Ана сүтінің биологиялық маңызы.

Уыз бен өткінші сүттің көптеген антигендерге қарсы иммунологиялық активтілігі бар, үйткені оның құрамында әртүрлі антиденелер болады. Ана сүтінде сапрофитті және энтеропатогенді эшерихияларға, шигелдерге, энтеровирустарға, кокктік флораларға қарсы бағышталған антиденелер анықталған. Сонымен қатар, бейспецификалық қорғаныс факторлары (макрофагтар, лизоцим және басқалар) болады. Ана сүтінің секреторлы А иммуноглобулині, баланың инфекциялық ауруларының алдын алатын қорғаныстың алдыңғы шебі болып табылады. Сонымен қатар, ана сүтінің құрамындағы лимфоциттер (1 мл уызда 0,5-10 млн лимфоциттер болады) ішек-қарынның жергілікті иммунитетін стимуляциялауға қатысады. Ана сүтінде лимфоцит-термен (Т–50%, В–34%) қатар фагоцитоздық қабілеті бар макро- және микрофагтар бар. Ана сүтіндегі лицозим мен макрофагтар грам оң флораларғада қарсы активтілік білдіреді (ана сүтіндегі лизоцим деңгейі сиыр сүтіне қарағанда 300 есе көп болады). Ана сүтінде антибактериялық қасиеті бар комплемент және лактоферрин бар. Ана сүтінде лактоферрон 2-6 г/л деңгейінде болады. Бифидус флораның қарқынды өсуіне ықпал ететін бифидус-фактор ішекте патогендік микрофлораның пайда болуына қарсы әсер етеді.

Табиғи тамақтанатын балалар сирек ауырады, ауырса жеңіл ауырады. Ерте жастағы емшек еметін балаларда, жасанды тамақтанатын балаларға қарағанда, өлім бірнеше есе сирек кездеседі.

Емгендегі жақ-тіс жүйесінің қимылы, оның дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізеді. Ему процессі сүт безіне физиологиялық массаж ретінде әсер етеді. Дүниежүзілік статистиканың мәліметі бойынша көп бала туып, оларды емізіп асыраған әйелдер арасында сүт безінің және жыныс жүйесінің залалды ісіктері оншақты есе сирек кездеседі.

Ана сүтінде эволюциялық даму кезінде баланың дұрыс өсіп жетілуіне ықпал ететін әртүрлі биологиялық қасиеттер пайда болады. Қандай да болмасын жасанды сүт қоспалары, химиялық құрамы қалай өңделген болса да ана сүтінің, әсіресе, алғашқы 2-3 айда, орнын толық баса алмайды. Ана сүтінің құрамына ананын денсаулығы, күн тәртібі, тамақтануы ықпалын тигізеді.


Бала емізіп жүрген ананың тамақтануы

Бала емізіп жүрген ананың ас мәзірінен барлық аллергенді тамақтарды алып тастау ұсынылады. Олардың қатарына қызыл және қызғылт сары жемістер мен көкөністер кіреді. Сіздер сәбіз, қызыл алма, апельсин, мандарин және басқаларын пайдалануға болмайтындығын естіген боларсыздар. Сондай-ақ көкөністердің бірнеше түрін қолдануға болмайды. Бала емізіп жүрген ананың ас мәзірінде ақ қырыққабатқа, қиярға, қызанаққа орын жоқ. Себебі қырыққабат ішті кептіреді, ал қияр баланың дәретін бұзады. Тіпті ол баланың ас мәзіріне емес ананың үлесіне түсседе әсер етеді. Егер әр азық-түліктің сапасын зерделей бастасақ, біздің күнделікті үлесіміздегі тағамның көп бөлігі бала емізіп жүрген ана үшін даусыз тыйымды екендігін көреміз. Бірақ біз азық-түліктен қажетті дәрумендерді, минералдарды және қоректі заттарды аламыз ғой. Өзіңіздің ағзаңыз бен балаңыздың ағзасын «құрылыс материалдарынан» айыруға бола ма? Бала емізіп жүрген ананың жеткіліксіз және мардымсыз тамақтануынан тек қана ананың ағзасы ғана емес, сонымен қатар балсының ағзасына әсер етеді. Бұл жөнінде ұмытпаған жөн.

БАЛА ЕМІЗЕТІН АНАЛАРДЫҢ 1 КҮНГЕ АРНАЛҒАН ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ШАМАМЕН АЛЫНҒАН МӨЛШЕРІ

Тағам атаулары Мөлшері, Белок, Май, Көмірсулар Калория,
  г г г г Ккал
Ет өнімдері 16,2 9,12 - 147,6
Балық өнімдері 100,0 16,0 0,4 -
Сүзбе 23,8 0,81 5,4 112,5
Айран 6,7 6,7 7,4
Сүт 9,0 10,5 13,5
Сары май 30,0 0,12 23,54 0,15 220,2
Қаймақ 50,0 1,0 14,0 1,5 142,58
Өсімдік майы 35,0 - 32,48 - 270,2
Қант - - 47,75
Қара нан 7,0 1,0 45,0 223,0
Бидай наны 7,1 1,0 47,0
Ұн тағамдары 150,0 8,55 17,7 83,55 541,95
Жарма, макарон 60,0 7,44 1,5 208,0
Картоп 3,73 - 42,1 189,0

Көк-өніс:

Капуста 1,2 -
Қызылша 1,1 - 10,3 47,0
Сәбіз 1,29 - 7,6 36,0
Томат 1,34 - 4,0 21,3
Жуа 0,95 - 3,5 16,1
Жеміс-жидек 1,2 -
Барлығы - 122,91 114,25 419,25 3121,58

Бала емізетін аналардың витаминдерге, әсіресе, С витаминіне (100-200мг), В1 витаминіне (2 мг), В2 витаминіне (2 мг), В6 витаминіне (4 мг), В12 витаминіне (20 мг), Д витаминіне (тәулігіне 500 ХБ), мұқтаждығы арытады.

Аналарға жаңа жемістер мен шикі көк-өністер беру мүмкін болмаған жағдайларда витаминдік дәрілер беру қажет. Балаларда ана сүті арқылы гипервитаминоз болады деп қорықпау керек. Себебі, витаминдерді қабылдау, әртүрлі жеміс-жидек шырындарын ерте беруден пайдалырақ болып келеді.

Сүт безінің кедергілік функциясы жақсы дамыған болғаны мен, кейбір заттарды, әсіресе ішімдектерді ішуге, тіптен болмайды. Себебі, алкоголь сүтке өтіп, сәбиді уландыруы мүмкін. Сонымен қатар, емізетін әйел исі жаман заттарды қабылдағанда (пияз, сарымсақ, және т.б.) ана сүтінің дәмі және иісі бұзылады, сондықтан, бұндай тағамдарды емшекте баласы бар аналардың жемегені жөн.

Емшекте баласы бар аналар ұзақ уақыт дәрілер қолданғанда, олардың сәби организмінде жинақталып қалуы мүмкін. Цистостатиктерді, активті гормондарды, олардың аналогтарын және гормондар ингибиторларын мүлдем қолдануға болмайды. Олар сәби организмінде эндокриндік бұзылыстарының пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Асқазан жолында ыдырайтын (зақымсызданатын) гормондарды (инсулин, адреналин, АКТТ және т.б.) қолдану керек.

Емізетін аналар қабылдаған антибиотиктер сәбилерде дисбактериозға соқтыруы мүмкін. Көптеген дәрі-дәрмектер дәрілік аллергия себебі болады. Бала емізетін әйелге шылым шегуге болмайды.

Әдетте тәуліктік су мөлшері көбірек болып келеді, дегенмен, сүт мөлшері көбеймейтін болғандықтан, тәуліктік су мөлшері 2л деңгейінде болады.

Тиімді тағамдану тәртібін жеткілікті демалыспен (күндіз 1-2 сағат ұйықтау, таза ауада қыдыру) ұштастыру керек.

3-4 күн бойына лактация қалыптаспаса, сәбиді бір емізгенде екі емшекті де беру керек. Тек қана барлық мүмкіндікті пайдалаиғаннан кейін үстеме (қосымша) тамақ қолдану керек. Лактацияны жақсарту үшін емізуден 10-15 минут бұрын шай, компот, итмұрын тұнбасын ішуді ұсынуға болады.

Дәрі-дәрмектерден никотин қышқылы (40-50 мг, күніне 2-3 рет, емізуден 10 минут бұрын), С витамині (10-15 мг-нан күніне 2 рет, 10-15 күн бойына); апилак (күніне 0,01 г-нан 3 рет, 2 апта бойына) беріледі. Сонымен қатар, ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру, ультражоғары жиілі тоқ, ультрадыбыспен әсер ету, вибрациялық массаж, инемен емдеу, сүт безін жылтқышпен таңу сияқты процедуралар қолданылады. Фитотерапия қолдануға болады: қалақай жапырақтарының қайнатпасы, 1 ас қасығымен 3 рет (қалақайдың 3-4 ас қасығын 1 литр суда қайнатады), доланың сығындысы (экстрактасы) 20-30 тамшыдан күніне 3-4 рет тамақ алдында, 10-14 күн бойына. Бақбақтың тамырының, жәй киікшөптің тұнбасын, аскөктің (укроптың) қайнатпасын қолдануға болады.

2. Емшектің ұшының қысқа,ішіне тартылған, жалпақ, инфантильді, тығыз болып, түрінің өзгеруі. Бұндай жағдайда балаға емшекті, әдейі осыған арналған, емізікшелер арқылы сорғызады. Массаж жасап, уқалап, қолымен тартып, сауып, біртіндеп баланы емізуге үйретеді.

3. Емшек ұшының жарылуы– лактацияның алғашқы аптасында пайда болады, көбіне маститтің пайда болуына себепкер болады.

Емшектің ұшының жарылуына әртүрлі даму ақаулары, бала емгенде зақымдану, ананың жеке гигиенасын толық сақтамауы себепкер болады. Бұндай жағдайларда баланы сауылған сүтпен тамақтандыруға немесе арнайы емізікшелер арқылы емізуге мәжбүр болады. Емшектің сүттен толық босауын қадағалап отыру керек. Анестезин қосылған май, А витамині, бриллиантты көктің 1%-дық ертіндісі, дезинфекциялайтын препараттар, ультракүлгін сәуле сияқты эпителизациялауға бейімдейтін шаралар қолданылады.

4. Мастит– сүт безінің қабынуы. Емшек ұшының жарылуы сырттан инфекциялануына байланысты пайда болады. Маститтің пайда болуына жеке гигиенаны сақтамау, сүт бездерін дұрыс күтпеу, сүт безінде сүттің тоқырауы әсерін тигізеді.

Мастит бездің ісінуі, жекеленген тығызданып ауруы, лимфа түйіндерінің үлкеюі, организмнің уыттану белгілерінің және қызбаның пайда болуы сияқты клиникалық белгілерімен анықталады.

Алдын алу шаралары:сүт бездерін ұкыпты күту, емшектің жарылуын мезгілінде дұрыс емдеу, баланы дұрыс емізу, емшекте сүттің тоқырауын мезгілінде жойып отыру.

Жаңа басталып келе жатқан қабынуды жою үшін абайлап сүтті сауу, емшекті жоғары тартып, байлап тастау пайдалы болады. Маститті емдеу тиісті мөлшерде антибиотик тағайындау және зақымдалған емшектен сүтті түгел сауып тастаудан басталады. Маститтің жергілікті түрлерін емдеу хирургпен бірігіп жүргізіледі. Баланы зақымдалған емшекпен емізу мәселесі клиникалық белгілеріне анасың, баланың жағдайларына байла-нысты әрбір жағдайда жеке шешіледі. Организмнің уыттану және қызба белгілері айқын білінгенде баланы емізуге болмайды. Сауылған сүтті балаға беруге болама деген мәселені шешу үшін бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізу керек.

5. Сүттің тоқырауы(сүт өзектерінің бітеліп қалуы) сүттің көбеюімен қатар
емшегі ауырады. Кейде дене қызуы көтеріледі. Бұл белгілер сүттің түзілуімен бала еметін сүттің мөлшері теңелгенде, жойылып кетеді. Егер бұл белгілер жойылмай ұзақ байқалса, емшекті сауып тастауға тура келеді. Бұндай жағдайда сүт безіне жылы спиртті жылытқыш салған, ішетін сұйықтық мөлшерін ұлғайтқан жөн.

6. Галакторея – сүттің өзінен өзі ағуы, 2 түрлі болады:

а) емшектен сүт сәби екінші емшекті еміп жатқанда ғана ағады,

б) сүт емшектен өзінен-өзі емізу аралықтарында да аға береді. Баланы емізе беру керек. Тек жиі емген сүт мөлшерін тексеріп, қажет болса үстеме тамақ беру керек.

7. Эпилепсия, истерия, босанғаннан кейінгі психоз.

Наши рекомендации