Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларын алдын алу
Ішкі сөлденіс бездер ауруларының ішінде жиі кездесетін арулардың бірі –
ағзаға йодтың жетіспеушілігінен дамитын аурулар. Йод адам және жануарлардың дұрыс өсіп жетілінуіне керекті микроэлемент. Ол балық, ет, сүт, теңіз қырыққабаты, сүтті тағамдар, қызылша, жұмыртқа және картофель құрамына кіреді. Ағзаға йод органикалық және бейорганикалық қосылыстармен түсіп, қанға енеді. Ол қалқанша безінің гормондарының синтезіне қатысады, ал қалқанша безі гормондары ағзадағы бүкіл зат алмасу процесстерін реттейді. Адам ағзасында йод жетіспеушілігінің екі түрі бар. Бірінші түрінде ағзаға йод тағаммен суда жетіспеушіліктен аз енеді. Екінші түрінде сыртқы ортада йод жеткілікті, бірақ ас қорыту мүшелерінің ауруларына байланысты йод ағзаға толық сіңбейді. Судағы йод мөлшері оны қоршаған ортаға байланысты. Жоғарғы қырлы және теңіз жағалауынан алыс жерлер йод жетіспейтін жерлер болып табылады.
Йод жетіспеушілігі йод жетіспеушілік жағдайлардың (йододефицитные расстройства) дамуына әкеліп соғады. Йод жетіспеушілігінің ең кең тараған түрі эндемиялық жемсау. Йод жетіспеушілігіндегі клиникалық критерийдің бірі тұрғындар арасында жемсаудың даму жиілігі, әсіресе жасөспірім шағында. Назарды көп көңіл бөлетін топқа жүкті әйелдер жатады. Йод жетіспеген аймақтарда жүктілік гипотиреозбен қоса өтеді. Йод жетіспеген жағдайда туған нәрестеде саңраулық дамуы мүмкін, ол әйелдерде йод жетіспеу салдарынан өлі бала тууы мүмкін. Йод жетіспеу туғандағы балада иммунитеті төмен болады.
Йод жетіспеушілігін алдын алу
Бүгінгі күнде йод жетіспеушілігін алдын алудың екі түрі бар:
· құрамында йоды бар азық-түлік көмегімен йод жетіспеушілігін жою;
· құрамында йоды бар дәрі-дәрмектерді тағайындау.
Әрине, ең жақсы алдын алу жолы- йодталған азық-түлік қолдану. Көбнесе кең таралған әдіс – йодталған ас тұзын қолдану болып табылады.Йодталған тұзды қолдану ыңғайлы және арзан. Неге десек:
- тұрғындардың барлығы тұзбен қолданады;
- арзан тағам және бәріне жеткілікті;
- тұз өндіруі оны бір ортада өндеуге жағдай береді;
- йодталған тұздың мөлшері әрқашан анықталған;
- технологиялық және экономикалық жолы оңай.
Тұзды йодтау үшін калий йодидін қолданады, және калий йодатын қолданады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында калий йодаты ғана қолданылады. Құрамында калий йодиті бар тұздың сақтау мерзімі - 4-6 ай, калий йодаты бар тұздың сақтау мерзімі - 1 жылға дейін. Адамның ағзасын йодпен қамтамасыз ету үшін тәулігіне 150 мкг йоды, жас өспірімдерге – 120 мкг, балаларға – 90 мкг керек. Йодталған тұз қосымша ешқандай түс, дәм, иіс
бермейді
2001 жылы Азия елдеріне біртұтас құжат қабылданды:
-йод жетіспеушілігінің ең маңызды алдын алуы – йодталған тұзды қолдану;
-бұл бағдарламаның нәтижесін көтеру мақсатымен жергілікті Үкіметтің структурасымен, Үкіметтік емес ұйымдармен, ғылыми қоғамдармен бірлестік қызметін атқару.
Йод жетіспеушілігін алдын алу бағдарламасының негіздері:
-тұзды нәтижелі йодтау;
-реттеудің әрекеттері;
-оқыту бағдарламасын дамыту;
-тұздың сапасын және оның адам ағзасына биологиялық әсерін бақылау.
Сөйтіп, тағаммен керекті заттар жеткілікті түспеген жағдайларда адам денсаулығын сақтау үшін құрамында микроэлементтер бар (йод) азық-түлікті қолдану физиологиялық және нәтижелік болып табылады. Йод теңіз балықтарының етінде, теңіз өсімдіктерінде және басқа теңізден алынатын тағамдарда көп мөлшерде болады. Йодталған барлық азық-түліктер өзінің қорабында фирмалық белгі-логотип пайдаланады.
Тест тапсырмалары
1.Ауруды сұрау неден басталады:
а) шағымдарын анықтау
б) аурудың тарихын анықтау
в) семья жағдайын анықтау
г) өмір баянын анықтау
д) паспорт бөлімін анықтау
2.Субьективтік тексеріс - ол:
а) науқасты қарау
б) науқастан сұрау
в) науқасқа перкуссия жүргізу
г) науқасқа аускультация жүргізу
3.Обьективтік тексеріске жатады:
а) әлеуметтік жағдай
б) науқастың шағымдары
в) аурудың дамуы
г) қарау, сипалау, тықылдату, тыңдау
д) науқастың өмір-баяны
4.Топографиялық перкуссия дегеніміз не?
а) қос ағзаны салыстыру
б) қандай да бір ағзаның шекарасын анықтау
в) тыңдау
г) сипалау
5.Ыңғайлы жағдай дегеніміз ол:
а) белсенді жағдай
б) енжар жағдай
в) тек қана бір қырымен жату
г) науқас өз жағдайын жеңілдету үшін өз еркімен жату
6.Сыртқы тыныс алу қызметі және оның компоненттерін анықтайтын әдіс:
а) Спирография
б) Бронхография
в) Томография
г) Рентгенокимография
д) Оксигемометрия
7.Пальпацияның түрлері
а) беткелік
б) терең
в) бимануалдық
г) ұрғылау
д) айтылғандардың барлығы дұрыс
8.Антропометрияга не жатады?
а) бойының өлшеуі
б) салмағының өлшеуі
в) кеуде қуысының өлшеуі
г) жоғарғы айтылғандардың барлығы дұрыс
д) жоғарғы айтылғандардың барлығы дұрыс емес
9.Қай жағдайда сана сезімінің бұзылуына жатпайды
а) кома
б) ступор
в) ортопнойы
г) сопор
д) тұнық сана сезім
10.Егер пациенттің сана сезімі жоқ рефлекстері жойылған қай сана сезімінің түріне жатады.
а) ступор
б) кома
в) сопор
г) ашық сана сезім
д) тұнық сана сезім
11.Егер дене құрлысының көлденеңі ұзындығынан артық болса оны қандай түрі деп атайды.
а) астеникалық
б) гиперстеникалық
в) нормостеникалық
г) айтылғандардың барлығы дұрыс
д) айтылғандардың барлығы дұрыс емес
12.Демнің қалыпты түрдегі саны
а) минутына 16-18 рет
б) минутына 20-22 рет
в) минутына 10-12 рет
г) минутына 25-30 рет
д) минутына 35-40 рет
13.Топографиялық перкуссия арқылы тексереді
а) жүрек шекарасын
б) өкпе шекарасын
в) бауыр шекарасын
г) бүйрек шекарасын
д) айтылғандардың барлығы дұрыс
14.Қай аспап тыныс аурулар тексерісіне тән?
а) урография
б) ЭКГ
в)спирография
г) холецистография
д) УЗИ
15.Кеуде қуысының патологиялық түрлері
а) астеникалық
б) гиперстеникалық
в) гипостеникалық
г) эмфизематоздық
д) айтылғандардың барлығы дұрыс
16.Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын орындайды
а) тек қана қабырғаларында
б) қабырға аралығында
в) қабырға мен қабырға аралығында
г) айтылғандардың барлығы дұрыс
д) айтылғандардың барлығы дұрыс емес
17.Дымқыл сырылдар қай жерде пайда болады?
а) кеңсірікте
б) кеңірдекте
в) бронхтарда
г) альвеоларда
д) плевра қуысында
18.Жедел бронхиттің басталған кезіндегі естілетін қосымша шулар:
а) Құрғақ сырыл
б) Үнді ылғалды сырыл
в) Крепитация
г) Плевра үйкеліс шуы
д) Үнсіз ылғалды сырыл
19.Ішкі аурулардың диагностикалық маңызы үшін қандай қосымша тексеру әдістерін қолданады?
а) Зертханалық
б) Рентгенологиялық
в) Эндоскопиялық
г) Ультрадыбыстық
д)Радионуклидиялық
20.Дымқыл дауысты сырыл нені анықтайды?
а) бронхыдағы жабысқақ қақырықты
б) бронхының қабырғасының қалыңдауы
в) іштің қатаюы
г) өкпеде қуыстың пайда болуын
д) плевра қуысында суықтықтың жиналуы
21.Плевра “қажалуы” қай ауруға тән
а) пневмонияға
б) құрғақ плевритке
в) бронхитте
г) өкпе абсцесіне
д) бронхоэктаз ауруына
22.Ішкі ағза ауруларында патологиялық процестердің ағымын анықтау үшін қанның плазмасы мен ақуыздың да қандай зерттеулері жүргізіледі және олардың төмендеу және жоғарылау белсенділігін анықтау.
а) Биохимиялық
б) Иммунологиялық
в) Серологиялық
г) Бактериологиялық
д)Антибиотиктердің сезімталдығын рН анықтау үшін себулер жүргізу.
23.Пневмоторакс-бұл...
а) Плевралды қуыста сұйықтықтың жиналып қалуы
б) плевралды қуыста қанның болуы
в) Плевралды қуыста іріннің болуы
г) Плевралды қуыста транссудаттың болуы
д) Плевралды қуыста ауаның жиналып қалуы
24.Гидропневмоторакс-бұл...
а) Плевралды қуыста сұйықтықтың бар болуы
б) Плевралды қуыста ауаның бар болуы
в) Плевралды қуыста газдың бар болуы
г) обтурациондық ателектаз
д) Жеңілдіктің отшашуы
25.Гидропневмотораксты қалай анықтауға болады?
а) Кеуде клеткасының ұлғаюы
б) Дауыс дірілінің күшеюі
в) Кеуде клеткасының төменгі және үстінгі бөлігінің қабынуы тимпаникалық дыбысқа байланысты
г) везикулярлы демалудың күшеюі
д) Плеска Гиппократтың шулары, шулардың тамшы секілді болуы және судың шуы
26 Бронх қысылуына тән дем:
а) везикулярлық
б) қатты
в) қатты демнің шығуы ұзақ
г) бронхтық
д) бронховезикулярлық
27.Рентгенмен тексергенде байқалады: өкпе суретінің тазалығы (мөлдірлігі) күшейген, төменгі шектері төмен ығысқан, диафрагма қозғалысы шектелген, неге тән:
а) Өкпе ауалығының күшею синдромы
б) өкпе тканінің тығыздалу синдромы
в) өкпеде қуыс пайда болу синдромы
г) плевра қуысына ауа жиналу синдромы
д) плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромы
28.Өкпе абсцессінің жарылғаннан кейінгі рентгенологиялық белгісі:
а) Ауаланған қуыс, ішінде горизонтальды деңгейі бар сұйықтық
б) плевра қуысында ауа жиналған
в) контуры тегіс емес қарайғандық
г) плевра қуысына сұйықтық жиналу
д) өкпе суретінің күшеюі
29.Крупозды пневмонияда дауыс дірілі мен бронхофония:
а) күшейеді
б) анықталмайды
в) өзгеріссіз
г) әлсірейді
д) аздап күшейеді
30.Траубе кеңістігі жоғалады:
а) Сол жақ экссудативті плевритте
б) өкпе эмфиземасыда
в) құрғақ плевритте
г) өкпе абсцессінде
д) оң жақ экссудативті плевритте
31. Қақырық анализінде Куршман спиралдары, Шарко-Лейден кристалдары қай ауруға тән:
а) бронхоэктаз ауруына
б) демікпеге
в) созылмалы бронхитке
г) өкпе іріңді ауруына
д) түберкүлез ауруына
32. Оптимальді қан қысымы
а) 120/80 мм с.б. дейін
б) 140/90 мм с.б.дейін
в) 130/85 мм с.б. дейін
г) 160/90 мм с.б. дейін
д) 150/100 мм с.б. дейін
33.Қалыпты жағдайда аускультацияда естіледі
а) бірінші, екінші дыбыс
б) қос жақтаулы қақпақшаның дыбысы
в) үш жармалы қақпақшаның дыбысы
г) диастоликалық шу
д) систолдық шу
34.Жүрек қағуы-солқылдауы көзге көрінуі бұл:
а) Эпигастральды аймақта
б) Төстен сол жақ 4-ші қабырға аралықта
в) Сол жақ қолтық асты ойығында
г) Төстен оң жақта 4-ші қабырға аралықта
д) Мойындық ойығы
35. Жүрек қағуы-солқылдауы көзге көрінуі бұл:
а) Эпигастральды аймақта
б) Төстен сол жақ 4-ші қабырға аралықта
в) Сол жақ қолтық асты ойығында
г) Төстен оң жақта 4-ші қабырға аралықта
д) Мойындық ойығы
36. Жүрек ұшының түрткісі бұл:
а) Оң жақ қарынша солқылдауы
б) Сол жақ қарынша солқылдауы
в)«Мысық пырылы»
г)«Каротид биі»
д) Жүрек аймағы кеуде клеткасының шектелген бөлігінің томпаюы
37. Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларымен ауратын науқастар бастапқыда ісіктер қайда белінеді:
а) Бетте
б) Аяқ
в) Белде
г) Мойын аймағында(Стокс жағасы)
д) Дененің барлығында
38. Миокард инфарктысы дегеніміз:
а) тамырлар тонусының реттелуінің бұзылуы
б) жүрек қақпақшаларының зақымдануы
в) миокардтың қабынуы
г) миокардтың ишемиялық некрозы
д) жүрек тамырларының босансуы
39. Кіші қан айналымы шеңбері қалай басталып, немен аяқталады:
а) Өкпе сабауы-4 өкпелік вена
б) Қолқа – жоғарғы және төменгі қуыс веналары
в) Қолқа – 4 өкпелік вена
г) Қолқа - өкпе сабауы
д) Өкпе сабауы – оң жақ коронарлы артерия
40. Науқастың шағымын сұрастырған кезінде жүрегінің ауырсынуының себебін білу керек:
а) Физикалық күш түсуге байланысты,қобалжығанда
б) Ауысыну сезімінің берілу орны
в) Сипатын
г) Ұзақтығын
д) Қандай жағдайда ауырсынудың жоғалуы болады .
41. Естен тану дегеніміз – бұл:
а) коронар тамырының жедел шамасыздығы;
б) жедел жүрек шамасыздығы;
в) созылмалы жүрек шамасыздығы;
г) жедел қан тамыр шамасыздығы;
д) созылмалы қан тамыр шамасыздығы;
42.Миокард инфарктысының айқын түрі:
а) абдоминалды
б) ауырсынусыз
в) ангинозды
г) астматикалық
д) шеттік
43.Жүрек қыспасы (стенокардия) дегеніміз – бұл:
а) жүрек бұлшық етінің өлі еттенуі;
б) жүрек бұлшық етінің ишемиясы;
в) миокардтың қабынуы;
г) миокардтың ревматикалық зақымдануы;
д) кіші қан айналыс шеңберінде қанның кідіріп қалуы;
44.Стенокардия ұстамасы кезінде ЭКГ өзгерісі:
а) “мысық арқасының қалыптасуы”
б) Р – тісшесінің өзгерісі
в) S – T сегментінің не жоғары, не төмен ығысуы
г) P – Q интервалының ұзаруы
д) QRS тісінің өзгерісі
45.Жүректің ишемия ауруы дегеніміз:
а) қан тамырлар тонусының реттелуінің бұзылуы
б) жүрек бұлшық етінің қабынуы
в) миокардтың қанмен жеткілікті мөлшерде қамтамассыз етілмеуі
г) жүрек қақпақшаларының зақымдануы
д) қан қысымының көтерілуімен сипатталынатын ауру
46. Митралды стенозға тән гемодинамика өзгерісі:
а) систола кезінде қанның сол жақ қарыншадан жүрекшеге
қайтып оралуы
б) диастола кезінде қанның сол жақ жүрекшеден қарыншаға
өтуінің қиындауы
в) систола кезінде қанның сол жақ қарыншадан қолқаға өтуінің
қиындауы
г) диастола кезінде қанның қолқадан сол жақ қарыншаға қайтып
оралуы
д) диастола кезінде қанның қолқадан сол жақ қарыншаға өтуінің
қиындауы
47. Жүрек қақпақшасының стенозы дегеніміз:
а) қақпақша жақтауларының толық жабылмауы
б) қақпақша жақтауларының салбырыңқы болуы
в) жүрекше мен қарынша аралық тесіктің кеңеюі
г) қақпақша жақтауларының бір-біріне жабысып,тесігінің
тарылуы
д) жоғарғы айтылғанның барлығы дұрыс
48. Атеросклероздың қауіпті факторлары:
а) күйзелу
б) семіздік, гипертония
в) созылмалы инфекция ошақтарының болуы
г) шамадан тыс артық салмақ түсу
д) гиподинамия
49.Гипертоникалық криз дегеніміз ол:
а) артериялық қан қысымының күрт төмендеуі
б) қан қысымының тұрақсыздығы
в) қан қысымының екі қолда әр түрлі болуы
г) артериялық қан қысымының күрт жоғалап, ми қан
айналамының бұзылуы
д) жүрек маңайының ауырсынуы
50. «Каротид биі» (ұйқы артериясының көзге көрінуі) тән сипат:
а) Екі жармалы қақпақша жетіспеушілігі
б) Екі жармалы қақпақша тарылуында
в) Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігінде
г) Қолқа сағасының тарылуы
д)Жүректің ишемиялық ауруы (ИБС)
51. Миокард инфарктінде ЭКГ өзгеруі - бұл:
а) R тісшесінің амплитудасының азаюы
б) Терең және кең Q тісшесі
в) ST интервалының ойығы жоғарыға қарап көтерілуі
г) Теріс коронарлы T тісшесі
д) U тісшесінің формасының өзгеруі
52 Шықпалардағы төменгі (немесе артқы) миокард инфарктін көрсететін ЭКГ өзгерістері:
а) II, III, aVF
б) I, aVL, V1-V4
в) I, aVL, V4-V6
г) II, III, aVF, aVL, V5-6
д) I, II, aVL, V1-6
53.Коронарограмма алуға және каронарлы артерияның морфологиялық жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай инвазивті емес зерттеу тәсілі:
а)Жүрек ұясының катетеризациясы
б) Сандық субтракциялық ангиография
в) Рентгендік зерттеу
г) Магнитті-резонансты томография (МРТ)
д)Допплерлік эхокардиография
54. Жүрек ишемиялық ауруы дегеніміз:
а) қан тамырлар тонусының реттелуінің бұзылуы
б) жүрек бұлшық етінің қабынуы
в) миокардтың қанмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі
г) жүрек қақпақшаларының зақымдануы
д) жүрекке қан апаратын тамырлардың жеткіліксіздігі
55.Стенокардияда ауырсынудың негізгі орналасу аймағы:
а) төс артында
б) жүрек ұшы аймағында
в) жүрек түбі аймағында
г) айқын шексіз
д) сол жақ қолтық астында
56. Науқас өңеш ауруымен ауырғанда жиі қандай шағым айтады
а) Қан кету
б)Жұтынғанда өңештің ауруы
в)Дисфагия
г) Құсу
д) Кекіру
57. Жедел диарея - бұл:
а) Аш ішектің жедел қабынуы.
б) Ішектің жүрмеуі.
в) Бірден нәжістің жиіленуі 3 тәуліктен аса оның сұйылуымен байқалады.
г)Тоқ ішектің жедел қабынуы.
д) Басқа ағзалардан ауырсыну берілуі.
58.Іштің терең жылжымалы топографиялық сипап сезу әдісін жүргізу үшін, қандай жағдай қажет:
а) Сипап сезуді науқас дем шығару алдында қолымыздың
саусақтарын ақырын батырып жүргізеді.
б) Әрбір дем шығарғанда тереңірек бірақ 1 см-ден артық емес жүргізеді
в) Сипап сезілген ішек бөлігі кесіндісін қатты негізге баса отырып
мысалы, мықын ойығы түбінде жүргізеді
г) Сипап сезілген ішектің қасиетін оның шетіне жылжи отырып
бағалау
д) Сипап сезуді науқастың жүзін бақылай отырып үздіксіз жүргізеді
59.Дисфагия қай патологияда болады.
а) Өңеш ауруында
б) Өт қабында тас болуы
в) Жүрек ауруында
г) Қобалжығанда (истерии)
д) Барлығында
60. Асқазан ауруына қандай шағым тән:
а) Төс асты ауруы
б) Іштің кебуі
в) Кекіру
г) Тәбеттің бұзылуы
д) Тілі ауырады және қызыну сезімі болады
61. Дисфагия дегеніміз қандай түсінік :
а) Алғашқыда қатты , ал кейін сұйық тағамның жүруі қиындайды.
б) Тамағында астың түйіліп қалуы сезінуі және кеуде артында.
в) Ауамен кекіру.
г) Құсу.
д) Қыжылдауы.
62. Ішті қарағанда кай белгіні бағалау қажет
а)Іштің өлшемін
б) Алдыңғы қабырғаның шығыңқы болуы
в) Семметриялық
г) Пилорикалық бөлік
д) Дем алуға қатысу
63. Гиппократ беті мына белгілерде байқалады:
а) Жедел энтеритте
б) Перитонитте немесе ішек жүрмегенде
в) Он екі елі ішектің ойық жарасында
г) Эрозивті гастритте
д) Ахалазии кардии
64. Энтерит - бұл:
а) Аш ішектің дегенеративті аурулары.
б) Аш ішек ауруы ас қорытуының бұзылуы.
в) Аш ішектің қабыну аурулары.
г) Аш ішек аурулары, оның сіңіруінің бұзылуы.
д) Тоқ ішек ауруы
65. Бауыр циррозымен ауыратын науқастар қандай шағымдар айтады:
а) Ішінің көлемі ұлғаяды
б) Мұрыннан қан кетуі
в) қан түкіруі
г) әлсіздік
д) Диарея
66. Қандай зерттеу әдістерімен бауырдың ауырсыну сезімін, тығыздығын, беткейін, деформациясын анықтайды:
а) Қарау
б) Сипау
в) Перкусия
г) Аускультация
д) Барлығы
67. Бауыр циррозына(беріштенуі) күмәнданғанда міндетті түрде қандай инструментальды зерттеу керек:
а) ФЭГДС
б) УЗИ құрсақ қуысына
в) Ирригоскопия
г) Ангиография
д) Бауыр сцинтиграфиясы.
68. Созылмалы пиелонефритке тән:
а) полиурия, лейкоцитурия, бас ауру,дизурия, түршігу
б) бас ауыру,ҚҚ көтерілуі, гематурия
в) дизурия, бас ауыру, лейкоцитоурия
г) протеинурия, гематурия, цилиндрурия, олигурия
д) лейкоцитоурия, протеинурия, ҚҚ көтерілу
69. Өткір гломерулонефритке тән емес:
а) бактериурия
б) олигурия
в) полиурия
г) гипоизостенурия
д) гематурия-
70.Экзофтальм-ол:
а) сирек қабақ қағысы
б) жыпылықтау
в) көз алмасының арнасына түсіп кетуі
г) көздің бадыраюы
д) көз көру қабылетінің төмендеуі
Тест жауаптары
1-а, 2-б, 3-г, 4-б, 5-г, 6-а, 7-д, 8-г, 9-г, 10-б, 11-б, 12-а, 13-д, 14-в, 15-г, 16-б, 17-в, 18-а 19-а,б,в,г,д, 20-б, 21-б 22-а,б,в, 23-д, 24-в, 25-д, 26-в, 27-а, 28-а,
29-а, 30-а, 31-б, 32-а, 33-а, 34-а,б, 35-а,б, 36-д, 37-б, 38-г, 39-а, 40-а,б,в,г,д,
41-г, 42-в, 43-б, 44-в, 45-в, 46-в, 47-г, 48-б, 49-г, 50-в, 51-а,б,в,г, 52-д, 53-б, 54-д, 55-а, 56-а,б,в,г,д, 57-в, 58-а,б,в,г,д, 59-а, 60-а,в, 61-а,б, 62-а,б,в,г, 63-б, 64-в, 65-а,г,д, 66-б, 67-а,б, 68-а, 69-а, 70-г
Оқулықтағы қысқартылған сөздер тізімі
АҚ-артериальды қан қысымы
ЖИА- жүректің ишемиялық аурулары
МИ-миокард инфаркты
ЭТЖ-эритроциттің тұңу жылдамдығы
Мазмұны
1. Жалпы медициналық білім ішіндегі ішкі құрылыс ауруларының
маңызы. Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасының мақсаты.
Ауру тарихы схемасы (үлгісі). Науқастарды сұрастыру, жалпы қарау.3
2. Тыныс алу жүйесімен ауырған науқастарды сұрастыру. Кеуде
қуысын қарау және пальпациялау.Перкуссия техникасы мен әдісі
Өкпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы.
Диагностикалық маңызы 20
3. Өкпе аускультациясы, физикалық негізделуі, техникасы мен әдісі. Қалыпты жағдайдағы және патологиядағы негізгі тыныс шулары.
Қосымша тыныс шулары. Бронхофония. Диагностикалық маңызы.31
4. Тыныс алу жүйесі патологиясы кезінденгі лабораторлы және инструментальды диагностикасы. Өкпе тканінің тығыздалу
синдромы.. Себептері. Синдромдары,олардың механизмдері. Диагностикалық әдістері. 38
5. Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромы. Өкпе тканінде ауа көбею
синдромы. Себептері. Синдромдары, олардың механизмдері. Диагностикалық әдістері. Плевра қуысында сұйықтық және ауа
жиналу синдромы.Сыртқы тыныс алу функциясы жетіспеушілігі
туралы түсінік.43
6. Жүрек-тамыр жүйесі ауруларының науқастарын сұрастыру және
қарау. Жүрек маңын қарау және пльпациялау. Пульсті зерттеу,
артериальды және веналық қысымдарды анықтау. Жүректі
перкуссиялау. Диагностикалық маңызы. 51
7. Жүрек аускультациясы. жүрек тондары қалыпты жағдада және патологияда. Жүрек аускультациясы Жүрек шулары: органикалық
және функциональды шулар. Фонокардиография туралы түсінік. Диагностикалық маңызы 63
8. Электрокардиографиялық зерттеу әдісі. Тіркеу техникасы мен әдісі.
ЭКГ – нің практикалық анализі.миокарды .Карыншалар мен жүрекшелер гипертрофиясының ЭКГ белгілері. Жүректі рентгенологиялық
және ультрадыбыспен тексеру әдістері туралы түсінік. 74
9. Митральды қақпақшаның зақымдану синдромы (стенозы және жетіспеушілігі) Себептері. Гемодинамикасының бұзылуы. Симптомдары, олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы. Қолқа қақпақшасының зақымдалу синдромы (тарылуы және жетіспеушілігі). Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі. Себептері. Гемодинамикасының
бұзылуы. Симптомдары, олардың механизмдері.
Диагностикалық маңызы. 77
10. Коронарлық жетіспеушілік синдромы (стенокардия, миокард инфаркты). Атеросклероз туралы түсінік. Себептері. Симптомдары, олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы. Артериальды гипертензия синдромы. Симптомдары, механизмдері. Диагностикалық маңызы ________________________________________________ 85
11. Қан айналымы жетіспеушілігі синдромы (жедел жєне созылмалы). Симптомдары, олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы.100
12. Өңеш, асқазан ауруларының науқасты сұрастыру және қарау.
Асқазанның төменгі шекарасын анықтау.Лабораториялық-инструментальды тексеру әдістері.Дисфагия, асқазан диспепсиясы, өңештен және асқазаннаң қан кету синдромдары. Себептері. Симптомдары, олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы104
13. Ішек аурулармен науқастарды сұрастыру және қарау. Іштің беткейлік және терең пальпациясы. Диагностикалық маңызы. . Ішек диспепсиясы
және ішектен қан қету синдромдары. Себептері. Симптомдары,
олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы 111
14. Өт қапшығы мен ұйқы безі ауруларымен науқастарды сұрастыру
және қарау Өт қапшығының пальпациясы. Лабораториялық – инструментальды тексеру әдістері.Өт қапшығы және ұйқы безінің
қабыну синдромдары. Себептері Симптомдары, олардын
механизмдері Диагностикалық маңызы. 120
15. Бауыр ауруларының науқастарды сұрастыру және қарау .Бауыр
мен көкбауырдың перкуссиясы мен пальпациясы. Лабораториялық –инструментальды тексеру әдістері. Сарғаю, бауырдың қабынуы,
бауыр-клеткалық жетіспеушілік, портальдық гипертензия
синдромдары. Себептері. Симптомдары.,олардын механизмдері. Диагностикалық маңызы 127
16. Зәр шығару жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру және
қарау. үйрек, қуықтың пальпациясы мен перкуссиясы. Лабораториялық-инструментальды тексеру әдістері.Зәр өзгерісі, нефротикалық, жедел
және созылмалы бүйрек жетіспеушілік синдромдары. Себептері. Симптомдары, олардың механизмдері. Диогностикалық маңызы.135
17. Қан ауруларымен ауырған науқастарды сұрастыру және қарау.Лимфа түйіндер пальпациясы, көкбауырдың перкуссиясы мен пальпациясы. Анемиялық және геморрагиялық синдромдар. Қан аурулары кезіндегі лабораториялық-инструментальды тексеру әдістері. Симптомдары,
олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы. 151
8. Қант диабетімен, тиреотоксикозбен ауырған науқастарды сұрастыру және қарау. Аурулардың негізгі симптомдары. Олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы. 165
Тест тапсырмалары182
Оқулықтағы қысқартылған сөздер тізімі 193
28.05.2009 ж басуға қол қойылды
Көлемі 12.3 есепті-баспа табағы
100 дана
ҚММУ-баспаханасында басып шығарылды
Қарағанда қаласы, Гоголь көшесі, 40