ПӘні бойынша емтихан билеттері

Мамандығы 5В130200 «Стоматология»

Курсы 5

Қарағанды 2014 ж.

2014/2015оқу жылына арналған SDV 5308 «Балалар жасындағы стоматология» пәні бойынша емтихан билеттері кафедра отырысында қарастырылған

«___» _______ 2014 ж. №___хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________С.Т.Тулеутаева

2014/2015 оқу жылына арналған SDV 5308 «Балалар жасындағы стоматология» пәні бойынша емхтихан билеттері «Стоматология» мамандығының білім беру бағдарламалары комитеті отырысында талқыланған

«___» _______ 2014 ж. №___хаттама

Төрайымы ________________________ С.Т.Тулеутаева

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 1 БИЛЕТ

1. Балаларда Х-гистиоцитоз кезіндегі ауыз қуысындағы көріністер. Клиникасы, емі

2. Самай-төмеңгі жақ буынының жеткiншектiк дисфункциясы. Этиологиясы, патогенезi, клиникасы, емдеуi

3. Таңдай, ерін туа біткен жырықтары бар науқастарға емдік көмек

4. Есеп. 11 жастағы бала тістерінің қозғалғыштығына, қызыл иегінің қанағыштығына шағымданады. Анамнезінен: дәрігер-эндокринологта есепте тұр. Объект.: барлық тістерінің қызыл иегі қызарған, ісінген, қанағыш. Қызыл иек қалтасының тереңдігі 5мм. дейін. Қызыл иек үсті және асты тастары өте көп. РМА=100%. 2 дәрежелі қозғалғыштық. Рентгенсуретті сипаттаңыз. Қанның клиникалық сараптамасының нәтижесін сипаттаңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 2 БИЛЕТ

1. Балаларда пародонт ауруының дамуына әкелетін жалпы және жергілікті факторлар

2. Таңдай, ерін туа біткен жырықтары бар балаларды кешенді реабилитациялау бағдарламасы. Анатомиялық бұзылыстары.

3. Балалардағы самай-төмеңгі жақ буынының артриттерi. Этиологиясы, патогенезi, клиникасы, емдеуi

4. Есеп. Дәрігер-стоматолог 5 жастағы балаға кеңеске шақырылды. Бала 2-3 күн бойы ауырған: дене қызуы жоғары, жалпы жағдайы нашарлаған, тағам қабылдағанда ауырсынады, гиперсаливация, аузынан жағымсыз иіс шығады. Жақасты лимфотүйіндері ұлғайған. Ауыз қуысында – сілемейдің қызаруы, ісінуі. Бадамша без ашық-қызыл, лас-сұр түсті өлі еттенген пленкамен көмкерілген. ДЗ бекіту үшін қандай қосымша әдістер жүргізу қажет. Оны негіздеңіз. Емдеу жоспары

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 3 БИЛЕТ

1. Балалардың пародонт ауруының қауіп-қатер факторларын жою әдістері

2. Балалардағы ЖИТС клиникалық ағымының ерекшеліктері

3. Балаларда беттің туа бткен жырықтарының алдын алу

4. Есеп. Науқас М, 6 жаста. Клиникаға аузының ашылуының шектелуiне, төменгi жақ сүйегiнiң жетiлмеуiне шағымданып қаралды. Бiрiншi жүктiлiктен. Босану патологиясыз өткен. Сегiзiншi күнi қыз балада панариций, iрiңдi омфолит дамыған, 16 күнi кiндiк сепсисi, оң жақ санының остеомиелитi, сегiзкөз ай­мағының абсцессi деген диагнозбен ауруханаға түстi. Ауруха­нада екi ай шамасында емделген. 6 айлығында екi жақты iрiңдi отитпен ауырған. 3 жасында шешесi баланың бетiнiң асимметриясын байқап, невропатологқа қаралған, онда бет нервiсiсiнiң парезi деген ДЗ қойылған, ем тағайындалған. Тексерген кезде: иектiң орта сызығы ығысқан, оң жақ төменгі жақ сүйегi денесi мен бұтағы қысқарған. Аузының ашылуы 2 см-ге ашылады. Айқасқан тiстесу, буынның бүйiр қозғалыстары жоқ. Диагноз қойыңыз. Емін жүргізіңіз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 4 БИЛЕТ

1. Ауыз қуысының кәсіби гигиенасы

2. Балалардың ауыз қуысы сілемейлі қабығының вирусты ауруларының этиологиясы және патогенезі

3. Самай-төмеңгі жақ буынының деформирлеушi жеткiншектiк артрозы. Этиологиясы, патогенезi, клиникасы, емдеуi

4. Есеп. Босану үйiнде бiрiншi жүктiлiктен, бiрiншi босануынан 2,800 грамм салмақпен бала туды. Жүктiлiктiң бiрiншi жартысында ше­шесi тұмаумен ауырып, өздiгiнен емделген. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, мұрын жолы түбімен қоса оң жақтағы жоғарғы ерін ақауынан бет асимметриясы, жоғарғы ерін орта бөлімінің қысқаруы, оң жақ мұрынның тері-шеміршек бөлімінің деформациясы. Диагноз қойыңыз. Реабилитациялау жоспарын құрыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 5 БИЛЕТ

1. Зақымданудың біріншілік морфологиялық элементтері

2. Балалардағы ЖГС жеңiл ауырлық дәрежесінің клиникасы және емі

3. Сүйектiк операциядан соң балаларды реабилитациялау. Бала­лардың самай-төмеңгі жақ буынының ауруларының алдын алу

4. Есеп. Босану үйiнде бiрiншi жүктiлiктен, бiрiншi босануынан 2,800 грамм салмақпен бала туды. Жүктiлiктiң бiрiншi жартысында ше­шесi тұмаумен ауырып, өздiгiнен емделген. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, мұрын жолы түбімен қоса оң жақтағы жоғарғы ерін ақауынан бет асимметриясы, жоғарғы ерін орта бөлімінің қысқаруы, оң жақ мұрынның тері-шеміршек бөлімінің деформациясы. Жырықтың пайда болу себебін атаңыз. Оперативті кірісудің мерзімі мен әдісін анықтаңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 6 БИЛЕТ

1. Зақымданудың екіншілік морфологиялық элементтері

2. Балалардағы ЖГС орташа ауырлық дәрежесінің клиникасы және емі

3. Балаларда жоғарғы еріннің туа біткен жырығының сипаттамасы, анатомофункциональды бұзылыстар.

4. Есеп. 3 жастағы бала жақ-бет бөліміне беттің жұлынып-тістелген жарасымен түсті. Жарақатты өзінің иті салған. Сіздің тактикаңыз, таңдауын негіздеңіз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 7 БИЛЕТ

1. Балалардың ауыз қуысы сілемейлі қабығының Т.Ф.Виноградова бойынша жiктелуi

2. Балалардағы ЖГС ауыр дәрежесінің клиникасы және емі

3. Таңдай, ерін туа біткен жырықтары бар балаларды операцияға дайындау: көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, операция жасау мерзімдері

4. Есеп. Бала 15 жаста. 1.3, 1.2, 1.1, 2.1, 2.2, 2.3 тістерінің қозғалғыштығына, жоғарғы еріннің жұлынып-соғылған жарасына шағымданады. Сұрау кезінде, кеше төбелескен кезде бетіне жұдырық тигені анықталды. Сіздің тактикаңыз. Өзініздің таңдауынызды негіздеңіз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 8 БИЛЕТ

1. Балаларда жедел герпестік стоматитті емдеу

2. Балалардағы жоғарғы ерін және тілдің жүгеншелерінің ауытқуларының диагностикасы, клиникасы

3. Балалардағы гематогендi остеомиелиттiң этиологиясы және патогенезi

4. Есеп. Бала 1,5 жаста, 4 күн бойы ауырған, дене қызуы 38-40 маңайын­да, тамақ ішпейдi, ұйықтамайды. Бет терiсiiнде әр түрлi даму сатысындағы көптеген көпiршiктi бөртулер (көпiршiк, эрозия, қабыршақтар). Сілемейiнде көптеген бiрiккен эрозиялар, тiс са­уыттары iсiнген, қанағыш, қызыл иекпен көмкерiлген. Жақасты және мойын лимфатүйiндерiнiң лимфаденитi айқындалған. Алдын ала ДЗ қойыңыз. Клиникалық диагнозды негіздеңіз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 9 БИЛЕТ

1. Балалардағы гематогендi остеомиелит. Клиникалық ағымының ерекшелiктерi, диагностикасы және салыстырмалы диагностикасы

2. Балаларда жақсүйектерінің одонтогенді ұралары.

3. Балалардағы герпангинаның клиникасы және емі

4. Есеп. Бала 1,5 жаста, 4 күн бойы ауырған, дене қызуы 38-40 маңайын­да, тамақ ішпейдi, ұйықтамайды. Бет терiсiiнде әр түрлi даму сатысындағы көптеген көпiршiктi бөртулер (көпiршiк, эрозия, қабыршақтар). Сілемейiнде көптеген бiрiккен эрозиялар, тiс са­уыттары iсiнген, қанағыш, қызыл иекпен көмкерiлген. Жақасты және мойын лимфатүйiндерiнiң лимфаденитi айқындалған. Емдеу жоспарын құрыңыз. Науқасқа қажетті дәрілік жабдықтардың рецептін жазыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 10 БИЛЕТ

1. Балалардағы везикулярлы стоматиттің клиникасы және емі

2. Балалардағы гематогендi остеомиелиттi хирургиялық емдеу принциптерi

3. Балалардағы жоғарғы еріннің туа біткен жырығы. Анатомо-функциональдыбұзылыстар.

4. Есеп. 3 жастағы бала дәрiгер-педиатрге кеңес алуға және емделуге жiберiлдi. Ата-анасының айтуыы бойынша баланың дене қызуы ақырғы 3 күнде 37,8-38,5, әлсiз, мазасыз, тамақтан бас тарта­ды, мұрынынан бөлiнулер, қызыл иегiнен қан ағады. Объект.: ерiн және тiл сілемейінде 5-10-нан 15-20 жететiн бөртулер басқан. Төмеңгi және жоғарғы жақсүйек қызыл иек қырлары қызарған, құралдармен түрткенде қанайды. ДЗ қойыңыз. Емдеу алгоритмін құрыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 11 БИЛЕТ

1. Балаларда зең ауруларының этиологиясы және патогенезі

2. Балалардағы ЖБА гематогендi остеомиелиттiң профилактикасы

3. Балалардағы жақсүйектердің одонтогенді ұралары.

4. Есеп. 3 жастағы бала дәрiгер-педиатрге кеңес алуға және емделуге жiберiлдi. Ата-анасының айтуыы бойынша баланың дене қызуы ақырғы 3 күнде 37,8-38,5, әлсiз, мазасыз, тамақтан бас тарта­ды, мұрынынан бөлiнулер, қызыл иегiнен қан ағады. Объект.: ерiн және тiл сілемейінде 5-10-нан 15-20 жететiн бөртулер басқан. Төмеңгi және жоғарғы жақсүйек қызыл иек қырлары қызарған, құралдармен түрткенде қанайды. Емдеу жоспарын құрыңыз. Этиотропты терапия үшін препараттарды жазыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 12 БИЛЕТ

1. Балалардағы жедел псевдомембранозды кандидоздың клиникасы және емі

2. Төмеңгі жақ сүйегі сынған балаларды тексеру әдістері

3. СТЖБ дисфункциясы бар науқастарды реабилитациялау

4. Есеп. Профилактикалық тексеруде 11 жастағы баланың ұрт сілемейiнде тiстесу сызығы бойында сілемейдiң ақшыл түстi бөлiктер анықталды, беткейi тегiс емес, ұстағанда бұдырлы. Алғанда "шөгiндi" жартылай ғана алынады. Бала ЛОР дәрiгерiнде есепте тұр, жылына 3 рет қайталануына қарсы ем алады (антибиотиктер, витаминдер және т.б.). Диагноз қойыңыз. Қосымша зерттеу әдістерінің берілулерін негіздеңіз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 13 БИЛЕТ

1. Балалардағы жедел псевдомембранозды кандидоздың емі

2. Балалардағы жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы.

3. Балалардағы төмеңгі жақ сүйек сынуының клиникалық ағымының ерекшеліктері

4. Есеп. Профилактикалық тексеруде 11 жастағы баланың ұрт кiлегейiнде тiстесу сызығы бойында сілемейдiң ақшыл түстi бөлiктері анықталды, беткейi тегiс емес, ұстағанда бұдырлы. Алғанда "шөгiндi" жатылай ғана алынады. Бала ЛОР дәрiгерiнде есепте тұр, жылына 3 рет қайталануына қарсы ем алады (антибиотиктер, витаминдер және т.б.). Емдеу жоспарын құрыңыз. Науқасқа қажетті рецепті жазыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 14 БИЛЕТ

1. Балалардағы созылмалы гиперпластикалық кандидоз: клиникалық ағымының ерекшеліктері

2. Балалардағы қанат-жақ кеңістігінің одонтогенді флегмонасы. Топографиялық анатомиясы. Клиникасы.

3. Жақ сүйектерінің одонтогенді ұраларын емдеудің хирургиялық әдістері

4. Есеп. Бала 12 жаста. 2 сағат бұрын ойнап жүрген кезде құлаған. Тексерген кезде иек асты аймағында жыртылып соғылған жара бар, ауызының ашылуы шектелген, оң жақ құлақ маңы шайнау аймағында аурушаң ісіну бар. Алдын ала ДЗ қойыңыз. Емдеу алгоритмін құрыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 15 БИЛЕТ

1. Балалардағы созылмалы гиперпластикалық кандидоз: емдеуі

2. Балалардағы төмеңгі жақ сүйек сынуын хирургиялық емдеу әдістері. Балалардағы төмеңгі жақ сүйек сынуын емдеу кезіндегі асқынулары мен қателіктері

3. Балалардағы жақ-бет аймағының бірлескен зақымдануларының клиникасы

4. Есеп. Бала 9 жаста, қант диабетi ауруымен емделу кезiнде, ауыз қуы­сында iрiмшiктi қақ анықталады, ол тiл аймағына қоршаған сілемеймен тығыз жабысқан. Ұрттың екі жағы аймағынан да қырған кезде қиын алынады. Қоршаған сілемей қызарған. Қосымша зерттеу жүргiзiңiз және ДЗ қойыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 16 БИЛЕТ

1. АҚСҚ аллергиялық аурулары бар балаларды тексеру әдістері

2.Балалардың одонтогендi остеомиелитiнiң созылмалы түрлерiнiң клинико-рентгенологиялық сипаттамасы, диагностикасы

3. Балалардағы ауыз қуысының қайталанбалы афталарының этиологиясы және патогенезі

4. Есеп. Клиникаға 10 жастағы бала қаралды. Жарты сағат бұрын ойнап жүрген кезде құлаған. Тексерген кезде жоғарғы ерін аймағының қанталап ісінгенінен бет асимметриясы байқалады. Төменгі еріннің сол жағында және ұрт аймағында ашық жара, жара шеттері тегіс емес, қанталап тұр, түбінде бұлшық ет тіні. Альвеолярлы өсіндісі 1.1 2.1 1.2 2.2 тістер аймағында қозғалмалы. 2.2 жоқ, ұяшық қан ұйындысымен толған. ДЗ қойыңыз. Көмек көрсетіңіз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 17 БИЛЕТ

1. Балалардағы медикаментозды стоматиттің клиникасы және емі

2. Балалардағы ауыз қуысындағы қайталанбалы афталардың клиникалық көрінісі

3. ЖБА созылмалы остеомиелитi бар балаларды емдеу принциптерi

4. Есеп. Клиникаға 10 жастағы бала қаралды. Жарты сағат бұрын ойнап жүрген кезде құлаған.Тексерген кезде жоғарғы ерін аймағының қанталап ісінгеннен бет асимметриясы байқалады. Төменгі еріннің сол жағында және ұрт аймағында ашық жара, жара шеттері тегіс емес, қанталап тұр, түбінде бұлшық ет тіні. Альвеолярлы өсіндісі 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістер аймағында қозғалмалы. 2.2 жоқ, ұяшық қан ұйындысымен толған. Емдеу жоспарын құрыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 18 БИЛЕТ

1. Балалардағы қайталанбалы афталарды емдеу

2. Балалардағы жедел одонтогендi остеомиелиттiң этиологиясы мен патогенезi

3. Балалардағы гемангиома, түрлері. Клиникасы. Емі.

4. Есеп. 12 жастағы бала дәрiгер-ортодонтта емделiп жүр. 14 күн бұрын оған алмалы-салмалы ортодонттық аппарат жасалған. Қазiргi уақытта ауызында құрғақтық, ауыру, күйдiру, дәм сезуінiң өзгеруі, құсқысы келуiне шағымданады. Объект.: ауыз қуысы сілемейлі қабығы ортодонттық аппарат орналасқан аймақта iсiнген, қызарған, нүктелi қанқұйылулар байқалады. Алдын ала ДЗ қойыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 19 БИЛЕТ

1. Балалардағы көп түрлі экссудативті эритеманың этиологиясы және патогенезі

2. Балалардағы иек асты кеңiстiгi және ауыз қуысы түбi флегмонасы. Топ.анатомиясы, клиникалық ағымының ерекшелiктерi, мүмкiн болатын нәтижесi

3. Балалардағы жақсүйектерінің одонтогенді ұралары.

4. Есеп. 14 жастағы оқушыда жалпы селқостық, буында және бұлшық етте ауыру, басы ауруы, дене қызуы 37,5-38 көтерiлу пайда болды. Ке­лесi күнi ауызы тамақ iшкенде және сөйлегенде қатты ауырады. Объект.: ерiнi iсiнген, кейбiр жерлерде қанды қабықпен көмкерiлген. Ауызы қиын ашылады. Ауыз сілемейi iсiнген, қызарған, фиброзды қабықшамен көмкерiлген, көптеген дұрыс емес пiшiндi эрозиялар. Саусағы және бiлегiнде - папулалы көпiршiктер. Алдын ала ДЗ қойыңыз. Емдеу жоспарын құрыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 20 БИЛЕТ

1. Балалардағы көп түрлі экссудативті эритеманың клиникасы, диагностикасы және емі

2. Балалардағы ретробульбарлы кеңiстiктің флегмонасы. Топ.анатомиясы, клиникалық ағымының ерек­шелiктерi, мүмкін болатын нәтижесi

3. Балалрдағы амелобластома. Одонтома. Салыстырмалы диагностика.

4. Есеп. 14 жастағы оқушыда жалпы селқостық, буында және бұлшық етте ауыру, басы ауруы, дене қызуы 37,5-38 көтерiлу пайда болды. Ке­лесi күнi ауызы тамақ iшкенде және сөйлегенде қатты ауырады. Объект.: ерiнi iсiнген, кейбiр жерлерде қанды қабықпен көмкерiлген. Ауызы қиын ашылады. Ауыз сілемейi iсiнген, қызарған, фиброзды қабықшамен көмкерiлген, көптеген дұрыс емес пiшiндi эрозиялар. Емдеу жоспарын құрыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 21 БИЛЕТ

1. Балалардағы эксфолиативтi хейлиттiң клиникасы және емдеуі

2. Балалардағы десквамативтi глоссит. Этиологиясы, патогенезi, клиникасы және емі

3. Балалардағы жақ-бет аймағының шиқандары және көршиқандарының клиникасы, емдеуі

4. Есеп. Клиникаға 10 жастағы бала жақ асты аймағының оң бөлiгiнiң домбығуына, аузының ашылуының шектелуiне, жұтынғанда ауыр­сынуына, әлсiздiкке шағымданып түстi. 3 күн бұрын 4.6 тiс аймағында ауру пайда болды, кейiн оң жақ жақасты аймағында ауыратын инфильтрат пайда болды. Аузының ашылуы шектелiп, жұтынған кезде ауырсынады, дене қызуы 38,4 көтерiлдi. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терi қабаты бозарған. Т-38,7, Р-110, тыныс алу -28. Өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, жүрек соғуы анық және ашық. Жақасты аймағыгның оң бөлiгiнiң жұмсақ тiндерiнiң iсiнуiне байланысты асимметриясы байқала­ды. Осы аймақта 6х4 см iсiнген. Аузының ашылуы 1,5 см шек­телген, 4.6 тiстiң сауыты 1/2 бұзылған, iсiнген, жақ-қанат қатпары iсiнген, қызарған, пальпациялағанда ауырады. ДЗ қойыңыз және емін жүргізіңіз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 22 БИЛЕТ

1. Әр жастағы балалардың пародонт тіндерінің құрылысының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

2. Балалардағы остеогендi саркома - клиникалық, рентгенологиялық, гисто­логиялық суреттемесi және салыстырмалы диагностикасы

3. Балалардағы жаралардың түрлері. Этиологиясы, клиникасы, нақтамасы, емдеуі

4. Есеп.10 жастағы бала дәрігерге тісін тазалаған кезде қызыл иегінің қанағыштығына шағымданып қаралды. Анамнезінде: жетілмей туған, жасанды тамақтандыруда болған. Дәрігер-ортодонтта тістесу аномалиясына байланысты есепте тұр. Федоров-Володкина индексі 3,5. КПИ=1,3. Диагноз қойыңыз. Рецепт жазыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 23 БИЛЕТ

1. Балалардың пародонт ауруларын диагностикалаудың негізгі, рентгенологиялық және функциональды әдістері

2. Балалардағы кандидоздар. Этиологиясы, клиникасы, нақтамасы, емдеуі

3. Жедел одонтогенді остеомиелит. Жедел одонтогенді остеомиелиттің фазалары. Клиникасы

4. Есеп. Жасөспірім 16 жаста. Клиникаға төменгi жағының сол жақ бөлiгi денесiнде тығыз аз ауыратын түзiлiстiң блуына шағым­данады. Қараған кезде: тығыз, төменгi жақтың сол бөлiгiнiң аз ауыратын iсiгi. Жақ асты терiсi жиырылмайды, венозды та­мыр жиынтығы айқын көрiнген. Тiл оңға және жоғарыға жыл­жыған. Ісiктi жауып тұрған сілемейлі қабығында жоғарғы тiстердiң таңбасы бар. Жақ асты және мойын лимфа түйiндерi сезiледi. Рентгенограммада: төменгi жақтың көлемiнiң ұлғаюы, сүйектерiнiң қалыңдауы байқалады. Диагноз қойыңыз. Емдеу жоспарын құрыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 24 БИЛЕТ

1. Пародонттың қабыну және қабыну-дистрофиялық индекстері

2. Балаларда жақсүйектердің жедел одонтогенді остеомиелиті. Клиникасы. Салыстырмалы диагностикасы.

3. Балалардағы адамантинома - клиникалық, рентгенологиялық, гистологиялық су­реттемесi және салыстырмалы диагностикасы

4. Есеп. 13 жастағы жасөспірімде жалпы интоксикация көрінісімен бірге еріннің сілемейінде сызат, қабыршықтар, ауыз қуысында – қызару, ісіну, эрозиялар бар. Терісінде папулалар. Анамнезінде кейбір дәрілік препараттарды көтере алмайтындығы байқалады. Болжамалы диагноз қойыңыз. Науқасқа міндетті түрде қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу керек?

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 25 БИЛЕТ

1. МКБ-10 және Т.Ф.Виноградова бойынша балалардың пародонт ауруларының жіктелуі

2. Балалардағы фибросаркома- клиникалық, рентгенологиялық, гистоло­гиялық суреттемесi және салыстырмалы диагностикасы

3. Созылмалы катаральды гингивит. Этиологиясы, клиникасы және емдеуі

4. Есеп. Бала 12 жаста. Клиникаға оң жақ төменгi жақ бұрышы аймағынды жылдам өсетiн iсiктiң пайда болуына шағымданады. Жарты жыл бұрын науқасқа төменгi жақ сол жағының созылмалы периоститi диагнозы қойылған, физиотерапия жүргiзiлген. Осыдан кейiн жақ сүйек қалыңдауы жылдам дамыған. Тексерген­де: оң жақ сүйек денесi мен бұрышы домбығуынан бетi асси­метриялы. Қалыңдаған аймақты пальпациялағанда ептеп ауыра­ды. Төменгi жақ сол жағы асты лимфа түйiндерi ұлғайған, ауырмайды, iсiнген, iсiк үстi сілемей қабаты бiршама көгер­ген, венозды қан-тамыр жүйесi кеңейген, 4.7 тiстiң ЭОД төмен. Алдын ала диагноз қойыңыз. Сіздің тактикаңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 26 БИЛЕТ

1. Балалардағы гипертрофияланған гингивит. Этиологиясы, клиникасы және емдеуі

2. Балалардағы Юинг саркомасы - клиникалық, рентгенологиялық, гистоло­гиялық суреттемесi және диф. диагностикасы

3. Балалардың жақ-бет аймағы iсiктерiнiң жiктелуi

4. Есеп. 12 жастағы қыз балада қызыл иек сілемейі ісінген, қызарған, көлемі ұлғайған, тістердің сауыттарын ¾ биіктікте жауып тұр, қол тигізгенде қанайды. Шиллер-Писарев сынамасы оң, РМА индексі=75%, OHIS=1,5. Емдеу жоспарын құрыңыз. Науқасқа дәрілік жабдықтардың рецептін жазып беріңіз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 27 БИЛЕТ

1. Балалардағы десквамативті гингивит. Этиологиясы, клиникасы және емдеуі

2. Балалардағы остеома - клиникалық, рентгенологиялық, гистологиялық су­реттемесi және диф. диагностикасы

3. Бет сүйектерінің созылмалы остеомиелиті. Ауруханаға жатқызуға көрсетулері. Емдеуі

4. Есеп. 12 жастағы қыз балада қызыл иек сілемейі ісінген, қызарған, көлемі ұлғайған, тістердің сауыттарын ¾ биіктікте жауып тұр, қол тигізгенде қанайды. Шиллер-Писарев сынамасы оң, РМА индексі=75%, OHIS=1,5. Осы жағдайды емдеу үшін қандай препараттар тағайындау қажет? Рецепт жазыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 28 БИЛЕТ

1. Балалардағы ойық жаралы-өлі еттенген гингивит. Этиологиясы, клиникасы және емдеуі

2. Балалардағы жақ сүйектерінің ұралары - клиникалық, рентгенологиялық, гистологиялық су­реттемесi, диагностикасы

3. Балаларда ауыз қуысы сілемейлі қабығының жарақаттық зақымданула­ры. Клиникасы, диагностикасы, емі

4. Есеп. Бала 11 жаста, клиникаға сол жақ төменгi жақ сүйегi асты ай­мағының ісінуінен бетінің асимметриясына шағымданып қаралды. Инфильтрат үстіндегі тері қатпары қызарған, ісінген. Пальпацияда ауырады. Флюктуация анықталады, t-38 С. Бала әлсіз, селқос. Қанда лейкоцитоз, эритропения анықталады. Зәрде белок, эритроциттер. Тері қатпары бозарған, құрғақ. Ауыз қуысында түсі өзгерген, қозғалғыш себепті тіс анықталады. Диагноз қойыңыз. Қандай емдеу әдістері көрсетілген, әдістемесі

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 29 БИЛЕТ

1. Балалардың гингивиттерін емдеудегі физиотерапиялық әдістер

2. Балалардағы фиброма - клиникалық, рентгенологиялық, гистологиялық көрінісі, диагностикасы

3. Балалардағы меншікті хейлиттер: этиологиясы, клиникасы, диф. диагностикасы, емі

4. Есеп. Бала 12 жаста. Төменгі жақ сүйегінің созылмалы остеомиелитінің жиі асқынуымен зардап шегеді. Антибактериальды және жалпы шынықтырушы терапия курсын негіздеңіз және тағайындаңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 30 БИЛЕТ

1. Балалардағы жедел катаральды гингивит. Этиологиясы, клиникасы және емдеуі

2. Балаларда ауыз қуысы сілемейлі қабығының механикалық зақымдану­лары. Этиологиясы, клиникасы

3. Балалардағы лимфангиома - клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі

4. Есеп. Бала 12 жаста. Клиникаға сол жақ төмеңгі жақ сүйегінің өсуінің тоқтауына және деформациясына шағымданып қаралды. Сау жағындағы ауыз бұрышы төменге ығысқан. Айқасқан тістесу. Төменгі жақ сүйегінің қозғалысы шектелген. Алдын ала диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеу үшін қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 31 БИЛЕТ

1. Созылмалы жайылған пародонтит, ауырлықтың жеңіл дәрежесі. Клиникасы, емдеуі

2. Балаларда ауыз қуысы сілемейлі қабығының химиялық зақымданула­ры. Этиологиясы, клиникасы

3. Балалардағы нейрофиброматоз - клиникалық, рентгенологиялық, гистологиялық көрінісі, диагностикасы

4. Есеп. Бала 2 жаста. Жоғарғы жақ сүйегінің сол жағының созылмалы гематогенді остеомиелиті бойынша амбулаторлы емделген. 6.5,6.4 аймағының өтпелі қатпарында ұра бар, кейде іріңді бөлінулер болып тұрады. Ауырғанына 2 айдан асқан. Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 32 БИЛЕТ

1. Созылмалы жайылған пародонтит, ауырлықтың орташа дәрежесі. Клиникасы, емдеуі

2. Балаларда ауыз қуысы сілемейлі қабығының термиялық зақымданула­ры. Этиологиясы, клиникасы

3. Балалардағы беттің гемангиомалары - клиникалық, рентгенологиялық, гистологиялық көрінісі, диагностикасы, емі

4. Есеп. 12 жастағы бала оң жағындағы құлақмаңы сілекей безінің созылмалы паренхиматозды паротитімен жиі зардап шегеді. Емін тағайындаңыз. Рецепт жазыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 33 БИЛЕТ

1. Созылмалы жайылған пародонтит, ауырлықтың ауыр дәрежесі. Клиникасы, емдеуі

2. Ауыз қуысы сілемейлі қабығының жарақаттық зақымдануларын емдеу

3. Балаларда туа пайда болған қатты және жұмсақ таңдай жырығы.

4. Есеп. Мектептегі алдын ала қарау кезінде 9 жастағы оқушыда 7.4. 7.5 аймағының домбығуының әсерінен төмеңгі жақ сүйегінің деформациясы анықталды. Пальпацияда ауырмайды, осы аймақтағы сілемейлі қабық жұқарған. Домбыққан жерде «терезе» пальпацияланады, 7.4 сау, 2 дәрежелі қозғалғыштық. 7.5 түсі өзгерген, пломбаланған, 2 дәрежелі қозғалғыштық. Ауырсынуға шағымы жоқ. Жақ сүйегінің деформациясының қашан пайда болғанын айта алмайды. Алдын ала диагноз қойыңыз. Тексеру жоспарын құрыңыз. Емдеу тәсілін таңданыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 34 БИЛЕТ

1. Балалардағы тез үдемелі агрессивті пародонтит. Клиникасы, диф.диагностикасы, емдеуі

2. Балалардағы симптоматикалық хейлиттер. Клиникасы, диагностикасы

3. Балаларда туа пайда болған қатты және жұмсақ таңдай жырығы.

4. Есеп. 11 жастағы балада СТЖБ артрозы. Сәйкес келетін емді жүргізіңіз. Аурудың болжамын анықтаңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 35 БИЛЕТ

1. Балалардағы жедел шоғырланған пародонтит. Клиникасы, емдеуі

2. Балалардың ауыз қуысы сілемейлі қабығы аурулары кезінде тексеру әдістері

3. Балаларда сүт тiстерiнен болған одонтогендi қабыну ұраларының этиоло­гиясы және патогенезі

4. Есеп. Бала 11 жаста. Ауызын ашқан кезде, тістерін қабыстырған кезде ауырсынуына шағымданып қаралды. Бір күн бұрын футбол ойнағанда, иегімен досының тізесіне соғылып құлаған. Дене қызуы 37,2°С. Оң жағындағы буынын пальпациялағанда ауырады, тері қатпарлары біршама қызарған, ісінген, тістесуі бұзылмаған. Рентгенограммада оң жағындағы буын саңылауының кенеюі байқалады. Диагноз қойыңыз, емін жүргізіңіз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 36 БИЛЕТ

1. Балалардағы жайылған пародонтиттің асқынуы. Клиникасы, емдеуі

2. Балалардың спецификалық аурулары кезінде ауыз қуысы сілемейлі қабығының өзгерулерін диагностикалау критерийлері

3. Балалардағы жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Топографиялық анатомиясы. Клиникасы. Емі.

4. Есеп. Қыз бала 12 жаста. СТЖБ аймағының тағамданғанда және ауызын ашқанда ауырсынуына, шытыр мен сытырлауына шағымданады. Буындағы сытырлау төмеңгі жақ сүйегін алға қозғалтқанда немесе ауызын ашпай-ақ жан-жағына қозғалтқанда пайда болады. Рентгенограммада буын саңылдауының артқы бөлімінің біршама кеңеюі анықталады. Диагноз қойыңыз, қосымша тексеруді тағайындаңыз, емдеу жоспарын құрыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 37 БИЛЕТ

1. Балалардағы пародонттың идиопатиялық аурулары. Клиникасы, нақтамасы

2. Балалардың жүрек-қан тамыр аурулары кезінде ауыз қуысы сілемейлі қабығының өзгерулері

3. Балалардағы фолликулярлы ұра. Клиникалық ағымының ерекшелiктерi, диагнос­тикасы және емдеуi

4. Есеп. Бала 2 жаста. Босануы патологиялық, акушерлік қысқашты қолданған. 1 жасында анасы баласының ауызының толық ашылмауын байқаған. Сол жақ ұрты домбыққан. Ауызының ашылуының шектелуі жасы өскен сайын ұлғайып келеді. Қазіргі кезде ауызы 1,5 см-ге ашылады, ауызын ашқан кезде иегі сол жағына ығысады. Алдын ала диагноз қойыңыз, қосымша зерттеуді тағайындаңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 38 БИЛЕТ

1. Балалардағы Папийон-Лефевр синдромы. Клиникасы, емі

2. Балалардағы радикулярлы ұра. Клиникалық ағымының ерекшелiктерi, диагнос­тикасы және емдеуi

3. Балалардағы жақсүйектердің жедел одонтогенді остеомиелиті.Клиникасы.

4. Есеп. Дәрiгерге 3 жұмалық бала қаралды. Анасының айтуы бойынша: бала тамақтанудан бас тартады, дене қызуы 37,4 дейiн көтерiлген. Анамнезiнен: мерзiмiнен ерте туылған, туған кезде тұншығуы болған. Жасанды тамақтанады, жаңа туған нәресте сары ауруын басынан өткiзген. Объект.: таңдай сілемейлі қабығы iсiнген, қызарған, жұмсақ және қатты таңдай шекарасында 3х5мм көлемдi афта бар, ол алдынан артқа қарай созылған, шеттер iсiнген, афта ақшыл-сары қақпен жабылған, қақты алғанда афта қанайды. Алдын ала диагноз қойыңыз. Науқасқа қажет дәрілік жабдықтардың рецептін жазыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 39 БИЛЕТ

1. Балалардағы Хенд-Крисчен-Шюллер синдромы. Клиникасы, емі

2. Балалардың асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде ауыз қуысы сілемейлі қабығының өзгерулері

3. Балалардағы жарып шығу ұрасы, қызыл иек ұрасы.Клиникасы, диагностика­сы, емдеуi

4. Есеп. Науқас М, 6 жаста. Клиникаға аузының ашылуының шектелуiне, төменгi жақ сүйегiнiң жетiлмеуiне шағымданып қаралды. Бiрiншi жүктiлiктен. Босану патологиясыз өткен. Сегiзiншi күнi қыз балада панариций, iрiңдi омфолит дамыған, 16 күнi кiндiк сепсисi, оң жақ санының остеомиелитi, сегiзкөз ай­мағының абсцессi деген диагнозбен ауруханаға түстi. Ауруха­нада екi ай шамасында емделген. 6 айлығында екi жақты iрiңдi отитпен ауырған. 3 жасында шешесi баланың бетiнiң асимметриясын байқап, невропатологқа қаралған, онда бет нервiсiсiнiң парезi деген ДЗ қойылған, ем тағайындалған. Тексерген кезде: иектiң орта сызығы ығысқан, оң жақ төменгі жақ сүйегi денесi мен бұтағы қысқарған. Аузының ашылуы 2 см-ге ашылады. Айқасқан тiстесу, буынның бүйiр қозғалыстары жоқ. Алдын ала ДЗ қойыңыз. Емдеу жоспарын құрыңыз

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

SDV 5308«Балалар жасындағы стоматология» пәні

5В130200 - «Стоматология»

5 курс

№ 40 БИЛЕТ

1. Балалардағы эозинофильді гранулема кезінде ауыз қуысындағы клиникалық көріністер. Емі

2. Балалардың инфекционды және соматикалық аурулары кезінде ауыз қуысы сілемейлі қабығының симптоматикалық емін жоспарлау. Алдын алу

3. Балалардағы остеоартрит. Екiншi деформирлеушi остеоартроз. Сүйектi фиб­розды анкилоз. Клиникасы,емдеуi

4. Есеп. Емханаға 3 айлық баласымен анасы төмеңгі жақ сүйегінің сол жағындағы тісінің ерте жарып шығуына қаралды. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ұйқысы, тәбеті бұзылмаған. Дене қызуы қалыпты. Саливация қалыпты. Қарау кезінде төмеңгі жақ сүйегінің альвеолярлы өсіндісінің қырында, 7.3 7.4 аймағында диаметрі 1мм дөңгелек пішінді, ақшыл-сары түсті, жұмсақ-иілімді консистенциялы түзіліс анықталады. Пальпацияда ауырмайды, қозғалмайды. Бұл аймақтағы тістің жарып шығуына берілулер жоқ. Алдын ала диагноз қойыңыз? Дәрігердің тактикасы

Наши рекомендации