Тақырабы: Асқазанның анатомиялық құрылысы және топографиясы, іш қуысындағы проекциясы. Балалардағы ерекшеліктері.
АСҚАЗАН, ventriculus (греч. gaster, қабынуы- гастрит), асқорыту жолының қалтатәрізді кеңейген жері болып табылады. Асқазанда өнеш арқылы өткен тамақ жиналып, ас қорытудың бірінші сатылары өтеді; тамақтың қатты бөліктері ботқатәрізді қоспаға айналады. Асқазанда алдыңғы қабырға, paries anterior, мен артқы қабырғаны, paries posterior, ажыратады. Асқазанның ойыс жиегі - кіші иіні, curvaturа ventriculi minor,ал дөңес жиегі үлкен иіні- curvaturа ventriculi major, деп аталады. Асқазанда мына бөліктерін ажыратады: өңештің асқазанға кіреберіс жері, ostium cardiacum, асқазанның жүрекке жанаса жатқан жүректік бөлігі, pars cardiacа; шығар жері- қақпасы, pyloris, оның тесігі, ostium pyloricum, асқазанның жанасып жатқан бөлігі, pars pyloricа, асқазанның ostium cardiacum-нан солға қарай түбі, fundus, немесе күмбез, fornix, деп аталады. Денесі, corpus ventriculi, асқазан күмбезінен pars pyloricа-ға дейін созылады. Рars pyloricа өз кезегінде қақпалық үнгірге, antrum pyloricum, асқазанның денеге жақын бөлігіне және canalis pyloricus-ке, қақпаға тікелей жанасып жатқан енсіздеу, түтіктәрізді бөлікке бөлінеді.
Асқазанның топографиясы. Асқазан epigastrium-де орналасады; асқазанның көп бөлігі ортаңғы жазықтықтан солға қарай жатады: асқазанның үлкен иіне ол толған кезде regio umbilicalis-ке проекцияланады. Асқазан өзінің ұзын білігімен жоғарыдан төмен, солдан оңғажәне арттан алға қарай бағытталған; ostium cardiacum - VII сол жақ қабырға шеміршегінің артында, төстің жиегінен 2,5-3 см қашықтықта орналасқан. Асқазан күмбезі linea mamillаris sinistra бойымен V қабырғаның төменгі жиегіне жетеді. Қақпа асқазанның бос кезінде ортаңғы сызық бойында немесе одан оңға қарай VIII оң жақ қабырға шеміршегіне қарсы жатады. Асқазан толған кезде жоғарғы жағында- бауырдың сол үлесі және көкеттің сол жақ күмбезімен, артқы жағынан- сол жақ бүйректің жоғарғы шеті және бүйрекүсті безімен, көкбауырмен, ұйқы безінің алдыңғы бетімен, төменгі жағында- colon transversum, алдыңғы жағында - іш қабырғасы жанасады. Асқазан бос кезінде өзінің қабырғаларының жиырылуы салдарынан тереңге қарай кетіп, босаған кеңістікті көлденең жиек ішек алып жатады. Асқазанның ұзындағы шамамен 24-25 cм. Асқазанның сиымдылығы едәуір дәрежеде жеке адамның тамақтану дағдысына байланысты, бір литрден бірнеше литрге дейін өзгеруі мүмкін.
Құрылысы. Асқазан қабырғасы үш қабықтан тұрады: 1. Күшті дамыған шырышасты негізі, tela submucosa-сы, бар, tunica mucosa- шырышты қабық; 2. tunica muscularis- бұлшықетті қабық; 3. tunica serosa -сірлі қабық. Шырышты қабықта асқазан сөлін, succus gastricus, түзетін арнайы бездер орналасады, оның сөлінде тұз қышқылы болады. Бездердің үш түрін ажыратады: 1. кардиалық бездер; 2. асқазан бездері – асқазан күмбезі мен денесі аймағында орналасқан және екі текті жасушалары болады: басты жасушалар, главные (пепсиноген бөліп шығарады) және қоршау жасушалары, обкладочные (тұз қышқылын бөліп шығарады); 3. қақпалық (пилорикалық) бездер,тек басты жасушалардан тұрады. Қатпарлар кіші иіннің бойын бойлай бағытталып, «асқазан жолын» түзеді, ол, асқазан бұлшықеттері жиырылған сәтте тамақтың сұйық бөліктері өңештен асқазанның кардиалық бөлігіне соқпастан қақпаға өтетін өзекке айналады. Шырышты қабықта қатпарлардан басқа дөңгелекше келген, асқазан алаңдары, areae gastricae, деп аталатын дөңестер жатады, олардың бетінде асқазан шұңқыршаларының, foveolae gastricae, көптеген кішкене тесіктері көрінеді. Осы шұңқыршаларға асқазан бездері ашылады. Қақпа тесігі, ostium pyloricum, аймағында асқазанның қышқыл ортасын ішектің сілтілік ортасынан бөлетін шырышты қабықтың циркулярлы қатпары орналасады, ол қақпа жапқышы, valvula pyloricа, деп аталады.
Бұлшықетті қабық-үш қабатта болады: сыртқы қабат - бойлық, ортаңғы қабат - дөңгелекжәнеішкі қабат- қиғаш бағыттаорналасады.Асқазанның шығаберісі бағытына қарай дөңгелек қабат қалыңдап, pyloris пен он екі ішек арасындағы шекарада, m.sphincter pylori қақпа қысқышын түзеді.
Асқазанның негізгі үш пішіні мен орналасу қалпан ажыратады: 1. Мүйізпішінді асқазан.Бүкіл асқазан көлденең дерлік орналасқан (брахиморфты типті адамдарда); 2. Ілмектәрізді асқазан.Асқазанның жалпы орналасу қалпы қиғаш (мезоморф типті адамдарда); 3. Шұлықтәрізді немесе ұзарған асқазан. Асқазанның жалпы қалпы вертикалды(долихоморфты типті адамдарда).