Микробты және микробсыз тағамдық уланудың түрлерін атаңыз. Мысал келтіріңіз.
Тамақтан улану-ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру
Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді:микробты және микробсыз.
Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар,этиологиясы аралас(микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған өнімдермен болатын улану жатады.
Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін.
Табиғаты бактериалды тамақтан улану-белгілі микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары немесе олардың тіршілік өнімдерімен(токсиндері)зараланған асты тұтынғаннан кейін туындап, организмнің әлсіз не айқын улану белгілерімен өтетін ауру.
Тамақтан улану
(К.С.Петровский ұсынысы бойынша)
Микробты : Токсикоинфекция,Токсикоз,Микотоксикоз
Микробсыз : өсімдік текті азықтар,жануар текті азықтар ,улы химиялық заттар
Этиологиясы белгісіз: Кашин-Бек ,Уров ауруы.
Микробты т.у. ЕрекшілігіМаусымдылығы айқын.Жасырын кезеңі ұзағырақ.Дене қызуы көтеріледі.Ағымы тек қана жедел болады.Бір аспен және 2-ші аспен байланысты.Жаппай улану айқынырақ.Летальдылығы төмен.
Микробсыз т.у.ерекшелігі
Маусымдылығы жоқ(улы сағырауқұлақмен, өсімдермен және т.б. Уланудан басқасы).Жасырын кезеңі қысқа (2 сағатқа дейін).Дене қызуы көтерілмейді.Ағымы жедел және созылмалы болуы ықтимал.Жиі 1-ші және 2-ші аспен байланысты.Жаппай уланудан айқындылығы аздау.
Летальдылығы жоғарырақ.
Микробсыз тамақтан улану-микробы улануға қарағанда жалпы уланудың 5-10%-н құрайды.Уланудың бұл тобына өсімдік текті азықтармен, жануар текті азықтармен, улы химиялық заттардың тағам құрамына түсуінен туындайтын аурулар жатады.
Микробсыз тамақтан улану түрлері.
Улы өсімдік текті өнімдермен улану;
(Саңырауқұлақтармен улану)
Дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арамшөптік токсикоздар);
Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған жануар текті азық-түліктермен улану.
Тамақтан уланудың прфилактикасы
1.Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз;
2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.
3.Пісірілген тамақты бірден пайдалыныңыз.
4.азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.
5.Алдын-ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.
6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.
7.Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
8. Ас үйді таза ұстаңыз
9.Таза суды пайдаланыңыз.
10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.
Аурухана аймағын таңдау және жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптарды атаңыз. Аурухана құрылыс жүйесіне сипаттама беріңіз.
Ауруханада гигиеналық жағынан қолайлы жағдай туғызу мүмкіншілігі аурухана учаскесінің орналасқан жеріне және басқа да ерекшеліктеріне көп байланысты. Жалпы соматикалық ауруханаларды қала ішінде, қызмет көрсететін халыққа жақын орналастыру лайықты, өйткені олар тек жоспарлы түрде ғана емес, сонымен қатар, жедел медициналық көмек те көрсетеді. Қаланың шетінде немесе сыртында режимі айрықша стационарларды (туберкулездік, психиатриялық және тері-венерологиялық ауруханаларды), науқастарды амбулаторияда қабылдамайтын, ірі, сиымдылығы 1000 төсектен артық, мамандандырылған орталықтарды, сауықтыру мекемелері мен реабилитация орталықтарын орналастырады. Аурухананы елді мекеннің шетінде немесе қала маңайында орналастырғанда, өлшемі жеткілікті, шу, шаң және басқа ластаушы көздерден алыс, көк алаптың жанындағы жер телімін таңдау оңай. Бір жағынан, қосымша емдік фактор ретінде қолайлы табиғи жағдайлар туса, екінші жағынан, кейбір аурухана мекемелерін қызмет көрсету түрлеріне байланысты бір-бірінен оқшау орналастыру жеңілдейді. Мұндай ауруханалардың селитебтік зоналардан ара қашықтығы 1000 м кем болмауы керек. Амбулаториялық–емханалық мекемелерді қаланың әрбір ықшам ауданында, адамдар жаяу жететіндей жерлерде орналастырады.
Аурухананың жер телімі шу, ауаның химиялық және биологиялық ластаушы көздерінен — өнеркәсіп кәсіпорыңдарынан, магистралды жолдардан және темір жолдардан, аэропорттардан, стадиондардан, мал шаруашылық және кұс өсіретін фермалардан, қоқыс төгетін жерлерден, ассенизация алаңдарынан, қалдықтарды пайдаға асыру және жағу зауыттарынан едәуір қашықтықта, жел жағында болуы тиіс.
Аурухана мен осы ластаушы көздердің арасындағы санитарлық-қорғаныш аймағының ара қашықтығы нормативтік құжаттарға сәйкес, ластағыштардың зияндылықтарына байланысты, 50-1000 м аралығында орнатылады. Жекеше автокөліктерге арналған тұрақтардың аурухана аумағынан қашықтығы 40 м кем болмауы керек.
Учаскені таңдау кезінде, аурухана аумағындағы шудың деңгейі күндіз — 45 дБ, түнде – 35 дБ аспауы, ал, кеңінен таралған ауаны ластаушылардың: азот оксидінің, күкірт ангидридінің, аммиактың, көмір тотығының, күйенің ауадағы концентрациясы ШРЕК-тен аспауы керек. Ауруханаларды бұрын қоқыс төгілген жерлерге, мал қорымы, зираттар және топырағы химиялық заттармен, радионуклидтермен ластанған, эпидемиялық тұрғыдан қауіпті жерлерде орналастыруға тыйым салынады.
Ауруханалардың құрылысын топырағы құрғақ, күн сәулесі жақсы түсетін, ағашты, көгалды, биіктеу жерде салған жақсырақ. Жайпақ, оңтүстікке бағытталған беткейде болған жағдайда, учаскенің инсоляциясы жақсарады, атмосфералық сулардың табиғи ағыны жеңілдейді. Грунт суларының деңгейі жер бетіне 1,5 м жақын болмауы керек. Учаскеге көлік кіріп-шығатын жолдары ыңғайлы болғаны дұрыс және аурухананы техникалық, санитарлық-техникалық жағынан (сумен және электрмен қамтамасыз ету, канализация, т.б.) рационалды жабдықталу мүмкіншілігі қамтамасыз етілуі керек.
Негізгі аурухана құрылымдық бөлімшелерін атаңыз. Стационардың негізгі функионалдық элементі ретінде - палаталық бөлімшеге сипаттама жазыңыз.
Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелеріне жататындар:
· Қабылдау бөлімі;
· Стационардың мамандандырылған палаталық бөлімі;
· Емдеу-диагностикалық бөлімдері: функционалдық диагностика, рентген-диагностикалық, физиотерапевтік, емдік физкультура, анестезиология және реанимация, операциялық блок;
· Зертхана;
· Патологиялық-анатомиялық бөлім;
· Ас блогі;
· Дезкамерасы бар кір жуатын бөлім;
· Орталық стерильдеу бөлімі;
· Дәріхана;
· Әкімшілік-шаруашылық бөлімі және қосалқы бөлімшелер: медициналық техникаларды жөндейтін шеберханалар, гараж және көкөніс сақтайтын қойма және т.т.
3.1.Қабылдау бөлімі.Бұл бөлім ауруларды қарауға, диагнозын дәлелдеуге және аурудың ем алатын бөлімін анықтауға арналған. Осы жерде ауруы жұқпалы емес науқастарды санитарлық өңдеуден өткізеді және біріншілік медициналық құжаттарды толтырады. Қажет болған жағдайда, қабылдау бөлімінде бірінші медициналық көмек көрсетіледі. Көп төсекті ауруханалардың қабылдау бөлімінің құрамында реанимациялық палата болады және кішігірім диагностикалық бөлім ұйымдастырылады.
Орталық қабылдау бөлімі, әдетте, ең үлкен емдеу корпустың ауруханың аумағына көлік кіретін және транспорттық лифтке жақын жағында орналасады. Реанимациялық, рентгенологиялық және хирургиялық бөлімдерімен қолайлы байланыс болуы керек. Аурухана ішілік инфекцияны болдырмау үшін балалар, акушерлік, туберкулездік, жұқпалы және тері-венерологиялық бөлімдердің қабылдау бөлімшелері, бөлімдердің өзінің ішінде орналастырылады.
Қабылдау бөлімінің құрамында күту, тіркеу және анықтама, кезекші дәрігердің кабинеті, қарау бөлмесі, рентген кабинеті, зертхана, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретханалар қарастырылады. Бөлімді жоспарлау, науқастардың инфекцияны бір-бірінен айқас жұқтыру қаупін максималды төмендететін болуы тиіс.