Жіті ішек инфекциялары. Тағамдық токсикоинфекция. Эксикоз,балалардағы ерекшеліктері. Ботулизм.

#1*!Тағамдық токсикоинфекция кезіндегі ЕҢ ТӘН симптом:

А. құсу

В. қанды диарея

С. ұзақ уақытты қызба

Д. эпигастриде тодғақ тәріздес ауырсынулар

Е. сигма тәрізді ішектің түйілуі мен ауырсыну

#2*!Тағамдық токсико-инфекция кезіндегі дегидратациялық шоктың симптомдары

А. артериялдық қысымның төмендеуі

В. басішілік гипертензия

С. аяқ-қол бұлшық еттерінің тырысуы

Д. ішектен қан кету

Е. терінің қышуы

#3*!Вирусты гепатитке тән белгі

А. ұлғайған бауыр

В. ұлғайған лимфатүйіндер

С. Филатов-Коплик дақтары

Д. Керниг симптомы оң

Е. мұрын-еріндік үшбұрышы бозарған

#4*!Науқас 30 жаста. Әлсіздікке, ұстама тәрізді іштің ауру сезіміне шағымданды. Ауырғанына екінші күн. Дефекация тәулігіне 10-12 рет. Нәжісі шырыш пен қан аралас. Дене температурасы 38,7°С. Іш пальпациясы кезінде сол жақ мықын аймағындағы ауру сезімі бар.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

А. жедел гастрит

В. жедел панкреатит

С. жедел аппендицит

Д.жедел энтероколит

Е. жедел гастроэнтерит

#5*! Науқас С 30 жаста, әлсіздікке температурасының 39,4°С дейін жоғарылауына,іштің төменгі бөлігіндегі ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданды. Түнде нәжісі 15 ретке дейін, нәжісі қан және шырыш аралас.Эпиданамнезінде: азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс істейді. Қарау кезінде: тілі құрғақтау, жабындымен көмкерілген, іші жұмсақ, пальпацияда сол жақ мықын аймағы ауру сезімді. Сигма тәрізді ішек спазмы, аурусыну бар. Тексерілген нәжіс «шырыш шалшығы» тәрізді, қан аралас

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

А. жедел гастрит

В. жедел панкреатит

С. жедел аппендицит

Д.жедел энтероколит

Е. жедел гастроэнтерит

#6*! Науқас А, 14 жаста. Жедел ауырған, көп мөлшердегі сұйық нәжіс,қайталамалы фонтан тәрізді құсу. Т 35,40С, жағдайы өте ауыр, енжар, адинамия, сұйықтан бас тартады. Терісі сұр, құрғақ, жазылмайтын қатпарларға жиналады. Шырышты қабаттары құрғақ. Пульс және АҚ анықталмайды. ТАЖ 28 рет минутына. Іші тартылған, пальпацияда ауырсынусыз, ішек бойымен шұрылдау естіледі.Анурия.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

А. туляремия

В. тырысқақ. Эксикоз II дәр.

С .сальмонеллез. Эксикоз IIдәр.

Д. тағамдық токсикоинфекция. Эксикоз Iдәр.

Е.ЖІИ. Жедел гастроэнтерит. Эксикоз IIIдәр. Гиповолемиялық шок

#7*!50 жасар науқаста тағамға үйде жасалған етті консервілерді қолданғаннан соң 2 сағаттан кейін қалтырау, бас айналу, эпигастрий аймағындағы кескен тәрізді ауру сезімі, қайталамалы көп мөлшердегі құсу, тағы 2 сағаттан кейін жиі сұйық жағымсыз иісті нәжіс пайда болды. Ұқсас, бірақ аурудың жеңіл көрінісі тура осы консервіні қолданған науқастың әйелінде байқалды.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

А. тырысқақ

В. туляремия

С. дизентерия

Д. сальмонеллез

Е тағамдық токсикоинфекция

#8*!Ер адам үйде консервіленген саңырауқұлақтарды тағамға қолданған. 5 сағаттан соң ішінде ұстама тәрізді ауру сезімі, жұтынудың қиындауы, ауызының құрғауы, даусының қырылдауы, мыңғырлау, көзінің алдында екеулену, тұмандану.

Ең ЫҚТИМАЛ диагноз?

А. энтерит

В. ботулизм

С. сальмонеллез

Д. жедел гастрит

Е. тағамдық токсикоинфекция

#9*! Бала 5 жаста, тамақтан бас тартуға, іштегі ауру сезіміне, тәулігіне 2-4 рет сұйық нәжіске, құсуға, бөртпелерге шағымданды.Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, интоксикация симптомдры, терісі бозғылт, папулезді бөртпелер, «қолғап» пен «шұлық» симптомдары, эксикоз айқындалмаған, нәжісі 3-4 реттәулігіне, көп рет, қоңыр-жасыл түстес, жағымсыз иіспен.

Ең мүмкін болжама ДИАГНОЗ:

А. қызылша

В. қызамық

С. иерсиниоз

Д. жаншәу

Е. сальмонеллез

#10*!Бала 5 жаста, шағымы тамақтан бас тартуына,ішінің ауруына,ішінің өтуіне2-4 ретке дейін,құсуға,бөртпеге.Объективті: жағдайы орташа ауырлықта,интоксикация белгілерімен,терісі бозарған,бөртпесі папулезді, «қолғап» және «шұлық» симптомдары бар эксикоз белгілері анық емес,іші 3-4 өткен,көп мөлшерде,жасыл түсті,жағымсыз иіспен.

Жедел жәрдем дәрігерінің ең дұрыс тактикасы:

А. асқазан жуу

В. емханаға жіберу

С. аға дәрігерге хабарлау

Д. инфекциялық бөлімшеге жіберу

Е. еміне кеңес беріп және үйде калдыру

#11*!Нақас Үндістаннан келген.Жедел ауырған,ауру жиі сулы іш өтумен және көп мөлшердегі сулы құсықпен басталған.Дене қызуы 35,1С .Терісі құрғақ,серпінділігі төмендеген.Көрінетін кілегейлі қабаты құрғаған.Бет пішіні солған.АҚ70/40мм.с.б.ЖСЖ115рет минутына.Жүрек үні әлсіз.Дауысы қарлыққан.Кіші дәретке бармаған.

Ең негізгі жедел көмекті атаңыз:

А. диуретиктер

В. антибиотиктер

С. құсыққа қарсы дәрілер

Д. глюкоза-тұзды ерітінді көк тамырға

Е. стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер

#12*!Науқас34 жаста, шағымдары өте сұйық іш өтуге және сұйық құсуға,әлсіздікке,басының айналуына. Объективті:жағдайы өте ауыр,шырышты қабаттарының құрғауы,көз алмасы шүңірейген,бет пішіні солған.тері тургоры төмендеген, «кір жуатын қол»,тері қатпары баяу жазылады.Аяқ-қолдары суық,дене қызуы 35,8С,пульсі жіп тәрізді,130рет минутына,АҚ60/30мм.с.б.Үлкен дәреті сұйық,сулы,күріш қайнатпасы тәрізді,кіші дәреті болмаған

Ең негізгі жедел көмекті атаңыз:

А. диуретиктер

В. антибиотиктер

С. құсуға қарсы дәрі

Д. глюкоза-тұзды ерітінді көк тамырға

Е. стеройдты емес қабынуға қарсы дәрілер

#13*!ДИЗЕНТЕРИЯ КЕЗІНДЕ ГОСПИТАЛЗАЦИЯЛАУҒА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШ

А. жасы

В. аурудың ауырлық ағымы

С. жатаханада тұру

Д. қанағаттанарлық жағдай

Е. қосыммша ауруларының болуы

F. қоғамдық тағамдану жұмысында істейтін

#14*! ЭКСИКОЗДЫҢ I ДӘРЕЖЕСІН АНЫҚТАЙТЫН ЕҢ АЙҚЫН СИМПТОМ

А. көп мөлшерде су ішу

В. естің бұзылысы

С. нашар анықталатын пульс

Д. 25%дене салмағын жоғалту

Е. айқын әлсіздік, адинамия

F. шырышты қабаттың шамалы құрғауы

#15*!ТАҒАМДЫҚ ТОКСИКОИНФЕКЦИЯДАҒЫ ШҰҒЫЛ КӨМЕК

А. зәр айдайтын

В. антибиотиктер

С. спазмолитиктер

Д. глюкокортикоидтар

Е. асқазан жуу

F.регидратациялық терапия

Жауап эталондары

 
А   А А Д Д Е Е В С Д Д Д С,F A.F E.F

Наши рекомендации