Несеп мөлшерінің өзгеруі.
Дәрістің тақырыбы:Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларын тексеру әдістері.Негізгі белгілері.
Дәрістің жоспары:
1. Субьективті тексеру әдістері.
2. Обьективті тексеру әдістері.
3. Негізгі синдромдар.
4. Бүйректі пальпация әдісімен зерттеу.
5. Бүйректі перкуссия әдісімен тексеру.
Сұқбаттасу әдісі:
Бүйрек және несеп шығару жолдары патологиясымен науқастың шағымдары:
1. Бел тұсындағы ауырсыну несеп шығарудың бұзылуы, несеп мөлшерінің, түсінің, құрамының өзгеруі, ісіну, бас ауру, бас айналу, көздің көру қабілетінің нашарлауы, ентігу, жүрек тұсындағы ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, тәбеттің жойылуы.
Бүйрек аурулары біразға дейін білінбеуі мүмкін, бірақ науқаспен сұқбаттасқанда ауырсынудың орналасқан орнын, таралу аймағын, ұзақтығын, сипатын, не себептен кейінбәсеңдейтінін анықтап сұрау керек. Бүйрек ауырғанда ауру белдің тұсында, несепағардағы ауру шат аймағында, қуық ауырғанда ауру қасаға үсті аймағында, несеп жолдарына тас түзілгенде (нефролитиаз) ауру іштің төменгі бөлігінде орналасады. Ауырсыну түрлі сипатта болады; ұстамалы, өткір, тұрақты және сыздаған болуы мүмкін. Бел тұсында пайда болып, несеп ағар бойымен төмен қарай таралатын өте өткір ұстамалы ауырсыну, несеп тасы ауруының асқынуы бүйрек шаншуында пайда болады. Бүйрек шаншуы несеп жолдары обструкцияға (жабылу, бітелу) ұшырағанда дамиды; атап айтқанда несеп ағар конкрементпен (таспен), некрозға ұшыраған ұлпамен, (некрозды папиллит, туберкулез) ұйыған қанмен (бүйрек ісігі мен жарақатында) бітелгенде пайда болады.
Бүйрек шаншуында ұстамалы ауырсыну несеп ағар бойымен іштің төменгі жағына, санға, шат аймақтарына, жыныс ағзаларына беріліп, несептің бөлінуі жиі және аз мөлшерде ауырсына бөлінеді, науқастың жүрегі айнып, құсады, шаншу несеп жолдарындағы тас қуыққа немесе несеп шығаратын канал арқылы сыртқа шыққанда ғана бәсендеп, шаншу соңында макрогематурия байқалады. Ұстамалы ауырсыну спазмолитик мысалы; но-шпа, атропин, платифиллин енгізгеннен соң, ыстық ванна немесе белге жылытқыш қойғаннан кейін бәсеңдеп немесе тоқтайды.
Өткір, кенеттен белдің тұсында пайда болатын ауырсыну бүйрек инфарктында пайда болып бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылып, кейін біртіндеп бәсендейді. Өткір немесе созылмалы нефритте нефросклерозда ауырсыну өте әлсіз, кейде болмауы мүмкін.
Қуық ауруларында - циститте, туберкулезде, папилломатозда ауырсыну қасақа үсті аймағында орналасып, сыздап ауырады.
Несеп шығаратын канал қабынғанда ауырсыну несептің бөліну кезінде байқалады.
Өткір пиелонефритте, өткір жэне созылмалы пиелигге ауырсыну өткір әрі тұрақты болады. Өткір және созылмалы пиелонефритте, бүйрек айналасындағы ұлпа іріңдегенде, бүйрекке қан іркілгенде белдің тұсы сыздап ауырады, дене қызуы жоғарылап, науқас қалшылдап, дірілдейді.
Бүйрек маңындағы клетчатка (клетка) қабынып, ауырсыну байқалғанда анальгетик берілгенде, белдің тұсына салқын әрі ылғалды зат басқанда ауырсыну бәсеңдейді.
Несеп шығарудың бұзылуы.
Несептің бөлінуінің бұзылуы - дизурия деп аталады. Дизурия екі
түрде байқалады: поллакиурия (несептің өте аз мөлшерде әрі жиі
бөлінуі) және странгурия (несептің бөлінгенде ауырсынуы).
Дизурия қуық асты безі ауруларында, (простатитте - қуық асты безінің қабынуы), аденомада (қуық асты безінің ісігі), уретритте, (үрпі каналының қабынуы), бүйрек ауруларында (цистит, пиелонефрит, несеп тасы ауруы,гломерулонефрит) кездеседі. Дизурия жиі қуық асты безі ісігінің алғашқы сатысында байқалатын симптом. Дизурияның лейкоцитуриямен бірге байқалуы өткір проститте, уретритте, пиелонефритте, бүйрек туберкулезінде кездесетін симптом.
Кіші дәреттің тоқтамауы несеп жолдары дамуының ауытқушылығында, жұлын зақымданғанда, босану кезінде, нәресте жарақат алғанда және балапарда функционалдық өзгерістер байқалғанда дамиды. Балаларда кіші дәреттің тоқтамауы энурез деп аталады.
Несеп мөлшерінің өзгеруі.
Бір тәулік ішінде бөлінетін несеп мөлшері диурез деп аталады, ол қалыпты жағдайда 1-1,5 литрге тең. Диурездің көбеюі яғни, бір тәулік ішінде несептің 2 литрден көп бөлінуі полиурия деп аталады. Полиурия; қантты диабетте, қантсыз диабетте, несеп айдайтын дәрілік препараттар қабылдағанда, денедегі ісіктер тарала бастағанда байқалады. Диурездің азаюы олигурия деп аталады.
Олигурия; өткір нефритте, бүйрек улы заттармен уланғанда, дене қызуы жоғарылағанда, науқастың іші жиі өткенде байқалады. Физиологиялық жағдайда сау адамда - олигурия сұйық тағамдарды кем қабылдағанда, қатты терлегенде байқалады.
Несептің қуыққа түсуінің толық тоқтауы яғни несептің бөлінуінің толық тоқтауы анурия деп аталады, бүл өткір бүйрек жетіспеушілігінің негізгі симптомы.
Анурия: өткір нефритте, нефронекрозда байқалады. Бүйректе несептің түзілуі бұзылғанда пайда болатын анурия секреторлық анурия несепағар, несеп жолдары ісікпен бітелгенде байқалатын анурия - экскреторлық анурия деп аталады.
Бүйректе қан айналым бұзылғанда дамитын анурия преренальді, бүйрек паренхимасының диффузды зақымдануынан дамитын анурия - ренальді, несептің қуыққа өтуіне кедергі пайда болғанда дамитын анурия - постренальді анурия деп аталады.
Несептің бөлінуінің жедел түрде кідіруінен дамитын анурия -қуық асты безінің аденомасында, қуық асты безінің абсцесінде және ісігінде, өткір простатитте, қуық ісігінде, несеп тасы ауруында байқалады.
Рефлекторлы түрде несеп бөлінуінің жедел кідіруі - ота жасалғаннан кейін, бас ми мен жұлын зақымданғанда, өткір циститте, парапроктитте, наркотиктер қабылдағанда байқалады.
Түнгі диурездің көбеюі - никтурия деп аталады. Никгурия: созылмалы пиелонефрит, гломерулонефрит ауруларының соңғы сатысында байқалады.
Бүйрек қызметінің бұзылуымен сипатталатын созылмалы гломерулонефриттің соңғы сатысында т.б. бүйректің созылмалы ауруларында бүйректік никтурия мен полиурия бірге байқалады.
Бүйректе несептің түзілуін реттеу бұзылғанда несептің бір тәулік ішінде белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бір мөлшерде бөлінуі изурия деп аталады, бұл созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің симптомы.
Қуықа жиналған несептің шығарылмауы ишурия деп аталады. Ишурия жұлын зақымданғанда, науқас ес-түссіз жатқанда байқалады.
Бүйрек изуриясы мен никтуриясы кезінде, бүйректің ураттарды концентрациялау қабілеті бұзылып, бөлінген несептің тығыздыгы үнемі бір қалыпта болады, бұл изостенурия деп аталады, немесе несептің тығыздығы төмендейді, бұл гипостенурия деп аталады.
Несептің тығыздығының үнемі бір қалыпта болып, өзгермеуі әрі төмен болуы гипоизостенурия деп аталады.