Иценко-Кушинг ауруы» клиникалық жағдай бойынша жауап эталондары
№ | Қадамдарды бағалау көрсеткіштері | |
1. | Шағымдары мен анамнезін жинау | Ретімен және жүйелі жүргізілді |
2. | Ажырату диагностикасы мақсатында симптомдарға қосымша сұрақтар қою арқылы нақтылауы | Аурудың симптомына қатысты барлық сұрақтар қойылды |
3. | Физикалды тексеру (тері, шырышты қабаттар және т.б.) | Бойы және салмағы. Тері жабындылары мен шырышты қабаттарын қарап тексеру |
4. | Дене бітімі мен тері асты май қабатының таралуы | Дене бітімі гиперстеникалық. Тері асты май қабаты көбінесе иық, төс, іш, бет аймақтарына таралған. |
5. | Жүрек - қанайналым жүйесін тексеру. Артериалды қан қысымын өлшеп, пульс жиілігін анықтау. | Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекаралары анықталды. Жүректің тыңдау нүктелерін реттілігімен тыңдау арқылы жүрекке аускультация жүргізілді. |
Ережені сақтап АҚ мен пульсті өлшеді | ||
Бауырдың перкуссиясы мен пальпациясын жүргізу | Бауырдың перкуссиясы мен пальпациясы реттілігі сақталып, дұрыс жасалды. | |
7. | Болжама диагнозды құрастыру және оны негіздеу | Шағымдары, анамнезі, жалпы қарап тексеру қорытындылары негізінде қойылды: Қант диабеті 2 типті? Иценко-Кушинг синдромы? Иценко-Кушинг ауруы? |
8. | Ажырату диагностикасын жүргізу | Иценко-Кушинг синдромын жоққа шығару үшін: АКТГ мөлшері төмендеген, кортизол жоғарылаған. Бүйрек үсті безі КТ: бір бүйрек үсті безінің проекциясында құрылымның анықталуы. Бас миы МРТ: гипофиздың патологиясы анықталмайды. Гипоталамикалық синдром: жасы 20 дейін, біртекті семіру, денесіндегі сызықтар боз-алқызыл түсті, «плюс тін», АҚ қалыпты. Бас ми КТ: патологиясыз. |
9. | Лабораторлық зерттеулер жоспарын тағайындау | 1. ЖҚА, ЖЗА, ҚБА: глюкоза, жалпы белок, холестерин, калий, натрий, кальций, билирубин. |
10. | ИФА тағайындау | Қандағы АКТГ, кортизол, пролактин мөлшерлері |
11. | Аспаптық зерттеулер жоспарын тағайындау | Іш қуысы ағзаларының УДЗ, Бүйрек үсті безінің КТ, бас миының МРТ және ЭКГ |
12. | Қанның биохимиялық талдауына интерпретация | Әлсіз гиперхолестеринемия, гипергликемия, гипокалиемия, гиперкальцемия. |
13. | Иммуноферменттік талдауға интерпретация | Кортикотропин, кортизол және пролактин мөлшерлерінің жоғарылауы |
Іш қуысы ағзаларының УДЗ интерпретациясы | Ұйқы безі паренхимасында жайылмалы өзгерістер. Майлы гепатоз. Созылмалы холецистит белгілері. | |
15. | Бүйрек үсті безінің КТ интерпретациясы | Бүйрек үсті безінің диффузды гиперплазиясы. |
16. | Бас миы МРТ интерпретациясы | Гипофиздің микроаденомасы. |
17. | ЭКГ интерпретациясы | Синусты тахикардия, ЖСЖ-95 рет мин. ЖЭО солға ығысуы. Т тісшесінің амплитудасының изолиниядан төмендеуі. Сол жақ қарынша гипертрофиясы. |
18. | Қорытынды диагнозды құрастыру және негіздеу | Шағымдарын, анамнезін және жалпы қарап тексеру қорытындыларын, сонымен қатар глюкоза деңгейінің жоғарлауын; әлсіз гиперхолестеринемияны, гипокалиемияны; АКТГ, кортизол және пролактин мөлшерлерініңжоғарлауын, бас миының МРТ: гипофиздің микроаденомасы анықталуын ескере отырып төмендегі диагноз қойылады: Иценко-Кушинг ауруы, орташа ауырлықта, торпидті ағымы. Семіздіктің ІІІ сатысы. Симптоматикалық гипертония. Стероидты қант диабеті. Майлы гепатоз. Бас сауыты сүйектерінің остеопорозы. |
19. | Аурудың емдеу принципін анықтау |
|
20. | Науқаспен барынша қолайлы қатынаста болып, науқастың үрейін басуы | Науқаспен барынша қолайлы қатынаста болып, үрейі басылды |
Симуляция қамтылды:
1. Тапсырма жазылған парақ, волонтердың (науқастың)сценарийі, қадамдарды бағалау көрсеткіштері
2. Талдаулар: қанның биохимиялық талдауы;
3. ИФА қорытындысы
4. Іш қуысы ағзаларының УДЗ қорытындысы
5. Бүйрек үсті безінің КТ қорытындысы
6. Бас миының МРТ қорытындысы
7. ЭКГ
8. Тонометр, фонендоскоп
1. Актер – пациент,2. актер – мейірбике немесе дәрігердің ассистенті
Орта:оқу бөлмесі – дәрігер кабинеті
1. Кушетка-1
2. Құрал-жабдықтарға арналған үстел – 1
3. Препараттарға арналған медициналық шкаф – 1
Құрастырған: ассистент Егеубаева М.А
Рецензент: Кардиология және ІА ҒЗИ терапия бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.к Раисова А.М
№1 терапия бойынша ИжР кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілді (27 қаңтар 2015, хаттама №7)
Ішкі аурулар бойынша КОП отырысында талқыланып, бекітілді (29 қаңтар 2015, хаттама №5)