Пәннің қысқаша мазмұны. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Ф КГМУ 4/3-03/03
ПП КГМУ 4/03
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Клиникаға кіріспе кафедрасы
СИЛЛАБУС
«Балалар ауруларына кіріспе» БАК-3404 пәні бойынша
«Жалпы медицина» 5В130100 мамандығы
Оқу сағаттар көлемі – 90 (2 кредит)
Курс 3
Семестр V
Арағанды 2014 ж.
«Жалпы медицина» - 5В130100 мамандығы бойынша «Балалар ауруларына кіріспе»
БАК-3404 пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды 29.09.2014 ж.
Силлабус кафедра отырысында қаралып, бекітілді
__.__. 2014. Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі Кабиева С.М.
Оқытушылар жайындағы мәліметтер:
Кафедра меңгерушісі: профессор м.а. Кабиева Сауле Маутовна, медицина ғылымының докторы, дәрігер-педиатр, балалардың кардиоревматологиясы бойынша бірінші категориялы, педиатрия бойынша жоғарғы категориялы. Тәжірибелік сабақты және дәрісті қазақ және орыс, ағылшын тілдерінде жүргізеді. Докторлық диссертация тақырыбы бекітілген.
Ылыми қызығушылығы - жас балалар және неонотология саласындағы жүрек патологиясы. 60 аса ғылыми жұмыстардың және үш оқу әдістемесінің авторы.
Ызмет телефоны: 41-64-52 (облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы).
Оқытушылар:
Ассистент Абильдина Назерке Турсыновна, дәрігер-педиатр II санатты дәрігер, балалар гастроэнтерологы, 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Сабақты қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді. Кафедрада оқу ісінің меңгерушісі. Қазақ тіліндегі әдістемелік жұмыстарға, мәселелі оқыту бағдарламасына жауапты. 2 ғылыми баспа жұмысының, 3 оқу әдістемелік құралының авторы. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Дундукова Расима Сабировна, педагогикалық стажы 5 жылдан аса, дәрігер-педиатр, I санатты дәрігер. Кафедрадағы оқу кәсіптік тәжірибені жүргізу және ұйымдастыруға жауапты. Сабақты орыс тілінде жүргізеді. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Корнеева Елена Аркадьевна жоғары санатты дәрігер-педиатр, денсаулықсақтау тәжірибесінде жұмыс істеді, тәжірибелік сабақта орыс тілінде жүргізеді
Ассистент Курилова Вероника Викторовна дәрігер-педиатр, бірінші санатты дәрігер, тәжірибелік денсаулық сақтауда 26 жыл жұмыс істеген, сабақты орыс тілінде жүргізеді. Кафедрада АҚ жөнінде жауапты. Педогогикалық білімін жоғарлату сертификаты бар.
Ассистент Аукенова Ляззат Бахтыбаевна, дәрігер-педиатр, функционалді диагностика дәрігері, бірінші санатты дәрігер, тәжірибелік денсаулық сақтауда 20 жылдан артық жұмыс істеген. Тәжірибелік сабақты қазақ тілінде жүргізеді
Ассистент Асетова Жанар Асеновна, дәрігер – педиатр, екінші санатты дәрігер, тәжірибелік денсаулық сақтауда 9 жылдан артық жұмыс істеген. Тәжірибелік сабақты қазақ тілінде жүргізеді
Байланыс ақпараты: Оқу бөлімінің кестесі бойынша сабақтар кафедраның клиникалық базасында жүргізіледі: ММ”Облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы”(С.Сейфуллин көшесі 11), автобустар 51,34, маршруттар 01,06,30,011 (аялдама Школьник дүкені ); автобустар 7,33,41,122,127,165,146 маршруттар 28,02 (аялдама Монша). Байланыс телефоны 41-64-52.
Электрондық мекен-жай: [email protected]
Оқу пәнінің саясаты кафедраның клиникалық базасындағы оқу үрдісінің кезекті және мақсаты түрде өтуімен бекітіледі. Палатада, мейірбике бекетінде, емшара бөлмесінде, науқас отбасымен танысудың алғашқы тәжірибені қабылдау немесе медициналық мамандармен өзара-қатынастарын тығыз дамыту. Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы жоғарғы мектепте жалпы принциптерге үйретуге негізделген, сырт принциптерге үйретуге негізделген, сырт пішіндерін қатаң қадағалау; үтіктелген таза ақ халаттың немесе хирургиялық киімнің, қатырылған қалпақ, ауыстырылатын аяқ киім, маскалардың болуы. Сонымен қатар, емдеу-диагностикалық үрдісте дәрігер көмекшісі ретінде, медициналық этика, деонтология принциптерімен, науқас адамды күту мен бақылаудағы арнайы білім мен әдістерді, арнайы манипуляцияларды жүргізуді үйретуге қатаң көңіл бөлінеді.
Пәннің бірінші сабағында білімнің базистік деңгейін бағалау жүргізіледі. Базистік білімнің бағасы 100 балдық өлшеммен оқу журналына қойылады. Базистік білімнің бағасы ӨР санағанда қосылмайды.
Студенттерге оқытушы ағымдық бағаны оқу журналына 100 балдық өлшеммен әрбір орындалған тапсырма/бөлім үшін қойылады (бірнеше сабақтың тақырыбын біріктірген интегрирленген тақырып). Тапсырма/бөлім үшін қойылатын ағымдық бағаға оқу жұмысының барлық түрі кіреді (аудиторлы және аудиториядан тыс).
Пән бойынша ағымдық бақылау әрбір кредиттің ОСӨЖ тақырып жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ағымдық бақылауға өтілген барлық дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, ОСӨЖ және СӨЖ тақырыптары кіреді.
Себепсіз босатылған сабақтар өтелмейді. Егер келмеген жалпы тәжірибелік сабақтардың саны 50 пайызды құраса студент тапсырманы/бөлімді тапсыруға жіберілмейді. Электронды журналға «0» қойылады.
Себепті салдармен босатылған сабақтар өтеледі.
Босатылған сабақтарды өтеу үшін:
• факультеттің деканынан немесе декан орынбасарынан сабаққа өтеу қағазын алады;
• сабаққа келген уақыттан бастап екінші сабаққа өтеу қағазын кафедраға тапсырады
Сабақты өтеу ережелері:
• кафедраның жеке жұмыс және кеңес беру кестесіне сәйкес кезекші оқытушыға тақырыпты ауызша өтейді;
Студент себепті салдармен жіберілген сабақты уақытында өтемесе себепсіз жіберілген сабақпен теңеседі. Электронды журналға «0» белгісі қойылады.
Сырқаттану себебімен сабақтың 1/3 бөлігін босатқан жағдайда студент ҚММУ-дың емханасына қаралып, дәрігер-бақылау кеңесімен медициналық қортынды алып академиялық демалысқа шығуына мүмкіндік алуына болады.
Пән бойынша қортынды бақылау жұмыс бағдарламасының жоспарына сәйкес компьютерлік орталықта тестілік тапсырма бойынша емтихан тапсыру түрінде жүргізіледі.
Қортынды бақылауға пән бойынша жұмыс бағдарламасымен құарастырылған барлық тақырып сұрақтары кіреді. Студенттерге қортынды бақылауға арналған тестілік тапсырмалар берілмейді.
Кіріспе
«Балалар ауруларына кіріспе» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы баланың жүйелері мен мүшелерінің жастық даму ерекшеліктері жөнінде жүйеленген ғылыми білімдерді мазмұндайды, сонымен қатар, әртүрлі жастағы дені сау және науқас балаларды қарау әдістерін, салауатты өмір шарттарын, ерте жастағы балаларды тиімді тамақтандыру шарттарын оқытуды қарастырады.
Қоғам игілігінің басты көрсеткіші балалардың денсаулығы, сондықтан өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын сақтау мемлекетіміздің басты тапсырмасы болып табылады. Осыған байланысты, бұл пәнді оқыту балаларға медициналық қызмет көрсету сферасында білімді мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Бала ағзасының өсу және даму заңдылықтарын білу, жалпы тәжірибелік дәрігерлердің балалармен жұмыс істеу кезіндегі ерекшеліктерді ескеруге үйретеді.
Студенттердің пәнді игеруі балаға зейнмен қарауға және баланың немесе оның ата-анасының психикалық жағдайын түсінуге жағдай жасайды.
Пәннің мақсаты: студенттерде дәрігер қызметінің кәсіби дайындығына қажетті әр түрлі жастағы балалармен және олардың ата-аналарымен қатынасу дағдыларын құрастыру, баланың жастық ерекшеліктеріне сай дамуын және денсаулық жағдайының ауытқуларын бағалауды үйрету.
Оқыту тапсырмалары
1. Пәнге кіріспе, балалар ауруханасының және оның бөлімдерінің жұмысының ұйымдастырылумен таныстыру. Науқас баланың жағдайының ауырлығын бағалаудың клиникалық өлшемдері
2. Мүшелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің теориялық негіздерін оқыту және тексеру әдістерімен таныстыру
3. Дәрігер тағайындауын және маңызды диагностикалық ісшараларды орындауды үйрету. Балалардың физикалық және жыныстық жетілу заңдылықтары
4. Балалардың жүйке-психикалық дамуын бағалау
5. Балаларды тиімді тамақтандырудың негізгі шарттары
Оқытудың соңғы нәтижелері (компетенциялар)
Дублиндік дескрипторлар бірінші деңгей (бакалавриат) | Блум пирамидасы | Дескриптор бойынша оқытудың соңғы нәтижелері | Компетенция | |
A | Бұл оқу аймағы бойынша өз білімінің және түсінігінің басты элементтерін көрсете білу | Білімі | - бала ағзасының және мүшелерінің анатомиялық-физиологиялықм негізгі ерекшеліктерін сипаттайды - қалыпты жағдайда және патологияда физикалді зерттеу әдістердің мәліметтерін танып біле алады - дәрігердің кәсіби деонтологиялық шарттарын анықтайды - негізі лабораторлы және инструменталді зерттеу әдістерін атайды және қортындылайды | 1, 2, 4,6 |
Түсінуі | -баланың физикалық дамуының көрсеткіштерін анықтайды | 1,2,4,6 | ||
B | Алған білімін және түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу; | Қолдануы | -қалыпты жағдайда және патологияда науқас баланың физикалді зерттеуінің қортындысын сипаттап, дағдыларын көрсетеді (сұрастыру, қару, пальпация, перкуссия, аускультация) -патологиядағы өзгерістердің механизмі мен себебін түсіндіреді - лабораторлы- инструменталді зерттеу нәтижелерін талдайды - ішкі ағзалар ауруларының кең таралған симптомдары және синдромын анықтайды; - алғашқы диагнозды құрастырады және негіздейді | 1, 2, 3, 4, 5,6,7 |
C | Зерттеу аймағының мәселелерін шешу және аргументтер қалыптастыру | Талдау | - науқастарды клиникалық зерттеу нәтижелерін бағалайды және талдайды - бала жасындағы аурулардың негізігі симптомдары және синдромының пайда болу себебіне гипотезаларды ұсынады және ақпараттайды - жүйелер мен ағзаларды клиникалық лабораторлы және инструменталді зерттеу әдістерінің құндылықтары жөнінде өз ой-тұжырымын құрастыра білу - ауруларды зерттегенде клиникалық лабораторлы және инструменталді зерттеу әдістерінің маңыздылығының қажеттілігін анықтау - балалармен және оның ата-анасымен қарым – қатынас жасағанда дәрігерлік деонтология сұрақтарын талқылау и | 1,2,3,4, 5,6,7 |
D | Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларын есепке ала отырып,ақпаратты жинау және интерпретация жасау. | Синтез | - негізігі симптомдардың және синдромының пайда болу механизмін негіздеп жіктей білу қабілеттілігін көрсету - науқасты физикалді зерттеудің реттілігін жүйелеп көрсету қабілеттілігі - диагнозды негіздеу белгілерімен, клиникалық лабораторлы және инструменталді зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдап, ақпарттау қабілеттілігін көрсету - студенттік үйірмеде және СӨЖ тақырыбын презентация түрінде көрсетіп, өзінің көзқарасын талдау және оқу әдебиеттерімен жұмыс істей алатындығын көрсету - оқу аймағында алынатын ақпаратты қортындылу және талдау, өзінің ой-тұжырымын бұқара алдында жеткізе білу | 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 |
E | Ақпаратты, ойын, мәселесін және шешімін мамандарға, маман еместерге айту | Бағалау | - баланың антропометриялық зерттеуінің нәтижесін бағалау: дене салмағын, кеуде және бас шеңберін өлшеу; - антропометриялық зерттеуінің стандарттар мен индекс нәтижесінің негізінде баланың физикалық дамуын бағалау; - дені сау және науқас баланы клиникалық зерттеуді бағалауды жүзеге асыру: қарау, аускультация, перкуссия, пальпация; - баланың жүйке-психикалық дамуын бағалау; - лабораторлы және инструменталді зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау; - бала өмірінің алғашқы жылында тамақтану әдісін есептеуді анықтау және түзету | 1,2,3,4,5,6,7,8 |
Компетенция тізімі:1.Жалпы білім. 2. Биомедициналық ғылымды білу. 3.Коммункативті дағдылар. 4.Өзін үнемі жетілдіру дағдысы. 5.Ғылыми зерттеу дағдысы. 6.Топен жұмыс істеу дағдысы 7. Кәсібилік 8. Клиникалық дағдысы
Пререквизиттер:анатомия-1, физиология-1, клиникаға кіріспе-1, патологиялық анатомия, коммуникативті дағдылар-1.
Постреквизиттер: балалар аурулары-2, балалар хирургиясы
Пәннің қысқаша мазмұны
Пәнге кіріспе, балалар аурулары ауруханасының және бөлімдерінің жұмысының ұйымдастыруымен таныстыру. Науқас баланың жағдайының ауырлығын бағалаудың клиникалық критерилері. Балалық кезеңдері. Педиатриядағы жас және жастық кезеңдерге бөлінуі. Балалардың физикалық дамуының және жыныстық жетілуінің заңдылықтары. Балалардың жүйке-психикалық дамуын бағалау. Балалардың лифа түйіндерінің және тері асты май қабатының және терісінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Балалардың сүйек және бұлшықет жөүйесін зерттеу әдістері және анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Әртүрлі жастағы балалардың тыныс алу мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Әртүрлі жастағы балалардың қанайналым мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Балалардың асқорыту мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Балалардағы бүйрек және зәршығару жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Балалардағы эндокриндік жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері. Иммундық жүйе. Дені сау баланың тамақтануы