IV-жiктеудегi зат есiмдер
Manus, us f - қол ұшы
Recessus, us m - қалта
I-топтағы сын есiмдер:
Cavernosus, a, um – үңгіршік
Fibrosus, a, um – талшықты
Gastricus, a, um – асқазандық
Hepaticus, a, um – бауырлық
Lymphaticus, a, um – лимфалық
Mucosus, a, um – кiлегейлi
Nutricus, a, um - қоректiк
Oesophageus,a, um - өңештiк
Pelvinus, a, um – жамбастық
Propius, a, um - өздiк
Accesorius, a, um - қосымша
Flavus, a , um – сары
Glut (a) eus, a, um – бөкселiк
Subcutaneus, a, um – терi асты
II-топтағы сын есiмдер.
Communis, e – жалпы
Corticalis, e - қабықтық
Lumbalis, e – белдiк
Pectoralis, e – кеуделiк
Pulmonalis, e - өкпелiк
11 – сабақ
Тақырып. Көпше түрдегi I, II, III, IV, V септеу. Зат есiмдердiң және сын есiмдердiң iлiк септiгi (Genetivuspluralis)
Зат есiмдер мен сын есiм сөздердiң атау септігі көпше түрде қалай өзгеретiнiн үйренгеннен соң, көпше түрiнiң iлiк септiгiне көшемiз.
Көпше түрдiң iлiк септiгiндегi терминдердi тез әрi қатесiз түзу үшiн мынаны жасай алуыңыз керек: 1)зат есiмге жататынын анықтау; 2)сөз түбiрiн таба бiлу; 3)жекеше түр, атау септiкке тән жалғаулар арқылы тегiн анықтау; 4)сөздiк түрiне қарап, сын есiмнiң 1-шi немесе 2-топқа жататындығын анықтау; 5)зат есiмнiң бiр текте, түрде және септiкте байланысқан сын есiмнiң үш септеудiң қайсысымен септелетiнiн анықтау.
Сiздiң осы үйренiп, бiлген бiлiмдерiңiз көпше түр iлiк септiктегi терминдердi түзуге және оларды түсiнуге негiздiк, түпкi бiлiм болып табылады. Сiз үшiн жаңалық-барлық септеу түрлері зат есiмдерiнiң және I, II, III сын есiмдерiнiң көпше түрдегi iлiк септiк жалғауларын бiлу.
Тақырыбы: Зат есiмдер мен сын есiмдердiң iлiк септiгi көпше түрлерiнiң жасалуы
1 2 3 4
|
|
|
|
Iлiк септiгi көпше түрiнiң I, II, III, IV, V жiктеулердегi жалғауларын есте сақтаңыз.
Жiктеу Iлiк септiгi көпше түрi жалғаулары
I arum
II orum
III uum
IV,V erum
Сөздiк формасы | Жiктеу түрi | Негiзi | Жалғаулары | Iлiк септiгi көпше түрi |
Glandula,ae f | I | Glandul – | arum | Glandularum |
Nervus, i m | II | Nevv – | orum | Nevvorum |
Septum, i n | II | Sept – | orum | Septorum |
Textus, us m | IV | Text – | uum | Textuum |
Cornu, us n | IV | Corn – | uum | Cornuum |
Facies, e i | V | Faci – | erum | Facierum |
Thoracicus | II | Thoracic | orum | Thoracicorum |
Thoracica | I | Arum | Thoracicarum | |
Thoracicum | II | Thoracic | Orum | thoracicum |
Зат есiмдер мен сын есiмдердiң III жiктеудегi iлiк септiгi көпше түрi жалғаулары
· um – жалғауы.
1. Негiзi бiр дауыссыз дыбыспен аяқталған зат есiмдерге жалғанады. Мысалы: radix, icis f – radicum.
2. Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдер негiзiне жалғанады. Мысалы: anterior, ius – anteriorum
· ium –жалғауы
1. Негiзi екi немесе үш дауыссыз дыбыспен аяқталған зат есiмдер негiзiне жалғанады. Мысалы: pars, partis f – partium
2. Буындар саны тең зат есiмдер негiзiне жалғанады. Мысалы: canalis, is m – canalium
3. Орта текте -e, -al, -ar жалғауларымен аяқталған зат есiмдер негiзiне жалғанады. Мысалы: rete, is n – retium
4. II топтағы сын есiмдер негiзiне жалғанады. Мысалы: vevtebralis, e - vevtebralium
Жаттығулар
I. Сөздiк түрiнде жазыңдар; көпше түр, iлiк септiгiн түзiңдер; қырқа, қарынша, жүрекше, қарынша, түйiн, бұрыш, ұрт, бұлшық ет, қойнау, без өсiндi, ганглит, тiзеше, иек, шумақ, буын, өкпе, тесiк, сiңiр.
II. Сын есiмдердiң көпше түр iлiк септiгiн түзеңдер; ұзын, шыбықтық, терең, қысқа, жәй, үлкен, жоғарғы, кiшi, алдынғы, ең кiшi, ең үлкен.
III. Аударыңдар
Dentium, tendinum, pulmonum, aurium, ossium, articulationum, retium, regionum, partium, cervicalium, posteriorum, nasalium, minorum.
Жаттығулар
Аударыңдар;
А. Маңдай қойнауларының аралықтары, оң жаќ жүрекшенiң өкпелiк веналарының қойнауы (синусы), сол жаќ жүрекшенiң өкпелiк веналарының тесiктерi, сiңiрлердiң қиылыстары; қабырғаларды көтерушi ұзын бұлшық еттер; бүккiштер сiңiрлерiнiң ұстағыштары, бөксе бұлшық еттерiнiң бұлшық ет аралық қалталары, тамырлардың тамырлары.
Б. Сiңiрлердiң байламдары, қол ұшы саусақтарының фиброзды қынаптары, кiшi жiлiншiк бұлшық еттерiнiң сiңiрлерiнiң жоғарғы ұстағышы; қабырғаларды көтергiш , қысқа бұлшық еттер, қанат тәрiздi өсiндiлердiң медиальдi және латеральдi табақшалары.
С. Күрек және ит тiстердiң медиальдi бетi, үлкен және кiшi тастақты нервтердiң өзектерi, қабақтардың бүйiрлі қосылысы, күрек және кiшi азу тiстердiң тiлдiк бетi.
Жаңа сөздер
Arteriosus, a, um atrium, i n bronchus, i m cardiacus, a, um comissura, ae f generalis, e glandula, a e f suprarenalis, e lobus, i m medulla ossium, in medulla spinalis medullaris, e paranasalis, e sanguineus, a, um stratum, i n thalamus, i m thymus, i m trachea, ae f vagina, ae f Б. Carpus, i m Lumbi, orum m Membranaceus, a, um Nodulus, i m Opticus, a, um Peron(a)eus, a, um (seu fibularis, e) valvula, ae f vesica biliaris | артериальды жүрекше бронх жүректiк қосылыс басты, жалпы без бүйрек үстi безi бөлiк сүйек миы жұлын милық мұрын қасы қан тасушы қабат таламус, мидың көру төмпегi тимус, айырша без кеңiрдек қынап бiлезiк бел латын т.-де тек Nom.pl.-де жарғақтық түйiншек көру кiшi жiлiншiктiк қақпақша өт қуығы |
12 - cабақ
Тақырыбы:Анатомиялық-гистологиялық терминология бойынша қорытынды бақылау жұмысына дайындық
I. Сөйлемдердi аударыңыз.
А.Margo anterior, os hyoideum, nodus lymphaticus, spina nasalis posterior, colon transversum, fissura orbitalis, radix vestibularis, foramen occipitale magnum, crista tuberculi minoris, fornix pharyngis, meatus externus, incisura pancreatis, dura mater encephali, lobus hepatis dexter.
Б.Corpus vesicae fellae (biliaris), ampulla recti, ligamentum fibulare, cornu sacrale, musculus glut(a)eus minor, ductus hepaticus sinister.
С.Nevrus facialis, glandula lacrimalis, stratum cerebrale, musculus transversus menti, cavitas nasi propria, ductus sublingualis major, nervus musculi tensoris palatini, hiatus canalis nervi petrosi minoris, apex radicis dentis.
II. Сөйлемдердi аударыңыз,
vv. meningaea mediae, nervi vasorum, retinaculum (tendinum) musculorum flexorum comissura palpebrarum lateralis, vaginae tendinum digitorum pedis, medulla renis, arteriae renis, rami alveolares superiores anteriores, rami parotidei, musculi peron(a)ei, foramina palatina minora, tractus spinalis nervi trigemini, corpora paraaortica, ganglia thoracica, glandula trunci sympathici, organa oculi accessoria, aa. сiliares posteriores longae, rr. tractus optici.
III. Аударып атау септiгi көпше түрiне қойыңыз
Төменгi күрек тiс, емiзiк тәрiздi ұяшық, үлкен қанат, тiс аралық кеңiстiк, кiшi шемiршек, күрек тiстiк өзек, кiшi тiл асты ағын, торлы тесiк, қан тасушы тамыр, кiшi мүйiз.
IV. Аударып iлiк септiгi көпше түрiне қойыңыз
Мұрындық без, альвещлярлы тесiк, төменгi буынды өсiндi, төбелiк сүйек.
V. Жазбаша аударыңыз,
Жалпы бауырлық ағын, жұлын-милық нервтi түйiн, iшкi есту жолы, венозды өрiм, төбелiк төмпек, самайлық сызық, көмейдi қысушы бұлшық ет, кеуде клеткасын айналдырушы бұлшық ет, қысқа асқзандық веналар, кiшi таңдайлық өзектер, жамбастық түйiндер, шемiршек ойықтары, бас сүйектiк жүйкелер ядролары, бауыр байламдары, көк бауырдың висцеральды беткейi, қосымша омыртқалық вена, аралық сегiзкөздiк тесiктер, тiзе байламдары, қуықтыњ бұлшық еттiк қабығы, қабырға басының буыны, тiлдiң ортаңғы жүлгесi, тiлдiң соқыр жүлгесi, қосымша мұрындық шемiршектер.
13 - cабақ
Тақырыбы: Жалпы сөз құрылымы туралы түсiнiк. Сөз құрамы. Морфемалар түрлерi. Морфемалық талдау.
Сөз құрамы мағынасына, формасына қарай бөлiнбейтiн бөлiктерден тұрады. Олар: префикстер, сөз түбiрi, жұрнақ және жалғау. Осы сөз бөлiктерiнiң бәрiн морфемалар (грек. morphe - форма) деп атайды. Негiзi түбiрде орналасқан. Мысалы: тер, терлеу, тершең, тердi т.б..
Түбiр сөзге қатыстығына қарай префикс пен жұрнақ сөз құраушы аффикстер деп аталады (лат. afficus - бекiтiлген). Олар түбiр сөзге жалғану арқылы жаңа сөздер құрайды (сөз құраушылар). Жалғаудың грамматиқалық мағынасы болады. Ол сөздердi септiктерге, түрлерге, тектерге өзгертедi. Сөздердi морфемаларға бөлудi – морфемалық талдау немесе құрамына қарай талдау деп аталады.
Inter-vertеbral-is,e
Префикс түбiр жұрнақ жалғау
Сөз құраушы аффикстер
Жалғауға дейiнгi, негiзгi лексикалық мағынаны алып жүретiн, өзгермейтiн сөз бөлiгiн – сөз негiзi деп атайды. Vertebra , vertebral –is сөздерiнiң негiздерi- vertebr-, vertebral, intervertebral болып табылады. Мысалдардан көрiнiп тұрғандай, сөз негiзi кейбiр жағдайда тұүбiр арқылы берiледi, ал кейбiр жағдайда – түбiр және сөз құраушы аффикстермен берiледi.
Сөз құрылымына қарай талдау. Сөз тудырушы жәнеқұралған негiз.
Морфемалық талдау – сөздiң қандай бөлiктерден тұратынын көрсетедi. Бiрақ ол сөз құралудағы “механизiмi қандай деген сұраққа жауап бере алмайды. Бұл механизмдi сөз құрылымына қарай талдау көмегiмен шешуге болады. Бұл талдаудың мақсаты: сөзден негiз құраушы бөлiктi және сөздiң құралуына себеп болған аффикстi бөлiп алу болып табылады.
Морфемалық және сөз құрылымына қарай талдау айырмашылығын мына мысалдан көруге болады: interlobularis- бөлiкше аралық сын есiм – морфемалық тандау арқылы 4 бөлiктен тұрады: inter (префикс), lob (түбiр) ul,-ar-(жұрнақтар), is (жалғау): ал сөз құрылымына қарай талдау арқылы оны 2 бөлiкке бөлуге болады: inter аралық (префикс) + lobural (is) бөлiкше (сөз тудырушы негiз). Нағыз “механизмi: inter (префикс) + lobural (is) (сөз тудырушы негiз ешқандай морфемаларға бөлiнбейдi).
Сонымен, сөз тудырушы негiз деп - аффикстер жалғау арқылы құрамы күрделi болып жасалынған негiздi айтамыз. Құралған негiз құраушы негiзден 1-морфемаға артық болады. Құрамында құралған негiзi бар сөздi құралғандеп, ал құраушы негiздi құраушы сөз деп атаймыз. Мысалы:
құрушы негiз құралған негiз I құралған негiз II құралған негiз IV
Lob us бөлiк lob-ul (us) lobul ar (is) inter- lobular (is)
Сөз құраушы негiздi бөлiп алу үшiн сөздердi екi қатарға қою керек.
1) Бiр негiзден тұратын (немесе 1-түбiрден) және 2) бiр аффикстен тұратын (немесе аффикстерден).Мысалы: cholecys-itis, cholecyst-o pexia,cholcyest-o graphia,gastri itis,vagin itis т.б.
Сөз құраушы негiз тек қана құралған сөздiң негiзiн ғана құрамайды, сонымен қатар ол оның мағынасын да бiлдiредi.