Биологиялық ырғаққа байланысты ағзаға дәрілік заттың әсері

Жоспар

· Кіріспе

· Физиологиялық қызмет үшін тәуліктік ырғақтың маңызды.

· Негізгі бөлім

· Хронофармакология туралы түсінік

· Биологиялық ырғаққа байланысты ағзаға дәрілік заттың

· әсері

· Қорытынды

· Қолданылған әдебиеттер

Сергектік пен ұйқының ауысуы жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне және оған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Бұл өз кезегінде ағзаның әртүрлі заттарға сезімталдығымен көрінеді. Фармакологиялық әсердің тәуліктік ырғаққа тәуелділігін хронофармакология зерттейді.

Хронофармакология – дәрілік заттардың еңгізілген уақытына байланысты фармокодинамика және фармококинетиканың көрсеткіштерінің өзгеруін зерттейді. Фармакологияның бір саласы. Хронофармакодинамика және хронофармакокинетиканың орнына маңызы бойынша ұксас екі термин- «хронестезия»-тәуліктің әрбір уакытында затқа сезімталдық және «хронокинетика»-тәулік ырғағынан фармакокинетикалық сипатының тәуелділігі ұсынылған.

Негізгі міңдеті:

· Фармакологиялық әсердің биологиялық ырғаққа қатысты әр түрлі әсерлерін зерттеу.

· Дәрілердің ағзалар қызметіне ырғақтық әсерін бағалау.

Негізгі мақсаты:

· Фармакотерапияның әсерін күшейтіп, оның кері әсерлерін азайту.

Биологиялық ырғақтардың 3 түрін ажыратады:

· Жоғары жиілікті ырғаққа – мсекундтан 30 минутқа дейінгі биологиялық ырғақты қамтиды.

· Орта жиілікті ырғаққа – 30 минуттан 6 тәулік аралығын қамтиды.

· Төменгі жиілікті ырғаққа апта, ай, жылдар аралығын қамтиды.

· Десинфоноз деп – адам организм ырғағының дисбалансы.Бұл көбіне күн тәртібінің өзгеруі, алкоголь, тәуліктік жұмыс жоспары, бірнеше сағат белдеулерінен ұшып өткенде және т.б. пайда болады.

· Симптомдары: ұйқының бұзылуы, бас ауру, масаздық және т.б.

· Хронофармакологияның 4 әдісі бар:

· Алдын алу әдісі – дәрілік затты еңгізгенде оның құрамы ағзада немесе қан плазмасында акрофаза деңгейіне жету үрдісі.

· Білдірмей әсер ету әдісі- дәрілік затты батифаза кезінде еңгізу, дәрі мен ағзаның әсер ету дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді.

· Имитация әдісі бұл әдіс сау адамның биологиялық ырғағына байланысты қан және тін құрамдарының концентрациясының өзгерісіне байланысты.

· Байланысу әдісі – біруақытта паталогиялық ырғақтарды тоқтады және дәрілер көмегімен ритмді қайта қалыптандырады.

Биологиялық ырғаққа байланысты ағзаға дәрілік заттың әсері

· Биологиялық ырғақ немесе «циркадтық (тәулікке жуық) ырғақтар» (латын тілінен circa - жуык, dies - күн). Биологиялық процестердің 20-28 сағат аралығында циклдік ауытқуы туралы айтылады.Әсері максималды белсенділік кезінде байқалады, адамдарда -күндізгі уақытта, түңгі жануарларда - қараңғы уақытында. Атап айтқанда, адамдарда ауыру сезімін басатын зат морфин таңертеңге немесе түнге қарағанда күннің екінші жартысының басында көбіне белсенді болады.

· Тәулік уақытына байланысты заттың әсері сандық өзгеріп қана қоймай, сондай-ақ сапалық та өзгереді. Көпшілік жағдайларда олардың айқындығы басым

· Анальгетикалық белсенділігі бар эндогенді пептидтердің (энкефалиндер, эндорфиндер) өндірілуінің де тәуліктік ауытқуы байқалған.

· Стенокардия кезінде нитроглицерин күннің екінші жартысына қарағанда көбіне таңертең тиімді.

· Тәуліктік ырғаққа байланысты заттың уыттылығы да айтарлықтай өзгереді. Мысалы,жануарларға зерттеу жүргізгенде уытты мөлшерде фенобарбиталдың леталдық әсері тәуліктің әрбір уақытында 0-ден 100%-ке дейін ауытқиды.

· Фармакокинетикалық параметрлер де тәуліктік ырғаққа тәуелді болады. Мысалы, адамдарда саңырауқұлақтарға қарсы гризеофульвин препаратының көбірек сіңуі шамамен күндіз сағат 12-де жүреді. Тәулік ішінде заттардың (мысалы, гексобарбиталдың) метаболизмінің қарқыны да өзгереді.Тәулік уақытына байланысты бүйрек қызметі және олардың фармакологиялық заттарды шығару қабілеті де айтарлықтай өзгереді.Адамдарда фенамин, әсіресе оның жоғарғы мөлшері таңертең ертемен бүйрек арқылы бөлінетіні көрсетілген ,бұл зәрдің рН-ның ауытқуына байланысты болуы керек. Литий препаратын ішке енгізгенде күндізгі уақытқа қарағанда түнде аз мөлшерде бөлінеді.

Дәрілік заттардың әсер ету механизмдерінің келесі түрлері бар:

· арнайы рецепторларға әсері;

· ферменттер белсенділігіне әсері;

· жасуша мембранасына физико-химиялық әсері;

· тікелей химиялық (цитотоксикалық) әсері.

Наши рекомендации