Тесты для интернов (ЗКГМУ) тренировка 18 страница

+ жүктілік 4 апта//

жүктілік 6 апта//

жүктілік 7 апта//

жүктілік 8 апта//

жүктілік 9 апта

***

Әйел А., 18 жаста, әйелдер кеңесі дәрігеріне 2 ай бойы етеккірінің жоқтығына шағымданып қаралды. Жүктілікке тест оң. Төменде берілген мәліметтердің қайсысы қынаптық зерттеуге сәйкес келеді//

жатыр тауық жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған//

жатыр әлі ұлғаймаған//

+ жатыр қаздың жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған//

жатыр түйеқұс жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған//

жатыр жетілген ұрық басының өлшеміндей

***

Күні асқан жүктілік болып саналады://

40 апта және күні асқан белгілерімен нәрестенің туылуының аяқталуымен//

41 апта және күні асқан белгілерімен нәрестенің туылуының аяқталуымен//

+ 42 апта және күні асқан белгілерімен нәрестенің туылуының аяқталуымен//

39 апта және күні асқан белгілерімен нәрестенің туылуының аяқталуымен//

38 апта және күні асқан белгілерімен нәрестенің туылуының аяқталуымен

***

Жалпақ жамбас кезіндегі босану механизмінің ерекшеліктері://

бастың сәл бүгілуі, сагитальді жігі бір қиғаш өлшемде//

бастың максимальды бүгілуі, сына тәрізді қондырылуы//

бастың сагитальді жігімен тіке өлшемінде қондырылуы //

жамбас кіре берісіне бастың көлденең өлшемде орналасуы, максимальды бүгілуі//

+ сагитальді жіктін көлденең өлшемде орналасуы, аздап шалқаюы және асинклитикалық қондырылуы

***

Ұрық басымен кіші жамбас шығаберісінде тұрғандағы қынап арқылы қарау кезінде анықталады? //

+ сегізкөз ойығы мен симфиздің ішкі бетінде ұрық басы орналасқан, отырғыш сүйек қырлары анықталмайды, сагитальді жік тіке өлшемге сәйкес//

сегізкөз ойығы бос, мүйіске бүгілген саусақ жетеді, қасағаның ішкі беті жетіледі, сагитальды жігі қиғаш өлшемге сәйкес//

сегізкөз ойығының ішкі беті, қасағаның 2/3, ішкі бетінде ұрық басы, сагитальды жігі қиғаш өлшемге сәйкес//

сегізкөз ойығы мен симфиздің ішкі бетінде ұрық басы орналасқан, отырғыш сүйектің қырлары анықталады, сагитальды жігі қиғаш өлшемде//

басы сегізкөз бен қасағаның жоғарғы үштен бірін жабады, мүйіске қол жетпейді, отырғыш қырлары анықталады. Басы иілген, кіші еңбек үлкен еңбектен төмен. Сагитальды жігі бір қиғаш өлшемге сәйкес келеді

***

Алғашқы босанушы 23 жаста, 12 сағат ретті толғақтар. Ұрықтың болжам салмағы орташа. Жатыр мойнының ашылуы 5 см. Цервикограмма шара қолдану сызығына келді. Дәрігердің іс-әрекеті? //

акушерлік демалыс беру//

+ амниотомия жасау//

бақылауды жалғастыру//

босануды кесар тілігімен аяқтау//

көктамырға гинипрал егу

***

Қайталап жүкті болушы 26 жаста, ұрық қимылын сезбегеннен 30 минуттан кейін жедел жәрдем көмегімен келіп түсті. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚҚ 90/60 мм сын бағ, жатыры қозған, ұрық бөліктері анықталмайды, ұрықтың жүрек соғысы естілмейді, жыныс жолдарынан орташа мөлшерде қанды бөліністер бар. Толғақ қызметі жоқ, қандай патология туралы ойлау керек? //

жатырдың жыртылуы //

плацентанның ұрық жолында орналасуы //

плацентаның уақытынан бұрын жартылай ажырауы//

+ плацентаның уақытынан бұрын толық ажырауы //

кіндік бауының қабыққа бекуі (плевистое прикрепление)

***

Босанушы әйелді қынаптық тексергенде тігіс бөліп өткен тегіс беткей анықталды. Бір жағынан тігіске кеңсірік тұсы және қас үстіндегі доғасы,екінші жағынан – үлкен еңбектің алдыңғы ұшы келіп тұр.Бұл жағдайда ұрық басының қай бөлігімен келуін анықтаймыз://

шүйденің алдыңғы көрінісі//

алдыңғы бастық//

+ маңдайлық//

беттік//

шүйденің артқы көрінісі

***

Алғашқы босанушы, 24 жаста, босанудың II кезеңінде 20 минут, ұрық басының жылжуы жоқ, ұрықтың жүрек соғысы 135 рет/минутына, қынап арқылы тексергенде аузы, беті анықталады. Нәрестенің басының қандай қондырылуы: //

+ бетпен келуі //

шүйдемен келгендегі артқы көрінісі//

артқы төбемен келуі//

маңдаймен келуі//

алдыңға төбемен келуі

***

Алғашқы босанушы 24 жаста күні жетілген ұрықпен босану болды. Бұлшық етке окситоцин 10 ӘБ енгізілді. Не істеу керек? //

көк тамырға жатырды жиырылтатын дәрі-дәрімектерді енгізу//

бала жолдасын қолмен бөліп шығару//

+ босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу//

Абуладзе әдісін қолдану//

Креде –Лазаревич әдісін қолдану

***

Шүйдемен келу, алдыңғы көрініс, II позиция, қынап арқылы тексеру кезінде анықталады: //

+ сагитальды жігі сол жақ ќиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта//

сагитальды жігі көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жақта//

сагитальды жігі көлденең өлшемде, кіші еңбек сол жақта//

сагитальды жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта//

сагитальды жігі тік өлшемде, кіші еңбек алдына қарай

***

20 жастағы алғашқы босанушыда, гистерограммада жиырылу жатырдың төменгі сегментінен басталады. Диагноз қойыныз//

қалыпты босану қызметі//

+ босану қызметінің дискоординациясы//

босанудың I кезеңінің әлсіздігі//

босану қызметінің қатты болуы//

босанудың I кезеңінің екіншілік әлсіздігі

***

Босанушы әйелде толғығы 10 сағат жалғасуда. Қағанақ суы бүтін. Әйел кенеттен бозарып кетті, ішінде күшті кернеген ауырсыну пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы 100-110 рет минутына. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы бүтін, керілген, ұрықтың келіп тұрған бөлігі кіші жамбас қуысында. Дәрігердің тактикасы: //
жедел кесар тілігі//

ұрықтың жедел гипоксиясын емдеу//

амниотомия//

амниотомия, окситоцинмен босануды күшейту//

+ амниотомия жасау

***

Алғаш босанушы А., 24 жаста перзентханаға келіп түсті. Түскен кезде жағдайы қанағаттанарлық. Тамыр соғуы ретті, 86 рет/мин. АҚҚ 115/60 мм с. б. Жамбас өлшемдері қалыпты. Босанды тірі ұл жынысты нәрестемен, салмағы 3950 грамм. Нәресте туғаннан кейін қан кету басталды. Бұлшық етке 1 мл окситоцин енгізілді. III кезең асқынусыз өтті. Бала жолдасы бүтін. Жатыр тығыз. Қан кету тоқтамайды, қан ұйып қалды. Аралығы бүтін. Айнамен қарау кезінде оң жақтан жатыр мойнының жыртылуы анықталды, қынаптың күмбезінің оң жағына дейін жетеді. Акушерлік тактика және неге? //

жатыр мойнын тігу, өйткені жатыр мойнының жыртылуы бар//

қан ұйындыларын алу үшін жатыр қуысын қолмен тексеру//

+ жатыр қуысын саусақпен тексеру және жатыр жыртылуын жоққа шығарғаннан кейін, жатыр мойнын тігу//

жатырдың қынапүстілік ампутациясы, өйткені қан кету тоқтамайды//

жатыр экстирпациясы, өйткені қынап күмбезіне дейін жететін жатыр мойнының жыртылуы бар

***

Ауыр артериалды гипертензияға тән: //

+ диастолдық қан қысымы ≥110 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымы ≥140 мм.с.б.б. //

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 90 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 70 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымының 40 % жоғарылауы бастапқысынан

***

Ауыр артериалды гипертензияға тән: //

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 90 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымы ≥140 мм.с.б.б. //

+ диастолдық қан қысымы ≥110 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 70 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымының 40 % жоғарылауы бастапқысынан

***

Бөлімге 26 жасар А. жүкті іштің төмеңгі жағындағы ауырсынуларға шағымдарымен келіп түсті. Бала кезінде қызылшамен, скарлатинамен ауырған. Осы жүктілігі 3, мерзімі 20 апта, 1 жүктілігі –ірі ұрықпен босану, жатыр мойнының жыртылуымен асқынған, 2-жүкілігі 2 жылдан соң кеш басталған абортпен аяқталды. Қарау кезінде жатыр тонуста. Жатыр мойны деформацияланған, сыртқы араң ашық, мойны қысқарған, канал ішімен ішкі ернеу 1 саусақ бос өткізеді. Сіздің диагнозыңыз://

жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш түсік қаупі//

+ жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш түсік қауіпі. ИЦЖ//

жүктілік 20 апта. Басталған кеш өздігінен түсік. ИЦЖ//

жүктілік 20 апта. Жолдағы кеш өздігінен түсік. ИЦЖ//

жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш үйреншікті түсік қаупі

***

Келесі қынаптық мәліметтерге байланысты жатыр мойнының “жетілу” дәрежесін анықтаңыз. Жатыр мойны сақталған, жұмсақ, цервикальды өзек 1 саусақты өткізеді, оның ұзындығы 3,0-3,5 см. Төменгі сегментке өтуі тік бұрышты: //

«жетіліп келе жатқан» //

«жетілген» //

толығымен жетілмеген//

+ «жетілмеген» //

«жетіле бастаған»

***

23 жасар жүкті әйел, дәрігерге дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауына, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі пайда болып, шап аймағына және іштің төменгі бөлігіне берілуіне шағымданып келді. АҚҚ 110/65 мм с б.б., тамыр соғуы 90 рет минутына. Қағу симптомы оң жақтан «+». Жалпы қан талдауында: аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Жалпы зәр талдауында – протеинурия. Диагнозыңыз: //

+ гестационды пиелонефрит//

зәртас ауруы//

созылмалы пиелонефриттің қайта өршуі//

созылмалы гломерулонефриттің қайта өршуі//

гломерулонефрит, нефротикалық түрі

***

Әйелдер кенесіне келген жүкті әйел көз алдындағы қарауытулардың пайда болуы мен басының ауруына шағымданады. Тексеруде АҚҚ 170/90 мм.с.б.б. Дәрігердің іс-әрекеті? //

стационарға жолдама беру//

шұғыл госпитализация және жүктілік патологиясы бөлімінде гестозды емдеу//

амбулаторлы бақылау жүргізу//

келесі дәрігерлік қабылдауға шақыру қағазын беру және үйіне жіберу//

+ магнезия сульфатты көк тамырға еңгізу және жедел жәрдем көлігімен шұғыл стационарға жатқызу

***

Босану стационарына жүктілігі 40 апта құрайтын қайтадан босанушы жүктілік кезінде АИВ тест сынағының нәтижесінсіз келіп түсті. Босану кезінде АИВ экспресс-тесті оңды нәтиже берді. Босанулар еш асқынуларсыз өтті, салмағы 3000г болатын қыз бала туылды. Берілген патология кезіндегі омыраумен емгізуге арналған ұсыныстар: //

емізу әйел қалауына байланысты//

тек қана омыраумен емгізуді ұсыну //

+ жасанды қоспалармен емгізуді ұсыну//

әрбір тамақтандыру сайын емізгекшелерді жасыл бриллиант ерітіндісімен өңдеу//

аралас тамақтандыруға ерте көшіруді ұсыну

***

23 жастағы алғаш рет жүкті болушы әйелде 39 апта жүктілігінде эклампсия ұстамасы болып қалды. Дәрігердің әс-әрекеті?//

наркоз беріп, интенсивті емді бастау//

+ интенсивті емдеп, жалпы жағдайы жақсарған соң босандыру//

наркоз беріп, амниотомия жасау//

амниотомия жасау//

амниотомия жасап, толғақ қоздыруды бастау

***

25 жастағы жүкті әйел салмағы өсу, іш көлемі ұлғаю, жатыр тонусының қатаюы, жылдам шаршау шағымдарымен тұсті. Бұл симптомдар 25 аптасынан бастап көрінді соңгы аптасында ұлғайды. I триместрде – ЖРА, қызуы 38,8°С көтерілді, өзбетімен емделді. Жұктілік мерзімі - 32 аптасы. Ұрық орналасуы - көлденен, басымен келу. Ұрық жұрек соғуы анық, ырғақты. Флюктуация симптомы оң. Диагнозы? //

көп ұрықты жүктілік//

уақытынан бұрын босанудын қаупі//

ірі ұрық//

жатырдың жұқалығы//

+ суегіздік

***

25 жастағы қайта босанушы анамнезінде 2 аборт, жүктіліктің 37 апталық мерзімінде толық тынығу кезінде жыныс жолдарынан қанды бөліністер көрінді. Қандай патология туралы айтылған? //

босанудың басталуы//

қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы//

кіндіктің қабыққа бекуі//

+ плацентаның жолда орналасуы//

ұрық гипоксиясы

***

Созылмалы гемотогенді – диссеминациялық өкпе туберкулезі бар жүкті әйелдерге дәрігер тактикасы://

арнамалы терапия фонында 35 апталық мерзімде жүктілікті үзу//

+ 12 аптаға дейін жүктілікті үзу//

жүктілікті сақтау және акушер-гинекологтың бақылауы//

жүктілік аяғына дейін туберкулезге қарсы ем жүргізу//

хирургиялық емге жолдау, жүктілікті жалғастыру

***

Босанудан кейін эндометрийдің қайта қалпына келудің физиологиялық уақыты: //

10–15 күн//

2–3апта//

4–5 апта//

+ 6–8 апта//

9–10 апта

***

Босанғаннан кейінгі мерзімдегі лохиометра мен эндометриттің екшелеу анықтауы: //

жатыр субинволюциясы//

қанды бөліністер//

дене қызуының жоғарылауы//

іріңді бөліністер//

+ қалтыраудың және гипертемияның болмауы

***

32 жастағы босанған әйел, босанғаннан кейін 3 тәулікте іштің төменгі жағындағы ауырсынуға, ќалтырауға, басының ауруына, дене ќызуының 39°С дейін жоғарылауына шағымданады. Босану кезінде бала жолдасының жартылай тығыз бекуіне байланысты бала жолдасы қолмен шығарылды. Анамнезінде бір босану және екі медициналық аборт, созылмалы пиелонефрит. Сүт бездері сәл қатайған. Қандай диагноз болуы мүмкін: //

жедел респираторлыќ ауруы//

+ эндометрит//

лохиометра//

созылмалы пиелонефриттің өршуі//

мастит

***

Неонатальді сепсистің негізгі себебі: //

сandida albicans//

цитомегаловирус//

+ В-тобындағы гемолитикалық стрептококк//

стафилококк//

листериоз

***

Нәрестелердің аурушаңдығының жоғары болуының негізгі себебі: //

+ гипотермия//

шала туылу//

мерзіміен кеш туылу//

кіндік қалдықтарына дұрыс қарамау//

ана сүтімен емізбеу

***

Нәрестелердің гемолитикалық ауруының дамуы қандай патогенетикалық процесстермен қамтамасыз етеді: //

тамырлардың жайылған түйілуінің себебінен қан тамыр қабырғасының өткізгіштігі бұзылып, тін аралығына қанның сүйығының жиналуы//

анемия дамуымен эритроциттердің пішінінің өзгеруі//

организмде темір жетіспеушіліктің себебінен гемоглобин мен эритроциттердің деңгейінің төмендеуі//

протопорфириннің синтезінің бұзылысынан гемоглобин мен байланысы жоқ темірдін жиналуы//

+ эритроциттердің айқын ыдырауы (гемолиз) және симптомдар (ісік, сарғаю, анемия), гемолиздің өнімдерінің ұрыққа және нәрестелерге токсикалық әсері

***

Аналық без апоплексиясы бұл: //

+ аналық безден жедел қан кету, аналық без жарылуы//

аналық без тканінің іріңді балқуы (пиовар) //

аналық бездің қанмен ќамтамасыз етуінің жедел бұзылысы//

аналық без тканінің некрозы//

аналық бездің айналып кетуі

***

Гормоналдық контрацептивтердің негізгі әсерінің механизмі: //

абортивтік нәтиже//

+ овуляцияның тежелуі//

жатыр түтігі перистальтикасының бұзылысы//

эндометрийдің атрофиясы//

цервикалдық кілегейдің қоюлануы

***

Симптомдар аменорея, семіздік, гирсутизм, бедеулік және поликистозды аналық бездерді қай ауруға тән: //

Киари-Фроммель синдромы//

Шихан синдромы//

+ Штейн-Левенталь синдромы//

Симмондс синдромы//

Тернер-Шершевский синдромы

***

Ауру 25 жаста, бұрын босану болмаған, екіншілік жыныстық белгілердің жетілуі нашар, жатыр гипопластикалық, аналық бездер кішірейген, менструациясы ауырсынумен, нейро-эндокриндік өзгерістер жоқ. Диагнозыңыз: //

гонадалардың дисгинезиясы//

ювенильдік гипоталамикалық синдром//

туа біткен эндометриоз//

+ жыныстық инфантилизм//

Штейн-Левенталь синдромы

***

Медициналық аборт кезінде көп мөлшерде қан кету, жатыр мойнының жүктілігі деген диагноз қойылды. Дәрігердің тактикасы?//

кюреткемен ұрық элементтерін тездетіп алу//

саусақпенен ұрық элементтерін алуға тырысу//

+ лапаротомия, жатыр экстирпациясы//

ұрықты вакуум-экскохлеатора жолыменен алу//

өздігінен аборт болады

***

26 жастағы әйелде етеккір тоқтағаннан 10 күннен кейін толғақ тәрізді ауырсыну сосын қанды боліністер пайда болды. Қандай патология туралы ойлауға болады?//

+ жатырдан тыс жүктілік//

эндометрийдің безді-кистозды гиперплазиясы//

басталған түсік//

жатыр мойнының полипі//

эндометриоз//

***

Симптомокомплекс: Дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, қалтырау, қанды-іріңді бөліністер, жатырдың ауырсынуы, жатырмаңы шел-майының инфильтрациясының болмауы, ұрық жұмыртқасының элементтері іріңді ыдыраған жағдайда, бұл тән:

плацентарлы полип//

толық емес өздігінен түсік//

+ толық емес асқынбаған инфицирленген түсік//

толық емес асқынған инфицирленген түсік//

толық түсік

***

Эстрогендерді трансдермальды жолмен енгізу: //

+ тәулік бойы қанда эстрадиолдың мөлшерінің өзгеруін төмендетеді және эстрогендердің бауыр арқылы өтуі болмайды//

сүт бездерінде гиперпластикалық процесстердің болмауын қамтиды//

эндометрийде гиперпластикалық процесстердің болмауын қамтиды//

ФҚГ және ЛҚГ цирхоральдік шығуын қамтиды//

цикл бойынша қанда ФҚГ базалдік деңгейін қамтиды

***

Жатырдан тыс жүктілік кезінде лапаротомия жасағанда, қандай жағдайда әйел қанының реинфузиясын жасауға болады? //

әйелдің айқын анемизациясы және мекемеде қан қорының болмауы//

іш қуысында қанның болуына 12 сағаттан ұзақ уақыт өткен жоқ, дене қызуы көтерілмеген//

қан ұйындыларымен//

+ іш қуысында қанның болуына 4-5 сағаттан ұзақ уақыт өткен жоқ//

іш қуысында қан болса, әр уақытта да жасалады

***

Қынап арқылы зерттегенде науқаста анықталды: сыртқы ернеуі жабық, жатыр сәл ұлғайған, жұмсарған. Оң жақ қосалқыларында жұмсақ, ауырсынатын түзіліс анықталады, жатыр мойнын қозғаған кезде ауырсынады. Мүмкін диагноз: //

оң жақ аналық без апоплексиясы//

+ үдемелі жатырдан тыс жүктілік//

оң жақ жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну процесінің өршуі//

оң жақ аналық без кистомасы//

оң жақты тубоовариальды түзіліс

***

Жатырдан тыс жүктілік кезінде жатыр қуысынан алынған қырындыда гистологиялық анықталады: //

секреция фазасындағы эндометрий//

пролиферации фазасындағы эндометрий//

хорион бүрлері//

+ хорион бүрлерінсіз децидуальды тін//

ұрық жұмыртқасы бөліктері

***

Түтіктік аборттың негізгі клиникалық симптомын таңдаңыз: //

іштің төменгі бөлігінің тұраќты ауруы, есінен тану, АҚҚ төмендеуі, жыныс жолдарынан қанды бөлініс//

+ іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырғандығы, ұстама арасындағы үзілістер, жүрек айну, жыныс жолдарынан қанды бөліністің бөлінуі, жалпы жағдайы өзгермейді//

іштің төменгі бөлігінің сыздап, тұйық ауырғандығы құйымшаққа, санға, тік ішекке беріледі, қанды бөлініс, жалпы жағдайы өзгермейді//

қанды бөлініс, тік ішекке берілетін іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауруы, есінен тану, дене қызуының жоғарылауы//

есінен тануына әкелетін ішінің төменгі бөлігіндегі кенеттен ауруы, тік ішектегі қысымды сезіну, қанды бөлініс

***

Эндометриоидты кистада жабысу процесінің пайда болуы немен байланысты? //

бірге өтетін қабыну процесімен//

ошақтарда етеккір қанының тез толуымен//

көрші мешелер қызметінің бұзылысымен//

ошақтардың жатырдың кең байламалы жапырықшалар арасында орналасуымен//

+ етеккір кезінде эндометриоидты ошақтардың микроперфорациясымен

***

28 жасар науқас іштін төменгі жағында ауырсынуна, етеккір келгенде күшеюіне шағымданады. Етеккірдің алдында және соңында қоңыр аз мөлшерді қан бөліністер байқалады, бедеулік бес жыл бойы. Анамнезінде бір түсік жүктіліктін 5-6 апталығында. 20 жасында аналық безінін кистасы жарылуына байланысты оң жақ аналық безінің резекциясы жасалды. РV: жатыр мойны цилиндр тәрізді, жатыр anteflexio қалпында, қозғалысы шектелген, мөлшері қалыпты, ауырсынусыз. Жатырдын артқы және оң жағында ісік анықталады, мөлшері 8,0 х 8,0 см, консистенциясы тығыз эластикалық, қозғалысы шектелген, жатырдың артқы бетіне бекіген, орташа ауырсынады. Лапаротомия кезінде ісік шоколад түсті. Диагнозыңыз? //

оң жақтық түтіктік жүктілік//

субсерозды жатыр миомасы//

жабысқақ ауруы//

+ оң жақ аналық бездін эндометриоидті кистасы//

оң жақ аналық бездін рагы

***

25 жастағы пациентка учаскілік гинекологқа келді. Анамнезінде етеккірі 14 жастан, 6-7 күннен, ретті, ауырсынусыз. Бүгін етеккір циклының 16 күні. Жыныстық өмірі 20 жастан, ретсіз, некеде жоқ. Бірінші жүктілігі – 1 жыл бұрын, медициналық аборт, асқынусыз. Тиімді контрацепция әдісін таңдаңыз: //

+ презервативтер//

ЖІС «Мирена» //

норплант//

ЖІС «Т-Cooper 380-А» //

«Диане-35» //

***

25 жастағы әйел гениталийдың туберкулезімен ауырып жазылды, қандай контрацепция әдісін ұсынасыңыз//

ЖІС, КОК//

презервативтер, ЖІС//

+ презервативтер, КОК//
спермицидтер, КОК,ЖІС//
инертік ЖІС, таза гестагендік инъекциялық контрацептивтер

***

20 жастағы әйел “әйелдер кенесіне” жыныс жолынан іріңді бөліністің бөлінуіне шағымданып келді. Айнамен ќарағанда ќынаптың кілегейі ќызарған. Жатыр мойнында беткейі жұмсаќ аќшыл-ќызыл түсті эрозия аныќталды, контактіде ќан кетеді. Сіздің тактикаңыз: //

Наши рекомендации