Дәрігердің қойған диагнозы?
А) Жедел пневмония
В)Созылмалы пневмония
С)Жедел бронхиоплеврит
D) Созылмалы бронхит
Е)Созылмалы обструктивті бронхит
Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 5жасар қыз бала келіп түсті. Дене қызуы кенеттен жоғарылаған. Қарағанда: интоксикация белгілері анық, жөтелі сирек,өкпесінде әлсіз және қатаң тыныс алу, ұсақ ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограммада: оң өкпенің төменгі бөлігінде гомогенді, сегментарлы, шекаралары айқын көленкелер көрінеді. Дәрігердің диагнозы қандай?
А) Ошақты пневмония
В)Сегментарлы пневмония
С)Жедел бронхит
D) Аллергиялық ренит
Е)Парагрипп
Балалар емханасына лор дәрігеріне 10жасар қыз бала қаралуға келді. Шағымдары: мұрны бітеліп, аузымен демалады, ұстамалы түшкіру, қышуы бар, ішінен шамалы серозды бөлініс шығады. Конюктивит белгілері байқалады. Дене температурасы қалыпты. Риноскопияда: мұрынның шырышты қабаты бозғылт түстес, ісінген.
Дәрігердің диагнозы қандай?
А) Аллергиялық обструктивті бронхит
В) Жедел бронхит
С) Аллергиялық ринит
D)Аллергиялық емес бронхит
Е) Жедел респираторлы вирусты инфекция
Емхананың педиатр қабылдауына келген 4жасар ұл балаға дәрігер бронхтық демікпе диагнозы қойды. Балада ұстамаларының жиілігі айына 3-4рет, ал түнгі ұстамалар аптасына 2-3рет, жылдағы ремиссияның ұзақтығы 3айдан аз, физикалық жүктемеден кейін тез шаршайды. Зерттегенде: бронх өткізгіштігі төмендеген.
Бронх демікпесінің қандай дәрежесі?
А) Жеңіл
В)Орташа
С)Ауыр
D) Аралас
Е)Айқын
Балалар ауруханасына қабылдау бөліміне 11жасар ұл бала келіп түсті. Екі тізе буындарының қақсап ауырсынуына шағымданады. Қарағанда: баланы дене температурасы субфебрильді, әлсіз, шаршағыш, тәбеті төмен, буындары ісінген, қызарған, жергілікті температурасы жоғарылаған. Қан анализінде: С реавктивті белок оң мәнді. Дәрігердің диагнозы?
А) Тетрадо Фалло
В) Ревматизм
С) Круп синдромы
D) Бронхит
Е)Туа пайда болған жүрек ақауы
Перзентханада кесар тілігімен 29апталық нәресте, 1450грамм салмақпен дүниеге келді. Нәрестеде шала туылудың қай дәрежесі?
А) І дәреже
В)ІV дәреже
С)V дәреже
D) IІ дәреже
Е) III дәреже
Балалар ауруханасына неонатология бөліміне 3апталық ұл бала келіп түсті. Анасының айтуы бойынша: әлсіз, мазасыз, ему кезінде көгереді және тез шаршайды, салмақ қосуы төмен болған. Анасы 7апталық жүктілік кезінде тұмаумен ауырған. Қарағанда: жүрек ұшының солға қарай ығысқаны айқын байқалады. Перкуссияда: жүрек көлемінің үлкейген. Аускультацияда: І тон дыбысы әлсіз, шоқырықты ырғақтың, солғын систолалық шу естіледі. ЭКГ-да: QRS комплексі вольтажы төмендеген, Т тісшесінің инверсиясы , SТ сегментінің депрессиясы. Дәрігердің диагнозы?
А) Жатырішілік инфекция
В)Туа пайда болған жүрек ақауы
С) Туа пайда болған кардит
D)Нәрестелік пневмония
Е) Нәрестелердің гемолитикалық ауруы
Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 11жасар ұл бала келіп түсті. Бала ашыққан кезде және астан 1–2сағаттан соң асқазан маңы ауырсынады, қыжылдайды. Әкесінде асқорыту жүйесінде ауруы бар. Лабараториялық тексеруде: тұз қышқылының максимальды секрециясының жоғарғы деңгейі, қан мен зәрде песиногеннің жоғары мөлшері байқалады. Баланың нәжісінде жасырын қан анықталған.
Дәрігердің қойған диагнозы?
А) Ларингоспазм
В) Асқазан атониясы
С) Ойық жара ауруы
D) Аэрофагия
Е) Өңеш рагы
Балалар ауруханасына қабылдау бөліміне 14жасар қыз бала келіп түсті. Буындарының қақсап ауырсынуына, таңертегі құрысуға шағымданады. Қарағанда: дене температурасы субфебрильді, симмертриялы түрдегі буындарының ісінуі, ауырсыну, гиперемиясы байқалады. ЭТЖ 14мм /сағ жоғарылаған.
Дәрігердің болжам диагнозы?
А) Геморрагиялық васкулит
В) Жүйелі қызыл жегі
C) Жаншау
D) Ювенильді ревматоидты артрит
Е) Ревматизм
Балалар ауруханасына 12 жасар ұл бала келіп түсті. Баланың айтуы бойынша: құсады, лоқсиды, аузына қышқыл дәм келеді, әсіресе тамақтан соң және жатқан кезде айқын байқалады, бала тамақтанудан бас тартқан. Төстің төменгі тұсында тамақтан соң бірден күйдіру сезімі пайда болады.