Сабақтың мазмұны
- өз бетімен атқаратын жұмыс (ситуациялық тапсырманы шешу, тестілік сұрақтарды орындау, әдістемелік материалды оқу);
- оқытушымен жұмыс (жеке немесе топпен, өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талдау);
- бастапқы және қорытынды білім деңгейін тексеру (тест, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар).
8. Әдебиеттер:
а/ негізгі
1. Беляков В.Д., Яфаев Р.Х. Эпидемиология.- М.: Медицина, 1989. - 416 с.
2. Ющук Н.Д., Жогова М.А. Эпидемиология. - М.: Медицина, 1993. - 333 с.
б/ қосымша
1. Черкасский Б.Л. Инфекционные и паразитарные болезни человека. Справочник. - М.: Медицина, 1994. - 616 с.
9. Үй тапсырмасы(календарлық жоспарға сәйкес келесі сабаққа әдістемелік нұсқауды қара).
10. Қосымшалар тізімі:
1 қосымша. Бастапқы білім деңгейіне арналған тестілік сұрақтар
2 қосымша. Бастапқы білім деңгейіне арналған бақылау сұрақтары
3 қосымша. Ақпараттық-дидактикаллық блок
4 қосымша. Қорытынды білім деңгейіне арналған бақылау сұрақтар
5 қосымша. Қорытынды білім деңгейіне арналған тестілік сұрақтар
6 қосымша. Өз бетінше дайындалуға арналған ситуациялық есептер
1 қосымша
Бастапқы білім деңгейіне арналған тестілік сұрақтар.
1. Жұқпалы аурулардың көзі - бұл:
А. генофонд біріктірген, жануарлардың жиынтығы
Б. сырқаттылығы жоғары көрсеткіші бар ұжым
В. зақымдалған адамдар мен жануарлар
Г. табиғи биоценоз
Д. қоздырғыштың табиғи өмір сүру ортасы
2. Антропоноздардағы инфекция көзін таңдаңыз:
А. кеміргіштер
Б. бүргелер
В. ауру адам
Г. жәндіктер
Д. су
3. Зооноздағы инфекция көзін таңдаңыз:
А. биттер
Б. жануарлар
В. адам
Г. азық-түлік
Д. су
4. Сапроноздар - бұл инфекциялар, резервуары болып саналады:
А. адам
Б. жануар
В. өсімдіктер
Г. абиотикалық орта
Д. жәндіктер
5. Қоздырғыштың берілу механизмін таңдаңыз:
А. су
Б. парентеральді
В. аэрозольді
Г. тағам
Д. алиментарлы
6. Инфекцияның берілу факторын көрсет:
А. кеміргіштер
Б. ауру адам
В. бактериотасмалдаушы
Г. үй жануарлар
Д. су
7. Ішек инфекцияда қоздырғыштың берілу жолын көрсет:
А. ауа-тамшы
Б. фекальді-оральді
В. су
Г. вертикальді
Д. трансмиссивті
8. Антропоноздар - бұл инфекциялар, инфекция көзі боп саналады:
А. адам
Б. жануар
В. су
Г. азық-түлік
Д. жәндіктер
9. Қан инфекцияларда қоздырғыштың берілу факторын таңдаңыз:
А. кеміргіштер
Б. құстар
В. биттер
Г. шыбындар
Д. тарақандар
10. Ие популяциясының эпид.белгісін таңдаңыз:
А. патогенділік
Б. қабылдағыштылық
В. манифестілік
Г. контагиозділік
Д. иммуногенділік
Студенттердің білімін бағалау критериялары:
"Өте жақсы" - 10 сұраққа дұрыс жауап берсе
"Жақсы" - 9 сұраққа дұрыс жауап берсе
"Қанағаттанарлық" - 8 сұраққа дұрыс жауап берсе
"қанағаттанарлықсыз" - 8 сұрақтан төмен
2 қосымша