Стандарт «Көмекшінің көмегімен операциялық медбикеге зарарсыздандырылған халатты кигізу техникасы».
Хирургиялық аурулар» пәні бойынша мамандық стандарттар
V.I.Асептика және антисептика
5.1.стандарт «С-4 қосындымен қолды өндеудің техникасы» (первомур)
Мақсаты: операция алдында қолды залалсыздандыру. Қосынды қолды және операциялық алаңды залалсыздандыруға арналған.
Ресустар:2,4% первомур ерітіндісі, сабын, зарасыздандырылған сулық, легенге салынатын фишкалар.
Ескерту: С-4 ерітіндісі 33% сутегін асқын тотығы (171мл), 85% құмырсқа қышқылы (81мл), дистилденген судан (10л дейін) құралған; 1,5 сағатқа тоңазытқышқа қойылады; 2,4% первомур ерітіндісін дайындау үшін негізгі ерітінді 10л суға қосылады.
Істің алгоритмі:
1.Ағынды суға қолдарды 1мин саусақтардың басынан бастап білектің ортасына дейін жуу.
2. Зарасыздандырылған сулықпен қолдарды құрғату.
3.2,4% первомур құйылған легенге қолдарды салу.
4.1мин қолдарды өндеу: 30сек білектерге дейін, кейін 30сек тек қана білезікке дейін.
5.1 фишканы легеннен алып тастау. 5 литрлік легенде, ерітіндіні ауыстырмай, 10 адамға қол жууға болады.
6.Зарасыздандырылған сулықпен қолдарды құрғату.
Ескерту: өндеудің алдында керекті ережелерді сақтап, қолдарды мұқият жуу қажет:
-тырнақтарды қысқартып қию (микробтың 90% тырнақтардың астында орналасады); теріде жарылу, қабыну болмау қажет;
-саусақтарда сақиналар болмау қажет;
-қолжуғыш арнайы болу қажет (шынтақпен ашылатын);
-жуған кезде су саусақтардан білекке қарай ағу қажет;
-басында сол қолдың, кейін оң қолдың саусақтарының алақан, кейін сыртқы жақтарын, саусақаралықтарын, тырнақтардың айналасын жуу қажет;
-сол қолдың, кейін оң қолдың алақан, сыртқы жақтарын жуу;
- сол қолдың, кейін оң қолдың білезік буынның аймағын, білектерді жуу;
-осы кезекті сақтап зарасыздандырылған сулықпен қолдарды құрғату.
стандарт «Көмекшінің көмегімен операциялық медбикеге зарарсыздандырылған халатты кигізу техникасы».
Мақсаты: операция кезеңінде асептикалық жағдай жасау.
Ресурстар: зарарсыздандырылған киімдер және операциялық материалдар салынған бикс, қолдарды залалсыздандыруға арналған ерітінді.
Істің алгоритмі:
1.Биксті арнайы орындыққа қойып, бекіту.
2.Бикстің зарарсыздандырылғанын таңбаламасына, сыртқы түріне қарап тексеру (яғни зарарсыздандырылған күнін оқып алу).
3.Тепкіш арқылы биксті ашу, зарарсыздандыруды көрсететін индикаторларын алып шығып, оларды тексеру (езілген түрде болу қажет).
4.Бикстен халатты жағасынан сол қолмен алып (созылған қолға жайғанда, оның сырты маңайындағы заттармен түйіспеу қажет) оң қолға кигізу.
5.Кейін жағасынан оң қолмен ұстап, сол қолға кигізу.
6.Екі қолды бірден алға созып, жіптерін байлау; олардың шеттерін жеңдердің астына еңгізу.
7.Санитар арқа жағынан жоғарғы жіптерін байлайды.
8.Халаттың қалтасынан белбеуді алып, 30-40см алға созып, шеттерін санитарға беру.
9.Қалтадан, жіптерінен ұстап, зарарсыздандырылған масканы алып шығу. Масканы бетке жақандатып, шеттерін санитарға беру. Санитар, байлағанда, залалсыздандырылған қолдарға тиіспеу қажет.
Ескерту: залалсыздандырылған халат қолдар өнделгеннен кейін киіледі!
5.3. стандарт «Хирургті киіндіру техникасы»
Мақсаты: операция кезеңінде асептикалық жағдай жасау.
Ресурстар: зарарсыздандырылған киімдер және операциялық материалдар салынған бикс, қолдарды залалсыздандыруға арналған ерітінді.
Істің алгоритмі:
1.Биксті арнайы орындыққа қойып, бекіту.
2.Бикстің зарарсыздандырылғанын таңбаламасына, сыртқы түріне қарап тексеру (яғни зарарсыздандырылған күнін оқып алу).
3.Тепкіш арқылы биксті ашу, зарарсыздандыруды көрсететін индикаторларын алып шығып, оларды тексеру (езілген түрде болу қажет).
4.Бикстан халатты жағасынан алып, ішкі жағын хирургқа қаратып, жеңдерін кигізу.
5.Халатты хирургтың иығына лақтырған әдіспен салу.
6.Санитар халаттың артқы жіптерін байлайды.
7.Жеңінің жіптерін байлау.
8. Халат қалтасынан белбеуді алып, 30-40см алға созып, шеттерін санитарға беру.
9.Қалтадан, жіптерінен ұстап, зарарсыздандырылған масканы алып шығу. 10.Масканы бетке жақандатып, шеттерін санитарға беру.
11.Санитар масканың жіптерін байлап береді.
Ескерту: залалсыздандырылған халат қолдар өнделгеннен кейін киіледі!
5.4. стандарт «Филончиков-Гроссих әдісімен операциялық алаңын өндеу техникасы»
Мақсаты: операциялық алаңды залалсыздандыру.
Ресурстар: қауіпсіз ұстара, йодонаттың 1% ерітіндісі, зарарсыздандырылған мақта тампондар, пинцет, 70% спирт.
Істің алгоритмі:
1.Йодонаттың 1% ерітіндісіне малынған салфетканы алу.
2.Операциялық алаңды тілінетін жерден бастап шетке қарай 2 рет йодонаттың 1% ерітіндісімен өндеу.
3. 70% спиртке малынған салфетканы алу.
4. Операциялық алаңды тілінетін жерден бастап шетке қарай 2 рет 70% спиртпен өндеу.
5. Операциялық алаңды зарарсыздандырылған материалдармен қоршап, йодонаттың 1% ерітіндісімен, 70% спиртпен өндеу.
6.Тігіс салуға дейін және кейін теріні йодонаттың 1% ерітіндісімен өндеу.
Ескерту:
-1 күн бүрын науқасқа жалпы гигиеналық ванна жасау;
-іш киімдерін, төсекті ауыстыру;
-операция жасалатын күні таңертең операциялық алаңды құрғақ әдіспен қыру;
-операцияға 30мин қалғанда науқасты шешіндіру;
-басына орамал тәрізді таңғыш кигізу;
-аяқтарына бахил кигізу;
-науқасты каталкаға жатқызу;
-операциялық бөліміне жеткізу.
V.II.Қансырау.
5.5. стандарт «Артериалды қан ағуда резеңке жгут салу техникасы»
Мақсаты: артериалды қан ағуды тоқтату.
Көрсеткіштер: артериалдық қан ағу.
Ресурстар: Эсмархтың резеңке жгуті, зарарсыздандырылған қолғап, үлкен салфетка немесе сулық, таңғыш материалдар, қалам, қағаз.
Іс алгоритмі:
1.Науқасты тексеріп тыныштандыру, жатқызу.
2.Науқастың жағдайын, жараны бағалау.
3.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.
4.Қолдарды спиртпен өндеу.
5.Қолғапты кию.
6.Артерияны саусақпен сүйекке басу.
7.Аяқ-қолды көтеріңкі қалыпқа келтіру.
8.Жарақаттанған аяқ-қолды қанаған жерден жоғары салфеткамен немесе сулықпен орау.
9.Жгутті қатты созып, сонымен жарақаттанған аяқ-қолды қан тоқтағанша орау.
10.Келесі орамдар, ұйқыштанбай және теріні жарақаттамай, бірінші орамның ½ немесе 1/3 бөлігін жауып түру қажет.
11.Жгуттің бос шеттерін ілгек арқылы бекіту.
12.Жгут салудың сапасын тексеру (бүраудан төмен пульстің болмауы, қан ағудың тоқтауы, терінің бозаруы).
13.Жгут салудың уақытын жазып, сол қағазды жгуттің астына қыстыру.
14.Науқасты жатқызып тасымалдау.
Ескерту:
-жгут 1,5-2 сағатқа салынып, әрі 30мин босатылады;
-босатылған кезде артерия саусақпен басылады;
-балаларға жгут 1 сағатқа салынады;
-жгутті таңғыштың немесе киімнің астында жасыруға болмайды;
-суық ауа райы кезінде жгут 1 сағатқа салынады, аяқ-қолды жылы орап, қызыл таңба байланады;
-резеңке жгуттің орнына белбеуді қолдануға болады.
5.6. стандарт «Қысатын таңғыш салудың техникасы»
Мақсаты: көк тамырдан және капиллярлардан аққан қанды тоқтату, бастың жұмсақ үлпаларынан аққан қанды тоқтату.
Ресурстар: зарарсыздандырылған салфеткалар, зарарсыздандырылған қолғап, йодонаттың 1% ерітіндісі, дәке-мақта тампоны, бинт, антисептик ерітіндісі, 2 пинцет, спирт, ауырсынуды басатын дәрмектер, КБУ шөлмек.
Іс алгоритмі:
1.Қолдарды спиртпен өндеу.
2.Қолғапты кию.
3.Науқасты тексеріп тыныштандыру, жатқызу.
4.Науқастың жағдайын, жараны бағалау.
5.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.
6.Науқасты жәйлі жатқызу. Жара өндеуге ыңғайлы жағдайда болу қажет.
7.Жараның шеттерін йодонаттың 1% ерітіндісімен өндеу.
8.Жараны салфеткамен құрғату.
9.Жараның үстін зарарсыздандырылған салфеткамен жабу.
10.Салфетканың үстіне дәке-мақта тампонды салу.
11.Тампонды бинт таңғышпен бекіту (жараның орналасуына қарай).
12.Науқасты ауруханаға тасымалдау, ҚҚ, пульсті, есін, таңғышты бақылап отыру.
13.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.
Ескерту:
-қысатын таңғыш көк тамырдан және капиллярлардан қан кеткенде қолданылады;
-алғашқа көмек ретінде қолданылады.
5.7. стандарт «Бұрау салудың техникасы»
Мақсаты: артериалды қан ағуды тоқтату.
Көрсеткіштер: артериалдық қан ағу.
Ресурстар: салфетка, таяқша, қағаз, резеңке қолғап, таңғыш материалдар, бинт, КБУ шөлмек.
Іс алгоритмі:
1.Науқасты тексеріп тыныштандыру, жатқызу.
2.Науқастың жағдайын, жараны бағалау.
3.Іс-шаралардың мақсатын, негізін науқасқа түсіндіру.
4.Аяқ-қолды көтеріңкі қалыпқа келтіру.
5.Қолдарды спиртпен өндеу.
6.Қолғапты кию.
7.Бұрау салынатын жерге жарадан жоғары салфетканы орнату.
8.Салфетканың шеттерін байлау.
9.Таяқшаны салфетканың шеттерінің арасына еңгізіп, қан тоқтағанша және пульс жоғалғанша бұрау.
10.Таяқшаның бос шетін таңғышпен бекіту.
11.Жараны өндеп асептикалық таңғыш салу.
12.Бұраудың астына салынған уақытын жазып қыстыру.
13.Науқасты зембілге жатқызып тасымалдау.
14.Қолғапты шешіп КБУ шөлмекке салу.