Екіншілікті антифософлипидты синдром

***

281.Науқас Г., 45 жаста, оң жақ аяқтың улкен бақайшығы аймағындағы қатты ауру сезіміне, буынның ісінуіне, аяқ басының беткейінің терісінің қызаруына, дене қызуының 380С-қа дейін жоғарылауына шағымданады. Буындағы ауру сезімі тар аяқ киіммен ұзақ уақыт бойы жүргеннен кейін пайда болды. Қарағанда: оң жақ аяқтың табан-бақайшық буынында ісіну мен гиперемиясы, қозғалысы шектелген, құлақ қалақндарында диаметрі 2-4 мм тері асты түйіндері, сары түсті, ауру сезімінсіз. Қанда: лейкоциттер-10 мың, ЭТЖ-30 мм/сағ, СРБ (++), мочевина- 15,0 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы- 1014, эритроциттер-5-7 көру алаңында, ураттар (+++). Мүмкін болатын диагноз://

остеоартроз//

реактивті артрит//

ревматоидты артрит//

подагралық артрит//

псориаздық артрит

***

282. Науқас С., 60 жаста, шынтақ буынындағы ауру сезіміне шағымданады. Об-ті: шынтақ буыны аймағында ісіну мен гиперемия, қозғалысының шектелуі, бұршақ тәрізді өлшемді тығыз түйіндер. Жүрек тондары әлсіз. ЖЖЖ-100 рет минутына. Қанда: эритроциттер-4,2 млн, гемоглобин-150 г/л, лейкоциттер-10 мың, ЭТЖ- 2 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы-1020, лейкоциттер-4-5 көру алаңында, эритроциттер-6-8 көру алаңында, ураттар (+++). Диагнозды верификациялау үшін ең ақпаратты зерттеу://

Ваалера-Розе реакциясы//

креатинин деңгейін анықтау//

зәр қышқылы деңгейін анықтау//

қабынудың жедел фазалық көрсеткіштерін анықтау//

синовиальды сұйықтықты бактериологиялық зерттеу

***

283. 32 жастағы әйел адам, тері өнімдерін тігетін ательеде жұмыс істейді. Шағымы: бір ай бойы күннің екінші жартысында дене қызуының жоғарылауы, жеңіл өткереді. Терлегіштік (таңертең жастығы ылғал), әлсіздік, тез шаршағыштық, буындардағы ұшпалы ауру сезімі байқалады. Сөзшең, сұрақтарға жалпылама жауап береді, аздап қозушылық бар. Беті қызарған. Жөтеледі. Қан анализі: Нв-90 г/л, эритроциттер 3,5x1012; лейкоциттер — 5,6x109; таяқша ядролы нейтрофилдер — 2%; сегмент ядролы — 65%; лимфоциттер —28%; моноциттер — 5%; ЭТЖ-15 мм/сағ. Бірінші кезекте қандай диагностикалық іс-шара өткізу керек?//

АСЛ-О//

кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясы//

Манту сынамасы//

Хедделсон реакциясы//

Қанды бактериологиялық зерттеу

***

284.24 жастағы ер адам шағымы: дене қызуының бірнеше күн қатарынан таңертең және кешке кезеңді түрде жоғарылауына, 3-4 күн қалыпты температура эпизодтарымен. Сонымен қатар бас ауруы, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ашуланшақтық, тізе және тобық буындарындағы ауру сезімі, буындардағы «стартты» ауру сезімі, аяқ-қолының жансыздануына шағымданады. ЖҚА: лейкоциттер – 3,4х109, лимфоциттер – 38%, ЭТЖ – 24 мм/сағ. Екі жақ тізе буындарының рентгеногафиясында субхондральды пластинкалардың аздап тығыздалуы, айдаршық маңындағы шеткерілік сүйектік ұшталу. Бірінші кезекте қандай зерттеу әдісін өткізу керек?//

Кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясы//

илеосакральды қосылыспен бірге жамбас сүйектерінің рентгенографиясы//

урогенитальды инфекциялар – хламидиозға зерттеу//

Хеддльсон және Райт реакциясы//

Бас миы КТ

***

285. 30 жастағы науқаста склеродактилия, тырнақтардың остеолизі, буындар маңы терісінің көптеген кальцинозы, өңештің дистальды бөлімінде моториканың бұзылысы мазалайды. Қандай ауру деп ойлайсыз?//

дерматомиозит//

жүйелі склеродермия//

жүйелі қызыл жегі//

псориаздық артропатия//

шектелген склеродермия

***

286. Науқас Д., 14 жаста, баспадан соң 3 аптадан кейін қайтадан дене қызуы жоғарылап, симметриялы миграцияланатын ірі буындардағы ауру сезімі, жүрек қағуы пайда болды. Қарағанда ісінген тізе буындары аймағында сіңірлер бекінген жерлерде ұсақ түйіндер анықталды. Зерттегенде динамикада антистрептолизин –О титрі, антистрептогиалуронидаза жоғарылағын. Бұл жағдайда екіншілікті профилактиканың ұзақтығы://

Соңғы атакадан кейін 10 жылдан аз емес немесе 21 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

Соңғы атакадан кейін 10 жылдан аз емес немесе 40 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

Өмір бойы//

Соңғы атакадан кейін 5 жылдан аз емес немесе 21 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

2 апта

***

287. Науқас К., 13 жаста, баспадан соң 3 аптадан кейін қайтадан дене қызуы жоғарылап, симметриялы миграцияланатын ірі буындардағы ауру сезімі, жүрек қағуы пайда болды. Қарағанда ісінген тізе буындары аймағында сіңірлер бекінген жерлерде ұсақ түйіндер анықталды. Зерттегенде динамикада антистрептолизин –О титрі, антистрептогиалуронидаза жоғарылағын. ЭхоКГ-да митральды қақпақшаның артқы жармағында шеткі қалыңдау және гипокинезия анықталды. Бұл жағдайда екіншілікті профилактиканың ұзақтығы://

Соңғы атакадан кейін 10 жылдан аз емес немесе 21 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

Соңғы атакадан кейін 10 жылдан аз емес немесе 40 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

Өмір бойы//

Соңғы атакадан кейін 5 жылдан аз емес немесе 21 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

2 апта

***

288. Науқас Т., 33 жаста, бивентрикулярлы жетіспеушілік белгілері бар. Анамнезінде: рецидивтелетін созылмалы тонзиллит, бір жыл бұрын митральды қақпақша протезі жасалған. Қан анализдері қалыпты. УДЗ- гепатомегалия. Диуретик, иАПФ, жүрек гликозидтерін, антикоагулянт қабылдайды. Бұл жағдайда екіншілікті профилактиканың ұзақтығы://

Соңғы атакадан кейін 10 жылдан аз емес немесе 21 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

Соңғы атакадан кейін 10 жылдан аз емес немесе 40 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

Өмір бойы//

Соңғы атакадан кейін 5 жылдан аз емес немесе 21 жасқа дейін («қайсысы ұзақ» принципі бойынша)//

2 апта

***

289. 32 жастағы әйел профилактикалық қаралуға келді. Анамнезінде 14 жасында бірінші ревматикалық шабуыл болған, буындар зақымдалуы және эндокардитпен көрінген. Шағымдары: әлсіздік, тез шаршағыштық, физикалық жүктеме кезінде пайда болатын ентігу, кешке қарай аяқтың сырт беткейінде пайда болатын ісіну. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабыны таза, бозғылт. Жүрек тондары әлсіреген, дөрекі пансистолалық шу естіледі. Тобықтары ісінген. Сіздің іс-әрекетіңіз://

Динамикада бақылау//

Ревматологқа клнсультацияға жіберу//

Кардиохирургке консультацияға жіберу//

Антибиотиктер мен фуросемид тағайындау//

Наши рекомендации