Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кетулер.

385. Науқасқа жатыр қуысын қыру жүргізгенен кейін, гистологиялық нақтыланған диагноз қойылды: трофобластикалық ауру, көпіршікті тығын. Келесі гормонды жүйелі түрде анықтап тұру қажет:

* +хорионды гонадотропин

* фолликулостимулдеуші гормон

* прогестерон

* тестостерон

* пролактин

386. Жүктіліктің 11 аптасында ультрабыдыстық зерттеуден кейін көпіршікті тығын диагнозы қойылды. Жүргізілетін іс-әрекет:

* жатырдың қосалқыларынсыз экстирпациясы

* жүктілікті жалғастыру

* жатырдың қосалқыларынсыз ампутациясы

* +жатыр қуысын қыру

* химиотерапия

387. Плацентаның жатуында орналасады:

* жатыр түбінде

* жатырдың артқы қабырғасында

* жатырдың бүйір қабырғаларында

* жатырдың алдыңғы қабырғасында

* + ішкі ернеуді жаба отырып, жатырдың төменгі сегментінде

388. Төменгі плацентация кезінде плацентаның төменгі шеті ішкі ернеуден келесі қашықтықтан төмен орналасады (см):

* 9

* +7

* 5

* 3

* 2

389. Плацентаның жатуының себептерінің бірі болып табылады:

* Хромосомдық ақаулар

* Азсулық, көпсулық

* Нәрестенің дұрыс емес орналасуы

* Нәрестенің туа пайда болған даму ақаулары

* +Эндометрийдің қабыну үрдістері

390. Плацентаның жатуының диагностикасында ең ақпаратты әдіс:

* Анамнез жинау

* Айнамен қарау

* Қынаптық тексеру

* +Ультрадыбыстық зерттеу

* Сыртқы акушерлік тексеру

391. Перзентханаға әлсіздік, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кету шағымдарымен жүкті әйел келіп түсті. Соңғы рет 2 күн бұрын әйелдер кеңесіне барғанда жеке картасында келесі диагноз қойылған: Жүктіліктің 35 аптасы. Плацентаның толық жатуы. Жүргізілетін іс-әрекет:

* жедел босандыру

* жүктілікті сақтау емін жүргізу

* амниотомия жасау, босануды индукциялау

* жоспарлы түрде кесар тілігін жасау

* +жедел түрде кесар тілігін жасау

392. Плацентаның жатуының негізгі клиникалық симптомы:

* Жедел ауру сезімі

* Нәрестенің жүрек соғу ырғағының бұзылысы

* Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі

* Жатырдың тырысуы және жатырдағы жергілікті ауру сезімі

* +Толық тыныштық жағдайында жыныс жолдарынан қан кету

393. Плацентаның жатуының негізгі клиникалық белгілері:

* +Жыныс жолдарынан қайталанатын қан кету

* Жергілікті ауру сезімі мен жатырдың қатаюы

* Қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі

* Нәрестенің жүрек соғысы ырғағының бұзылысы

* Жатырдың пішіні шар тәрізді

394. Плацентаның жатуында жүктілікті жүргізу тактикасын таңдауда ең маңызды болып табылады:

* Нәресте жағдайы

* Нәрестенің жатуы

* Жүкті әйел жасы

* Жатыр мойнының жағдайы

* +Қан кетудің қарқыны

395. Плацентаның жатуында неғұрлым жиі болатын асқынулар:

* Жатырдың айналып кетуі

* + Плацентаның шынайы бітісіп өсуі

* Плацентаның тығыз жабысып өсуі

* Қағанақ қабының мерзімінен бұрын жарылуы

* Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылыну

396. Плацентаның жатырдың алдыңғы қабырғасында орналасқанына және мезгілінен бұрын сылынуына тән көрініс:

* Қағанақ суының мерзімінен бұрын жарылуы

* Алдыңғы құрсақ қабырғасының ісінуі

* +Жергілікті ауру сезімі

* Толғақ тәрізді ауру сезімі

* Жатырдың гипотониясы

397. Плацентаның толық жатуы себепті жасалынған кесар тілігінде, бала жолдасын бөліп алу кезінде көп мөлшерде қан кету басталып, бала жолдасының бөлінбеуі сипаттайды:

* Атониялық қан кетуді

* Плацентаның бөлуінің бұзылысын

* Плацентаның тығыз жабысуын

* + Плацентаның шынайы бітісіп өсуін

* Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуын

398. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуының негізгі клиникалық белгілері:

* «Құм сағат» симптомы

* Босану әрекетінің ауытқулары

* Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі

* + Жатырдың тырысуы және жатырдағы жергілікті ауру сезімі

* Толық тыныштық жағдайында жыныс жолдарынан қан кету

399. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы бойынша жоғарғы қауіп-қатер тобына жататын жүктілер:

* анемиямен

* тар жамбаспен

*+преэклампсиямен

* ірі нәрестемен

* ерте токсикозбен

400. Плацентаның жатуымен 37 апта мерзіміндегі жүкті әйелде жыныс жолдарынан 250 мл мөлшерінде қанды бөлінділер пайда болды. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Күндізгі стационарда емдеу

* Госпитализациялау, жоспарлы түрде кесар тілігі

* + Госпитализациялау, жедел түрде кесар тілігі

* Госпитализациялау, 40 аптада кесар тілігі

* Госпитализациялау, стационарда өздігінен босану басталғанға дейін бақылау

401. Босанудың бірінші кезеңінде қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуында жасалатын акушерлік іс-әрекет:

* Акушерлік қысқыштар

* Нәрестенің вакуум-экстракциясы

* Нәрестені бөлшектеп алу оталары

* Окситоцинмен босануды ынталандыру

* + Жедел түрде кесар тілігі

402. Босанудың екінші кезеңінде қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуының бір себебі:

* Босану кезіндегі хориоамнионит

* + Aбсолютті/салыстырмалы қысқа кіндікте

* Босану әрекетінің әлсіздігі

* Плацентаның шынайы бітісіп өсуі

* Қағанақ қабының жарылуы

403. Бала жолдасының жатуында бірінші кезектегі жүргізілетін емдеу тактикасы байланысты:

* Нәресте жағдайына

* Жүктілік мерзіміне

* + Қан кету дәрежесіне

* Плацентаның жату түріне

* Жатыр мойнының ашылу дәрежесіне

404. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуында кесар тілігі отасы жасалынады:

* Тек қана нәресте тірі болғанда

* +Нәрестенің жағдайына байланыссыз

* Тек қана мерзімі жеткен жүктілікте

* Тек қана нәрестеге қауіп төнген жағдайда

* Тек қана геморрагиялық шоктың дамуында

405. Кесар тілігіне абсолютті көрсеткіш:

* Жатыр тыртығы

* Төменгі плацентация

* Нәрестенің жамбаспен жатуы

* + Плацентаның толық жатуы

* Анатомиялық тар жамбастың І дәрежесі

406. Жүкті әйелді плацентаның толық емес жатуымен 34 апта мерзімінде жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөлінділер пайда болған жағдайда госпитализацияланды. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Амниотомия, босануды ынталандыру

* Амниотомия, босануды қоздыру

* Жедел түрде кесар тілігі

* Мерзімі жеткенде табиғи босану жолдары арқылы босандыру

* + Төсектік тәртіп, спазмолитикалық, гемостатикалық ем

407. Жүктілік кезінде қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуында жасалатын дәрігердің іс-әрекеті:

* Амниотомия, босануды ынталандыру

* Амниотомия, босануды қоздыру

* Жоспарлы түрде кесар тілігі

* + Шұғыл түрде кесар тілігі

* Табиғи босану жолдары арқылы босандыру

408. Мерзімі жеткен жүкті әйелде қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы, нәрестенің антенаталды өлімі, геморрагиялық шоктың 1 дәрежесі анықталды. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Окситоцинмен босануды ынталандыру

* Амниотомия, босануды қоздыру

* Жоспарлы түрде кесар тілігі

* + Шұғыл түрде кесар тілігі

* Босану әрекеті басталғанша бақылау

409. Плацентаның толық жатуында жасалған кесар тілігі кезінде көкшіл-қоңыр түсті, гипотониялық жатыр анықталды. Диагноз: Кювелер жатыры. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Құрсақ қуысын санациялау және дренаждау

* Жатырды қосалқыларымен бірге тоталды гистерэктомия жасау

* + Жатырды қосалқыларынсыз тоталды гистерэктомия жасау

* Жатырды қосалқыларымен бірге субтоталды гистерэктомия жасау

* Жатырды қосалқыларынсыз субтоталды гистерэктомия жасау

410. Плацентаның толық жатуында жасалған кесар тілігі кезінде көкшіл-қоңыр түсті, атониялық жатыр анықталды. Диагнозға қосымша:

* Жатыр атониясы

* + Кювелер жатыры

* Плацентаның шынайы бітісіп жабысуы

* Плацентаның тығыз жабысуы

* Жатыр көк тамырларының варикозды кеңеюі

411. Гестационды гипертензиясы бар жүкті әйел, жүктіліктің 32 аптасында іштің төменгі бөлігінде керіп тұрғандай ауру сезіміне және жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің бөлінуіне шағымданды. Жатыры тырысқан, жергілікті ауру сезімі бар. Нәрестенің жүрек соғысы тұйықталған, минутына 170 рет. Қан кетудің мүмкін болатын себебі:

* Жатыр жыртылуы

* Жатыр мойны эрозиясы

* Плацентаның жатуы

* Қынаптың көк тамырларының варикозды кеңеюі

*+ Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы

Наши рекомендации