Кресло - каталкамен тасымалдау 8 страница

Ал шұғыл көмекті қажет етіп түскен науқастардың эпидемиологиялық қоршауы туралы мәліметін сол күні, немесе ертесінде сырқаттық мекен-жайы орналасқан жерде тіркелген емханасына телефон шалу арқылы аймақтық педиатрынан анықтап алады.

Сыртқатты санитарлық өңдеуден өткізу. Санитарлық өңдеуден өткізетін бөлмеде жуындыруға, киіндіруге дизенфекция жасауға қажетті терімен қапталған медициналық төсек, үстел, кебеже, 2-3 орындық, медициналық және іш киімдер салынған шкафтар болады. Әртүрлі размердегі ауыстырылып киетін іш киімдердің көп болғаны дұрыс. Әр балаға жуынуға сабын және денесін ысқылап жуатын жөке беріледі. Сонымен бірге ол жерде екі кәстрөл тұруы керек: біреуінде таза, екіншісіне пайдаланған жөкелер салынады. Оларды ажыратуға оңай болу үшін: “таза жөкелер” және “ұсталған жөкелер” деп сыртына жазып қояды. Пайдаланған жөкелерді 15 минут қайнатып тазартуға болады. Сондай-ақ бұл бөлмеде: шаш алатын машинка, ұстара-қайшы, қалайы тарақ, жамылғыш, лупа, бөлменің және шарадағы судың температурасын өлшейтін екі термомерт, сырқатты тыңдайтын фонедоскоп, жүзім мен мүсәтір спирті, баланың жұтқыншағының сілекейін сүртіп алып микрофлорасын тексеру үшін басына зарарсызданған мақта оралған шыны таяқшасы бар пробиркалар, қысқаш, астау, шара және түбек болуға тиіс. Сол сияқты зарарсыздандыру мен дезинсекцияға қажетті құрғақ хлорлы әкпен, хлорлы әктің ерітіндісі және хлорамин болады.

Медицина қызметкерлері қолдарын зарарсыздандыру үшін қол жуғыштың үстіне 0,2 процентті хлорамин ерітіндісі құйылған резеңке түтікшесі бар Эсмарк тостағанын іліп қояды. Кіре берістегі табалдырықтың екі жағына еденге хлораминнің 0,5 процентті ерітіндісіне малынған саңылаулы резеңке төсеніш төселеді.

Бөлменің ішін тазалауға қажет аяқпен басқышын басқанда қақпағы ашылатын шелек, қалақ, шараны жуатын түрпі немесе жөке, ескі шүберектер болады. Бұл заттар 0,5 проценттік хлорамин ерітіндісі құйылған сыртында белгісі бар ыдыста сақталады.

Санитарлық өңдеуден өткізер алдында баланы шешіндіріп, шашын, денесін және киімдерінің тігістерін тексеріп шығарады. Баланың басынан бит немесе сірке табылса, оның шашын тақырлап ұстарамен қырып тастаған жөн. Денесі жарақаттанып, миы шайқалып аяқ-қолының сүйектері сынып, түкен және халі өте нашар науқасты шараға жатқызып шомылдыруға болмайды. Операцияға баратын сырқатты да шомылдырмайды, оларды жартылай санитарлық өңдеуден өткізіп, себілдің астында жуындырса да жетеді.

Сыртқатты шараға салып шомылдыру үшін, оны жылы суға алдын ала ернеуінен су асып төгілмейтін етіп толтырады.

Гигиеналық шарадағы судың жылулығы 34º - 39ºС болу керек. Науқас бала суға 15-30 минуттен артық түспейді, оны мейіркеш қадағалап отырады. Қажет болса өзі шомылдырады. Еш уақытты сырқат баланың өзін жеке қалдыруға болмайды. Мейіркеш оған басын, денесін, әсіресе шабын, қолтықтарын, саусақтарының арасын ысқылап жууға көмектеседі. Сонымен бірге жүрек соғысын бақылап отыруға тиіс. Содан соң аурухананың іш киімдерін ауыстырып кигізеді. Кейінгі жылдары ауруханаларда балаларға үйінен киіп келген киімдерімен жүруге де рұқсат беріліп жүр.

Гигиеналық шараға түсуге болмайтын сыртқат денесін жылы суға малынған жұмсақ ысқышпен ысқылап сүртеді, ол үшін баланың астына клеенка төсеп, суға немесе сабын көпіршігіне малынған жұмсақ шүберек ысқышпен денесін әсіресе қолтығын, шабын ысқылайды, сонан соң денесін сүлгімен сүртіп, құрғатып, суықтап қалмау үшін тездетіп көрпемен орайды да, киімдерін кигізеді.

Ауруханаға түскен баланы антропометрикалық тексеруден өткізеді, ол науқас бойын, оның жеке мүшелерін өлшеу арқылы баланың жетілуін анықтау болып табылады. Ауруы асқынып, халі нашарласа, баланың күннен-күнге салмағы кеміп, азая бастайды, сондықтан емделіп жатқан бала ауруханадан шығып кеткенше, аптасына бір рет және бір уақытта таңертең дәретханаға кіріп шыққан соң, салмағын өлшеп отырған дұрыс.

Қабылдау бөлімшесінен науқасты операция жасайтын бөлмеге немесе мамандандырылған бөлімдерге оның жағдайына қарай, мейіркеш алып барады. Жас нәрестелерді қолына көтеріп, ал ересек балаларды зембілге немесе қоларбаға жатқызып немесе өзі жүретін креслоға отырғызып, жағдайы көтерсе қолынан жетектеп апарады. Сырқаттарды емделетін бөлімдеріне дейін алып бару үшін, қабылдау бөлімшесінде қоларбалардың көрпе-төсеніштері жеткілікті мөлшерде болуы керек..

Жағдайы ауыр сырқаттары зембілден төсекке немесе қатқыл төсекке ауыстырып жатқызуды және керісінше салу амалдарын орта және төменгі буын медицина қызметткерлері білулері қажет. Жас баланы бір адамның өзі-ақ қолымын көтеріп жатқыза алады. Ересек баланы екі адам көтереді. Біреуі екі кеудесінен, екіншісі белі мен аяғынан ұтап, екеулеп көтеріп ауыстырады.

Апарған бөлімше мейіркеші сырқатты қарсы алып, қабылдап, санитарлық өңдеуден қалай өткенін тексеріп, оның ауру тарихымен танысады

5.Науқастарды бөлімшеге тасымалдау

Науқасты қараған дәрігердің ұйғарымы бойынша науқас бөлімшеге бақылаушы мейірбике күтіп алады, онымен және оның сырқатнамасымен танысады, оған палатаны, санитарлық және басқа бөлмелерді көрсетеді, бөлімше тәртібі туралы айтады. Содан кейін мейірбике түскен науқас туралы дәрігерге баяндайды және сырқатнаманы береді. Науқастың жағдайына байланысты дәрігер оны бірден немесе аралау кезінде қарайды, қосымша тағайындаулар жасайды.

Өздігінен жүре алмайтын науқастарды бөлімшеге зембілмен тасымалдайды. Әлсіреген науқастарды, мүгедектерді, кейбір егде және кәрі адамдарды кебінесе арнайы кресло-каталкамен (абайлап, қатты селкілдетпей); ауыр науқастарды каталкамен немесе зембілмен тасымалдайды. Науқас жатқызылған зембілді екі немесе төрт адам көтеруге болады, олар қысқа адыммен қатарласпай жүрулері қажет. Сатымен көтерілгенде науқасты басын алдыға, төмен түскенде аяқтарын алдыға қаратып кетереді, екі жағдайда да зембілдің аяқ жағы сәл жоғары ұсталынады. Зембілді көтеруді жеңілдету үшін кейде арнайы санитарлық лямкалар қолданылады. Науқасты қолмен тасымалдауды және оны ауыстырып жатқызуды бір, екі немесе төрт адам жүргізуі мүмкін. Егер науқасты бір адам тасымалдаса, онда ол бір қолымен науқастың кеудесін жауырын деңгейшінде ұстайды, ал екінші қолын сандарының астына жібереді, бұл кезде науқас көтерушінің мойнынан құшақтайды.

Науқасты зембілмен төсекке ауыстырып жатқызу ептілікті және байыптылықты қажет етеді. Бұны 2-3 медицина қызметкері жүргізеді. Ауыстыру ыңғайлы болу үшін зембілді төсекке тура бұрыштап, қарама-қарсы, жалғастырып, тигізе кояды. Зембілді тесекке тигізіп қойып ауыстыру науқастан белгілі бір күш түсіруді қажет етеді, сондықтан бұл әдіс көбінесе қолданылмайды. Егер де техникалық себептермен зембілдің мұндай орналасуы мүмкін болмаса, онда зембілді төсекке қарама-карсы қояды, қызметкерлер бұл кезде зембіл мен төсектің арасында бірінен сон бірі немесе тіпті болмаған жағдайда оған жанаса тұрады. Науқасты төсекке жатқызар алдында төсектің дайындығын, барлық күтімге қажетті заттардың бар екендігін тексереді. Науқасқа қосымша ауырсыну сезімін тудырмай тасымалдау және ауыстырып жатқызу белгілі бір ептілікті және тәжірибелікті талап етеді

Сырқатты бөлімшеге бірнеше жолдармен тасымалдауға болады. Тасымалдау түрін дәрігер шешеді. Жалпы жағдайы қанағаттанаралық сырқатты палатаға медициналық қызметкерлер шығарып салады. Кейбір жағдайларда сырқатты бөлімшеге дейін кресло – каталкада сырғытып апарған жөн. Ауыр науқастарды бөлімшеге арнайы қаталкалар мен зембілдермен тасымалдайды. Әрбір каталка таза жаймамен жабылып, көрпемен төселуі тиіс. Жайманы әрбір сырқаттан кейін ауыстыру керек. Көрпені желдетіп алады, ал жұқпалы аурулардан кейін зарарсыздайды. Лифті жоқ жерде ауыр науқасты 2 немесе 4 адам зембілмен көтеріп шығарады. Зембілдің артқы жағын сәл көтеріп, сырқаттың басын алдына қаратып алып жүреді. Түсерде сырқат жатқан зембілдің аяқ жағын көтеріп алдымен шығарады. Көптеген ауруханалар арнайы тасымалдау құралымен қамтамасыз етілген, сырқатты қабылдау бөлімшесінен қашық тұрған корпусқа арнайы құралдармен жеткізеді. Қазіргі кезде тежеуіші бар кресло – каталкалар қолданылып жүр.

Қозғалуға болмайтын ауыр науқастарды, зембілден төсекке абайлап, ережелерді сақтай отырып, жылжытып жатқызады: зембілдің аяқ жақ шетін кереуеттің бас жағына қою қажет. Егер палата тар болса, зембілді кереуетке паралель етіп қояды да, медициналық қызметкерлер зембілмен кереует арасында ауруға бетін беріп тұрады. Ыңғайсыз артық қимылдар жасамау үшін зембілді кереуетке қалай дұрыс келтіру керегін алдын ала ойластырған жөн.

Зембілмен тасымалдау

Медицина қызметкерлері зембілмен тасымалдағанда мына ережелерді сақтауы керек.

1. Науқасты көтеріп салғанда бір қалыппен және бір кезде көлденең

ұстап жатқызып салады.

2. Тасушылар зембілді шайқалтпай, тербелітпей, бұрылыстарда ақырын

бұрылып, аяқтарын бірдей алып жүрулері керек.

3. Баспалдақпен көтерілгенде аяқ жағын көтеріп және тегістікте зембілдің бас жағымен алға жүреді, ал баспалдақпен төмен түскенде аяқ жағымен алға және аяқ жағын көтеріп жүреді.

4. Арт жағында келе жатқан медицина қызметкері науқастың жағдайын

бақылайды.

5. Егер тасушылардың біреуі шаршаса, ол жөнінде міндетті түрде айтуы

керек.

6. Зембілге науқасты салғанда немесе төсекке ауыстырғанда үш

адамның болғаны дұрыс.

Каталкамен тасымалдау

Ауыр науқастарды каталкамен тасымалдау – ең ыңғайлы және сенімді болып есептеледі. Науқастың астына жайма жайып, үстін көрпемен жабады.

1. Каталканың бас жағын науқастың аяқ жағына тік бұрышпен қояды.

2. Үш медицина қызметкері бір жақтан келіп, қолдарын біреуі науқастың

басы мен жауырының астына, екіншісі белі мен санының жоғарғы

жағына, үшіншісі санның орта бөлігі мен балтырдың астына салады.

3. Үшеуі бір уақытта науқасты көтеріп, каталкаға қарай 900 бұрылады.

4. Науқасты каталкаға жатқызып, үстін жабады.

5. Палатаға келген соң каталканың бас жағын кереуеттің аяқ жағына

жақындатып қойып, науқасты көтеріп, әзірленген кереуетке жатқызады,

үстін жабады.

6. Каталканы зарарсыздандырады.

7. Медицина қызметкерлері қолдарын жуып, құрғатады.

Кресло - каталкамен тасымалдау

1. Кресло-каталкадағы аяқ қоятын тіреуішті еденге тигенше еңкейтеді.

2. Науқастан аяқ тіреуішке аяғын салуын сұрап, содан кейін оны қолтықтап

кресло-каталкаға отырғызады.

3. Кресло – каталканың артындағы рамкасын реттеп, науқасты жартылай

отырғызатын немесе жатқызатын қалыпқа келтіреді.

4. Науқасты алып жүргенде шынтақ қойғыштың шетінен оның қолдарының

шығып кетпеуін қадағалайды.

5. Науқастың кереуетке отырып жатуына көмектеседі.

6. Кресло-каталканы зарарсыздандырады.

7. Медицина қызметкері қолын жуып, құрғатады.

Науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалуына байланысты оның жататын орнының ыңғайлы әрі таза болуының маңызы зор. Емдеу мекемелерінде науқастарға арналған қарапайым және функционалды кереуеттер қолданылады. Қарапайым кереуеттежартылай отыру қалпын, пациенттің басын бірнеше жастықтар қою арқылы көтеріп жасауға болады. Функционалды кереуеттер үш қозғалмалы бөлімнен тұрады. Кереуеттің тұтқаларының көмегі арқылы олардың бас және аяқ жағын көтеріп немесе төмен түсіруге болады. Жартылай отырғызу үшін бас жағын көтереді.

Функционалды кереуеттің мақсаты – науқасқа ыңғайлы, функционалдық жағдай жасау.

Ең бастысы кез - келген уақытта пациентке төсек-орынды ыңғайлы, жайлы етіп беруге болатындығы. Науқас көп уақытын төсекте өткізеді, сондықтан төсек орны ыңғайлы, таза, матрастарының қаттылығы орташа, жатқан орнын ластамау үшін клеенка төселуі керек. Матрас ақжаймамен жабылуы тиіс.

Кресло - каталкамен тасымалдау 8 страница - student2.ru

Функционалды төсек түрі.

Науқастың төсегін әзірлеу:

Әзірлеңіз:

- кереуетті, матрасты, матрастың тысын;

- жайманы, жастықты, жастықтың тысын;

- көрпе, зарарсыздандыру ерітіндісі, шүберек, орамал, клеенка

Іс -әрекеттер:

  1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
  2. Зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекті алып, кереуетті 2 рет /арасына 15минут үзіліс салып/ сүртіңіз.
  3. Матрастың тысын кигізіңіз.
  4. Оны кереуеттің торының үстіне салып, ұзына бойы клеенка төсеңіз.
  5. Оның үстіне жайма жайып, оны матрастың астына салып, бекітіп тегістеңіз.
  6. Жастықпен көрпеге тысын кигізіңіз

Науқасты қараған дәрігердің ұйғарымы бойынша науқас бөлімшеге бақылаушы мейірбике күтіп алады, онымен және оның сырқатнамасымен танысады, оған палатаны, санитарлық және басқа бөлмелерді көрсетеді, бөлімше тәртібі туралы айтады. Содан кейін мейірбике түскен науқас туралы дәрігерге баяндайды және сырқатнаманы береді. Науқастың жағдайына байланысты дәрігер оны бірден немесе аралау кезінде қарайды, қосымша тағайындаулар жасайды.

Өздігінен жүре алмайтын науқастарды бөлімшеге зембілмен тасымалдайды. Әлсіреген науқастарды, мүгедектерді, кейбір егде және кәрі адамдарды кебінесе арнайы кресло-каталкамен (абайлап, қатты селкілдетпей); ауыр науқастарды каталкамен немесе зембілмен тасымалдайды. Науқас жатқызылған зембілді екі немесе төрт адам көтеруге болады, олар қысқа адыммен қатарласпай жүрулері қажет. Сатымен көтерілгенде науқасты басын алдыға, төмен түскенде аяқтарын алдыға қаратып кетереді, екі жағдайда да зембілдің аяқ жағы сәл жоғары ұсталынады. Зембілді көтеруді жеңілдету үшін кейде арнайы санитарлық лямкалар қолданылады. Науқасты қолмен тасымалдауды және оны ауыстырып жатқызуды бір, екі немесе төрт адам жүргізуі мүмкін. Егер науқасты бір адам тасымалдаса, онда ол бір қолымен науқастың кеудесін жауырын деңгейшінде ұстайды, ал екінші қолын сандарының астына жібереді, бұл кезде науқас көтерушінің мойнынан құшақтайды.

Науқасты зембілмен төсекке ауыстырып жатқызу ептілікті және байыптылықты қажет етеді. Бұны 2-3 медицина қызметкері жүргізеді. Ауыстыру ыңғайлы болу үшін зембілді төсекке тура бұрыштап, қарама-қарсы, жалғастырып, тигізе кояды. Зембілді тесекке тигізіп қойып ауыстыру науқастан белгілі бір күш түсіруді қажет етеді, сондықтан бұл әдіс көбінесе қолданылмайды. Егер де техникалық себептермен зембілдің мұндай орналасуы мүмкін болмаса, онда зембілді төсекке қарама-карсы қояды, қызметкерлер бұл кезде зембіл мен төсектің арасында бірінен сон бірі немесе тіпті болмаған жағдайда оған жанаса тұрады. Науқасты төсекке жатқызар алдында төсектің дайындығын, барлық күтімге қажетті заттардың бар екендігін тексереді. Науқасқа қосымша ауырсыну сезімін тудырмай тасымалдау және ауыстырып жатқызу белгілі бір ептілікті және тәжірибелікті талап етеді

6.Емдеу--қорғау тәртібі және аурухана бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру.

Емдеу бөлімшесіндегі емдеу сақтандыру тәртібі

Емдік сақтандыру тәртібі - емделушілердің физикалық және психикалық тыныштығын сақтауға бағытталған емдік - сауықтыру шаралары. Оның негізінде бөлімде науқастарға дұрыс ұйымдастырылған күтім, жағымды ауруханалық орта жасау, жарақаттаушы факторларды жою, науқастың уақытын дұрыс ұйымдастыру жатады.

Бұл тәртіп келесі шараларды қамтамасыз етеді:

1. Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін қамтамасыздандыру.

2. Ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау.

3. Рационалды физикалық белсенділік тәртібін қамтамасыз ету.

Бөлімшеде тыныштықты сақтау керек, акырын сөйлесу керек, емделушілерге радио мен теледидарды қатты қоюға рұқсат берілмейді, кіші медицина қызметкерлерінің бөлмелерді жинау барысында, күндізгі және кешкі демалыс уақытындағы тыныштықты бұзбау керек. Емделушілерден бөлімшедегі күн тәртібінің сақталуын талап ету керек.

Медицина қызметкерлердің негізгі қағидасы медициналық этика мен деонтологияны сақтау болып табылады. Емделушіге айтқан сөздің оның денсаулығының жақсаруының үмітін тудыратынын әрқашан да естен шығармау керек. Емдеу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің 4 тәртібі қолданылады:

1. Қатаң төсек тәртібі - бастапқыда қатты ауырып түскен емделушілерге

тағайындалады. Бұл емделушілерге күтудің толық іс-шаралары жүргізілуі

керек.

2. Төсек тәртібі - біршама қозғалыс белсенділігімен сипатталады, бұрылуға,

белгілі бір уақытта аяқты түсіріп, төсектің шетіне отыруға рұқсат беріледі.

3. Палаталық тәртіп - төсек жанындағы орындыққа отыруға, тұруға және

белгілі бір уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат етіледі. Емделушіні

палатаның ішінде тамақтандыру, дәрет алу, жуу шаралары жүргізіледі.

4. Жалпы тәртіп - дәліздің ішінде еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге,

аурухананың ауласында демалуға рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.

Емделушілердің қозғалыс белсенділігінің тәртібін бұзуы емделушінің өзіне қатты зиян тигізуі мүмкін, тіпті өлімге дейін апарады.

Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері астына және т.б. жиі егулер, кан мен кан алмастырушыларды құю, физиотерапия және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.

Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және г.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.

Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен белімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас бөліктері болып табылады.

Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.

Аурухананың әрбір белімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.

Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3 реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап кымтауы қажет. Палаталарда тек өте кажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн төсектер, төсек жанындағы тумбалар, орындықтар (төсек санына байланысты) және мүмкіндігінше ортақ үстел. Есіктің жанына халаттарға арналған ілгіш және қалдықтарға арналған бөшке қойылады. Палатаның ішкі қабырғасына ауа жылуын көрсететін термометр орнатылады. Әрбір төсектің жанында мейірбикені немесе кіші медициналық қызметкерлерді шақыру үшін тетік және радиокабылдағыш құлақшалары болады. Жиһаз палатаны жуып, тазалауға ыңғайлы болатындай етіп қойылады.Төсектер терезелері бар сыртқы қабырға бойымен көлденең қойылады. Науқастарды қарау, оларды аудару, іс-шараларды орындау женіл болуы ушін төсектер арасы 1 метрдей болуы қажет. Сондай-ақ, үш қозғалмалы бөліктен тұратын функционалдық тесектер болады. Төсектің жанындағы үстелде науқастың жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелдер болады.

Медицина институтының педиатрия факультетінің студенттері практикасын база болып саналатын орталық балалар ауруханаларында өткізеді. Балалар хирургиясы кафедра базасы ретінде әртүрлі хирургиялық кеселдермен емделетін көп профильді балалар ауруханасын таңдап алады. Бұған кіретін хирургиялық бөлімшелер төмендегідей: қабылдау бөлімі, емдейтін-диагноз қоятын бөлім, әр саладағы кеселдер жататын хирургиялық бөлімшелер, қайта жандандыру (реанимация бөлімі) және қарқынды ем жүргізетін (интенсивті) операция жасайтын бөлім. Клиникадағы хирургиялық бөлімшелердің әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері және онда жұмыс істейтін қызметкерлердің әрқайсысының міндеттері болады.

Наши рекомендации