Туберкулез бойынша есепке алу құжаттары
1. Туберкулезді есепке алу құжаттарының нысандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген.
2. 089/е – өмiрiнде алғаш рет туберкулездiң белсенді түрi, жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы аурулар, трихофития, микроспория, фавус, қышыма, трахома, психикалық аурулардың анықталғандығы туралы хабарлама. Есеп беріліп отырған жылда туберкулезге алғаш рет шалдыққан (алғаш рет тіркелген) диагнозы ОДКК-да анықталғаннан кейін туберкулезбен алғаш рет ауырған барлық науқастарға толтырылады.
3. 058/е – бактерия бөлуші науқастар «жұқпалы ауру, азық-түлік өнімдерімен, жедел, кәсіби улану, егуге организмнің өзгеше жауабы туралы шұғыл хабарлама» негiзiнде есепке алынады. Шұғыл хабарламаның жіберілу мерзiмi – бактерия бөлу анықталғаннан кейiн, бiр тәулiк iшiнде.
4. ТБ 01 – туберкулезге шалдыққан науқастың медициналық картасы, туберкулезге шалдыққан әрбір науқасқа ем тағайындалғанда немесе емдеу курсына қайта тіркегенде, ОДКК-да туберкулез деген диагноз қойылғаннан кейін немесе туберкулезбен ауыратын науқастың типі өзгеруі туралы шешім қабылданғаннан кейін мекен-жайына қатысты аудандық фтизиатр немесе аурухананың фтизиатры толтырады. Бұл карта емнің толық курсы барысындағы науқас туралы ақпаратты тіркеуге арналған және де туберкулезбен ауыратын науқастарды бақылайтын компьютерлік бағдарламаға кіріс құжаты болып табылады. Науқас ауруханадан шыққанда ТБ 01 медициналық картасы қолына берiлiп, науқас емін жалғастыратын АМСК жүйесi мекемесіне не ТҚКҰ-ға жеткізіледі. Химиятерапия курсы аяқталғаннан кейiн ТБ 01 медициналық картасы аудандық ТҚКҰ-ға жiберiледi.
5. ТБ 03 – облыстағы (қала, аудандағы) туберкулездi тiркеу журналы. Аталған журнал науқас диспансерлік есеп, емделу мен бақылауға алынған туберкулезге қарсы күресу ұйымында жүргiзiледi. Журналдың сол жағы ем тағайындалғанға дейін толтырылады, ал оң жағы науқастың медициналық картасы ТБ 01 негiзiнде толтырылады. Журналдағы мәлiметтер ай сайын ТБ 04 зертханалық тiркеу журналы және мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қызмет органдарының жұқпалы ауруларды есепке алу мәліметтерімен (ТБ 02 үлгісі - «кейбір жұқпалы және паразиттік аурулар туралы есеп» № 1 үлгіге қосымша) салыстырылып отырады. Ем сәтсіз аяқталған жағдайда науқасты ТБ 03 журналына қайта тіркеу қажет.
6. ТБ 04 – зертханалық тiркеу журналы, қақырықты туберкулез микобактериясына микроскопиялық тексеретін БМСК жүйесi және ТҚҰ-ның әрбір зертханасында жүргізіледі. Зертханалық реттік нөмір (қақырық үлгісіне емес), науқасқа беріледі.
7. ТБ 05 – қақырықты туберкулез микобактериясына микроскопиялық тексеруге жіберетін жолдама (бактериоскопияға).
8. ТБ 06 – ТМБ дақылдарының туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге сезiмталдығын анықтауға жолдама.
9. ТБ 09 – емді не бақылауды жалғастыру мақсатында туберкулезбен ауыратын науқасты бiр мекемеден басқа бір мекемеге ауыстыру жолдамасы.
10. ТБ 11 – туберкулезбен ауыратын IV санаттағы науқастарды тiркеу журналы. Аталған журнал дәрiге көнбейтін туберкулезге шалдығып, IV санатқа ауыстырылған науқастарды тiркеу үшiн облыстық және аудандық туберкулезге қарсы күресу ұйымында жүргiзiледi.
11. ТБ 12 – туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді тiркеу журналы.
12. ТБ 14 – науқастың ақпарат алғаннан кейінгі ем қабылдауға берген келiсiмi.
13. ТБ 15 – туберкулездіа күдік тудырған науқастарды тiркеу журналы.
14. ТБ 16 – контингентті диспансерлiк бақылау картасы.
15. ТБ 17 - зертханалық егу әдісі бойынша зерттеулерді есепке алу журналы.
16. ТБ18 - ТМБ дәріге сезімталдығын тестілеу нәтижелерінің зертханалық журналы.
Туберкулез бойынша есеп беру құжаттары:
Туберкулез бойынша есеп беру құжаттарының нысандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылы 22 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген.
1. 8-үлгі – туберкулездің жаңадан анықталған және қайталанған түрлері бойынша жылдық есеп.
2. 33 здрав – туберкулезге шалдыққан науқастар туралы жылдық есеп.
3. ТБ 07 – тiркелген туберкулез жағдайлары туралы тоқсандық есеп. Аталған тоқсандық есепті аудандық, қалалық, облыстық, республикалық туберкулезге қарсы күресу ұйымдары ТБ 03 туберкулезді тiркеу журналы негiзiнде құрастырады. Тоқсандық есепті туберкулезге қарсы күресу ұйымдары тікелей тапсыру принципі бойынша РМҚМ «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Туберкулез мәселелерiнің Ұлттық орталығына» (бұдан әрі ТМҰО) тапсырады. Облыстар бойынша жинақ есептi ТМҰО құрастырады.
4. ТБ 08 – 12 ай бұрын тiркелген туберкулезге шалдыққан науқастардың ем нәтижесі бойынша тоқсандық есеп. Аталған үлгі ТБ 03 туберкулезді тiркеу журналы негiзiнде есеп беріп отырған тоқсанның соңғы күнінен бiр жыл кері қайтып, ретроспективті түрде құрастырылады. Есеп тікелей тапсыру принципімен ТБ 07 үлгісі сияқты тапсырылады.
5. ТБ 10 – 6 ай бұрын тiркелген бактерия бөлушi науқастардың қақырық жағындысының конверсиясы нәтижелерi бойынша тоқсандық есеп.
6. ТБ 13 – туберкулезге қарсы дәрілердің қолданылуы туралы тоқсандық есеп.
7. Туберкулезбен ауырған науқастар тұрақты мекен-жайына қарамастан, ауру анықталған жерде есепке алынып, тіркелуі тиіс.
8. Өмiрiнде алғаш рет кез-келген ағзада шоғырланған белсендi туберкулез диагнозы анықталған әрбір науқасқа № 089\е хабарламасы толтырылып, үш күндiк мерзiмде ТҚҰ мен мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қызмет мекемесіне жiберiлуi тиiс. Науқастың өлімінің себебі болған, науқас қайтыс болғаннан кейін анықталған белсенді туберкулез диагнозын фтизиатр растауы керек.
9. Науқаста туберкулездiң бактерия бөлетiн түрi анықталса, № 089/е хабарламасына қоса, № 058/е үлгідегі хабарламасы толтырылып, 24 сағат iшiнде науқастың тұрақты мекен-жайына қатысты санитариялық эпидемиологиялық қызмет органына жiберiлуi тиiс. № 058/е үлгідегі хабарлама алғаш рет анықталған бактерия бөлуші науқастарға ғана толтырылып қоймай, белсендi емес туберкулезi бар науқастарда бактерия бөлу байқалған жағдайда және тiрi кезiнде есепке алынбаған науқас туберкулездіың салдарынан қайтыс болған жағдайларда да толтырылуы керек.
10. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткiштердi (науқастану, өлім көрсеткіші) есептегенде тұрақты тұрғын халықты, көшіп-қонушылар (ішкі және сыртқы) мен түрмеде отырған адамдарды ескеру керек және де тұрғындардың көрсетілген санаттары бойынша жеке-жеке сараптама жүргiзiлуi тиіс.