Гастроэнтерология бойынша тесттік тапсырмалар

Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттеріне арналған

гастроэнтерология бойынша тесттік тапсырмалар

! Гастроэзофагальді рефлюкстік аурудың дамуына қатысы жоқ:

* кардия кемістігі

* гастроэзофагальді рефлюкс

*+ кардия ахалазиясы

* созылмалы эзофагит

* кардия халазиясы

! Оң жақ қабырға асты сыздап ауырады, қатты эмоциялардан кейін, тамақтағы ағаттықтардан кейін ауырсыну күшейеді. Диспепсиялық белгілер бар. Смазмолитиктерді қабылдау жағдайын жақсартпайды. Сіздің диагнозыңыз:

* өт жолдарының дискинезиясы гипертониялық түрі

* +өт жолдарының дискинезиясы гипотониялық түрі

* созылмалы панкреатит

* созылмалы энтерит

* созылмалы колит

! Гормондар дисбалансының гастроэзофагальді рефлюкстік аурудағы моторлық бұзылыстар дамуындағы мәні:

* гипофиз

* бүйрекүсті безі

*+ гастроинтестиналдық

* қалқанша без гормондары

* жыныс бездері

! 12 жасар бала iш ауырсынуына,жүрек айнуына, құсуға, шөлге, іш кебуіне шағымданады. Тамақтану ағаттықтарынан кейін жағдайы нашарлаған. Ауырғанына 2 жыл. Дене қызуы 38,8 С. Пальпациялағанда – эпигастрии аймағында және сол жақ қабырға астында ауырсыну байқалады. Қан анализінде- Нв-120 г/л, Эр.-3,95х1012/л, Л-11,0х109/л, СОЭ-15 мм/сағ. Зәр диастазасы- 132 бірлік. Қант - 6,8 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз:

* өт жолдарының дискинезиясы гипермоторлы түрі

* созылмалы гастродуоденит

* созылмалы холецистит

* +созылмалы панкреатит

* жедел аппендицит

! Эзофагиттің негізгі симптомын көрсетіңіз:

* төс арты ауыруы

* жұтынған кезіндегі ауыру сезілу

* кекіру

*+ қыжыл сезімі

* құсу

! Төмендегі дәрілердің ішінен прокинетикалық әсерлісін тандаңыз:

*+ мотилиум

* квамател

* фосфалюгель

* ранитидин

* омепразол

! Созылмалы эзофагит еміне төмендегі дәрілер тобының біреуімен прокинетиктерді үйлестіріп беру дұрыс болар еді:

* холинолитиктермен

* седативтілермен

* простогландиндермен

* бета-блокаторлармен

*+ протонды помпа ингибиторларымен

! Аталған созылмалы гастриттердің ішіндегі кең таралған түрі:

* аутоиммунды

* эозинофилді

* гранулематозды

*+ хеликобактерлі

* химиялық

! Асқорыту ағзаларының созылмалы ауруларында хеликобактерлік инфекция рөлі дәлелденгені:

* созылмалы эзофагит

*+ созылмалы гастрит

* ішектің тітіркену синдромы

* созылмалы холецистит

* созылмалы панкреатит

! 11жастағы бала. 3 жылдан бері ауырады. Оң жақ қабырға астының сыздап, жаншып ауыруына шағымданады, салқын, майлы, қуырылған тамақтан соң ауырсыну күшейеді, сондай-ақ әлсіздік, енжарлық, жүрегінің айнуы және аузындағы ащы дәм сезімі мазалайды. Кейде құсу болады, нәжісі тұрақсыз. Сіздің диагнозыңыз:

* жедел гастрит

* жедел панкреатит

*+ созылмалы холецистит

* вирусты гепатит

* энтероколит

! Өтшығару жолдарының құрылымы мен ақаулары туралы қандай зерттеу толық мәлімет береді:

* ультрадыбыстық зерттеу

* гепатобилисцинтиграфия

* қап өтін биохимиялық зерттеу

* холецистография

*+ ретроградтық панкреатохолангиография (РПХГ)

! Төмендегі факторлардың хеликобактер пилори 12- елі ішекте орнығуына қатысы жоғы:

* 12 елі ішектегі қабыну үдерісі

* 12 елі ішектегі нервтік реттелу бұзылысы

* 12 елі ішектегі шырыштағы метаплазия ошақтары

* асқазанның антралды бөлігіне көптеп жұғуы

*+ гастроэзофагальды рефлюкс болуы

! Асқазанның шырыш қорғаныс факторларына жатпайтыны:

* тиісті мөлшерде асқазан шырышы бөлінісі

* бикарбонаттардың белсенді түзілісі

*+ гастриннің белсенді түзілісі

* шырыштың жақсы қандануы

* шырыштың жақсы регенерациясы

! ГЭРА – ның өңештен тыс белгілеріне жатпайтыны:

* өкпелік

* жүректік

* стоматологиялық

*+ бауырлық

* отоларингологиялық

! ГЭРА-на диагноз қоюдың «алтын стандарты» болып табылатын зерттеу әдісі:

*+ эндоскопия

* УДТ

* рентгенография

* сцинтиграфия

* манометрия

! ГЭРА ауыр ағымындағы байқалатын асқынуларға жатпайтыны:

* пептикалық жара

* Баррет ауруы

* өңеш стриктурасы

* пневмония

*+ холецистит

! ГЭРА-мен ауыратын науқас төмендегі нұсқаулардың біреуінен басқасын орындауы қажет:

* көп мөлшерлі тағам қабылдамау

*+ кофе, цитрусты қолдануын көбейту

* тамақтан соң жатпау

* түнге қарай тамақтанбау

* газдалған сусын қолданбау

! Ойық жара ауруында басты клиникалық синдром:

* диспепсиялық

* астено-вегетативті

*+ аурулық

* диэнцефалды

* кардиалгиялар

!. 10 жастағы ұл бала. Оң жақ қабырға астындағы, қысқа мерзімді, ұстамалы, майлы тағаммен және физикалық жүктемемен байланысты ауру мазалайды. Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астындағы аздаған ауыру. Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң. Фракционды дуоденальды зондтауда өт көлемі аз, тез ағады.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

* созылмалы гепатит

* өт жолдарының дискинезиясы гипокинетикалық түрі

* созылмалы холецистит

* + өт жолдарының дискинезиясы гиперкинетическому түрі

* функциональды диспепсия

! Ойық жара ауруының ең жиі асқынуларының бірі:

* қарынға кіре берісті (привратник) стенозы

* перфорация

* пенетрация

*+ асқазан, ішектен қан кету

* ісікке ауыс (малигнизация)

! Балалар созылмалы гастритінде хеликобактерлік инфекция эррадикациялаудың ең тиімді тәсілі:

* моноем

* симптоматикалық

* 2 компонентті

* 4 компонентті

*+ 3 компонентті

! Хеликобактерлік инфекцияға диагноз қоюдың «алтын стандарты» болып табылатын тәсілді көрсетіңіз:

* уреаздық

* биохимиялық

*+ гистологиялық

* бактериологиялық

* иммунды+ферментті

! Хеликобактер пилори эррадикациялануының бақылауын жүргізудің ең тиімді мерзімін көрсетіңіз:

* ем курсы аяқталасымен

*+емнен 4-6 апта өткен соң

* емнен 1-2 апта өткен соң

* емнен 6 ай өткен соң

* емнен 12 ай өткен соң

! Н2 гистаминдік рецепторлары блокаторына жататын дәріні таңдаңыз:

* омез

*+ ранитидин

* пантопразол

* лаксопразол

* рабепразол

! Протондық помпа ингибиторын таңдаңыз:

* роксотидин

* ранитидин

* фамотидин

*+ омепразол

* низатидин

! H.p эррадикациясын жүргізуде қолданылатын дәрілерге жатпайтыны:

* антибиотиктер

* Н2 гистаминдік рецепторлар блокаторы

* протондық помпа ингибиторы

* висмут дәрілері

*+ антигистаминдік дәрілер

! Билиарлық тракт дисфункциясы қалыптасуының негізгі патогенетикалық факторы:

* тамақтану режимі бұзылысы

* гормонды дисбаланс

*+ вегетоневроз

* тұқым қуалаушылық қиындықтары

* глистік инвазиялар

! Оң жауырын, оң иыққа берілетін оң қабырға аймағындағы ұстамалы ауыру сезімі тән:

*+ өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипертониясы

* өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипотониясы

* өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипертониясы

* өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипотониясы

* созылмалы холецистит, ремиссия кезеңі

! Мына ауру синдромына тән жағдайды көрсетіңіз: тұрақты, күшті емес, оң қабырға астының сыздап ауыруы. Осы аймақта анда санда ауырлық, керу сезімі:

* өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипертониясы

* өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипотониясы

*+ өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипертониясы

* өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипотониясы

* созылмалы холецистит, ремиссия кезеңі

! Созылмалы гастродуоденитті шақыратын экзогендік жайттарға жатпайтыны:

* кортикостероидтар қабылдау

* СЕҚҚД (НПВП) қабылдау

* лямблиоз

*+ дуодено-гастралды рефлюкс

* хеликобактер пилори

!. Орта дәрежелі арнайы емес жаралы колитте таңдаулы медикаментозды зат болып табылады:

* кортикостероидтер

* фталазол

* левомицетин

* +сульфасалазин

* ампициллин

!. Гиршпрунг ауруын функциональды іш қатулардан ажыратуда ең маңызды анамнездік көрсеткіш болып табылады:

* дефекацияның күніне1 реттен сирек болуы

* үлкен дәрет тек қана бұлғайды

* +өмірінің алғашқы аптасынан дефекация қиындаған

* тік ішектің түсіп кетуі

* клизма жасауды қажет ететін іш қатулар

!. Науқасты майлы, көп мөлшердегі тағамнан кейін пайда болатын, сол жақ қабырға астындағы, арқаға дейін таралатын ауру мазалайды. Пальпацияда и болезненность в зонах Шоффар және Мейо-Робсон аймақтарындағы ауыру, іш өтулер қан араласпаған, әлсіздік, аздаған нейтрофильді лейкоцитоз, формуласы солға айқын жылжымаған, аз уақыттық амилазурия. Осындай клиникалық суретте күдіктенуге болады:

* +созылмалы панкреатиттің асқынуы

* жедел некроздаушы панкреатит

* жедел инфильтративті панкреатит

* жедел холецистит

* асқыну фазасындағы ойық жара ауруы

! Билиарлық тракт дисфункциясы диагнозын қоюда аталған тәсілдердің ішінен ең сенімдісін көрсетіңіз:

* рентгендік

*+ ультрадыбыстық

* биохимиялық

* сцинтиграфия

* дуоденалды зондтау

! УДГ жүргізгенде өт қабының көлемі өт айдағыш астан кейін 1 сағаттан соң 2/3 кеміді. Өт қабының қимыл қабілетіне баға беріңіз:

* қалыпты

* аралас

* гипотония

*+ гиперкинезді

* гипокинезді

! УДЗ жүргізгенде өт қабының көлемі өт айдағыш астан кейін 1 сағаттан соң 1/3 кеміді. Өт қабының қимыл қабілетіне баға беріңіз:

*+ гипокинезді

* гиперкинезді

* гипотония

* аралас

* қалыпты

! Созылмалы холецистохолангит қалыптасуына төмендегі факторлардың ішінен ең мәндісі:

*+ бактериалдық инфекция

* вирустық инфекция

* патогенді саңырауқұлақтар

* қарапайымдылар

* зат алмасу бұзылысы

! Созылмалы холецистохолангиттің ауырулық синдромның сипаты көбіне мына жағдаймен байланысты:

* бала жасына

* қоздырғыш патогендігіне

*+ өт жолдары дискинезиясының типіне

* макроорганизм реактивтілігі дәрежесіне

* бала жынысына

! Ойық жара ауруына тән симптом:

* Кэр, Образцов

*+ Мендель

* Харитонов, Лейпине

* Ортнер, Греков

* Мерфи

! Созылмалы холецистохолангиттің ең сенімді тексеру тәсілін көрсетіңіз:

* сцинтиграфия

* дуоденді зондтау

* өтті биохимиялық тексеру

* холецистогрфия

*+ ультрадыбыстық

! Өттің УДТ тексеру қорытындысы: өт қабы қабырғасының қалындауы мен қатаюы; Өт қабы тұсында қосымша эхосигналдар, үлпектерінің мол болуы. Ең мүмкін болатын диагноз:

*+ созылмалы холецистит

* жедел холецистит

* өт қапшығының гиперкинезиясы

* өт қапшығының гипокинезиясы

* Одди сфинктерінің дисфункциясы

! Созылмалы холецистохолангит өршуінде бірінші кезекте тағайындалатын емдеу әдісін көрсетіңіз:

* спазмолитиктер

* физиоем

* витаминемі

*+ антибактериалды ем

* өт айдағыш дәрілер

! Өт қабының ең жиі кездесетін даму аномалиясы:

* сандық

*+ формалық

* оналасуы

* көлемдік

* құрылымдық

! Бауыр қөлемінің үдемелі ұлғаюы, қақпа венасының гипертензиясы көрінісі, іштің ұлғаюы және ішек парезі төменде аталған аурулардың біреуіне басымдылықпен тән:

* жедел холецистит

* созылмалы холецистит

*+ өт жолдарының атрезиясы

* гипертониялық типті дискинезия

* гипотониялық типті дискинезия

! Өт-тас ауруы этиологиясының негізгі факторына жатпайтыны:

* семіздік

* қант диабеті

* созылмалы гепатит

*+ физикалық жүктеме

* ауыз су құрамы

! Созылмалы гастритке диагноз қоюда ең тиімдісі:

* асқазан рентгенографиясы

* pH-метрия

* асқазанды зондтау

* асқазанның компьютерлік томографиясы

*+ ЭФГДС гистологиямен

! Ойық жара ауруына тән негізгі диспепсиялық симптомды көрсетіңіз:

* лоқсу

*+ қыжыл

* құсу

* тағаммен кекіру

* «шірік иісті» кекіру

! Өт қышқылы түзілісінің төмендеуі, холестериннің өтте артуы, муцин гиперсекрециясы болуы төмендегі жағдайдың біреуіне әсіресе тән:

* өт жолдары дамуы ақауы

* өт қапшығы дамуы ақауы

* билиарлы жол дисфункциясы

* жедел холецистит

*+ холелитиаз

! Холелитиаздың латентті және клиникалық сатыларына диагноз қоюды ең мәліметті әдісі:

* дистанционды және контактылы термография

* өтті биохимиялық зерттеу

*+ ультрадыбысты зерттеу

* пероральды холецистография

* көктамыр ішілік холецистография

! Холестеринді тас емінде ең таңдаулы дәрі:

*+ урсофальк

* папаверин

* холагол

* сорбит

* никодин

! Созылмалы холецистит емінде қабынуға қарсы ем ретінде қолданылмайтын дәрі:

* фуразолидон

*+ трамал

* цефазолин

* амоксициллин

* гентамицин

! Балаларда кездесетін созылмалы панкреатиттің дамуы себебіне жатпайтыны:

* инфекциялық

* анатомиялық аномалия

* обтурациялық

*+ алкогольдік

* генетикалық

! Созылмалы панкреатит патогенезінің дәлелді және ең мәнді факторын көрсетіңіз:

*+ гиперферментемия

* микроциркуляция бұзылысы

* тотықтыру стресі

* литостатин түзілісінің кемістігі

* гемостаз жүйесінің XII факторының белсенуі

! Ойық жара ауруындағы хеликобактерлік емнің негізгі мақсатын атаңыз:

* тұз қышқылының бөлінуін азайту

* ауырсыну синдромының айқындылығын азайту

* жараның тыртықтануын тездету

* жараның тесілу қаупін азайту

*+ ойық жара ауруының рецидивінің жиілігін азайту

! Созылмалы панкреатиттің ауыру синдромының сипатына жатпайтыны:

* үдемелі

* еңкейгенде азаюы

*+ ашқарында болатын

* бел аймағына берілетін

*тамақтанғаннан соң күшеюші

! Рецидивті панкреатитте болатын басым симптом:

* полифекалия

*+ іш аймағындағы ауыру сезімі

* лоқсу

* қышқыл дәмнің келуі

* нәжістің сұйылуы

! Созылмалы панкреатитке тән диспепсиялық синдром:

* шірік иісті кекіру

* қыжыл

* тәбеттің жоғарылауы

* тәбеттің төмендеуі

*+ нәжісінің өзгеруі

! Үнемі аурумен, сыртқы секреторлық жетіспеушілікпен жүретін созылмалы панкреатит көріністеріне жатпайтыны:

* метеоризм

*+ қышқылды кекіру

* полифекалия

* стеаторея

* сасық иісті нәжіс

! Созылмалы панкреатитке әсіресе тән симптомды атаңыз:

* Кер, Образцов

*+ Кач

* Харитонов, Лепине

* Ортнер, Греков

* Мерфи

! Объективті: іштің пальпациясында билиарлы тракт бұзылысында анықталатын симптом:

* Керт

* Гротт

* Мейо-Робсон

*+ Ортнер, Греков

* Кач

! Созылмалы панкреатиттің латенттік формасында келесі белгі анықталады:

*+ ұйқы безінің пальпаторлы ауыру сезімі

* полифекалия

* метеоризм

* ұйқы безі аймағындағы ауыру сезімі

* нәжісі сасық, ботқа тәрізді

! Созылмалы панкреатит өршуінің қай кезеңінде ұйқы безі ферментінің белсенділігін анықтау тиімді:

* алғашқы 10 сағат

* алғашқы 2 сағат

* алғашқы 6 сағат

*+ 12-24 сағаттан соң

* 48-72 сағаттан соң

! Созылмалы панкреатитке диагноз қоюдың «алтынды стандарт» зерттеу әдісіне жататыны:

* дистанционды және контакты сұйық кристалды термография

* компьютерлік томография

* ультрадыбысты зерттеу

* радионуклидті сканирлеу

*+ эндоскопиялы ретроградты панкреатохолангиография

!. Созылмалы панкреатитпен ауыратын 13 жастағы балада стрессті жағдайдан кейін (мектептегі бақылау жұмысы), іштің жоғарғы бөлігінде кенеттен белдемелі ауырсыну, жеңілдік әкелмейтін құсу болды. Іштің пальпациясында Керте, Мейо-Робсон, Шоффар симптомдары оң болды. Биохимиялық қан анализінде амилаза мөлшері жоғарлаған. Патологиялық процесстің негізінде жатқан маңызды патогенетикалық механизмі болып не табылады:

* асқазан сөлінің гиперсекрециясы

* +протеолитикалық ферменттердің активациясы

* өттің гиперпродукциясы

* май қышқылдар синтезінің жоғарлауы

* гюкагонның гиперпродукциясы

! Созылмалы панкреатит өршуінің алғашқы 2-3 күніне тиімді емдәм:

* №1 емдәм

*+ тамақтануды тоқтату

* №2 емдәм

* №5 емдәм, үгітілмеген

* №5 емдәм, үгітілген

! Ауыр панкреатитте ұйқы безінің қызметін тежеу үшін мына дәріні тағайындаған дұрыс:

* преднизолон

* контрикал

* мезим-форте

* квамател

*+ сандостатин

! Созылмалы панкреатиттің өршу кезіндегі ауыру синдромды басу үшін ең тиімді дәрі:

*+ баралгин

* контрикал

* фамотидин

* окреотид

* преднизолон

! Созылмалы панкреатитте ауыру сезімі сақталса, қандай дәрі тағайындау ең тиімді:

* антигистаминдікдер

*+ анальгетиктер

* панкреатикалық ферменттер

* Н2-гистамин блокаторлар ы

* антипротеазалар

! Балалардағы функционалдық іш қату қандай жағдайда дамиды:

* долихосигмада

* мекониалдық илеусте

* Гиршпрунг ауруында

*+ психогендік факторларда

* парапроктитте

! Төмендегі аталған аурулардың қайсысы ішек моторикасының бұзылуымен шартталған:

* муковисцидоз

*+ созылмалы іш қату

* созылмалы колит

* целиакия

* Крон ауруы

! Клиникалық симптоматикамен төмендегі зерттеулердің қайсысы үйлесіп жүргенде созылмалы колит диагнозын қоюға болады:

* ирригография

* ректороманоскопия

* колоноскопия

*+ гистология

* копрограмма

! Арнайы емес жаралы колиттің ең көрнекті клиникалық симптомы:

*+ гемоколит

* субфебрилитет

* іштің ауыру сезімі

* лоқсу мен құсу

* дене салмағын жоғалту

! Арнайы емес ойық жаралы колит диагнозын қою үшін тиімді ақпаратты зерттеу әдісі:

* жалпы қан сынағы

* биохимиялық қан сынағы

*+ колонофиброскопия

* копрологиялық зерттеу

* кіші жамбас ағзаларын УДТ

! Пилоростенозға ең тән клиникалық симптомдарға жатады:

* дене салмағын жоғалту

* субфебрилитет

* үлкен дәреттің жиілеуі

* нәжісте қан және шырыш

*+ фонтанды құсу

! Арнайы емес жаралы колиттің ауыр формасында байқалатын симптомға жатпайды:

* тенезмдер

* 10 және одан көп үлкен дәрет

*+ дене қызуы қалыпты

* нәжісте қан, шырыш, ірің

* дене салмағын жоғалту

!. 13 жастағы қыз бала. 2-жыл бойы созылмалы гастритпен ауырады. Эпигастрии аймағындағы сыздаған ауруға, қыжыл, қышқылмен кекіру, жүрек айнулар, аузынан жағымсыз иіске шағымданады. Метеоризм, диарея. Бозарған, склералары субиктерирлі, тілі жылтыр "лакталған". Кейде тілі ашиды, аяқ қолдарында «құмырсқа жүргендей» сезім. ЖҚА-гиперхромды, макроцитарлы анемия.

Созылмалы гастриттің қандай эндоскопиялық суреті осы клиникалық жағдайға сәйкес келеді?

* +атрофиялық түрі

* эрозивті түрі

* гипертрофиялық түрі

* беткей түрі

* аралас түрі

!. 12 жастағы қыз бала. Эпигастрии аймағындағы сыздаған ауруға шағымданады, қыжыл, қышқылмен кекіру, іш қатуларға бейімдік. Бір жыл бойы ауырады. Бозарған, мазасыз, қызыл дермографизм, тершеңдік. Тілі түбір жағында ақ-сары жабындымен жабылған, тістерінің іздері көрінеді. Іші жұмсақ, эпигастрии аймағында әлсіз ауыру сезімі.Бауыры және көк бауыры ұлғаймаған.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

* ойық жара ауруы

* + созылмалы гастродуоденит

* созылмалы холецистит

* өт жолдарының дискинезиясы

* созылмалы панкреатит

! Арнайы емес жаралы колиттің жалпы асқынуларына жатады:

* ішек перфорациясы

* малигнизация

*+ сепсис

* ішектен қан кету

* токсикалық мегаколон

! Арнайы емес жаралы колитпен ауыратын науқасты емдеудегі дәріні көрсетіңіз:

* сульфасалазин

* салазопиридазин

* сульфапиридин

*+ салофальк

* урсофальк

! Арнайы емес жаралы колитте 2 апта бойы 5-АСК препаратының әсері болмауына байланысты тағайындалатын дәрі

* альфа-интерферон

*+ преднизолон

* азатиоприн

* метатрексат

* ципрофлоксацин

! Арнайы емес ойық жаралы колиттің дистальды формаларының жергілікті емінде мына дәрі клизма арқылы тағайындалады:

* имодиум

* 6-меркаптопурин

* азатиоприн

*+ будесонид

* висмут

! Арнайы емес жаралы колитте циклоспорин А-ны тағайындауға көрсеткіш:

* айқын гемоколит

*+ гормонға тәуелділік

* тотальды колит

* белсенділіктің жоғарғы дәрежесі

* жергілікті асқынулар

! Тоқ ішектің микроб биомассасының дене массасына шаққандығы ара-қатынасы:

*+ 5%

* 0,05%

* 0,5%

* 1%

* 2%

! Төменде аталғандардың ішінен тоқ ішектегі ең көп мөлшердегі микроорганизмдер:

* лактобактериялар

* бактероидтар

* эшерихийлер

*+ бифидумбактериялар

* саңырауқұлақтар

! Тоқ ішек микрофлорасындағы бифидумбактериялардың қалыпты саны (КОЕ/г фекалий):

* 104-105

*+ 109-1010

* 105-106

* 107-108

* 102-103

! Дисбактериоз диагнозын қою үшін ең қолайлы зерттеу әдісі:

* тоқ ішектің шырышты қабатының биоптаты

*+ фекальды микрофлораның құрамы

* тік ішек шырышты қабатының жағыны

* ішектің шырышты қабатының жуындысы

* аш ішектің шырыш қабатының биоптаты

! Дисахаридті жетіспеушілік аталған төмендегі ферменттердің тапшылығынан дамиды, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

*+ энтерокиназа

* лактаза

* инвертаза

* мальтаза

* трегалаза

! Мальабсорбция синдромының постцеллюлярлы типіне жатады:

* целиакия

* лактазды жетіспеушілік

* трегалазды жетіспеушілік

* сахараза-изомальтаза жетіспеушілігі

*+ экссудативті энтеропатия

! Сахаридтердің қай түрін көтере алмауда зәрмен D–ксилоза экскрециясының төмендеуі тән:

* лактоза

* сахароза

* мальтоза

* трегалоза

*+ глюкоза

! Біріншілік глюкоза көтере алмауының негізінде жатқан фактор:

* ұйқы безінің инкреторлық функциясының жетіспеушілігі

* лактаза жетіспеушілігі

*+ энтероцит мембранасы арқылы глюкоза тасымалдануының айқын ақауы

* инвертаза жетіспеушілігі

* мальтаза жетіспеушілігі

! Тұқым қуалайтын біріншілік фруктоза көтере алмаушылық негізінде жатқан фактор:

* ұйқы безінің инсулярлы жетіспеушілігі

*+ энтероцит мембранасы арқылы фруктоза тасымалдануының айқын ақауы

* сахараза жетіспеушілігі

* жеміс жидек пен шырынды шамадан тыс пайдалану

* мальтаза жетіспеушілігі

! Целиакиямен ауыратын науқастар қай дәнді дақылдарды жақсы қабылдайды:

* бидай

* арпа

* сұлы

*+ жүгері

* тары

! Целиакияның негізгі ем әдісі:

* иммуномодулдеуші ем

* орынбасушы фермент емі

* электролитті баланс коррекциясы

*+ аглиадинді диета

* гормональді ем

! Муковисцидоздың емінде қолданылмайтыны:

* орынбасушы фермент емі

* муколитикалық ем

* антибактериалды ем

* постуралды дренаж және вибромассаж

*+ гормональды ем

! Экссудативті энтеропатияда емдәмде нені көбірек пайдалану мәнді:

* көмірсулар құрамы

* майлар мөлшері

*+ тағамдағы белок мөлшері

* жалпы калораж

* сұйықтық көлемі

! Тітіркенген ішек синдромы (ТІС) симптомокомплексіне кіреді:

* 3-айдан астам функционалды бұзылыстар

*+ локальды іш ауыруы

* дефекациядан кейін іш ауыруының азаюы

* метеоризм, іш шұрылы

* іш өтуі мен қатаюының кезектесіп болуы

! Басты клиникалық белгісіне байланысты ішек тітіркену синдромының келесі түрі айқындалады:

* оң мықын жағында ауыру сезімі басым

*+ диарея басым

* локальды ауыру эпигастрийде басым

* лоқсу мен құсу басым

* субфебрилитет басым

! Басты клиникалық белгісіне байланысты ішек тітіркену синдромының келесі түрі айқындалады:

*+ іш ауыруы мен метеоризм басым

* субфебрилитет басым

* қыжыл басым

* аэрофагия басым

* лоқсу мен құсу басым

! Ішек тітіркену синдромының этиологиясында аталған мәнді факторларға жатпайтыны:

* генетикалық

* нейрогенді бұзылыстар

* тамақ талшықтарын мол қабылдау

*+ көмірсулық тағамдану типі

* тоқ ішек рецепторлары сезімталдығы жоғарылауы

! АІЖ функциональдық бұзылыстарының диагностикасында ең ақпаратты зерттеу әдісі:

* копрограмма

* Грегерсен реакциясы

* ирригография

*+ ФЭГДС

* колоноскопия

! Диареямен байланысты ТІС-ында тамақтану рационына қосу ұсынылады:

*+ талшықты тағамдарды қолдану

* майларды көп қолдану шектеу

* сұйықты көп ішу

* жаңа піскен жеміс-жидектерді шектеу

* тамақтануда рафинирленген тағамдарды шектеу

! Ішек тітіркену синдромының диарея басым түрінде қабылдау қажет:

* форлакс

* лактулоза

*+ имодиум

* мукофальк

* дюфалак

! Ішек тітіркену синдромының іш өтуі басым түрінде қажет:

* дюфалак

*+ смекта

* мукофальк

* форлакс

* лактулоза

! Ішек тітіркену синдромын, ішектің органикалық патологиясынан ажырататын ең ақпаратты критерий:

*+ нәжісте шырыш пен қан араласуы

* іш өткен соң іш ауыруының азаюы

* кеселдің 3 ай бойы не одан аса тынымсыз ағымы

* нәжіс жиілігімен байланысы

* іш қолайсыздығының 3 айдан аса созылуы

! Ішек тітіркену синдромын көрсететін клиникалық симптомдар, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

* нәжіс жиілігінің бұзылысы

* нәжіс жағдайының бұзылысы

*+ ауыр диарея

* нәжіс пассажы бұзылысы

* іш кебуі не іш керілуі

! Бала жайылмалы, сыздаған іш ауыруына шағымданады; сүт ішкенде, дөрекі көкөніс жегенде ауырсынуы күшейеді. Спазм, іштің шұрылдауы. Шырышты нәжіс, полифекалия. Сіздің болжам диагнозыңыз:

* өт шығару жолдарының дискенезиясы, гипертониялық түрі

* өт шығару жолдарының дискенезиясы, гипотониялық түрі

* созылмалы панкреатит

*+ созылмалы энтероколит

* созылмалы холецистит

! Созылмалы іш қатуы көріністерінің стандартты шарттарына жатады:

* ішінің локальды ауыру сезімі

* дефекация кезінде күшену

*+ аптасына дефекация 2 рет немесе оданда сирек

* физикалық даму бұзылыстары, дене массасын жоғалту

* ауық-ауық нәжістің көп мөлшерде бөлінуі

! Баланы шаршағыштық, ұстамалы, жедел, қысқамерзімді іш ауыруы мазалайды, ауырсынуды майлы тамақ қабылдаумен байланыстырады. Тексергенде: тері жамылғысы таза, ақшыл қызыл. Ішін пальпациялағанда Мерфи, Кер симптомдары «оң». Сіздің диагнозыңыз:

* Жедел гастродуоденит

* Жедел дуоденопанкреатит

* Жедел холецистит

*+ Өт жолдарының дискинезиясы, гипермоторлы түрі

* Өт жолдарының дискинезиясы, гипомоторлы түрі

! «Ішек тітіркену синдромы» диагнозын қоюда жүргізілетін тәсілдердің ішінен ең тиімдісі:

* ішек рентгенографиясы

*+ ирригография

* іш қуысы ағзаларын УДТ

* дуоденді зондтау

* ФЭГДС

! Дем алу кезінде күшейетін, өт қапшығы проекциясының нүктесіндегі пальпацияланғанда ауырсыну сезімі, қалай аталады:

* +Кер белгісі

* Ортнер белгісі

* Мерфи белгісі

* Лепине белгісі

* Щеткин-Блюмберг белгісі

!. 13 жастағы қыз бала. Клиникаға оң жақ қабырға астындағы суық, майлы тағамнан кейін күшейетін сыздаған ауруға шағымданады. Кейде ауру ұстамалы, 30 минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Қарап тексергенде оң жақ қабырға астындағы бұлшық еттердің резистенттілігі, Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң. Бауыры қабырға доғасы бойымен, пальпацияға сезімтал. УЗТ: өт қабы қабырғасы қалыңдаған, өт іркілісі байқалады.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

* созылмалы гастродуоденит

* өт жолдарының дискинезиясы гипокинетикалық түрі

* + созылмалы холецистит

* өт жолдарының дискинезиясы гиперкинетикалық түрі

* функциональная диспепсия

! Іш қатуды емдік реттеудің бір шарты:

*+ ішектік транзитті қалыптастыру

* тағамда жаңа піскен жеміс-жидектерді шектеу

* антибактериалды ем

* физикалық жүктемені шектеу

* тамаққа аса тазартылған тағамдарды қолдану

!. 11 жастағы қыз бала. Дефекация алдындағы ішінің төменгі аймақтарындағы ауруға шағымданады, үлкен дәреті 4 ретке дейін жиілеген, сұйық, кейде түнгі уақытта, үлкен дәретінде қанның пайда болуы, тәбеті төмендеген, жүдеген, субфебрильді температура.

6 ай бойы ауырады. Қарап тексергенде іші кебіңкі, сол жақ мықын аймағындағы ауыру сезімі. Бауыры қабырға доғасы бойымен. Үлкен дәреті қалыпсыз, тәулігіне 4-5 рет шырыш және алқызыл қан араласқан. ЖҚА Нв-96 г/л, ЭТЖ-25 мм/сағ. Ректороманоскопия: тік ішектің шырышты қабаты беткейінде әртүрлі көлемде және пішінде, дефектілер байқалады, қан тамыр суреті көрінбейді, ішек қуысы қабынумен байланысты тарылған.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

* Крон ауруы

* дизентерия

* + арнайы емес жаралы колитте

* ішек дисбактериозы

* тітіркенген ішек синдромы

!. 1 айлық нәресте. 2 аптаға созылған фонтанды құсумен жатқызылды. Қарап тексергенде гипотрофия және 2 дәрежелі эксикоз белгілері, көзге көрінетін асқазан перистальтикасы. Piloras пальпацияланады.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

* өңештің ахалазиясы

* пилороспазм

* ахалазия

* +пилоростеноз

* эзофагоспазм

! Созылмалы панкреатиттің өршуінде барлық симптомдар байқалады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

*+ Ортнер

* Кер

* Кач

* Де-Жарден

* Мейо-Робсон

! Созылмалы панкреатиттің өршуін қандағы келесі көрсеткіштерді анықтау дәлелдеуге мүмкіндік береді:

* АЛТ және АСТ

* калий және натрий

*+ амилаза және липаза

* мочевина және креатинин

* кальций және фосфат

! Жедел панкреатиттің ауыр формасында ферментативті токсемияны азайту үшін келесі дәріні қолданады:

* креон

* 10% альбумин

* мезим форте

* панзинорм

*+ контрикал

!. Хеликобактерлі этиологиялы созылмалы гастродуодениттің эрадикациялық емінің барысында баланың үлкен дәреті 4 ретке дейін жиілеген, сұйық. Копрограммада лейкоциттер 2-3 көзбен көру аймағында, шырыш++, иодофильді флора +++.

Ішектің осы дисфункциясын емдеуде қай топтағы дәрілік затты бірінші тағайындау қажет?

* полиферментті дәрілік зат

* ішектік антисептик

* адсорбент

* + биопрепарат

* эспумизан

!.Балалардың АІЖда жаралы процесс жиі кездеседі:

* асқазанның кардиальды бөлігі

* асқазанның антральды бөлігі

* + 12 е.і. пиязшығы

* асқазанның түбірі

* 12 е.і. постбульбарлы бөлігі

! Ойық жараға ең тән белгі:

* іштің ұстамалы ауыру сезімі

* қайтамалы құсу

* жүрек айнуы, қышқыл дәм сезімі

*+ мойнингамдық ритмді ауыру сезімі

* сасық, майлы нәжіс

! Ұйқы безінің экскреторлық жетіспеушілік синдромы келесі копрологиялық көріністердің бірімен жиі жүреді:

* өт талшықтарының көбеюі

*+ бейтарап май көбеюі

* крахмал көбеюі

* май қышқылы көбеюі

* эритроциттердің анықталуы

!. Жедел және созылмалы панкреатит өршуінің ең ақпаратты лабораториялық көрсеткіші болып саналатыны:

* +қан сарысуындағы амилаза

* қан сарысуындағы липаза

* қан срысуындағы трипсин

* зәрдегі диастаза

* қан сарысуындағы диастаза

! Хеликобактер пилори анықтаудың инвазивті емес әдісіне жататыны:

* уреазды

* бактериоскопиялық

* бактериологиялық

*+ тыныстық

* гистологиялық

! 2 ж қыз балаға Целиакия диагнозы қойылады. Балаға тағайындалатын емдәм:

* сүт-қышқылды

* картоп пен капуста

* сүтсіз диета

*+ аглиадинді

* глюкозаны шектеу

! Бейспецификалық жаралы колиттің ауыр формасында эндоскопияда анықталатыны:

* дисталды колит

* сол-жақты колит

* проктит

*+ тотальды колит

* проктосигмоидит

! Целиакияға диагноз қоюдың «алтын стандарты»:

* іш қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу

* интерлейкин-1 анықтау

*+ аш ішек шырышты қабатынан биопсия

* биохимиялық қан сынағы

* Грегерсен реакциясы

! Крон ауруында эндоскопияда шырышты қабаттың өзгерісіне ең тән:

* айқын гиперемия

* қаптардың қалыңдауы және тегістелуі

* жанаспалы қанаққыштық

* беткейлі жара және эрозия

*+ «тасты төсеу» рельефі

! Бейспецификалық жаралы колиттің емдәмі:

* құрамында майы жоғары

* аз белокты

*+ құрамында белогы жоғары

* тұзсыз

* сүтқышқылды

! Бейспецификалық жаралы колит емдәмінде келесі тағам алып тасталады:

* ет

* сары май

* жұмыртқа

* балық

*+ жаңа піскен жидектер

! Бейспецификалық жаралы колиттің инфекциялық асқынуының антибактериалды емінде қолданылмайтыны:

* метронидазол

* фуразолидон

* интертрикс

* гентамицин

*+ пенициллин

! 14 жастағы қыз. Майлы тамақ жегеннен 4 сағаттан соң сол жақ қабырға астында ұстамалы ауыру сезімі, лоқсу, көп реттік құсу пайда болды. Құсу жеңілдік әкелмейді. Объективті қарау кезінде Мейо-Робсон нүктесінде кенеттен ауыру сезімі анықталады. Болжам диагнозын қойыңыз:

* жедел аппендицит

* жедел холецистит

*+ жедел панкреатит

* жедел гастрит

* жедел холангит

! Қыз 14 жаста. Майлы тағам қабылдағаннан 4 сағаттан кейін сол қабырға астында ұстамалы ауыру сезімі, лоқсу, қайталамалы құсу пайда болды. Құсу жеңілдік әкелмейді. Объективті тексеруде Мейо-Робсон нүктесінде ауыру сезімі анықталды.

Диагнозы дәлелдеу үшін қанның қандай биохимиялық тексеруі қажет:

* АСТ, АЛТ

*+ амилаза

* жалпы белок, СРБ

* қант

* креатинин

! Қыз 14 жаста. Майлы тағам қабылдағаннан 4 сағаттан кейін сол қабырға астында ұстамалы ауыру сезімі, лоқсу, қайталамалы құсу пайда болды. Құсу жеңілдік әкелмейді. Объективті тексеруде Мей-Робсон нүктесінде ауыру сезімі анықталды.

Науқас емінде қолданылмайтыны:

* контрикал

* баралгин

* квамател

* 10% альбумин ертіндісі

*+ преднизолон

! Ұл бала 2 жас 5 айлық. 1 апта бойы ауырып жүр, ішінде ауыру сезімі пайда болды, нәжісі күніне 3 рет. Соңғы екі күнде іштегі ауыру сезімі күшейді, әсіресе дефекация алдында ұстамалы, ботқа тәрізді, қан аралас. Температурасы қалыпты.

Төменде келтірілгендерден мүмкін диагнозды көрсетіңіз:

* жедел ішек инфециясы

*+ арнайы емес жаралы колит

* тік ішектің полипі

* дисбактериоз

* дизентерия

! Ұл бала 2 жас 5 айлық. 1 апта бойы ауырып жүр, ішінде ауыру сезімі пайда болды, нәжісі күніне 3 рет. Соңғы екі күнде іштегі ауыру сезімі күшейді, әсіресе дефекация алдында ұстама тәрізді 4-ке дейін жиілеуі, ботқа тәрізді қан таралас. Температурасы қалыпты.

Осы аурудың базистік емінде қолданылатын дәріні көрсетіңіз:

*+ cалофальк

* азатиоприн

* сандиммун

* преднизолон

* альфа-интерферон

! Бала 14 жаста. Ауырғанына 3 жыл. Майлы тағамнан соң ішінде ауыру сезімі, лоқсу, құсу болады. Кезекті, көп мөлшерде майлы тағам қабылдағаннан соң белдемелі ауыру сезімі, құсу, қан аралас іші өтті. Объективті: ішті пальпациялағанда пилородуоденальды аймақта ауыру сезімі. Кач, Мейо-Робсон симптомдары оң (+). Нәжісі майлы, ботқа тәрізді. ЖҚА: нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Қан биохимиясында - амилаза белсенділігі жоғары.

Мүмкін диагнозы:

* өршу фазасындағы ойық жара ауруы

* ӨЖЖД (ДЖВП), гипертоникалық типі

* созылмалы холецистит, өршуі

*+ созылмалы панкреатит, өршуі

* созылмалы гастродуоденит, өршуі

! Бала 13 жаста. Болжам диагноз: арнайы емес жаралы колит. Диагнозды нақтылау үшін ең сенімді тексеру тәсілі:

* құрсақ қуысы ағзаларын УДТ

*+ колонофиброскопия

* ректороманоскопия

* фиброэзофагогастроскопия

* құрсақ қуысы ағзаларының рентгенографиясы

! Қыз 11 жаста. Тексеруден соң жедел панкреатит диагнозы қойылды. Диагноз қоюда төмендегі зерттеулердің қайсысы шешуші?

* дуоденальді зондылау

* копрограмма

* фиброгастроскопия

*+ ұйқы безі ферменттерінің деңгейі

* құрсақ қуысы ағзаларының рентгенографиясы

!. 12 жасар бала, бірден әлсіздік пен жүрек айнуына шағымданып ауруханаға түсті. Кеше кешке және бүгін таңертең балада қою қара май тәрізді нәжіс болды. Жалпы қарағанда: терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттары айқын бозарған, мұздай тер бөлінеді, пульсі минутына 120 рет, АҚ 80/40 мм сын. бағ. Гемоглобині - 40 г/л.

Сәйкес болатын диагнозды атаңыз.

* мальабсорбция синдромы

* анус жырығы

* жаралы колит

* холестаз синдромы

* +асқазан ішектен қан кету

! Жедел холециститке ең тән симптомдар кешенін көрсетіңіз:

* іштегі ауыру сезімі, сұйық нәжіс, метеоризм

*+ оң қабырға доғасы астындағы ауыру сезімі, лоқсу, құсу

* эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, лоқсу, қыжыл

* орама тәрізді ауыру сезімі, қайталамалы құсу

* гипогастрий аймағындағы ауыру сезімі, тенезмдер, сұйық нәжіс

! Фекалиймен нәруыздың көптеп шығуы тән ауру:

* дизентерия

* арнайы емес жаралы колит

* целиакия

*+ экссудативті энтеропатия

* дисбактериоз

!. Бала 11 жаста, ішінің тұйық, сыздап ауырсынатынына, жүрек айнуына, бір рет құсқанына шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған. Объективті: терісі бозғылт түсті, көз астының көлеңкеленуі байқалады, тілі сары жабындымен жабылған. Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң мәнді. Бауыры +2см, пальпацияда ауырсынады. Қан анализінде: Нв-130 г/л, Эр. -4, 5х1012/л, Л-12х109/л, ЭТЖ-12 мм/сағ. , э-3%, б-1%, м-7%, т/я-26%, с/я-63%.

Қандай тексеру жоспарын жүргізу қажет?

* асқазан ішек тракты ағзаларын УДЗ, билирубин деңгейлерін анықтау

* +ЭФГДС, уреазды тест

* асқазан ішек тракты ағзаларын УДЗ, амилазаны анықтау

* дуоденалды зондтау, асқазанды фракционды зондтау

* асқазан ішек тракты ағзаларын УДЗ, дуоденалды зондтау

! Крон ауруына келесі эндоскопиялық көрініс тән:

* шырыш қабатының дәнділігі

*+ патологиялық және қалыпты аймақтардың кезектесуі

* қантамыр суретінің жоғалуы

* жанаспалы қанаққыштық

* терең емес жаралар және эрозиялар

! Крон ауыруына тән эндоскопия көрінісі:

*+ терең афтозды жаралар

* шырышты ісінуі және гиперемиясы

* қантамыр көрінісінің жоғалуы

* жанаспалы қанаққыштық

* жалған полипоз

! Қыз бала, 4-айлық. Ана сүтін емуде. Физикалық дамуда артта қалған. 2-айлығынан бастап рационына жеміс шырынын енгізгеннен кейін балада нәжісінің жиілеуі, құсу, метеоризм байқалды.

Ең мүмкін болатын диагноз:

*+ біріншілік дисахаридаза жетіспеушілігі

* муковисцидоз, ішектік түрі

* целиакия

* біріншілік экссудативті энтеропатия

* лактаза жетіспеушілігі

! Жаралы емес диспепсия еміндегі дәрі тобын таңдаңыз:

* антацидтер

* антибиотиктер

*+ прокинетиктер

* протондық помпа ингибиторлары

* гистаминнің Н2-рецептор блокаторлары

! Созылмалы гастрит диагнозын нақтылау үшін міндетті түрде жүргізеді:

* ФЭГДС

* ИФА

*+ асқазан шырышты қабатының гистологиясы

* уреазды тест

* тыныстық тест

! Маастрих келісіміне сай геликобактериялы гастриттің этиологиялық емінде үштік ем бағдарламасына кіретін дәрілер тобын атаңыз:

* гентамицин, алмагель, мотилиум

*+ амоксицилин, омепразол, метронидазол

* кларитромицин, пилорид, мотилиум

* де-нол, ранитидин, пенициллин

* рабепразол, висмут-цитрат, трихопол

! НР емінің тиімді нобайына жатады:

* пантопразол, висмут-цитрат, кларитромицин

*+ омепразол, амоксициллин, метронидазол

* пантопразол, церукал, метронидазол

* церукал, амоксициллин, рабепразол

* церукал, висмут-цитрат, рабепразол

! Экссудативті энтеропатияға нәжістің келесі сипаты тән:

* сұйық, сасық иісті, майлы

*+ жиі, сұйық, иіссіз

* жиі, көпіршікті, қышқыл иіспен

* «ботқа тәрізді», сасық иісті, көп мөлшерде

* сұйық, шырыш пен қан аралас

! Май қышқылдары есебінен стеатореямен көрінетін ауру?

* арнайы емес жаралы колит

* Швахман синдромы

*+ целиакия

* муковисцидоз

* туа пайда болған қысқа ішек

! Целиакияда аш ішек қабатының биопсиясынан күтетін нәтиже?

*+ шырышты қабат атрофиясы

* шырышты қабат дәнділігі

* шырышты қабат гиперплазиясы

* жаралар, беткейлі эрозиялар

* «тас төсеу» симптомы

!. Қыз бала 12 жаста функционалды диспепсиядан зардап шегеді. Тамақтанудан соң эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, жүрек айнуға шағымданады. Қай топтың препараты бірінші кезекте тағайындалуы тиіс:

* антацид

* протон помпасының ингибиторлары

* Н2 блокатор

* прокинетик

* +спазмолитик

! Клиникалық симптомдар кешені: жүрек айнуы, кекіру, құсу, эпигастрий аймағындағы тұрақты ауыру сезімі тән ауруды атаңыз:

* гастро-эзофагальды рефлюкс

* ойық жара ауруы

* созылмалы панкреатит

* жедел холецистит

*+ созылмалы гастрит

! Клиникалық симптомдар кешені: эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі түнде, аш қарынға. Жүрек айнуы, кекіру, құсу, тән ауруды атаңыз:

* жедел холецистит

* созылмалы гастрит

* жедел панкреатит

*+ ойық жара ауруы

* жедел холецистит

! Ұл бала, 12 жаста. Шағымы: жиі түндегі ұстамалы, шаншымалы, ауыру сезімі. Ауыру сезімі мына тип бойынша: ашқарынға ауру сезімі – тамақ қабылдағаннан кейін жеңілдену. Ауру сезімі арқаға, бел аймағына беріледі. Мендель симптомы оң (+). Мүмкін диагнозды табыңыз:

* созылмалы холецистит, өршуі

* жедел холецистит

*+ ойық жара ауруы, өршуі

* жедел панреатит

* созылмалы гастродуоденит, өршуі

!. Бала 9 жаста, асқазанның функционалды бұзылысының секреторлы типімен (базальды фаза секрециясының асқазан сөлі қышқылдығы жоғарылаған), іш қатуға бейім. Секреторлы бұзылыстарды коррекциялауға қажет:

* смекта

* гастрофарм

* алмагель

* кваматель

* +викаир

!. Нақты зерттеуден кейін балаға «Өт шығару жолдарының дискинезиясы». Өт шығару жолдарының дискинезиясының гипотониялық типі бойынша ауырсынуға мінездеме беріңіз:

* +оң жақ қабырға астындағы тұрақты кернеп ауырсыну

* белдеме ауырсыну

* іштің оң жақ бөлігіндегі қысқа уақытты ұстамалы ауырсыну

* іштің жоғарғы бөлігіндегі кеш ауырсыну

* кіндік аймағындағы кернеулі жергілікті ауырсыну

!. Қыз бала 14 жаста 2 жыл бойына эпигастрий аймағындағы жергілікті тамақтан соң күшейетін, сыздап ауыруға шағымданады. Тілі ақ жабындымен жабылған, пальпацияда іштің ортаңғы сызығында, эпигастрийде ауырсыну. Зерттеуде базальды секрецияда асқазанның сөлі деңгейі жоғарылаған. ЖҚА: HB-110г/л, эр-2,8*10/12/л, Л-7,5*109/л ЭТЖ-7мм/сағ. Фиброскопияда – асқазанның қабырғасының қалыңдауын, қыртыстарының тегістелуі. Диагноз қойыңыз?

* +қышқылдығы жоғарылаған созылмалы гастрит

* жедел гастродуоденит секрециясының төмендеуімен

* атрофиялық гастрит

* асқазан жара ауруы

* 12 елі ішектің жара ауруы

!. Баланы аса шаршағыштық, майлы тамақтан кейін ұстама-тәрізді, өткір қысқа мерзімді іштегі ауырсыну мазалайды. Қарағанда тері жамылғысы қызғылт, таза. Ішті сипағанда Мерфи, Кера симптомдары - оң. Қан зерттеуінде: Нв-126г/л, эр-3,96*1012 /л, л-5,0*10 9///////л, ЭТЖ-2 мм/сағ, э/4, с/67, л/29. Дуоденалдық зондтау кезінде: өт порциясының бөліну уақыты – 10 минут, Одди сфинктерінің жабылу уақыты – 9 мин, қайтадан тітіркендіргеннен кейін қаралтым өт бөлінді. Сіздің диагнозыңыз:

* жедел гастродуоденит

* дуоденопанкреати

* өт шығару жолдары дискинезиясының гипомоторлық түрі

* +өт шығару жолдары дискинезиясының гипермоторлық түрі

* жедел гастрит

!. Жара ауруы бар науқаста ауырсыну ас қабылдаудан біраз уақыттан кейін байқалады, ауырсынудың орналасуыөсемсе тәрізді өсіндісінің астында,сонымен қатар осы жерде Мендель симптомы оң. Құсу байқалмайды. Жараның орналасу жерін көрсет:

* +асқазанның кардиальді бөлімі

* асқазанның антральді бөлімі

* ұлтабар буылтығы

* он екі елі ішектің постбульбарлы бөлімі

* асқазанның кіші иілімі

!. Іші өткен баланың аш ішек биоптатын қарағанда лимфагиэктазиялар, интерстициальді ісік, май тамшылары және лимфа тамырларында макрофагтар табылған. Бұл көріністер сәйкес келеді:

* муковисцидозға

* лактаза жетіспеушілігіне

* целиакияға

* +экссудативті энтеропатияға

* созылмалы энтероколитке

Наши рекомендации