Жаңа туылған нәрестенің қоршаған ортаға бейімделуі.

Шектеулі жағдайлар.

Негізгі шектелген жағдайлар:

· Алғашқы тыныс және транзиторлы гипервентиляция

· Физиологиялық эритема

· Токсикалық эритема

· Физиологиялық сарғаю

· Транзиторлы гипертермия

· Дене салмағының физиологиялық кемуі

· Бүйрек қызметінің транзиторлы ерекшелігі

· Транзиторлы полицитемия

· Жыныстық криз

· Физиологиялық диспепсия

Алғашқы тыныс және транзиторлы гипервентиляция. Туғаннан кейін тыныс алу жолдары арқылы метаболикалық өзгерістерге ұшырайды (гипоксемия, гиперкапния, ацидоз) тыныс жолдарының активациясы жүреді және нәресте бірінші тынысты алады.

Физиологиялық эритема. Жаңа туылған нәрестенің бүкіл терісінің айқын гиперемиясы, кейде қол мен өкшенің маңында көгеру белгілерінің болуы. Эритема бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке созылады, нәрестенің жалпы жағдайы өзгермейді.

Токсикалық эритема. Кейбір нәрестелерде алғашқы аптада терісінде, көбінесе қолының жоғарғы бөлігінде қызғылт таңдақтар, ақшыл сары түсті дақтар пайда болады. Токсикалық эритема нәрестенің организіміне анасынан аллергеннің түсуі туғызады.

Физиологиялық сарғаю. Туғанына 2-3 күн болғаннан соң пайда болады. Нәрестенің жалпы жағдайы қанағаттанарлық болса да, терісінде, ауыз қуысында, көздің шырышты қабатында сарғаю байқалады.

Транзиторлы гипертермия. Нәресте туғаннан кейін 3-4 күнде байқалады, дене температурасы күнде байқалады 39-40 градусқа дейін көтеріледі, 3-4 сағатқа дейін көтеріңкі болады. Нәресте мазасызданып, ембей қояды.

Дене салмағының физиологиялық кемуі. Жаңа нәрестенің барлығында болады, бұл нәрестенің алғашқы күндері сүттің жеткілікті шықпай, емшек сүтінің нашар емізілуі, судың несеппен, нәжіспен, өкпе және тері арқылы шығуы, кейде құсу салдарынан тоймауына байланысты.

Бүйрек қызметінің транзиторлы ерекшелігі. Анурия, олигоурия, альбуминурия несеп қышқылы инфаркті жатады. Зәр арқылы несеп қышқылы тұздары көп мөлшерде бөлінумен көрініс береді. Бұл жасуша элементтерінің ыдырауы, негізгі зат алмасудың артуына, қанның қоюлануына, тұзды мейілінше көп, несептің аз бөлінуіне байланысты.

Транзиторлы полицитемия. Қанда гемоглобиннің 220г/л жоғары және гемотокриттің 0,65 жоғары болуы.

Жыныстық криз. 70% жаңа туылған балаларда кездеседі. Бұның көріністері көбінесе қыздарда көрініс береді:

- десквамативті вульвовагинит;

- физиологиялық мастопатия;

- метроррагия;

- милия.

Физиологиялық диспепсия ( ішектің транзиторлы катары), меконий – туғаннан кейінгі алғашқы нәжіс, иіссіз, қоңыр түсті қою масса. 3-4 күннен соң меконий бөлініп шығады, содаң соң өзгермелі нәжіс пайда болады.

Анамнез жинау

Ата-анадан сұралады:

1. Қай жүктіліктен, нешінші бала, егер жүктілік бірінші емес болса алдыңғы жүктілік қалай аяқталды?

2. Анада жүктілік қалай өтті (токсикоз болдыма, бірінші немесе екінші жартысында - жүрек айну, құсу, ісінулер, гипертония, нефропатия, эклампсия)

3. Режим және тамақтану ерекшеліктері

4. Босану қалай өтті (созылуы, жеңілдіктері, асқынуы)

5. Бала жедел айқайладыма, айқайы қандай болды (қатты, әлсіз)

6. Туылғандағы дене салмағы, бойы

7. Омырауға қашан салды, емуі қалай?

8. Кіндік қалдығы қашан түсті және кіндік жарасы қашан жазылды

9. Жаңа туылған сәбидің физиологиялық дене салмағын жоғалтуы болдыма және ол қашан қалпына келді?

10. Бала қай күні және қандай дене салмағымен перзентханадан шығарылды?

11. Баланың физикалық дамуы: өмірінің алғашқы жылында дене салмағы мен бойының өсуі (ай бойынша)

12. Статика және моториканың дамуы: басын алғаш көтеруі, жанына айналуы, арқасынан ішіне айналуы, қашан отыра бастады, қашан жүре бастады

13. Психикалық дамуы: қашан алғаш күлді, гуілдеді, анасын таныды, бөлек буындарды, фразаларды айта бастады, жылдық сөз жинағы

14. Баланың үйдегі және ұжымдағы тәртібі

15. Ұйқы, созылуы, ерекшеліктері

16. Бала қандай тамақтандыру түрінде: шынайы, жасанды, аралас

17. Ауырған аурулары, аурудың өту ерекшеліктері

18. Профилактикалық егулер (БЦЖ, полиомиелит, көкжөтел, сіреспе, күл, қызылша) егуге әсері, туберкулездік сынамалардың нәтижесі

19. Инфекциялық науқастармен қатынасы

Ауру анамнезі

Жас дәрігерге дағдысын қалыптастыру үшін міндетті түрде осы сұрастыру және қарау схемасын ұстану керек. Емшек жасындағы, кіші және мектепке дейінгі жастағы балаларды қарау барысында олардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері бар екенін ескеру керек. Бала үнемі өседі және оның негізгі параметрлері жастық нормаларға сәйкес болуы тиіс. Балалардың бүкіл мүшелері мен жүйелерін бағалау барысында денсаулықтың міндетті критериі физикалық, жүйкелік-психикалық дамуы мен тәртіптік статусының қалыпты болуы, онтогенез барысында ауытқулардың болмауы болып табылады.

Туылғанда физикалық даму көрсеткіштері бойынша балаларды келесі топтарға бөлуге болады:

1. Жаңа туылған бала ірі дене салмағымен (сәйкесінше бой ұзындығымен)

2. Жаңа туылған бала гестациялық жасына сәйкес қалыпты физикалық дамуымен

Тест тапсырмалары

1. Ұрық дамуының эмбрионалдық кезеңі гестацияның нешінші аптасына дейін созылады:

А. гестацияның алғашқы аптасының соңына дейін

Б. гестацияның 4 аптасына дейін

В. гестацияның 12 аптасына дейін

Г. гестацияның 28 аптасына дейін

Д. гестацияның 40 аптасына дейін

2. Ұрық дамуының феталдық кезеңі гестацияның нешінші аптасынан басталады:

А. 1-інші

Б. 4-інші

В. 12-інші

Г. 28-інші

Д. 8-інші

3. Нәрестелердегі зәрқышқылды инфаркттың себебі болып табылады?

А. бүйректің каналшалық қызметінің төмендеуі

Б. алмасудың катаболикалық бағыты

В. бүйректің фильтрациялық қызметінің төмендеуі

Г. АДГ концентрациясының төмендеуі

Д. ренин концентрациясының жоғарылауы

4. Нәрестенің ОЖЖ-ң жағдайы мына белгілерден БАСҚАСЫМЕН бағаланады:

А. бұлшық ет тонусы

Б. туа біткен автоматизм рефлекстерін бағалау

В. патологиялық рефлекстердің болуы

Г. қозғалыс белсенділігі

Д. тыныс алу және жүрек соғу жиілігі

5. Дені сау нәресте Апгар бағанасы бойынша қанша баллға бағаланады:

А. 2-4

Б. 4-6

В. 6-7

Г. 8-10

Д. 10-12

6. Мына төменде көрсетілген лабораторлық мәліметтердің қайсысы нәрестелердің физиологиялық сарғыштығына тән:

А. тура емес фракция есебінен гипербилирубинемия

Б. тура фракция есебінен гипербилирубинемия

В. тимол сынамасының жоғарылауы

Г. нәжіс пен зәрінің түсінің өзгеруі

Д. бауыр сынамаларының жоғарылауы

7.Мына төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы ана сүтімен байланысты сарғыштыққа тән:

А. баланың жағдайы нашарламайды

Б. бауырдың өлшемі ұлғаяды

В. баланың жағдайы ауыр

Г. дене қызуы жоғарылайды

Д. теріде геморрагиялық бөртпе

8.Нәрестеде жүрек соғуының жиілігі минутына 100-ден төмен, брадипноэ. Бұлшықет тонусы төмен, рефлекторлық қозғыштығы сақталған. Тері түсі қызғылт, бірақ аяқ қолдарының көгеруі байқалады.

Апгар бағанасы бойынша баллмен нәрестенің жағдайын бағалаңыз.

А. 2

Б. 4

В. 6

Г. 8

Д. 10

9.Нәрестенің терісінің түсі қызғылт. Брадипноэ, жүрек соғуы минутына 90. Жөтеледі, түшкіреді, қозғалыс белсенділігі жоғары.

Апгар бағанасы бойынша баллмен нәрестенің жағдайын бағалаңыз.

А. 5

Б. 6

В. 7

Г. 8

Д. 10

10. Мыналардың қайсысы нәрестелердің транзиторлық гипертермиясына ТӘН ЕМЕС?

А. өмірінің 3-5 тәулігінде пайда болады

Б. туылғаннан кейін бірден дамиды

В. дене температурасы 38-39 0С дейін жоғарылайды

Г. қызынған кезде дамиды

Д. суды аз беру себебі болуы мүмкін

Жаңа туылған бала және оның физикалық дамуы.Жаңа туылған баланың ағзаларымен жүйелерінің анатома-физиологиялық ерекшеліктер

Жаңа туылған нәрестелік кезең туылғаннан бастап 28 күнге дейінгі уақыт. Бұл кезең адам онтогенезіндегі өте күрделі этаптардың бірі болып есептеледі. Себебі, бұл уақытта функционалды жүйенің күрделі түрде құрылуы және қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне бейімделу жүреді.

Мерізімі жетіп туылған бала деп - жүктіліктің 37-42 аптасында туылған баланы айтады.Бұл кезеңде ол жетіліп немесе жетілмей туылуы мүмкін. Мерзімі жетіп туылған баланың жетілуі оның гестациондық жасымен клиникалық және функционалдық көрсеткіштердің қатынасына байланысты анықталады. Терісі: мақпалдай жұмсақ, жылы және қызғылт , егер теріні қатпар етіп жинасақ, демде өз қалпына келеді. Баланың басы долихоцефалитикалық, брахиоцефалитикалық немесе дұрыс емес формада болады. Басының дөңгелектігінің өлшемі 34-37см, ол кеуде торының көлемінен 1-3см үлкен болуы керек. Қарама – қарсы сүйектердің шеттерінің арасындағы үлкен еңбек 1-3см болады, кіші еңбегі жабық. Сагитальды тігіс әдетте ашық ,ені 3ммден аспайды. Бастың қалған тігістері сүйектің бітіскен жерлерінен пальпацияланады.

Беті салыстырмалы түрде симметриялы. Еріндерінің және ауыз қуысының шырышты қабаты жұмсақ, тез жарақаттанатын және бай васкулиризацияланған болады. Түсі ашық-қызғылт. Кіндігі семсер тәрізді өсіндімен қасаға сүйегінің арасында орналасқан. Ұл балаларда аталық бездері ұмаға түседі, ал қыз балаларда үлкен жыныс ернеуі кіші жыныс ернеуін жабады.

Мерізімінен асып туылған бала деп – жүктіліктің 42 аптасынан асып туылған баланы айтады. Мұндай балаларда трофикалық бұзылыстар - теріасты клетчаткасының жұқаруы және былжырауы, терінің құрғауы және десквамациясы болады(әсіресе алақан мен табанда), біріншілік туыттың жағындысы болмайды сарғаю кейде жасыл түспен жүреді. Сүйектер тығыз, бас жіктері жабық, үлкен еңбектің өлшемі кішкентай болады.

Физикалық дамудың көрсеткіштеріне қарай жаңа туылған балаларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:

1. Жаңа туылған бала үлкен дене салмағымен(сәйкесінше бойының ұзындығы).

2. Жаңа туылған бала физикалық дамудағы өзінің гестациондық жасындағы қалыпты дене салмағымен.

3. Жаңа туылған бала гестационды жасының қатысына қарай төмен дене салмағымен, сондай-ақ, бұл топқа құрсақ ішілік дамудағы кідіріс болған балаларды қосуға болады.

Наши рекомендации