Андай алдын алу шараларын қолға алу қажет?

Кіріспе

Кейінгі кезде эхинококкоз ауруы туралы жиі естуге болады. Алматы қаласы Алатау ауданы тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы бойынша 2014 жылдың 1-жартыжылдығында эхинококкоз ауруымен 6 жағдай тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 2 (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2013 ж. І ж.ж. – 7/2). Бұл эхинококкоз ауруының өткен жылмен салыстыр­ғандағы көрсеткіші 1 жағдайға төмендеп тұрғанын көрсеткенмен, аурудың қаупі азая қойған жоқ.

Эхинококкоз – жаппай таралған табиғи-ошақтық, созылмалы түрде өтетін гельминтоздар. Эхинококкоз личинкалары қан айналым жолдары арқылы бауырдың, өкпенің және басқа ағзалардың жеке немесе көптеген қуысты ісіктермен бұзылуына, аурудың қатты асқынуы нәтижесінде көбіне мүгедектікке және өлімге әкеледі. Инвазиямен жұқтырғаннан бастап клиникалық көріністер байқалғанға дейін бірнеше айлар, тіпті, жылдар өтуі мүмкін. Деректерге сүйенсек, осы ауру бойынша Қазақстан Республикасында – Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан облыс­тары эпидемиялығы өте жоғары аймақтарға жатады.

Адамға ауру 3 түрлі жолмен жұғады:

1) асқазан-ішектік (қайнатылмаған су арқылы, жуылмаған көкөніс, жемістер, лас қол арқылы);

2) тыныс жолдары (тыныс жолдары арқылы шаңмен бірге);

3) ашық жарақаттар арқылы.

Ауруды тудыратын құрт ең алғаш иттің, түлкінің, қасқырдың, ши бөрінің аш ішектерінде өмір сүреді де, нәжісімен сыртқа шығып, қоршаған ортаны ластайды. Сыртқа түскен эхинококк жұмырт­қалары қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді. Олар кепкен күйдің өзінде тіршілігін 12 күнге дейін сақтайды.Қалада эхинококк жұмыртқаларымен жиі ластанатын аймақтар саябақ, иттерді жиі қыдыртатын, балалар көп ойнайтын үй аулалары болып табылады. Ауылдық, қалалық жерлерде егер иттер байлаулы болмаса, (қаңғыбас иттер) кең аймақтар ластанады. Эхинококкозбен балалардың ауру қаупі өте жоғары, өйткені, олар итпен жиі ойнайды.Иттің тік ішегіндегі ересек эхинококтың тіршілік ұзақтығы 6 айдан 3 жылға дейін созылады, ал личинкалық түрі адам ағзасында бірнеше жыл өмір сүреді. Сондықтан ауру адам көп жылдар бойы өзінің ауру екенін сезбей жүре беруі мүмкін. Ауру белгілері эхинококк құртының қай ағзада орналасқанына байланысты. Бауыр эхинокок­козымен ауырған адамның оң жақ қабырғасының асты сыздап ауырып, ауыр тартып тұрады. Егер де өкпесі зақымданса кеуде тұсы сыздап ауырып, жөтел, демікпе пайда болып, кейде қан түкіруі мүмкін. Біртіндеп зақымданған ағзасы үлкейіп, эхинококк көпіршігі өседі. Ауру асқынған жағдайда, эхинокок көпіршігі жарылып, анафи­лактикалық шок дамуы мүмкін, паразиттер шашылып, басқа мүшелерге таралады (бауыр, өкпе, бүйрек, кейде ми).Инвазияның ең көп түрі – бауыр эхинококкозы – 70 пайыз, екінші орында өкпенің эхинококкозы – 20 пайыз. Ауру асқынбаған жағдайда көп жылдарға созы­лады және кездейсоқ анықталуы мүмкін (жоспарлы рентгенография) немесе мақсатты тексеру кезінде. Аурудан емдеудің бірден-бір жолы – хирургиялық ем.Эхинококкоздың негізгі профилактикасы инвазия көзін табу және инвазия көзін жою болып табылады. Инвазияның негізгі көзі болып саналатын иттерден жұқтырудың алдын алу, егер олар инвазияланған болса, гельминттерден тазарту (децельминтизациялау) және иттің ветеринардан алған паспорты болуы тиіс. Жеке бас гигиенасы: малды, итті ұстағаннан кейін, далада, бау-бақшада әртүрлі жұмыстарды атқарған соң қолды міндетті түрде сабындап жуу қажет. Әрдайым көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, ашық су қоймаларынан, құдықтан, бұлақтан алынған суды қайнатып ішкен дұрыс. Өлген малды арнаулы шұңқырға (скотомогильник) көму керек. Бау-бақшада, шаң-тозаң көтерілетін жерде жұмыс атқарғанда ауыз бен мұрынға төрт қабатты дәке маска киген жөн, өйткені, көтерілген шаңмен бірге эхинококкоздың және басқа да аурулардың қоздырғыштары адамның тыныс жолдарына енуі мүмкін. Балалалардың қаңғыбас иттермен ойнауы­на жол бермеу керек.Медициналық профилактика шаралары – ауруды ертерек табу үшін қауіпті топтағыларды (малшыларды, қасапхана қызметкерлерін, ит бағатын мекемелердің жұмысшыларын, хайуанаттар саябағы жұмысшыларын, эпидемиялық аймақ­тардағы балаларды) тұрақты зертханалық тексеру, аспаптық-иммунологиялық әдістер жиынтығын пайдалану – осы аталған іс-шараларды мұқият орындағанда ғана, аурудың алдын аламыз. Ол әрбіріміздің қолымызда екенін ұмытпайық!

Эхинококк (Echіnococcus granulosus) – таспа құрттың бір түрі. Денесі 3 – 4 буыннан тұрады, ұзындығы 2 – 6 мм. Бір камералы, дамуы жетілген Эхинококк – іші сұйыққа толы, сырты қабықты көпіршік. Таспа түріндегі сатысы кейбір етқоректі және жыртқыш сүтқоректілердің ащы ішегінде дамиды. Эхинококктың дернәсілі адамның, сүтқоректілердің (аралық иесі – қой, ешкі, сиыр, шошқа, солтүстік бұғысы, ит, мысық, үй қояны, тышқандар) әр түрлі ішкі органдарында (көбінесе бауыр, өкпе, бүйрек, талақ) паразитті тіршілік етеді. Ересек эхинококк (ұзындығы 0,5 см-дей) ит организміне түскеннен кейін 45 – 95 тәулік өткесін бірнеше бөлікке бөлінеді. Сыртқы ортаға шыққан бұл бөліктерден жұмыртқа пайда болады да, олар шөпті, топырақты, мал түгін, суды, т.б. ластайды. Жылдың ылғалды кезеңдерінде (күзде, қыста, көктемде) 3 айға дейін тіршілік қабілетін жоймайды. Аралық иесі организмінде жұмыртқадан онкосфера (кейбір таспа құрттардың жұмыртқасынан шығатын, пішіні шар тәрізді, алты ілмегі бар ұрықтық сатысы) дамиды. Ол ішек қабырғасынан өтіп, қан не лимфамен орган, тіндерге тарап, көпіршік тәрізді дернәсіл сатысына дейін дамиды. Эхинококк әсерінен пайда болатын ауруды эхинококкоз деп атайды. Ауру қоздырғышы негізінен иттен, аздап қасқыр, шиебөрі, түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген мал өлексесін не ішек-қарын қалдықтарын жегенде жұғады. Адамға иттен жұғады. Адам ішегіне түскен эхинококк жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды, өкпені, т.б. ішкі органдарды зақымдайды. Адам эхинококкозбен ауырғанда әр түрлі белгілер байқалады. Мысалы, бауырды зақымдаса, адамның оң жақ бүйірі ауырып, әлсіздік, эхинококк өкпеге түссе, адам ентігіп, жөтеледі, түкірігінде қан пайда болады. Ауруды ауруханада емдейді.

Эхинококкоз –үй жануары арқылы тасымалданатын паразитті ауру. Паразит жануарлардың ішегінде бірнеше даму сатысынан өтіп, содан соң, жануарлардың нәжісімен жерге түседі. Жерге түскен жұмыртқалар онкосфералар деп аталады. Онкосфералар ауа температурасының өзгерістеріне берік әрі сыртқы ортаға бейімделгіш болып келеді. Балалар, көбінесе, үй жануарларымен қарым-қатынас кезінде, жануарлардың жүні, шаң-тозаң, су және т.б. арқылы жұқтырады. Егер, паразит тамақпен бірге ағзаға түссе, бауыр эхиноккозы, егер ауа арқылы тараса,өкпенің эхинококк өсіндісі дамиды.

Бауыр эхинококкозы - жиі кездесетін паразитті аурулардың бірі. Зақымдану жолы өкпе эхинококкозы сияқты, яғни алиментарлы жолмен, ішектен сіңіріліп қан арқылы таралады. Көбінесе бауырдың оң жақ бөлігінде кездеседі. Клиникалық көрінісі жалпы белгілермен жүреді: жалпы әлсіздік, мазасыздық, дене қызуының көтерілуі, тәбетінің төмендеуі. Сонымен қатар оң жақ қабырға астының ауырсынуы болады, ал егер эхинококк өте жақын орналасса, холецистит белгілерімен өтуі мүмкін. Талақ үлкейеді. Пальпация кезінде бауырдың тығыздалып өскенін, ірі кистаны байқауға болады. Ауырсыну белгісі қатты болмайды. Перкуссияда тұнық дыбыс естіледі. Қан талдауында эозинофилия, эритроциттің тұну жылдамдығының (ЭТЖ) жоғарылауы, лейкоцитоз, нейтрофильдің солға ығысуы, гипоальбуминемия және диспротеинемияның болуы мүмкін. Зәр талдауында аса үлкен өзгерістер болмайды. Науқасқа серологиялық сынамалар, профилактикалық рентгенограмма, томограмма, УДЗ өткізіледі. Сол сияқты бронхография, иммунологиялық әдістер де көрсетілімдер бойынша жасалады.

Эхинококкоздың қазіргі кездегі емі – хирургиялық. Көп қолданылатын әдіс бір реттік лапаротомия, торакотомия жасап, эхинококкоэктомияны орындау. Соңғы жылдары эхинококкэктомия үшін эндоскопиялық аппараттың көмегімен алып тастау әдісі жиі қолданылуда. Асқынуларға операциядан кейін бауырда немесе өкпеде қалған қуыстардың іріңдеуі, өттің, бронхтың жыланкөздері және қайталануы жатады. Эпидемиялық ерекшеліктерді ескере отырып емханада эхинококктың алдын-алу үшін келесі шараларды жүргізу қажет:

1. Эхинококктың жұғуын алдын-алу үшін бала-бақшаларда, мектептерде ата-аналарға дәріс сабақтары жүргізілуі керек. Газет, радио, теледидардан көп айтылып, жазылып ақпарат берілуі қажет.

2. Балаларды тазалыққа, жеке басының гигиенасын сақтауға баулу. Бөтен жануарлармен ойнамау.

3. Емханада эхинококктың ерте диагнозын қою және алдын-алу шараларына арналған дәрігерлік конференциялар өткізу.

Эхинококк өсіндісі – бұл паразиттің дамуындағы соңғы кезең болып табылады.Этиология. Жылауық кұрты өл-шемі 2 мм-см. Құрт өсіп-өнуі үшін, аң мен үй жануарларының ішіне түсуі керек.Эпидемиология. Ол көбінесе аңдар мен үй малдарынан, ит пен мысықтан жұғады. Бұл құрттар ит пен қасқырдың ащы ішегінде өсіп-өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды. Аң терісін, ит пен мысықты ұстағанда жылауықтың құрты қолға жабысады. Қолды жумай тамақ ішкенде, ластанған өзендердің суын қайнатпай ішкенде құрт адамның асқазанына барып түседі.Патогенез. Асқазанға түскен құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айырылып, ішек қатпарларына енеді. Содан қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, ми және басқа ағзаларға ұялайды. Бірте-бірте ұялаған жерінде жылауық құрты өнеді, өседі. Олар бір ұялы, көпұялы болып бөлінеді. Жылауық қалтасы бірте-бірте өсіп, аурудың белгісі біліне бастайды, құрт орналасқан органдардың қызметі бұзылады.Жылауықтың өрбуін екі кезеңге бөлуге болады. 1.Жасырын өрбуі. Науқастың аздаған қызуы көтерілуі мүмкін, субфебрилитет, қан аздық, лоқсып, тамаққа тәбеті төмендеп, асқазан түбі ауырып, ауырлық сезіледі. Кейбір науқаста бас ауырып, жөтеліп, ентігіп, кеудесі шаншиды, әлсіздік сезінеді. Жылауық құртының ұрықтары ағзада айлап, жылдап, көп белгі бермей жата беруі де мүмкін. Ал, кейде басқа дерттердің белгілері сияқты көрінеді, басқа дәрігерлерде емделіп жүреді. Жылауық құртының ауыр түрі. 1.Бауырдағы жылауық асқынғанда, а.) Жылауық қалтасының жарылуы, б.) Сар-ғаю, өт жолын жапқандықтан, в.) Жылауықтың іріңдеуі. 2.Өкпедегі жылауық асқынғанда а.) өкпедегі іріндік, іріңді плевра, б.) өкпеден қан кету. Бауырда көлемдері әртүрлі, іші мөлдір суға толған жылауық құрт ісіктері пайда болады. Адамның іші өтеді, асқазан, бауыр тұсы сыздап ауырады. Оң жақ қабырға астынан сыртқа қарай томпиған ісікті байқауға болады. Жылауық асқынып жарылғанда науқастың жағдайы нашарлайды. Жылауық қалтасы өт жолын жапқанда науқас сарғайып кетеді. Бауырдағы жылауық іріңдегенде ағзаның түгелдей улану қаупі басталады. Өкпедегі жылауық асқынғанда тыныс жолдарының, өкпенің, плевраның іріңдеп қабынуы болады. Өкпедегі тамырды сорып, жегідей жеп, өкпеден қан кеткенде өте ауыр жағдайға соқтырады.

Аурудың белгілері.

Көбінесе байқалмайды, эхинококк өсіндісі өкпені рентгенологиялық немесе бауырды ультрадыбыстық зерттеу кезінде анықталып жатады. Бауырдағы үлкен өсінділер іштің жоғарғы бөлігіне орналасады. Өсінді мида дамыған жағдайда бас ауруы, неврологиялық бұзылыстар байқалады. Сәбиде эхинококкоз ауруы анықталған жағдайда, барлық отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша емханада тексеруден өткізу қажет.Соңғы кездері Көп бейінді облыстық балалар ауруханасында жылына 10 науқасқа дейін бауыр және өкпе эхиноккозы бойынша ота жасалады (салыстырмалы түрде алғанда, 1995-2008жж. аралығында жылына 25 науқасқа дейін ота жасалған). Ота жасалған соң, науқастар емханадағы хирург маманымен диспансерлік есепке алынып, сызба бойынша ішек құрттарына қарсы ем қабылдайды, 2 жыл ішінде өкпені рентгенге түсіріп, бауырды ультрадыбыстық зерттеуден өткізеді.

Емі.

Таяу уақытқа дейін бауырға жасалатын операциялар эхинококк іріңін алумен және шеттік кесумен ғана шектелген еді. Қазіргі уақытта асқынған зақымдану жағдайында сегменттік кесу мен оң немесе сол жақ бөлікті алып тастау операциялары жасалады. Бауыр эхинококкозы асқынып кеткен және басқа органдары зақымданған науқастарды емдеуде қуыстарды лазермен өңдеу тәсілін қолданылады.

андай алдын алу шараларын қолға алу қажет?

Бірінші кезекте, жеке гигиенаға, әсіресе, қол тазалығына аса көңіл бөлу қажет. Екіншіден, үй жануарларын, ауылдық жерлерде ірі қара малды ішек құрттарынан тазарту шараларын атқару қажет. Жануарлар уақытылы ветеринарлық тексеруден өткізіліп, олардың қалдықтары жойылуы, жануар өнімдері жеткілікті мөлшерде термиялық өңдеуден өткізілуі қажет (флюорография, ультрадыбыстық зерттеу).Ветеринарлық қызметтің жұмысын жақсартып, үй жануарларының эхиноккоз ауруын жұқтыруын бақылауға алу, бұралқы иттер мен мысықтардың санын азайту, тұрғындардың өмір сүру дағдысын, санитарлық білімі мен жеке гигиенаны сақтау мәдениетін арттыру қажет.Бірінші кезекте, жеке гигиенаға, әсіресе, қол тазалығына аса көңіл бөлу қажет. Екіншіден, үй жануарларын, ауылдық жерлерде ірі қара малды ішек құрттарынан тазарту шараларын атқару қажет. Жануарлар уақытылы ветеринарлық тексеруден өткізіліп, олардың қалдықтары жойылуы, жануар өнімдері жеткілікті мөлшерде термиялық өңдеуден өткізілуі қажет (флюорография, ультрадыбыстық зерттеу).Ветеринарлық қызметтің жұмысын жақсартып, үй жануарларының эхиноккоз ауруын жұқтыруын бақылауға алу, бұралқы иттер мен мысықтардың санын азайту, тұрғындардың өмір сүру дағдысын, санитарлық білімі мен жеке гигиенаны сақтау мәдениетін арттыру қажет.

Жылауық құрт кеселі (эхинококкоз) - адам мен мал ағзаларына құрт ұрықтарының түсуінен пайда болатын дерт. Ол көбінесе аңдар мен ауыл шаруашылығы малдарынан, ит, мысықтардан жұғады. Көзге әрең көрінетін жылауық құртының ұзындығы 2 мм ден 1 см-ге дейін болады. Олар иттің, қасқырдың, түлкінің аш ішегінде өсіп өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды және қоршаған ортада ұзақ уақыт өсу қабілетін жоғалтпай сақтайды. Бұл құрттар адам ағзасына аң терілерін пайдаланғанда, ит пен мысықты ұстағанда қолға жабысады да қолды жумай тамақ ішкенде, бұлақтар мен өзен суларын қайнатпай ішкенде адам ағзасына түседі.

Наши рекомендации