Интерндердің өзіндік жұмыстарына тапсырма

СИЛЛАБУС

Мамандық «Жалпы медицина»

Модуль «Офтальмология және оториноларингология»

Жалпы сағат көлемі - 270, оның ішінде:

90 – байланыс сағаттары

90 – сағат интерннің оқытушымен өзіндік жұмысы (ИОӨЖ)

90 – сағат интерннің өзіндік жұмысы (ИӨЖ)

Негізгі пән:

Офтальмология – 90 сағат

Оториноларингология – 90 сағат

Аралас пән:

Клиникалық анатомия және оперативті хирургия – 45 сағат

Анестезиология және реаниматология – 45 сағат

Алматы – 2014

Силлабус Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 5 тамызындағы № 604 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына және № 10 нұсқау хатына сай офтальмология кафедрасының доценті Ульданов О.Ғ. пен оториноларингология кафедрасының профессор м.а. Күлімбетов А.С. құрастырды.

Оториноларингология кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді.

«___ »___________ 2014ж. хаттама № 1

Оториноларингология кафедрасының менгерушісі, м.ғ.д., профессор___________ Жайсақова Д.Е.

1. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚАЗ.ҰМУ-нің дипломнан кейінгі а хирургтар дайындау кафедрасы

2. Мамандық: «Хирургия»,

3. Модуль: «Офтальмология және оториноларингология»

Негізгі пәндер:

Офтальмология – 90 сағат

Оториноларингология – 90 сағат

Аралас пәндер:

Клиникалық анатомия және оперативті хирургия – 45 сағат

Анестезиология және реаниматология – 45 сағат

4. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Оториноларингология кафедрасы:

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Жайсақова Д.Е.

Профессор м.а., м.ғ.д., Күлімбетов А.С.

Доцент, м.ғ.д., Құдайбергенова С.Ф.

Доцент, м.ғ.к. Мұқанова Ж.Т.

Доцент, м.ғ.к. Жарқынбекова Г.Қ.

5. Ақрапаттық байланыстар:

Офтальмология кафедрасының орналасқан жері:«Құрмет белгісі» орденді көз аурулары ҒЗИ институты, Алматы қ-сы, Толе би би, 95а. тел. 2331778

Оториноларингология кафедрасының орналасқан жері: Алматы қ-сы, Достык даңғылы, 220 № 5 ҚКА Телефон: 87272646844

Моб.телефон: 87772152922; 87017137543

[email protected]

Клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасының орналасқан жері:

Төле би 95, Анатомиялық корпус 2 этаж, Тел: 87272921796, ішкі 230; 290; 225.

e-mail: [email protected]

Анестезиология және реанимация кафедрасының орналасқан жері: : Калкаман 1. 7 ҚКА

Телефон:2708611 Моб. 87051009659; 87019104791

Офтальмология және оториноларингология» модулі бойынша сабақтың тақырыптық жоспары және көлемі

    Сағат көлемі
Барлығы Байланыс ИОӨЖ ИӨЖ
Оториноларингология        
Сыртқы және ортаңғы құлақтың жарақаттары және ондағы бөгде денелер. Клиникасы, диагностикасы, осы жағдайдағы шұғыл жағдайлар және емдеу Сыртқы және ортаңғы құлақтың қабыну аурулары. Сыртқы отиттің, ортаңғы жіті отиттің этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, құлақтың тілме қабынуы, ортаңғы жіті отиттің қабынуы. Парацентез көрсетімдері. Отоантрит, мастоидит, мастоидиттің атипиялық формалары
Ортаңғы құлақтың созылмалы қабынуы. Бассүйек ішілік отогенді асқынулары. Созылмалы іріңді ортаңғы отиттің этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі. Созылмалы отит кезінде және оның асқынулары кезінде операциялық ем қолдану көрсетімдері
Құлақтың іріңді емес аурулары. Сенсоневралдық саңыраулықтың, Меньер аурының және отосклероздың этиологиясы, клиникасы, диагностикасы мен емі
Мұрын жарақаттары және ондағы бөгде денелер. Мұрын мен оның қосалқы қойнауларының аурулары. Клиникасы, диагностикасы, емі және шұғыл жәрдем көрсету. Мұрын сүйектерін репозициялау және мұрыннан кеткен қанды тоқтату әдістері
Мұрын қуысы мен мұрын маңындағы қойнаулардың аурулары. Жіті және созылмалы ринит пен риносинуситтің этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі. Риногенді орбиталық және бассүйек ішілік асқынулар
Жұтқыншақ жарақаттары және ондағы бөгде денелер. Клиникасы, диагностикасы, емі және шұғыл жәрдем көрсету Жұтқыншақтың жіті және созылмалы аурулары. Ангинаның (баспаның) клиникасы, диагностикасы, емі. Паратонзиллярлы абсцесс. Аденоидтар, таңдай бадамшабездерінің гипертрофиясы. Созылмалы тонзиллит, операциялық ем қолдану көрсетімдері
Көмейдің жарақаттары және ондағы бөгде денелер. Клиникасы, диагностикасы, емі, шұғыл жәрдем көрсету (интубация, трахеотомия, коникотомия)
Көмейдің жіті аурулары. Клиникасы, диагностикасы, көмейлік баспаны, көмекей қақпақшығының абсцесін, ларингитті емдеу. Трахеотомия мен трахеостомия көрсетімдері
Барлығы

Интерндердің өзіндік жұмыстарына тапсырма.

Интерндердің «Оториноларингология» бөлімі бойынша өзіндік жұмыстарына тапсырма:

1. Сыртқы және ортаңғы құлақтың қабыну аурулары

2. Ортаңғы құлақтың созылмалы қабынуы. Отогенді басішілік асқынулар

3. Мұрын және оның қосалқы қуыстарының аурулары

4. Жұтқыншақтың жедел және озылмалы аурулары

5. Көмекейдің жедел және созылмалы аурулары

Наши рекомендации