Лабораториялық зерттеулер
КӨШІРМЕ
Аты-жөні: Хасан-Оглы П.А.
Туған жылы: 08.02.1952 ж.-64 жас
Мекен-жайы:Алматы қ.,Іле ауданы,Первомайский округі,Абай көшесі
Түскен күні:31.08.2016 ж.
Шыққан күні:11.08.2016 ж.
Толық клиникалық диагнозы: бронх демікпесі,аралас түрі,орташа ауырлық дәрежесі,ӨСОА,эмфизематозды түрі,өршу сатысы,өкпе эмфиземасы,ТЖ ІІ
Шағымы:Науқас бөлінуі қиын жөтелге,суыққа шыққанда және горизонтальды жатқанда тұншығу ұстамасына,тыныс шығарудың қиындауына,үшінші баспалдаққа көтерілгендегі ентігуге,кеуде қуысындағы ауру сезіміне шағымданды.
Anamnesis morbi: Науқас өзін 1976 жылдан бастап ауырдым деп есептейді,ағымдағы жылда науқасты шырышты-іріңді жөтел мазалаған,және бұл 3 жылға созылған,әсіресе қыс мезгілінде жөтел үдей түсті,1979 ж. науқас учаскелік пунктке қаралды,учаскелік дәрігер спирометр арқылы тыныс мүмкіншіліктері анықталды және созылмалы бронхит диагнозы қойылып,амброксал 30 мг 1 табл.,күніне 1 рет,ішке,лазолван 2 мл,күніне 2 реттен б/е тағайындалды,жағдайы біршама жақсарғандай болды.Өз бетінше түймедақ,мать мачеха,подорожник,зверобой,формелия шөптерінің тұнбасын ішіп,емдік мақсатта пайдаланған,сонан соң жағдайы түзелген.
1992 жылы науқаста жөтел рефлексіне бронх обструкциялық синдромға байланысты ентігу косылды,ол физикалық күш түскенде болды,ауа температурасының күрт өзгерісінде тұншығу ұстамасы пайда болады.
Науқастың апкесі ем жасады.Ол 200 мл физ.ерітіндіден,эуфиллин,хлористый, димедрол,преднизолон,коргликордан тұратын ерітінді.Аталмыш ерітіндіні тұрақты қабылдағандықтан науқастағы синдромдар тыйылған.
28.08.2016 ж.температурасы көтеріліп,аяқтары ісініп,ентігу мазалағандықтан, ұйқысы бұзылып,түндегі тұншығу ұстамасы аптасына 2 рет жиілеуіне байланысты учаскелік дәрігерге қаралған,ол науқасқа №1 ҚКА жолдама беріп,31.08.1016 ж.ауруханаға түсті.
Anamnesis vitae Талдықорған облысы,Жаркент районы,Қоңыр-Олен ауылында дүниеге келген.
Ақыл-есі дұрыс,физикалық дамуы артта қалмаған.
Жас шағында ауырған аурулары есінде жоқ,жарақат,оталар болмаған.
1971 жылдан бастап егістік алқабында комбайнда жұмыс жасаған,жұмыс уақыты 08:00-18:00,жұмысында температура тұрақсыз болған,өте ыстықтан өте суыққа бірден ауысып жұмыс жасап жүрген.
Тұрғын үйінің жағдайы қанағаттанарлық,материалдық жағдайы жақсы болған.
Тамақтануы толыққанды,әсіресе белокқа бай тағамдар қабылдаған.
Зиянды әдеттері жоқ.
Отбасылық анамнезінде тұқымқуалайтын аурулар болмаған.
Гинекологиялық анамнез климакс 43 жасында,5 жүктілік болған,1 өлі туылған.Науқастың айтуы бойынша гинекологиялық аурулармен ауырмаған.
Аллергиялық анамнез медикаменттерге,тағамдық заттарға аллергиясы жоқ.
Эпидемиялогиялық анамнез жақын арада инфекциялық аурумен ауыратындармен қарым-қатынаста болмаған.
Түскен кездегі жағдайы:
Қарап тексеру
Науқас жағдайы орташа ауырлық дәрежеде,ТЖ.,мәжбүрлі қалып ортопноэ қалпында отыр,цианоз айқын байқалады,мұрын-ауыз үшбұрышында жылы цианоз,мұрын ұшы мен құлақ ұшында акроцианоз,мойны қысқа,тырнағында деформациялар,экспирациялық ентігу бар.
Тыныс алу жүйесі:
Кеудесі эмфизематозды,тыныс жиілігі минутына 22 рет,қабырғааралық кеңістік алшақтаған.
Пальпацияда кеуде торының эластикалық қасиеті төмендеген,дауыс дірілі екі жақта да әлсіреген.
Топографиялық перкуссияда l.axillaris ant. 8 қ,l.axillaris med. 9қ ,l.axillaris post. 10 қ өкпе шекаралары төмен түскен.
Кренинг алаңы қысқарған
Салыстырмалы перкуссияда өкпенің барлық алаңынан перкуторлы қорапты дыбыс естіледі.
Аускультацияда өкпенің барлық алаңында везикулярлы тыныс әлсіреген .
Жүргізілген емі: ІІ Режим,15-диета,беродуал(ипратропия броимиді 20мг+фенотерол 50мг) күніне 3 рет,цефтриаксон 100 мл күніне 1 рет,к/т,амброксол(амбросан 30 мг күніне 1 рет,лазолван 2 мл б/е),глюкоза 5% ер/ді тамшылатып енгізу,т-активин 100 мкг күніне 1 рет,тері астына(3 күн),диуцифон 0,1 г күніне 3 рет,ішке(5 күн)
Стационарда жасалынған инструменталды-лабораториялық зерттеулер
Лабораториялық зерттеулер
Жалпы қан анализі 26.08.2016:WBC 9,33* 10/L, HGB 112g/L, RBC 6,23*10L,HCT 44,00%,MCV 70,7fL ,MCH 17,9,MCHC 254g/L, RDW-CV 20,2%, PLT 235*10/L,PСT 0.244% ,MPV 10.4 fL,СОЭ 3 мм/сағ.Интерпретация : эритроцитоз
Жалпы зәр анализі 26.08.2016 :Түсі сары-сабан түс,мөлдірлігі –мөлдір,салыстырмалы тығыздығы 1010 г/л,эритроцит 1-2 к.а Тұздар:оксалат,фосфат. Интерпретация:фосфатурия,оксалатурия
Қақырық анализі 05.09.2016 :эпителий 3-5 к/а,лейкоциттер 2-3 к/а.,коктар мен саңырауқұлақтар +
Аспаптық зерттеулер
Кеуде торының рентгенограммасы 31.08.2016 ж.:созылмалы бронхит,пневмосклероз.
Стационардан шығар кездегі жағдайы:
Науқастың жалпы жағдайы жүргізілген емге байланысты жақсарды.Науқастың есі анық.Дене қызуы жоқ. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары таза, қалыпты түсті. Тыныс алуы мұрын арқылы,жиілігі 20 рет минутына,физикалық жүктемеге толеранттылығы артты,қақырық мөлшері азайған
Профилактика
1.Күн тәртібін сақтау
2.Участкелік терапевт дәрігер мен пульмонологтың бақылауында болу
3. Сусынды мол ішу
4.Тровентол 40 мкг,күніне 4 рет 2 дозадан ұстаманың алдын-алуға
Беродуал 0,02 мг,күніне 3 рет 2 дозадан ұстаманы басуға
5. 10 күннен соң амбулаторияда жалпы қан анализін,қақырық анализін тексеру
6. Рентгендік бақылау
7.Жылы жерде болу,суыққа мүмкіндігінше шықпау.
8.Кеуде массажы.