Опистархоздың екі түрі кездеседі
1.Opistorchus felineum-мысық немесе сібір сорғыш құрттары
2. Opistorchus viverini – вивераопстрхозының қоздырғышы.
Жұмыртқалары өте ұсақ домалақ, ұзындығы 26- 30 мкм. Бір шетінде қақпақ бар басқа шетінде кішкене төмпешік болады.
Опистархоз табиғи ошақтық инвазия. Ресейде эоидемиялық ауру. Батыс Сібір, сірек Волга Кама Дон , Днестр өзендердің жағалауында кездеседі.
Қазақстанда жоғары сырқаттанушылық Ақмола облысында 49.4%
Павладар облысында 36.8% құрайды.
Инвазия көзі: ақырғы иелері адам, үй жануарлары және жабайы андар. Басты инвазия көзі бөлып өзен мен көл аймағында тұратын адамдар.
Берілу механизмі : нәжіс ауыздық, берілу жолы алиментарлы. Описторхпен ластанған балық тағамдары, шикі аз тұздалған,аз тоңазытылған,кептірілген, шала пісірілген, аз қуырылған балық. Инкубациялық кезең 2-4 апта.
Балық құрамында қоздырғыш.
Диагностикасы:
1. Эпидемиологиялық анамнез
2. Клиникалық белгілер: дене қызу,көз сарғаю,бауыр ісіну,іш ауыру
3. Паразитологиялық зерттеу
4. Иммунологиялық ИФА
Клонорхоз қоздырғышы грематода қаласына жататын нәжіс ауыз механизмімен берілетін, табиғи ошақтық зооантропонозды биогельминтоз. Қоздырғышы: Cionorchis sinensis (қытай сорғышы) описторхозға ұқсас бірақ одан ірі сорғыш, дене ұзындығы 25 мм ға дейін, жұмыртқасы 30 мкмға дейін. |
Клонорхоз
Инвазия көзі: сөңғы кезеңде адам, мысық,ит және қоректі жабайы жануарлар. Жұмыртқалары нәжіспен шығарылады, суға түскен жағдайда лернәсілдер дамуын маллюкс денесінде өтеді.
Берілу механизмі фекальді оральді, алиментарлы. Берілу факторлары карп тұқымдас балықтар және тұщы су шаяндары. Таралу аймағы Қытай Корея, Жапония, Оітүстік Шығыс, Азия елдері. Жұқтыру көбінесе көктем күз айларында кездеседі.
Клонорхоз қоздырғышы |
Клонорхоз қоздырғышының адамға жұғұ жолдары таралуы. |
Қоздырғышы : Taenarhynluis saginatus. Сиыр цепені ұзындығы 7-10 метрлік таспа құрттар,аш ішекте паразиттейді. Басының диаметрі 1,5-2 мм, 4 сорғышы бар, ілмектері жоқ. 200 жуық буындардан құралады, әр буында150 000 құмыртқа бар. Жұмыртқалары жұмыр сыртқы ортада төзімсіз, домалақ. |
Нәжіс ауыз арқылы таралатын, асқазан қолдарының зақмдалуымен токсикалық аллергиялық реакциялармен диспепсиябелгілерімен сипатталатын антропонозды биогельминтоз. Берілу механізмі: Ірі қара мал және адам. |
Даму механизмі: Адам сыртқы орта сиыр адам. Адамның ішіндегі ересек құрттың соңғы буындары бөлініп нәжіспен шығарылады. Топырақ, өсімдіктер, шөп, жайылым жерлер энкосферамен ластанады. Ластанған жеммен бірге жұмыртқалары аралық ие сиырдың денесіне түседі, қанмен бұлшық еттерге таралады. Бұлшық еттерде дәрнәсілге айналады. 1-3 жыл сақталады. Адам дұрыс термиялық өңделмеген ет жегенде жұқтырады. Қоздырғыш ішекке жабысады. |
Инвазия көзі : Науқас адам, берілу механизмі нәжіс ауыз механизмі. Таралу алиментарлы жолмен. Таратушы фактор ластанған ет. Адам жұқтырғаннан кейін 3-4 айда жұқпалы болып саналады. |
Алдын алу шаралары: 1. Науқастарды ерте анықтау емдеу 2. Диспансерлік бақылау 3. Жеке бас гигиенасын сақтау 4. Мал соятын сататын жерлерді санитарлық ветеринарлық бақылау. 5. Финнамен ластанған етті жою 6. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу |
Echinococcus granulosis - майда көлемі 2-6мм таспа құрттар . Басынан диаметрі 0.3мм , 4 сорғыштары, тұмсығында 35-40 ілмектері бар. Бастан кейін мойны, денесі 3-4 буыннан тұрады.Ең соңғы буын өте ірі 800 ге жуық жұмыртқалары бар |
Эхинококк (Echіnococcus granulosus) – таспа құрттың бір түрі. Денесі 3 – 4 буыннан тұрады, ұзындығы 2 – 6 мм. Бір камералы, дамуы жетілген Эхинококк – іші сұйыққа толы, сырты қабықты көпіршік. Таспа түріндегі сатысы кейбір етқоректі және жыртқыш сүтқоректілердің ащы ішегінде дамиды. Эхинококктың дернәсілі адамның, сүтқоректілердің (аралық иесі – қой, ешкі, сиыр, шошқа, солтүстік бұғысы, ит, мысық, үй қояны ,тышқандар) әр түрлі ішкі органдарында (көбінесе бауыр, өкпе, бүйрек, талақ) паразитті тіршілік етеді. Ересек эхинококк (ұзындығы 0,5 см-дей) ит организміне түскеннен кейін 45 – 95 тәулік өткесін бірнеше бөлікке бөлінеді. Сыртқы ортаға шыққан бұл бөліктерден жұмыртқа пайда болады да, олар шөпті, топырақты, мал түгін, суды, т.б. ластайды. Жылдың ылғалды кезеңдерінде (күзде, қыста, көктемде) 3 айға дейін тіршілік қабілетін жоймайды.
Аралық иесі- организмінде жұмыртқадан онкосфера (кейбір таспа құрттардың жұмыртқасынан шығатын, пішіні шар тәрізді, алты ілмегі бар ұрықтық сатысы) дамиды. Ол ішек қабырғасынан өтіп, қан не лимфамен орган, тіндерге тарап, көпіршік тәрізді дернәсіл сатысына дейін дамиды. Эхинококк әсерінен пайда болатын ауруды эхинококкоз деп атайды. Ауру қоздырғышы негізінен иттен, аздап қасқыр, шиебөрі, түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген мал өлексесін не ішек-қарын қалдықтарын жегенде жұғады. Адамға иттен жұғады. Адам ішегіне түскен эхинококк жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды, өкпені, т.б. ішкі органдарды зақымдайды. Адам эхинококкозбен ауырғанда әр түрлі белгілер байқалады. Мысалы, бауырды зақымдаса, адамның оң жақ бүйірі ауырып, әлсіздік, эхинококк өкпеге түссе, адам ентігіп, жөтеледі.
Инвазия көзі – негізгі ит, сирек қасқыр, бұғы. Берілу механизмі нәжіс ауыз механизмі. Таратушы факторлар: ластанған жеміс жидек, кір қол, су, топырақ. Ит ластанған су адам қой ит.
Қалалы жерлерде иттер жүретін саябақ сквер, аула, балалар алаңшалары эхинакокктармен ластанған, зерттелген топырақтың 20% жұғындылардың 3,6% су, жемістер 3,3-30% эхинакокк жұмыртқаларымен ластанғандығы анықталған. Бауыр эхиноккозы 70% құрайды, өкпе 20% , аралас -4,2%, басқа форма -2,8% |
Диагностикасы: Серологиялық әдіс – АГЕР, ИФА
Клиникасы: клиникалық көрінісі көпіршіктің орналасқан жеріне, оның көлеміне, ағзаның аллергизациялану дәрежесіне байланысты болып келеді. Улану симптомдарынан басқа бауыр эхинококкозы кезінде оң жақ қабырға астының, эпигастрий аймағының сыздап аурысынуы, ауырсынудың оң жақ иыққа және арқаға таралуының тән болады. Бауыр, әдетте, біркелкі емес ұлғайған, тығыздалған, ауырсынады. Кистаның жыртылуы кезінде құрсақ және плевра қуыстарының эхикокктармен толуы, жиі жағдайда анафилактикалық шокпен жүреді. Бауыр эхинококкозының ауыр асқыныстарына кистаның іріңдеуі, механикалық сарғаю, асцит жатады.
Өкпе эхинококкозының клиникалық көрінісінде 3 кезеңді ажыратады:
1) бастапқы, оған ұзақ уақытқа созылған құрғақ жөтел, қан қақыру, ентігу тән.
2) Кистаның даму кезеңі, зақымдалған кеуде бөлігінің сыртқа томпаюымен, перкуторлы дыбыстың тұйықталуымен сипатталады.
3) Ашық кистаның ақырғы кезеңі, ол бронхтарға немесе плевраға ашылады.
Эхинококкоздың емі хирургиялық, сонымен қатар альбендазол – 15мг/кг тәулігіне 4 апта бойына тағайындайды.
Гименолепидоз.
Гименолепидоздар – қоздырғышы ауыз – нәжіс механизмі арқылы берілетін, цестодоздар класына жататын антропоноздық және зооноздық антропургиялық контагиоздық ішек гельминтозы, көбінесе ішек – қарын жолының зақымдануы белгілерімен сиппаталанады.
Қоздырғыштардың екі түрі бар:
1. Hymenolepis nana – ергежейлі цепень, ұсақ цестода (0,5-5 см), денесі таспа тәрізді, басы 20 -30 тармақтармен және 4 сорғышпен жабдықталған, олардың көмегімен ол ішектің қабырғасына жабысады . Стробиллада 200-1000 гермофродиттік проглоттид бунақтары бар. Ергежйлі цепенді менингиттен өлгед баланың ішегінен бірінші рет Bilharz (1851) тапқан. Ресейде гименолепидоз диагнозын бірінші рет қойған В.А. Афанасьев (1890) болды.
2. Hymenolepis diminuta – егеуқұйрық цепені, көлемі ірі (10-60 см), оның сколексінде (басында) қармақтары жоқ. Егеуқұйрық цепені тудырған бірінші гименолепидозды Бостонда (АҚШ) Weinland (1859) сипаттаған. әдебиетте «дименуттық гименолепидоз» деген атау берілген. Егеуқұйрық цепені – егеуқұйрық пен тышқан ағзасында тіршілік етеді, личинкасын ұн күйесінен, тарақаннан және бүрге ағзасынан табуға болады. Екі түрі де адамның ішегінде паразиттік тіршілік етеді, нәтижесінде ас қорыту мүшелерінің қызметі бұзылады. Егеуқұйрық цепеніне қарағанда ергежейлі цепень жиірек кездеседі.