Азақстан Республикасында тұрғындардың ауруханадағы төсектермен қамтамасыз етілу көрсеткішінің он жыл ішінде өзгеруі
Жылдар | 10 000 адамға шаққандағы төсектер саны | Көрнекті көрсеткіш пайызға теңеліп есептелінеді, % |
101,4 102,8 102,8 98,5 98,5 97,1 95,6 94,2 92,7 86,9 |
Салыстырмалы мөлшерлерді есептегеннен кейін оларға графикалық бейнелеу жүргізіледі. Ондағы негізгі мақсат статистикалық көрсеткіштерді көрнекті етіп көрсету және талдауды жеңілдету. Графикалық бейнелеудің мынадай түрлері бар:
1. Диаграммалар (сызықты, тарамдалған, бағаналы, ішкі бағаналы, секторлық, көлемді, т.б.).
2. Картограммалар.
3. Картодиаграммалар.
Графикалық бейнелеу үшін абсолюттік де, салыстырмалы да, орта өлшемдер де пайдаланылады. Кез келген графикалық бейнені құрастырғанда мынадай ережелерді сақтау қажет:
· әрбір графикалық бейненің өзіндік аты болуы тиіс. Онда бейненің мағынасы, уақыты және орны көрсетіледі;
· ол белгілі бір өлшемде құрылуы керек;
· әрбір графикалық бейнеге қолданылған бояуға және қосымшаға түсініктеме беру керек;
· графикалық бейне статистикалық көрсеткіштің мағынасына сай келуі тиіс.
Сызықты диаграммалар құбылыстың немесе белгінің динамикалық өзгеруін көрсетеді. Оның көмегімен тұрғындардың табиғи өсімін, балалар өлімінің барысын көрсетуге болады. Бір диаграммада бірнеше құбылыстың өзгеруін көрсетуге болады, оларды әр түрлі сызықтармен сызады, бірақ диаграммада төрт сызықшадан артық қолдануға болмайды (1-сурет).
Тарамдалған немесе радиалды – шеңберлі координат жүйесінде құрылады. Оны бір құбылыстың тәулік бойы және апталық, жылдық өзгеруін бейнелеуге пайдаланады (2-сурет).
Бағаналы немесе жазық диаграммалар – құбылыстардың динамикалық немесе тұрақты жағдайын бейнелеуге қолданылады (3-сурет).
Ішкі бағаналы диаграмма, жалпы ауру көрсеткішін 100%-ға теңейді, ал соның құрамындағы аурудың түрлерін бағананың ішінде түрлі бояумен немесе сызықшалармен көрсетеді.
Секторлық диаграмманың көмегімен көріністің құрамын бейнелейді. Онда шеңберді 100%-ға теңейді, ал шеңбердің көлемі 360о болғандықтан, 1%-3,6о-қа тең, яғни көрсеткішті 3,6-ға көбейтіп градусты табады (4-сурет).
Көлемді немесе фигуралық диаграммаларда статистикалық көрсеткіштерді суретпен (фигурамен) бейнелейді. Мысалы, халық санының өсуін адамның фигурасымен, төсек санының өсуін төсектің суретімен бейнелейді.
Картограммалар жасағанда географиялық картаға статистикалық көрсеткіштің мөлшеріне қарай соған сәйкес ауданды, аймақты, облысты, т.б. бояумен немесе сызықшалармен белгілейді Онда неғұрлым көрсеткіштің мөлшері жоғары болса, соған сәйкес бояудың түрі қанық болуы керек (5-сурет).
Картодиаграммаларда географиялық картаға түрлі диаграмма салынады, көбінесе бағаналы диаграмма пайдаланылады (6-сурет).
1-сурет. 1998 жылы Қазақстан Респуубликасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткіші.
2-сурет. 1998 жылы Қазақстан Республикасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткіші.
3-сурет. 1998 жылы Қазақстан Республикасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткіші.
4-сурет. 1998 жылы Қазақстан Респуубликасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткіші.
-Ақмола облысы – 406,4 -Оңтүстік Қазақстан облысы – 53,7
-Алматы облысы – 99 -Басқа облыстар – 177
5-сурет. 1998 жылы Қазақстан Республикасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткішін 100000 адамға есептегендегі көрсеткіші.
| |||||
|
|
6-сурет. 1998 жылы Қазақстан Республикасында адамдар психикасы бұзылу ауруының көрсеткішін 100000 адамға есептегендегі көрсеткіші.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Биологиялық статистиканы оқыту пәні қандай?
2. Биологиялық статистиканы қолданудың негізгі аймақтарын атаңыз.
3. Статистикалық зерттеудің негізгі түрлері?
4. Статистикалық кестенің түрлерін атаңыз?
5. Биостатистикада қолданылатын салыстырмалы мөлшерлер.
6. Графикалық бейнелеудің түрлері (диаграмма, картограмма, картодиаграмма).
Орта шамалар
Орта шамалар медицинада және денсаулық сақтау саласында өте жиі қолданылады:
1) дене өсуін сипаттауда;
2) адамның ағзаларының физиологиялық шамасын бағалауда;
3) санитарлық-эпидемиологиялық мөлшерді, нормативтік мөлшерлерді белгілеуде;
4) денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын сипаттауда, т.б. жағдайларда.
Орта шама – жиынтықтың сандық белгілерін сипаттайтын қорытынды мөлшер.
Сандық белгінің орта мөлшерлерін есептегенде орта шаманың бірнеше түрін табуға болады: орта арифметикалық, орта квадраттық, орта үйлесімдік. Статистикалық зерттеулерде жиі пайдаланатыны – орта арифметикалық шама. Орта шаманы табу үшін зерттелген құбылыстың сандық мөлшерлерін белгілі ретпен орналастыру керек, яғни вариациялық қатар құру қажет.
Вариациялық қатар – зерттелетін белгінің сандық мөлшерлерін жоғарылату немесе төмендету ретімен орналастыру. Вариациялық қатарды белгілеу тәртібі:
- варианта (V) – зерттелетін белгінің сандық маңызы;
- жиілік (Р) – әр вариантаның кездесу жиілігі;
- жалпы бақылау саны (n=∑P).
Вариациялық қатардың қарапайым және топтастырылған түрі бар. Қарапайым түрінде әрбір варианта бөлек беріледі, ал топтастырылған түрінде бірнеше сандық маңызы бірдей варианталар бір топқа топтастырылып, топқа кіргізілген варианталардың бәрінің жиілігі қосылады.
Орта арифметикалық шаманың (М) екі түрі болады: жай арифметикалық орта шама және өлшемді арифметикалық шама. Жай арифметикалық орта шаманы есептеу формуласы:
М = (6)
Бұл формула әр вариантаның біркелкі жиілікпен кездесуінде және бақылау санының қосындысы n≤30 жағдайларында пайдаланылады.
Өлшемді орта арифметикалық шаманы есептеу формуласы:
М = (7)
Егер әр вариантаның жиілігі біркелкі болмай кездессе және бақылау санының қосындысы көп болса (n>30) пайдаланылады.
Орта квадраттық ауытқу жиынтықтың ішкі құрылымын сипаттайды. Орта квадраттық ауытқуды есептеу формуласы:
(8)
Егер n<30 болса, онда:
(9)
мұндағы d – орта арифметикалық шамадан ауытқуы: d = V – M
Егер жиынтықтың екі белгісінің (салмақ, бой) өзгерушіліктерін салыстыру керек болса немесе бір белгінің (салмақтың өзгерушілігі нәрестелерде және 10 жасар балаларда) екі салыстырмалы топтағы айырмашылығын білу керек болғанда вариациялық коэффициенті (Сv) пайдаланылады.
(10)
мұндағы Сv – вариациялық коэффициент (көрсеткіш) – салыстырмалы өлшем.
Орта квадраттық ауытқу (δ) орта арифметикалық шаманың орта қатесін есептеу үшін қажетті және таңдамалы статистикалық жиынтықпен жұмыс жүргізгенде қаншалықты жалпы жиынтықты дұрыс сипаттайтынын есептеуге пайдаланады. Ол үшін орта арифметикалық санның орта қатесін есептейді. Орта арифметикалық өлшемдердің қатесі мына формуламен есептелінеді:
а) егер n≤30, (11)
ә) егер n>30, (12)
Салыстырмалы өлшемдердің орташа қателігін есептеу формуласы:
а) егер n≤30, (13)
ә) егер n>30, (14)
Екі орта арифметикалық шамалардың (М1 және М2) және екі салыстырмалы көрсеткіштерді (Р1 және Р2) айырмашылығының нақтылығы мына формуламен есептелінеді:
және (15)
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Орта шамалардың медицинада қолданылуы.
2. Орта шамалардың түрлерін атаңыз.
3. Вариациялық қатар, түрлері.
4. Вариациялық қатарды құру тәртібі.
5. Орта арифметикалық шамалардың түрлерін атаңыз.
6. Лимит, амплитуда, орта квадраттық ауытқу дегеніміз не?