Осы көрсетілген симптомдар қай ауруға тән?

А) лимфатико-гипопластикалық диатез

В) экссудативті-катаральді диатез

С) нервтік-артриттік диатез

D) зәр шығару жолында инфекцияның болуы

Е) энтероколит

Стационарға 2 жасар қыз анасымен түсті. Ол респираторлы вирус инфекциясымен жиі ауырады және круп синдромымен жиі аяқталады. Баланың бет терісі сұр түсті, құрғақ, қабыршақты. Жеңіл дизуриялық көріністер және лейкоцитурия анықталды.

Осы вирустық инфекцияның ауыр өтуіне не себеп?

А)цистит

В) экссудативті-катаральді диатез

С) нервтік-артрикалық диаатез

D)синусит

Е)лимфатико-гипопластикалық диатез

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 6 айлық бала анасымен келді. Жарма ботқасын жегеннен кейін баланың терісінде экссудативті-катаральді диатездің белгілері пайда болған.

Осы жағдайдағы дәрігердің тактикасы?

А) 2-3 аптаға тамақты тоқтату

В) ботқамен ауыстыру

С) гипосенсибилизация терапиясы

D) «Адвантан» жақпасын қолдану

Е) шынықтыру

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 жарым жасар қыз бала анасымен келді. Эксудативті-катаральді диатезбен жиі ауыратын болғандықтан бала-бақшаға бара алмайды.

Мұндай балада қандай ауру жиі кездеседі?

А) қайталамалы ОРВИ

В) жедел бронхит

С) конъюнктивит

D) жедел стенозды ларингит

Е) отит

Бала-бақшада диспансерлік бақылау жүргізілді. Тексеру барысында бірнеше балада эксудативті-катаральді диатездің белгілері анықталды.

Осы диагнозды қоюға терідегі қандай өзгерістер себеп болды?

А) «сүтті қабыршақтану»

В) «географиялық тіл

С) везикулезді бөртпе

D) ауыздың уылуы

Е) «таңқурай тәрізді» тіл

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 2 айлық ұл бала анасымен келді. Ана сүтін емеді. Дәрігер экссудативті-катаральді диатез диагнозын қойды.

Андай симптомдар осы диагнозды қоюға негіз болды?

А) беттегі «сүтті қабыршақтану», «гнейс», строфулюс

В) туылған кезде дене салмағының артық болуы

С) шапта базданудың пайда болуы

D) шамадан тыс қозғыштық және тәбеттің төмендеуі

E) ауыздың уылуы, ұсақ бөртпелердің болуы

Педиатрдың бақылауына ана сүтімен қоректенетін 6 айлық баланы анасы алып келді. Дамуы жақсы, салмақ қосуы да қарқынды. Жарма ұнтағымен қосымша тамақтандырады. Ата-анасы баланы қала сыртына шығарған. Мазасыздана бастаған, бетінде, иегінде гиперемия пайда болған. Қастарының аймағы қабыршақтанған, аяқтарында қышыған бөртпелер бар. Қабақтары гиперемияланған, конъюнктивит, тілінде тегіс емес жабындылар байқалады. Нәжісі жиілеген, сұйық.

Аталған өзгерістер қандай ауруға тән?

A)Крапивница

B) Экссудативті-катаральді диатез

C)Лимфатико-гипопластикалық диатез

D)Респираторлық инфекция

E)Ішек инфекциясы

Анасы 6 жасар баласының салмақ қосуы азая бастағандықтан дәрігерге көрінген. Бала қозғалғыш, тез қозады, тәбеті нашар, ұйқысы мазасыз, құсады. Анамнезінде: зәрінде өзгеріс байқалмайтын дизурия, терісінде нейродермиттің көрінісі байқалады.

Аталған клиникалық көрініс қандай ауруға тән?

A)Экссудативті-катаральді диатез

B)Мойын аймағындағы жұлын жарақаты

C)Гастродуоденит

D)Лимфатико-гипопластикалық диатез

E)Нервті-артриттік диатез

Аймақтық педиатрдың бақылауына анасы 3 айлық баланы көрсетуге алып келді. Бала құрғақ қоспалармен жасанды тамақтандыруға ауыстырылған. Мазасыз, ұйқысы нашар, терісінде эритематоздық бөртпелер және қышымалар пайда болған. Нәжісі сұйық, патологиялық қоспалар жоқ.

Аталған жағдайда қандай емдік тактиканы қолданған жөн?

A) Құрғақ қоспаларды алмастыру

B) Валериана тұнбасын беру

C)Антибиотиктер қолдану

D)2 апта бойы преднизолон енгізу

E)2-3 аптаға дейін қосымша тамақтандыруды тоқтату

Диспансерлік бақылау кезінде балабақшадағы балалардың бірнешеуінде беттерінің қабыршақтануы, қолдың сырт бөлігінде, аяғында, бөксесінде түйін тәрізді қышитын бөрпелер анықталған.

Аталған жағдай қандай патологияға тән?

A)Лимфатико-гипопластикалық диатез

B)Скарлатина

C)Нервті-артриттік диатез

D)Терлегіштік

E)Экссудативті-катаральді диатез

Аймақтық дәрігердің бақылауындағы 1 жасар 2 айлық балада экссудативті-катаральді диатездің негізгі белгілері анықталған. Қазіргі кезде баланың терісінде бөртпелер жоғалған, нәжісі де жақсарған. Бірақ таңға жақын әсіресе орнын ауыстырған кезде пайда болатын, ылғалды, құрғақ жөтел мен мұрнымен тыныс алуының қиындауы мазалайды. Жалпы қарағанда: араны бозғылт, бадамшалары гипертрофияланған, жұтқыншақтың артқы қабырғасынан жасыл түсті шырыш байқалады. Артқы және шүйделік лимфа түйіндері ұлғайған.

Наши рекомендации