D. стационарға жедел госпитализациялау
e. ауырсынуды басу терапиясы
111. Науқас 27 жаста. Аналық безінің киста аяқшасының бұралуы
лапароскопия кезінде, киста аяқшасының 720 градус-қа бұралғаны анықталды. Айқын ишемия және венозды іркіліс пайда болды. Операция көлемі қандай болады?
a. аналық безін алып тастау
b. кистаны сылып,алып тастау
c. кистаны босатып, склероздаушы ерітінділерді енгізу
d. аналық бездің сау тіндер деңгейінде резекция
e. жатыр қосалқыларын алып тастау
112. Науқас А., 24 жаста, іштің төменгі жағында ауру сезіміне,лоқсуға, іштің қатуына , метеоризмге шағымданып келді. АД 100/60 мм сын. бағ, пульс 90 рет/мин. РV: жатыр ұлғаймаған,қозғалмалы. Жатырдың оң жағынан 5,0*7,0 см, ауырсынатын ,тығыз консистенциялы түзіліс анықталады. Артқы күмбез ауырсынусыз. Сіздің диагнозыңыз:
a. эндометриоз
b. толық емес аборт
c. жатырдан тыс жүктілік
d. киста аяқшасының бұралуы
e. жатыр миомасы
113. Гинекологиялық бөлімшеге әйел 36 жаста келесі шағымдармен түсті: ішінің төменгі жағындағы ауыру сезімі, құсуға, дене қызуының 380С-қа дейін көтерілуі. Аналық безінің кистасы мен біріншілік бедеулік бойынша диспансерлік есепте 3 жыл тұрады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 380С. Ішперденің тітіркену симптомы оң . Айналармен қарағанда: жатыр мойны таза,бөлінділері ақкір. РV: жатыры патологиясыз, қосалқының оң жағынан 5*6 см. ауырсынатын ,тығыз түзіліс анықталады. Сол жақ қосалқылар өзгеріссіз. Сіздің диагнозыңыз:
a. тубоовариальді түзілістің перфорациясы
b. жатырдан тыс жүктілік
c. жүктілік,ерте мерзімдегі түсу қауп і
d. киста аяқшасының бұралуы
e. миоматозды түйіннің аяқшасының бұралуы
114. Науқас 34 жаста шұғыл түрде гинекологиялық бөлімшеге киста аяқшасының бұралуы жөнінде госпитализацияланған. Операция кезінде іш қуысын ашқанда анықталды: жатыры патологииясыз. Оң жақ қосалқылар - киста аяқшасының бұралуы 360 градус, қоңырқай түсті. Сол жақ қосалқылар өзгеріссіз. Операция көлемі қандай болады?
a. түйін энуклециясы
b. консервативті миомэктомия
c. қынапүстілік қосалқыларсыз жатыр ампутациясы
d. аднексэктомия
e. цистэктомия
115. Науқас 30 жаста стационарға келесі шағымдармен түсті: ішінің төменгі жағындағы қатты ауыру сезімі, құсуға ,жиі зәр шығару. Қарағанда: іші аздап кепкен, Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Пульс 90 рет. минутына, дене температурасы -37С. Аналық безінің кистасы жөнінде диспансерлік есепте тұрады. Болжам диагноз?
a. іштің түйілу
b. жатырдан тыс жүктілік
c. аналық без апоплексиясы
d. аналық без ісігінің аяқшасының бұралуы
e. оң жақты тубоовариальды түзіліспен жедел жатыр қосалқыларының қабынуы
116. Аналық безінің қатерсіз ісігі бар репродуктивті жастағы науқас әйелдің емдеу тактикасын анықтаңыз:
a. гормональды терапия 2-3 ай бойы , нәтижесіз болса, құрсақ қуысын кесу,
аднексэктомия
b. 1-2 етеккір циклдің ішінде қабынуға қарсы терапия – нәтижесіз болса, құрсақ
қуысын кесу, аналық безінің резекциясы
c. шұғыл құрсақ қуысын кесу немесе лапароскопия, аднексэктомия
d. жоспарлы түрде құрсақ қуысын кесу ,аналық без резекциясы
e. бақылау , асқыну пайда болса құрсақ қуысын кесу , аднексэктомия
117. Қандай ауру құрсақ ішілік қан кетудің себебі болмайды:
a. аналық без апоплексиясы , геморрагиялық форма
b. медициналық түсік кезіндегі жатыр перфорациясы
c. көкбауырдың капсула асты жыртылуы
d. аналық без ісігінің аяқшасының айналуы
e. жатырдан тыс жүктілік
118. Науқас 38 жаста. Іштің төменгі аймағындағы ауру сезіміне байланысты жедел жәрдем машинасын шақырды. Анамнезінде – етеккірі 15 жастан, бірден қалыптасты, 26 күн сайын , 4 күннен, , ауыру сезімсіз. Тұрмыста, жүкті болмаған, жүктіліктен сақтанбады. Гинекологқа қаралған кезде сол жақ аналық безінің кистасы деген диагнозы анықталды. Емделмеген. Объективті-жағдайы орташа ауырлықта, лоқсуға, құсуға, әлсіздікке шағымданады. . Пульс-90 рет. минутына.АД 90/60 мм.сын.бағ.(жұмыс.қан қысымы.140/70). Іші жұмсақ, ауырсынған. Болжам диагноз:
a. аппендицит
b. созылмалы сальпингоофориттің өршуі
c. жатырдан тыс жүктілік
d. аналық без кистасының аяқшасының айналуы
e. жатыр миомасы
119. 22 жастағы науқас жыныс жолдарынан қанды бөлінділер, ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 38°С жоғарлауына шағымданып келді. 2 тәулік бұрын жүктіліктің 12-13 аптасында түсік жасау үшін жатырына катетер салғанын айтты. Диагноз:
a. Басталған асқынбаған инфицирленген аборт
b. Басталған асқынған инфицирленген аборт
c. асқынбаған толық емес инфицирленген аборт
d. Толық емес асқынған аборт
e. Асқынбаған инфицирленген жүріп жатырған аборт
120. Науқас 26 жаста. Бірнеше күн бұрын 7-8 апталық жүктікке медициналык түсік жасаған. Әлсіздікке, дене температурасының көтерілуіне, қалтырауға, іштің ауыруына және желденуіне шағымданады. Объективті: бозарған. Тілі құрғақ. Дене температурасы 38,90С. АҚ 100/60 сын.б.б. пульс 98 рет/мин. Іші кернелген, пальпацияда төменгі аймақтарында ауырсынулы. Щеткина-Блюмберга симптом . Жедел жәрдем дәрігерінің алдын-ала диагнозы:
a. Асқынғаннан медициналык түсік. Метроэндометрит
d. Асқынғаннан медициналык түсік. Пельвиоперитонит
c. Асқынғаннан медициналык түсік. Ұрық жұмыртқасының қалдығы
d. Асқынғаннан медициналык түсік. Қызба
e. Медициналық түсіктен кейінгі жағдай.
121. Босанушы 25 жаста, босанғаннан кейін 3-ші тәулікте қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығырылған. Босанудан кейінгі 20-шы тәулікте шағымдары: қалтырау, дене температурасының көтерілуі, әлсіздік. Объективті: бозарған, тері жабындылары құрғақ, ыстық. Сүт бездері жұмсақ. Тілі құрғақтау, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, төменгі аймақтарында ауырсынады. Жыныс жолдарынан жағымсыз иісті бөлінділер. Жедел жәрдем дәрігерінің алдын-ала диагнозы:
a. Босанудан кеінгі кеш кезең. Сепсис.
b. Босанудан кеінгі кеш кезең. Метроэндометрит.
c. Босанудан кеінгі кеш кезең. Пельвиоперитонит. Сепсис?
d. Босанудан кеінгі кеш кезең.Септикалық шок.
e. Босанудан кейінгі кеш кезең. Пельвиоперитонит.
122.Әйел бірнеше жыл бойы созылмалы 2 жақты аднекситпен ауырады. Суық тигеннен кейін (теңізде шомылған соң) іштің төменгі жағында ауру сезімі пайда болған. Өздігінен 4 күн таблеткадағы антибиотиктерді қабылдаған. Кешке дене температурасы көтеріліп, қалтырап, іштегі ауру сезім күшейген. Жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем дәрігері интоксикация, және іш пердесінің тітіркену белгілерін анықтады. Алдын ала диагнозыңыз::
a. Созылмалы аднекситтің өршуі.
b. Жедел 2 жақты сальпингоофорит.
c. Жедел 2 жақты аднексит. Пельвиоперитонит.
d. Созылмалы 2 жақты аднекситтің өршуі. Пельвиоперитонит.
e. Пельвиоперитонит.
123. 35 жастағы науқас жыныс жолдарының қанды бөліністеріне шағымданып келді. Соңғы жылы көп мөлшердегі және ұзақ етеккір келетінін байқаған. Осы қан кету күткен етеккірдің 1-ші күнінен 14 күн бойы. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеу жабық. Жатыр 8-9 жүктілікке ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз, тегіс. Қосалқылар анықталмайды. Күмбездері терең. Сіздің диагнозыңыз:
a. Репродуктивті кезеңдегі ДЖҚ
b. аденомиоз, түйіндік формасы
c. толық емес өздігінен түсік
d. жатыр миомасы
e. Климактериялық қан кету
124. Науқас 36 жаста. Гинекологиялық стационарға келесі диагнозбен тусті: Дамымаған жүктілік 9-10 апта (етеккір бойынша 12-13 апта). Алдын ала дайындықтан кейін жатыр қуысын қыру жасаған. Қырудан 30 минуттан кейін жатыр қуысынан қан кете бастаған, қанның түсі алқызыл және ұйымайды. Қан ұю уақыты 9 минут. Сіздің диаггнозыңыз?
a. дамымаған жүктілік 9-10 апта. ТІШҚҰ синдромы. Қан кету.
b. дамымаған жүктілік 12-13 апта. ТІШҚҰ синдромы. Қан кету.
c. дамымаған жүктілік 7-8 апта. Қан кету.
d. дамымаған жүктілік 9-10 апта. Қан кету.
e. дамымаған жүктілік 9-10 апта. Ұрық жұмыртқасының қалдықтары. Қан кету.
125. Қандай шұғыл жағдайларда консервативті ем тағайындауға болады:
a. Құрсақішілік қан кеткенде
b. перитонитте
c. тубоовариаялық абсцесстің перфорациясында
d. пельвиоперитонитте
t. жатыр перфорациясында
126. Жедел сальпингитке келесі гинекологиялық қараудың мәліметтері тән: