің клиникалық динамикасы болады, толқын тәрізді өтеді, санасында жабысқақтық түрінде тұрады, ойын жинақтауға және басқа нәрсеге көңілін аударуға кедергі болады, ерік пен күшінен айырады, героинді қабылдауға қарсы тұра алмайды. Олардың қолдарынан ешнәрсе келмей, көңіл-күйі нашарлап, тітіркенгіштік, ұстамсыздық өсе түседі, бір орында отыра алмай және «қандай да бір ішкі энергия» оларды героинге қол жеткізуге мүмкіндік бар жаққа қарай итермелеп тұрады. героинге обсессивті әуестік апогейі аффективті-тарылған сана бұзылысы фонында өтеді және жасөспірімді осы толқынды тоқтату үшін, тітіркенгіштікті, эмоциональді ұстамдылықты басу, наркотикті «соңғы рет енгізу» үшін наркотик қабылдауға мәжбүрлей. Жасөспірім наркотикті енгізеді, және әуестігі басылады, аффект сөнеді. Мастанудың аяғына қарай жасөспірімдер өздерін 1-4 күн, сирек 7 күнге сабырлы және жайлы сезінеді. 1-ші сатының ұзақтығы 2-3 аптадан 1-2 айға созылады. |
2 стадия | Физикалық тәуелділік жылдам пайда болады. Физикалық тәуелділік түзілуінің бірінші белгісі героинді ингаляция немесе көктамырға енгізу жолымен күнделікті қабылдау болып табылады. Физикалық тәуелділіктің екінші белгісі бір реттік доза толеранттылығының ½ чектен (1 чек=10мг.) 2 чекке дейін және тәуліктік дозаның – 0,25; 0,5; 1-2 граммға дейін жоғарылауы болып табылады. Мастану формасы өзгереді. Героинді көктамырлық қабылдау кезінде 1-ші фаза – атап айтқанда эйфориялық, «келу» - субъективті жылу сезімі мен жайлы психосоматикалық сезімдердің сақталуымен 0,5-1 минутқа дейін қысқарады. 2-ші фазада седация жағдайы қысқарады, әлсіреп, 30-60 минуттан кейін көңіл-күйдің жоғарылауымен, сергектікпен, белсенділікпен, ассоциациялар ағымының жылдамдауын субъективті сезінумен, көбінесе басқа наркомандармен қарым-қатынасқа түсуге талпыныспен ынталандырушы әсермен ауысатын босаңсумен шектеледі, айналадағыларға махаббат, мейірім сезінеді «айналадағылардың барлығы ұнайды», «барлығын жақсы көргің келеді», бірақ сөзшеңдік пен қарқынды сүйсіну, бір орында отыра алмау болмайды. Осы жағдай әлсіздік, шаршағыштық, жабырқаңқылықпен, өзінің қорғансыздығы сезімімен, героинге күшейіп келе жатқан әуестікке қарсы тұруға дәрменсіздікпен, өзіне аянышпен қараумен 4-6 сағатқа созылады. Нароктикке психикалық, обссесивті әуестік қарқындала түсіп, және наркотиксіз қалыпты психикалық қызмет мүмкін емес болып қалады. Физикалық тәуелділік синдромы интоксикация жағдайында физикалық жайлылықпен, ағза тек наркотик болғанда ғана қанағаттанарлық қызмет жасауымен көрініс береді. Наркотиксіз, нароктикке патологиялық, компульсивті әуестік және абстинентті синдром дамиды. Физикалық тәуелділіктің бастапқы белгілері - абстинентті синдром («ломка») наркотикті соңғы қабылдағаннан кейін 8-12 сағаттан соң дамиды. Оның құрамына жабырқаулылық күйі, үрей, жасаурағыштық, жақындап келе жатқан апат, қандай да бір бұлтартпас сұмдық сезімі, айқын компульсивті әуестік проявляется әлі басталмаған абстиненция алдындағы өткір, жануарларға тән қорқынышпен, үмітсіздікпен, дүрбелеңмен, өлімнен қорқынышпен көрінеді. Бірақ айқын психомоторлы қозу жоқ. Артынан абстиненцияның вегетативті компаненттері қосылады – есінеу, сирек, бірақ ұзаққа созылады, шайнау бұлшық еттеріндегі ауру сезімі, гиперсаливация, сілекей тұтқыр, дәмі жағымсыз, кезеңмен ауызды толтырғандай болады, жас ағуы – көздері үнемі ылғалды, аяқ-қолдардағы жағымсыз күйдіру сезімі, қалтырау және «мұздай суық», ыстық ұстамалары және профузды тер. Бір уақытта қолдарда тремор, денедегі кезеңдік- ішкі діріл пайда болады. Бірінші тәуліктерде белде, арқада, аяқ-қол бұлшық еттерінде, кейде иық, шынтақ, тізе буындарында ауру сезімі пайда болады. Үмітсіздік сезімімен депрессия тереңдей түседі, мұрыннан және ауыздан мол бөліністермен жас, еңіреп жылау, позаның икемсіздігі және «ширатылуы» пайда болады. Науқастарда олар ешкімге керек емеспіз, ешкім көмекке келмейді деген ойлармен өздеріне аяныш сезімі пайда болады. Толықтай ұйқы және тәбет бұзылады. 8-10 тәуліктердің соңына қарай жағдай жақсарады. Героиндік наркоманияның абстинентті синдромына толқын тәрізді ағым тән. |