Профилактикалық егулерді жүргізу Ережелері
1. Осы профилактикалық егулерді жүргізу Ережелері (бұдан әрі –Ережелері) Қазақстан Республикасы 18.09.2009ж. «Халық денсаулығын және денсаулық сақтау жүйесі» Кодекісіне сәйкес жасалды және профилактикалық егулерді жүргізу тәртібін анықтайды. ҚР Үкіметінің 29.06.2010ж. № 663 қаулысына сәйкес 2-тармаққа өзгерістер енгізілді.
2. Профилактикалық егулерді ересек тұрғындармен немесе балаларға біріншілік медико-санитарлық, консультативтік-диагностикалық және стационарлық медициналық көмек беруге лицензиясы бар заңды тұлғалар жүргізеді.
3. Профилактикалық егулер осы Ережелердің қосымшасындакөрсетілген мерзімдерде жүргізіледі.
4. Профилактикалық егулерді жүргізуге жоғары және орта медициналық білімі бар, егу жүргізу техникасы ережелеріне, вакцинадан кейін дамитын реакциялар мен асқынулар кезінде шұғыл жәрдем беру амалдарына үйретілген тұлғаларға ғана рұқсат етіледі. Медициналық ұйымда арнайы құрылған профилактикалық егулерді жүргізуге рұқсат беретін комиссия жыл сайын жаңартып береді.
5. Профилактикалық егулерді жүргізуді ұйымдастыруды, профилактикалық егулерді жүргізетін мамандарады дайындауды медициналық ұйымдардың басшылары атқарады.
6. Профилактикалық егулер медициналық және білім беру ұйымдарында арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде жүргізіледі. Профилактикалық егулер жүргізілетін бөлмелер міндетті түрде шұғыл және шокқа қарсы терапияға қажетті аспаптар жиынтығымен, оларды қолдану нұсқауларымен жабдықталуы тиіс.
7. Егер елді мекенде профилактикалық егулерді жүргізуге жағдай болмаса (медициналық ұйым, медициналық қызметкер жоқ немесе вакциналарды, басқа да имунобиологиялық препараттарды сақтау жағдайы болмаса) профилактикалық егулерді уақытша барып –келетін егу бригадасы жүргізеді. Уақытша егу бригадасының жұмыс режимін мемлекеттік денсаулықты басқарудың жергілікті органдары анықтайды.
8. Профилактикалық егулерді жүргізу үшін денсаулық саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген медициналық иммнобиологиялық препараттар қолданылады.
9. Профилактикалық егулер парентеральды – өздігінен қирайтын шприцтер арқылы және пероральды-ішке жұту арқылы жүргізіледі.
10. Профилактикалық егулерді жүргізер алдында егілетін адамды міндетті түрде дәрігер, ол болмаса фельдшер қарайды, егулішінің медициналық құжатына профилактикалық егуге рұқсат берілгендігі жазылады. Дәрігер немесе фельдшер профилактикалық егуді жасауға азаматтық, ата-анасының немесе кәмелетке толмағандардың өзге өкілдерінің келісімін алады және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасы бойынша өз бетімен әрекетке жарамсыз деп танылған азаматтарға егуге вакциналық реакция дамыған жағдайда медициналық көмек алу үшін қайта қаралу қажеттілігін түсіндіреді.
11. Профилактикалық егулерді жасау алдында медициналық қызметкер вакцинаның және басқа иммунобиологиялық препараттардың сапасын мұқиат тексереді: ампула (флакон) бүтіндігін, жарамдылық мерзімін, таңбалануын (маркировка), вакцинаның еріткіштігіне және нұсқаулыққа сәйкестігін.
12. Профилактикалық егулерді жүргізер алдында дәрігер немесе фельдшер медициналық құжаттарды зерделеу жолымен және профилактикалық егілуге жататын адамның өзінен, оның ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен сұрастыру арқылы анамнездік деректерді жинайды.
13. Егілетін адам профилактикалық егулер жасау алдында өз денсаулық жағдайының нашарлауына шағымдануына немесе аурудың объективті симптом болса, ол медициналық тексеруден өтеді.
14. Профилактикалық егулерді жасар алдында міндетті түрде егілуге тиіс адамның температурасы өлшенеді.
15. Егілген адам сол егуді алған медициналық ұйымда 30 минут бақылауда болады, бұл талап вакцинацияға дамыған реакциялар мен асқыныстар кезінде қажетті көмек көрсетуді көздейді. Егер профилактикалық егулерді уақытша шығатын егу бригадасы жасаған жағдайда егілген адамдар егуді орындағын медицина қызметкерінің бақылауында болады.
16. Барлық жасалған профилактикалық егулерді медициналық қызметкер есепке алуы тиіс және келесі мәліметтер көрсетіледі: препаратты енгізу мерзімі, препарат аталуы, серия номері, дозасы, бақылаулық №, жарамды мерзімі, препаратты енгізген мезгілдегі реакция сипаты, өндіруші ел. Келтірілген деректер медициналық құжаттардың есептік нысандарына жазылады:
1) Балаларда-профилактикалық егулер картасы (форма 063/у), баланың даму тарихы (форма 112/у), баланың медициналық картасы (форма 026/у), амбулаториялық науқастың медициналық картасы (форма 025/1у), салынатын жасөспірім парағы, жаңа туылған сәбилерге жасалатын профилактикалық егулерді тіркеу журналы, (босану үйіндегі) - форма 064-1у, вакциналардың кіріс-шығыс журналы - форма 064-2у;
2) Ересектерде – амбулаториялық науқастың медициналық картасы форма 025/у, профилактикалық егулерді есепке алу журналы (форма 064/у);
17. Профилактикалық егулер туралы мәлеметтер егу паспорттарына енгізіледі, оның формасын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Есептік құжаттарда және егу паспорттарында жазылған жүргізілген профилактикалық егулердің дұрыстығын және шындыққа сәйкестігін профилактикалық егулерді жасаған медициналық қызметкер қамтамасыз етеді.
18. Вакциналалар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды енгізуге дамыған барлық реакциялар мен асқыныстар осы Ережелердің 16 және 17 тармақтарында көрсетілген медициналық құжаттардың есептік формаларына тіркеледі.
Қосымшаға ҚР Үкіметінің 29.06.2010ж. №663 қаулысына сәйкес өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасында профилактикалық егулерді жүргіз мерзімдері
1. Республикалық бюджет есебінен жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілетін егулер | ||||||
Жасы және егілетін контингенттер | Туберкулез (БЦЖ) | Полиомиелит (ОПВ,ИПВ) | Вирустық гепатит «В» | Көкжөтел, дифтерия, сіреспе (АКДС,АбКДС) | Гемофильдік инфекция тип б (Хиб) | Дифтерия, сіреспе (АКДС) |
1) Жасы бойынша | ||||||
1-4 күні | + | + | ||||
2 айлығында | + | + | + | + | ||
3 айлығында | + | + | + | |||
4 айлығында | + | + | + | + | ||
12-15 айлығында | ||||||
18 айлығында | + | |||||
6 жаста (1сынып) | + | + | ||||
12 жаста | ||||||
16 жаста және әрбір 10 жылда | ||||||
2) Жұқпалы аурулар табиғи ошақтары тұрғындары және жұмыс істейтіндер медициналық қызметкерлер | + | |||||
3) Кәсіби жұмысы бойынша қауіп топтарына кіретіндер, соның ішінде: канализация және тазарту жүйесі қызметкерлері | ||||||
4) Өзінің денсаулығы жағдайына байланысты қауіп тобына кіретін адамдар: қан құйдырғандар | + | |||||
5)Кез-келген жануардың тістеуіне немесе сілекейленуіне ұшыраған адамдар | ||||||
6)Тері мен сілемейлі қабықтардың бүтіндігі бұзылып жарақаттанғандар | ||||||
7) эпидемиялық көрсеткіштері бойынша |
Жасы және егілетін контингенттер | Дифтерия (АДМ) | Дифтерия, сіреспе (АДС-М) | Қызылша, қызамық, паротит(ККП, моновакцина) | Көктем-жаздық кенелік энцефалит | Оба | Іш сүзегі | Құтыру | Пневмококтық инфекция | |
1)Жасы бойынша | |||||||||
1-4 күні | |||||||||
2 айлығында | |||||||||
3 айлығында | + | ||||||||
4 айлығында | + | ||||||||
12-15 айлығында | + | + | |||||||
18 айлығында | |||||||||
6 жаста (1сынып) | + | ||||||||
12 жаста | + | ||||||||
16 жаста және әрбір 10 жылда | + | ||||||||
2)Жұқпалы аурулар табиғи ошақтары тұрғындары және жұмыс істейтіндер медициналық қызметкерлер | + | + | |||||||
3) Өзінің кәсіби жұмысы бойынша қауіп топтарына кіретіндер, соның ішінде: канализация және тазарту жүйесі қызметкерлері | + | ||||||||
4)Өз денсаулығы жағдайына байланысты қауіп тобына кіретін адамдар: қан құйдырғандар | |||||||||
5)Кез-келген жануардың тістеуіне немесе сілекейленуіне ұшыраған адамдар | + | ||||||||
6)Тері мен сілемейлі қабықтардың бүтіндігі бұзылып жарақаттанғандар | + | ||||||||
7) эпидемиялық көрсеткіштері бойынша | + | ||||||||
Жергілікті бюджеттер есебінен жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілетін егулер