Особенности поражения биологическим оружием
При поражении бактериальными средствами заболевание наступает не сразу, почти всегда имеется скрытый (инкубационный) период, в течение которого заболевание не проявляет себя внешними признаками, а поражённый не теряет боеспособности. Некоторые заболевания (чума, оспа, холера) способны передаваться от больного человека здоровому и, быстро распространяясь, вызывать эпидемии. Установить факт применения бактериальных средств и определить вид возбудителя достаточно трудно, поскольку ни микробы, ни токсины не имеют ни цвета, ни запаха, ни вкуса, а эффект их действия может проявиться через большой промежуток времени. Обнаружение бактериальных средств возможно только путём проведения специальных лабораторных исследований, на что требуется значительное время, а это затрудняет своевременное проведение мероприятий по предупреждению эпидемических заболеваний.
Современные стратегические средства биологического оружия используют смеси вирусов и спор бактерий для увеличения вероятности летальных исходов при применении, однако используются как правило штаммы не передающиеся от человека к человеку, чтобы территориально локализовать их воздействие и избежать вследствие этого собственных потерь.
Бактериальные средства
К бактериальным средствам относятся болезнетворные микробы и вырабатываемые ими токсины. Для снаряжения биологического оружия могут быть использованы возбудители следующих заболеваний:
· чума
· холера
· сибирская язва
· ботулизм
Биологиялық қару туралы түсінік және оның зақымдау қасиеттеріҚазіргі кездегі биологиялық қаруға (БҚ) – арнайы қару-жарақтар (авиациялық бомбалар, ракеталар, миналар, снарядтар) және биологиялық қоздырғыштар салынған (бактериялар, риккетсиялар, вирустар, биологиялық токсиндер) құралдар жатады. Олар адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді зақымдауға немесе мемлекетке экономикалық шығын келтіруге арналған. Биологиялық қарудың зақымдаушы әсерінің ерекшеліктеріне жатады:жоғары потенциалды тиімділігі–адамдарды немесе жануарларды биологиялық қарумен аз мөлшерде зақымдауы және қысқа мерзім ішінде жаппай санитарлық жоғалту; жұқпалылығы, яғни жұқпалы аурулардың ауру адамнан сау адамға жылдам жұғуы және жұқпалы аурулардың эпидемиялық таралу мүмкіншілігі;жасырын кезеңнің болуы, биологиялық қарудың зақымдаушы әсері белгілі бір мерзім, яғни бірнеше сағат, бірнеше күндер және апталар өткеннен кейін ғана көрінуі;жұқпалы аурулардың пайда болуына қолайлы жағдайлардың болуы;әскерде және медициналық тасымалдау кезеңдерінде тәртіпті шектеу шараларды міндетті түрде жүргізу;биологиялық қаруды кең масштабта қолдану күрделі экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін.
Әскерді биологиялық қорғау дегеніміз–бұл әскерде жұқпалы аурулардың пайда болуына, таралуына немесе қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайда ескертулерге бағытталған емдеу-тасымалдаушылық, санитарлы-гигиеналық, эпидемияға қарсы ұйымдастырушы шаралар жүйесі. Биологиялық қорғау әскердің зақымдалуына және биологиялық қарудан тылдағы нысаналарға жол бермеу немесе биологиялық қарудың әсер етуін максимальді түрде әлсірету мақсатында жүргізіледі. Биологиялық қорғау штаб командирімен және басқа да әскери бастықтармен ұйымдастырылады. Биологиялық қаруды ұйымдастыру әрқашан міндетті түрде қажет. Қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайда биологиялық қарудың зақымдау ерекшеліктерін анықтайды. Әскерді биологиялық қорғаудағы шаралардың мазмұны және жүргізілу уақыты шартты түрде қарсыластың биологиялық қаруды қолданбай тұрғандағы шаралары және қолданғаннан кейінгі шаралары болып бөлінуі мүмкін.Әскерді биологиялық қорғау жүйесінде қарсылас биологиялық қаруды қолданғанға дейінгі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны болады:қарсыласта биологиялық қарудың болуына барлау жасау және оның қолданылуына дайындықтарды анықтау;қарсыластың биологиялық қаруды қолданғанда және қолдану қаупі туғанда әскерді хабарландыру және сенімді байланыс жүйесін дайындау;әскердің жеке құрамын биологиялық қорғау мақсатында шаралардың мазмұны мен көлемін анықтауды бағалау және болжау жасау; тұрғылықты жерді инженерлік қамтамасыз ету және тұрғылықты жердің қорғаныс қасиеттерін ұқыпты қолдана білу;әскердің жеке құрамын жеке қорғаныс заттармен және табельді медициналық қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету;әскердің жеке құрамын биологиялық қорғанудың әдістеріне оқыту; алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиеналық шараларды жүргізу және ұйымдастыру;биологиялық заттармен зақымдалудан тағам мен ауыз суды қорғауды қамтамасыз ету;әскердің жеке құрамын моральді-психологиялық дайындау және т.б.
Қарсылас биологиялық қаруды қолданбай тұрғанда әскердің жеке құрамын қорғауда медициналық қызмет келесі шараларды жүргізеді:әскердің жеке құрамын биологиялық қарудан қорғауда табельді жеке медициналық заттарымен қамтамасыз ету;жеке химиялық заттарға қарсы пакеттермен;жеке аптечкалармен ;жеке таңу пакеттерімен және ауыз суды залалсыздандыруға арналған таблеткалармен;әскердің жеке құрамын жеке табельді-медициналық заттарды қолдану ережелерімен таныстыру;әскердің жеке құрамын медициналық қорғау шараларының мазмұны мен көлемін анықтау мақсатында медицина-санитарлық жағдайды болжау;әскердің жеке құрамына биологиялық қарудың әсерін болдырмауға немесе әсерін максимальді түрде төмендету бағытындағы эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиеналық шараларды жүргізу және ұйымдастыру. Бұл жерде санитарлы-эпидемиологиялық барлауға, жұқпалы ауруларды ерте белсенді түрде анықтауға, оларды оңашалауға, ауыз су және азық-түліктерге санитарлық бақылау жүргізуге көп көңіл бөледі;
медициналық қызметтің жоғары лауазымды басшылары штабтың үкіміне сәйкес медициналық қызметтің күштері мен заттарын қарсылас биологиялық қаруды қолданған кезде медициналық зардаптарды жоюға үнемі дайындығын қамтамасыз етеді. Медициналық бөлімшелер мен мекемелер арнайы аптечкалармен, сөмкелермен, алғашқы көмек көрсетуге арналған медицина-тактикалық заттармен қамтамасыз етіледі;әскердің биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы іс-әрекетіне психологиялық дайындық жүргізуге медициналық қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз ету;